Силлабус пән: Жалпы психология Курс



бет5/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#141946
1   2   3   4   5   6   7

Алгоритм (лат. algoritmi, algorismus) - дәл орындалуы белгілі бір класстың тапсырмаларын шешуге мүмкіндік беретін, операциялар ретінің ережелер жүйесінің негізінде берілетін алдын-ала жазулар.

Антропологизм – адам табиғат жаратылысының ең жоғарғы өнімі болып табылатыны туралы түсінік, адам ұғымын, материя мен сана ұғымдарына қарағанда, мәні бойынша анағұрлым маңызды, негізгі дүниетанымдық категория ретінде санайтын тұжырымдама. А. адам мен табиғаттың бірлігін, барлық қоғамдық құбылыстардың адамның табиғи қасиеттеріне тәуелділігін атап көрсетеді. Революцияға дейінгі кеңестік психологтар үшін А. тән болды, яғни олар тарихи және әлеуметтік өзгерістерді адамға, оның практикалық пайдасына қатысты қарастырады, сонымен қатар, кеңестік психологиядағы адамгершіліктік, этикалық мәселелердің басым болуын анықтады. Егер еуропалық психологияда тұлғадан жоғары біріктіруші бастау болып, ойлау, адам жанындағы рационалдық мойындалса, ал кеңестік психология сананың тұлғадан жоғары элементтерінің болуын жоққа шығармай, оларды негізінен адамгершілікте көріп, оларды жеке тұлғалар емес, ал халықтар, ұлттар шығарғанын атап көрсетеді.

Апперцепция (лат. ad, perceptio - қабылдау) – қабылдаудың өткен тәжірибеге, адамның психикалық іс-әрекетінің жалпы мазмұнына және оның жеке – дара ерекшеліктеріне тәуелділігі.

Афферентация – сыртқы тітіркендіргіштерден де, ішкі мүшелерден де ақпаратты қабылдайтын, сезім мүшелерінен орталық нерв жүйесіне келіп түсетін нервтік импульстардың үнемі болатын ағымы.

Ахуал – бұл ұғым көбінесе топтық психоолгияға байланысты айтылады. Сондықтан оны «әлеуметтік-психологиялық ахуал» немесе «психологиялық атмосфера» ұғымымен белгілейді. Бұған топ пен ұйымдағылардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымақтығы, бірін-бірі түсіне алу, тәртіп пен жауапкершілік, топтық борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. осы секілді компоненттер кіреді. Оң жақсы ахуалға сондай-ақ топтағылардың бір-біріне деген шексіз сенімі, басқалардың ақыл-кеңесіне құлақ асу, бір-біріне деген шынайылық пен жылы шырайды жатқызуға болады. Еңбек өнімділігі, оның нәтижесі ұжымдағылардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы, білімі мен икемділіктерінен ғана тәуелді болмай, мұндағы қалыптасқан жұрттын тұрақты көңіл-күйіне де байланысты болады.

Ақыл-ой әрекеті – сананың ішкі жоспарында орындалатын адам әрекеті.

Ақыл-ой іс-әрекеті – адамның танымдық жан құаттарының жалпылама атаулары.

Аналогиялық эксперимент – грек тілінен аударғанда ұқсас, тура деген мағынада қолданылады, эксперименттің зерттеуге алынған объектілердің ұқсастығы.

Анализатор, талдағыш – организмнің сыртқы және ішкі ортасынан келетін тітіркендіргіштерге талдау және синтездің қызметін атқаратын жүйке аппараты.

Анкета – зерттеудің негізгі міндетінен логикалық түрде байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алудың әдістемелік құралы.

Әлеуметтік мотивтер – оқушының басқа адамдармен әртүрлі өзара әрекеттерге түсуі.

Әлеуметтік ынтымақтасу мотиві – оқушы басқа адамдармен қарым-қатынас жасап және дара әрекеттескісі ғана келмей сонымен қатар, сынып бойынша жолдастарымен немесе мұғаліммен өзінің ынтымақтастығының және өзара әрекетінің формасын саналуға, талдауға, бұл формаларды әрқашан жетелдіруге ұмтылады.

Әлеуметтену – индивидтің қарым-қатынасы мен іс-әрекеті барысында жүзеге асатын процесс және оның әлеуметтік тәжірибені игеруінің нәтижесі. Әлеуметтену кейде қоғамдағы әр түрлі бағыттағы факторлар сипатына ие болатын әр түрлі өмірлік жағдаяттардың тұлғаға стихиялық ықпалы ретінде де, сондай-ақ арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізу жағдайында да пайда болуы мүмкін. Тәрбие әлеуметтенудің жетекші әрі айқындаушы негізі болып табылады. Әлеуметтену ұғымы 20 ғ. 40-50 жылдары А. Бандура, Дж. Кольман т.б. еңбектері арқылы әлеуметтік психологияға енген. Әр түрлі ғылыми мектептерде әлеуметтену ұғымы әр түрлі талдаға ие болды. Мысалы, ол необихевиоризимде әлеуметтік ілім ретінде түсіндірілетін болса, символикалық интеракционизм мектебінде - әлеуметтік өзара әрекеттестіктің нәтижесі саналады; гуманистік психологияда – Мен-тұжырымдамасының өзіндік танылуы (актуализациясы) ретінде қабылданады. Әлеуметтену құбылысы көпаспектілі және аталған бағыттардың әрбірі зерттелінетін феномен талаптарының біріне ғана баса назар аударады. Әлеуметтену әлеуметтік мәнез-құлықты реттеудің диспозициялық тұжырымдамасы шеңберінде қарастырылады, мұнда қоғамдық қарым-қатынасқа қосылу дәрежесіне байланысты әлеуметтік мінез-құлықты реттеу жүйесін жинақтайтын диспозиялық иерархия қалыптасады. Психологтар көп уақыт бойы әлеуметтенуге институттандырылған білім беру жүйелеріндегі тәрбие процесі ретінде баса көңіл бөліп келді.

Әлеуметтік ұстаным – 1. Индивидтің немесе топтың белгілі бір белгілер бойынша айрықшалайтын және мінез-құлқын анықтайтын қоғам жүйесіндегі орны, жағдайы. 2. Түлғаның референттік топтарда ол жүзеге асыратын және қорғалатын өз тіршілк жағдайына қатысты қөзқарастары, түсініктері, бағдарлары мен әлеуметтік бағдарлары.

Әсершілдік – көңіл-күйге үйлесімді болып келетін және тартымдылықпен ықпал ету. Адамның – көңіл-күйінің тез толқып, сезімге әсер еткен нәрселерге тез реакция жасушылығы. Адам сезімталдығына байланысты өзіне әсер еткен нәрселердің бәрін де қабылдап, оларды үнемі есінде сақтайды. Олардың мән-жайын пайымдап отырады. Әсершілдік адамның көңіл-күйінің шабыты, әсерлі, күшті ықпал етуіне байланысты туындайды. Дүниенің әсемдігі мен жарасымдылығына әсерлену адамның көңілін толқытып, түрлі күйге түсіреді, әсем, сұлу сезімдерге алып келеді. Жан дүниесіне ұнамды әсер еткен заттар адамды шабыттандырып, ісінің өнімді және нәтижелі болуына оң ықпал жасайды. Әсершілдік адамның тек сезімдік танымы ғана емес, оның ақыл-ой арқылы танып-білуіне, дүниетанымының өрістеп отыруына әсер етеді.

н – организмнің жеке-дара дамуында, әсіресе оның ұрықтық дамуында өз түрі дамуының ерекшеліктерін қайталау. Ең алғашында мұны Ч. Дарвин байқаған, ал заң ретінде шығарған Э. Геккель (1866) болатын. Американдық психологтар С. Холл, Дж. Болдуин т.б. адамның жастық дамуын антропогенездің қайталануы және адамзаттың тарихи дамуы ретінде түсіндірді. Осылайша, ерте балалық шақ алғашқы қауымдық өнім мен тамырларды жинау кезеңімен, 5 жастан 12 жасқа дейінгі шақ аңға шығу кезеңімен, ал ересектік шақ – кәсіптік өндіріс кезеңімен т.б. салыстырылды. Адамның жеке-дара психикалық дамуында шынымен де адамзат түрінің тарихи дамуының жеке белгілері кездеседі. Мысалы, балаға және адамзаттың ертедегі даму кезеңдеріне тән болатын көрнекі-әрекеттік ойлау мен көрнекі-бейнелік ойлаудан абстрактілік ойлау түрлеріне өту кездеседі.



Әрекеттің бағдарлаушы негізі – орындалатын немесе жүзеге асатын әрекеттің мақсаты, жоспары және құралдары жайлы адамның түсініктерінің жүйесі. Бұл терминді П. Я. Гальперин еңгізді.

Бағдар – белгілі бір объектінің қайта жаңғыртылуы жағдайында соған бағытталған әрекетке дайындық күші.

Бақылау – жұмыстың басталуы алдында болатын бақылау.

Бихевиоризм – 19 ғ. басында АҚШ-та қалыптасқан психологияның пәні ретінде сырттай бақыланатын, мінез-құлықты түсінетін механикалық түсініктегі психологияның классикалық бағыттарының бірі.

Өзін-өзі болжаушы, перспективалы, жоспарлаушы генетикалық әдіс – грек тілінде (genetikos) тұылға шығу тегіне қатысты айтылды. Психогенетика адамның жеке психологиялық ерекшеліктерінің пайда болуын, олардың қалыптасуына орта мен генотип рөлін аңықтау болып табылады.

Вербалды, сөздік – белгілік материалдар түрлерін және олармен әрекет ету тәсілдерін білдіретін ұғым.

Вюрцбургтік мектеп – сана психологиясын зерттеген бағыттардың бірі. Бұл мектептің негізін салушылар – О. Кюльпе және К. Бюлер, ал өкілдеріне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц т.б. Вюрцбургтік мектеп өкілдері зерттеген негізгі мәселелер: а) ойлаушы субъектінің белсенділігін анықтайтын ұғымдарды шығар; ә) ерекше психологиялық ақикат ретіндегі ойлаудың қасиеттерін сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесінің психологиялық механизмдерін түсіндіру. Сәйкес әдістемені шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсілдерін таңдау процесі мен қолдану сипаты субъектімен шешілетін нақты міндеттерге байланыстылығын атап өтті. Осылайша, вюрцбургтіқ мектептің негізгі қосқан үлесі – «міндет» ұғымын енгізуі (В. Уайт). Вюрцбургтік мектеп өкілдері интроспекция әдісін өзгертті. Субъектінің өзінің ішкі ойлары, елестері, күйзелістері жөніндегі есебі белгілі бір қойылған сұраққа жауапты іздеу, белгілі бір міндетті шешу жолымен жүрсе, О. Кюльпе «Ойлау психологиясы» еңбегінде ойлау мен ерікті зерттеуде интроспекция әдісті қолданды.

Елес – бұрын қабылданған заттардың мидағы жалпылама бейнелері.


ДӘРІСТЕР
1-тақырып. Психологиялық ғылымдар және практиканың пәнімен міндеттері

Психология пәні. Жалпы психологияның методологиялық функциясы. Психологияның принциптері: бейнелеу, сана мен іс-әрекет бірлігі, психикалық құбылыстың жүйелі детерминациясы. Ғылыми және тұрмыстық психологияның негізгі айырмашылықтары мен салыстырмалы талдау. Ғылыми-психологиялық зерттеу нәтижелері, олардың теориялық және қолданбалы мәні. Психологиялық білімдердің өздеріне тән ерекшеліктері. Психика тіршілік иелерін обьективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы жалпы түсінік. Тірі және өлі дүниені бейнелеу формасы. Психиканың бағдарлаушы және реттеуші функциялары.

Психологияның салалары және психологиялық практиканың міндеттері. Фундаментальды психологиялық ғылымдар: жалпы психология, әлеуметтік психология, дифференциалды психология, даму психологиясы, педагогикалық психология, еңбек психологиясы және инженерлік психология, медициналық психология, коррекциялық психология, психофизиология, зоопсихология.

Психологияның әдістері. Психикалық құбылыстарды зерттеудің обьективті әдістері. Бақылау, өзін-өзі бақылау, сұрау, адам іс-әрекетінің өнімділігін талдау әдістері. Сананы зерттеудің психосемантикалық әдістері. Психодиагностикалық әдістер. Салыстырмалы-генетикалық әдіс. Салыстырмалы паталогиялық әдіс.

Адамзаттың өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт дәстүрін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізінде, адам болымысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет.

Психологияның ерекшеліктерін, ежелден адам арқылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретітін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда-адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады, Осылайша психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені болса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.

Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Жанды зерттеу және түсіндіру-психология пәнінің қалыптасуының -психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әртүрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне-материя мен сананың, рухани және материялдық субстанциялардың арақатынасына – байланысты болған. Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды идеалистік және материялистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болаты, бірінші болаты н құбылыс ретінде қарастырады. Материялдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.

Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материялдық табиғат бағынатын заңдарға бағырбайды,- дап қарастығна идеалистік философия, адам психикасын түсіндірудегі материялдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастыр қандай да болмасын метамарфоздарды бастан өткерсе де , жан өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды.

Психика заңдылықтары анықтау, заңды деп санауға болатын байланыстар мен қатынастарды анықтау міндетіғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықта анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің салаларын, сонымен бірге оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын табуды талап етеді. Психология ғылымының зерттеу нәтижелелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептелінеді. Сонымен, психология дегеніміз психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизімдерін зерттейтін ғылым.

Ғылым алдымен зертеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау, оның сипаттамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістерін анықтау да енеді. Әдістер – ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Психология – жеке әдістері немесе әдістемелері бар бітұтас жүйе. Ғылым әдістері заңдылықтарды вшвды, бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі заңдылықтарына сүйенеді.

Психология жеке ғылым ретінде қалыптасқаннан бері психологияның эмпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып саналады. Эмпирикалық әдіс өзіне бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименталдық әдістерін енгізеді.

Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады: өзін-өзі бақылау немесе инторспекциялық және сыртқы, немесе объективтік бақылау. Дәстүрлі инторспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы жалғыз немесе негізгі әдіс деп есептейді. Бұл психиканы өзіне тұйықталған ішкі әлемге айналдыратын жалпы принципінің зерттеу әдістерінде қолданумен байланысты болады.

Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалау да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы, жүзеге асырылады. Сонымен, өзін-өзі бақылауды психологиялық танымның негізі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз болып табылады.

Эксперимент - себеп-салдар байланыстарын қалыптастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынады: зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді; эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады; эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады; эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Эксперимент психология әдісі ретінде психофизика мен психология саласында пайда болып, психологияда кең таралды. Эксперименттің қолданылуы қарапайым түйсік үрдістерінен бастап жоғарғы психикалық үрдістерге дейін таралады.

Әңгімелесу әдісі зерттелінетін мәселені толықтыру үшін қолданылатын қосымша амал. Әңгімелесу зерттеу міндеттеріне байланысты жобалы түрде ұйымдастырылуы қажет. Әңгімелесуде қойылатын сауалдар, зерттелетін үрдістің сапалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған тапсырмалар түрінде болуы мүмкін. Алайда мұндай тапсырмалар неғұрлым табиғи, әрі стандартты емес болуы қажет. Әңгімелесу жобалы бола тұрып, стандартты сипатта болмай, ол әрқашанда неғұрлым идеялы болып, басқа объективті әдістермен үйлесуі керек.

Сауалнаманың мақсаты сыналушылардың объективтік және субъективтік айғақтар туралы ақпарат алу. Психологиялық зерттеулерге қойылатын сауалнама әдістері екі негізгі түрге бөлінеді: бетпе-бет сауалнама алу – белгілі бір жоба бойынша зерттелуші жүргізетін сұхбат; сырттай сауалнама - өз бетінше арналған анкеталар. Ауызша сауалнама алу психологиялық зерттеулерде дәстүрлі қолданылатын әдіс болып саналады.

Тест деген ағылшын сөзі сынақ деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды америкендық ғалым Дж.Кэттел өткен ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл-ойының дамуын анықтау үшін өз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест әдісі бастапқыда бірқатар теріс көзқарастар туғызды. Олардың біреуінің мәні мынада: егер екі адам бірдей тестіні шешссе немесе шешпесе, онда бұл айғақтың психологиялық мәні әртүрлі болуы мүмкін – бірдей жетістік әртүрлі психологиялық жетістік- түрлі психологиялық үрдістер салаларынан болуы мүмкін.

Тесттің диагностикалық құндылығы ғылыми эксперимент деңгейіне және құндылығы ғылыми эксперимент деңгейіне және психологиялық айғақтың растығына байланысты болады. Жеткілікті негізделмеген және тексерілмеген психологиялық тестілер педагогикалық тәжірибені шығынға ұшырататын маңыздық қателіктердің себебі болуы мүмкін.

2-тақырып. Іс-әрекетті психологиялық талдау- 2 сағат.

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Практикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің бастапқы және негізгі формасы ретінде. Сыртқы және ішкі іс-әрекет. Бағдарлы және орындаушы іс-әрекет, индивидуалды және бірлескен, шығармашылық және шығармашылық емес. Субъект және іс-әрекет пәні. Іс-әрекеттің мотиві мен мақсаты. Іс-әрекет және психикалық процестер.

Іс-әрекеттегі психикалық бейнелеудің туындауы мен функциясы.

Әрекеттің орындалу тәсілдері (операция). Әрекеттің операцияға айналуы. Операцияның салыстырмалы дербестігі, оның бір әрекеттен екіншіге ауысуы. Ақыл-ой операциялары.

Психомоторика жайлы түсінік, әрекеттің қимыл құрамы. Кері афферентация және «әрекеттің акцепторы» туралы түсініктер (П.К. Анохин). Афферентті жүйе мен кері сигналдаудың күрделі қимыл актісін реттеудегі рөлі. Қозғалысты құру деңгейлері. Қозғалыс координациясы туралы түсінік (Н.А. Бернштейн). Қозғалыстың дамуы.

Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар өздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивациялық ерекшеліктері бойынша айырықшаланады. Ойын психология үшін өте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын іс-әрекет ретінде тұлғаның қоршаған шындыққа нақтылы бір қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді бейнелей отырып, оны түрлендіру қабілеттілігі – адам ойының мәні. Адамның бұл қабілеттілігі бірінші рет ойында пайда болады және ойында қалыптасады. Ойын әрекеті бұл тікелей қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер жасалады. Баланың ойын әрекеті сөйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Балалардың өсіп-жетілуіне орай ойын да өзгереді. Сәби өмірінің алғашқы екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда болуына жеткізеді. Ұжымдық ойын баланың қарым-қатынас шеңберін кеңейтеді. Ол ойын үстінде өзіне қойылатын талаптарға, ережелерге бағынуға дағдыланады.

Оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері алмаса отырып, әрбір адамның өмірінде жүзеге асырылып, ойыннан кейін болып, еңбекке даярлайды. Жалпы мақсаты бойынша еңбекке жақындап, ойыннан ерекше түрде айырықшаланады: оқуда еңбек сияқты тапсырмаларды орындау, тәртіпті сақтау керек және оқу жұмысы міндеттерден құралады. Оқудың негізгі мақсаты – бұл болашақ өзіндік еңбек әрекетіне дайындау, ал негізгі амалы - адамның алдыңғы еңбегі жасаған қорытынды нәтижелерді меңгеру.

Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпараттарды меңгеру (білім); іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын амалдар мен операциялар (бейімділік); іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына сәйкес амалдар мен операцияларды дұрыс таңдау үшін, көрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік). Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың бірінші басты шарты – балада белгілі бір білімді, икемділікті және дағдыны меңгерудің саналы мотивтерін қалыптастыру.

Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі еңбек болып табылады. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері оның соңғы бөлігіне, қорытынды нәтижесіне бағынатындықтан еңбек іс-әрекетінің мотивациясына арнайы сипат беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі емес, оның өнімі болып табылады. Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы, жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады
Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ананьев Б.Г. Социальные ситуации развития личности и ее статус. Хрестоматия

2 .По психологии. Под ред. А.В.Петровского.-М. Просвещение, 1987.-С. 134-140.

3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1996

4. Общая психология: Учеб. пособие для студентов пед. институтов. / 5 5.В.В.Богославский,А.А.Степан , А.Д. Виноградова и др . – М.: Просвещение, 1981. – 383 с.

6. Ольшанский Д.В. Новая педагогическая психология. М.: академический Проект, 2002 . – 528

7. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 2001 ж.
Зейін

Зейін ұғымын анықтау. Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Ланге, В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский). Зейін анықтамасының көпжақтылығы. Басқа психикалық процесстермен,құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Зейіннің псиикалық статусы мен табиғаты жайлы пікірталас. Зейіннің физиологиялық негіздері (бағдарлаушы реакция, доминант, ми қабығындағы қозу, екінші сигналды жүйе).

Зейіннің негізгі қасиеттері,оларды эксперименталды зерттеу. Зейіннің көлемі. Зейін көлемінің индивидуалды ерекшеліктерден , материал құрылымынан, әрекет сипатынан тәуелділігі.

Зейіннің концентрациясы,орнықтылығы, тербелісі. Зейін орнықтылығының материал сипатына, іс әрекет түріне, жеке адамның ішкі дайындалуына тәуелділігі.

Зейін аудару және бөлу : зейінді әртүрлі әрекетке бөлетін қабілетті анықтайтын факторлар. Еңбек іс әрекетіндегі зейіннің пударылуы мен бөлінуі.

Зейін және іс әрекет. Іс әрекеттің құрылымы және зейін. Зейіннің іс әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі рөлі. Зейін әрекетті қадағалаушы ретінде (П.Я.Гальперин). Автоматты және саналы бақыланатын процестер.

Зейіннің дамуы. Зейіннің даму сатылары.Оларды анықтайтын факторлар. Зейіннің жоғары формаларының дамуы.

Зейінді зерттеудің қолданбалы аспектілірі. Зейін барлық іс әрекетің маңызды шарты ретінде. Адамның әртүрлі іс әрекетіне қолданылатын зейіннің әртүрлі қасиеттерін бағалау және ескеру. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары. Шашыраңқылық пен көңілдің аударылмауын жеңу.


К.Д. Ушинский еңбегінде зейінді «сыртқы әлемнің әсерлерін рухқа енгізетін есік» деп сипаттаған. Зейін, балалардың оқу материалын анық және есеп бере алатын дәрежеде қабылдауын, жылдам әрі дәл ойлауын, іс - әрекетте бақылауды қамтамасыз етеді.

Мұндай фактілер психология ғылымында зейіннің өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсіну үшін И.М. Сеченовтың, И.П. Павловтың, А.А. Ухтомскийдің, П.К. Анохиннің еңбектері маңызды.

Шетел психологтарының ішінде В.Вундт зейін мәселесін сана психологиясымен байланыстырады, У. Джеймс зейіннің түрлерін зерттеді. Э.Б. Титченер зейінді генетикалық тұрғыдан қарастырды. Т. Рибо зейінді эмоциямен ұштастырды, А.Трейсман зейінді мәтіннің семантикалық сипатымен байланыстырып зерттеді.

Ал отандас психологтардан зейін теориясын зерттегендер Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Добрынин, А.Н. Леонтьев, И.В. Страхов, Д.Н. Узнадзе. [11.33.52].

Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені, адам өз өмірінің әрбір сәтінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айырықша бір жағы, сананың ерекше бір сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепті болады. Ерік ой – қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П. Павлов ашқан нерв процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

И.П. Павлов егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осыған байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнінде ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады. (теріс индукция заңы)

Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Психикалық күйлер және процестер мида интегралдық кейіп ретінде «заттанады» (А.Н. Леонтьевтің термині), А.А. Ухтомскийдің айтуынша, оның негізінде кортикалдық доминанталар жатады. Сонымен бірге «қыртысы бұрынғы доминанталарды жаңалайтын және қысқа мерзімді суреттейтін, инверциялы аз үнемді үйлесімділікті орган»

А.А. Ухтомскийдің пікірінше, рухта, жан дүниеде бірнеше доминанталар өмір сүруі мүмкін – бұрынғы тұрмыс тіршілігінің таңбасы ретінде, ол доминанталар өз ретімен анық зейіннің өрісіне қалқып шығады. Онда «рухани, өмірде бір – бірін ысыратын келіспейтін доминанталар болады.»

«Жұмысшы доминантаның» қалыптасу процесінің екі фазалы дамуы бірқатар көрсеткіштермен анықталған.

Алғашқы этапы аз ғана энергетикалық алмасудың қозғалысымен сипатталады және «бастапқы шаршаудың» дамуына байланысты жұмыс қабілетінің төмендігі, оның негізінде Н. Е. Введенскийдің пессимум реакциясы типті доминантаның жылдам «өзін - өзі тежеуі» жатыр: бұл уақытта қосымша тітіркендіргіштер әдеттен тыс фаза құбылысын шақырады. Мұндай тежеуді А.А. Ухтомский «жағымсыз корраборация» (1996 ж) құбылысымен байланыстырады, бұл құбылыс реакцияның оптималдық типімен тек қана жүйенің тұрақсыздық деңгейін көтергенде ауысады. Оны жаттығудың келесі стадиясында көруге болады. / 34 /.

Жаттығудың келесі кезеңінде («алғашқы қажығандықты», оның бастапқы ең шиеленіскен фазасын жеңген соң) қыртыста қозудың едәуір иррадияциясы байқалады (ол ЭЭГ, рефлексометрияда және т.с.с жаңғыртылады), мұндай жағдай жүйке орталықтарымен жұмысшы контелляциясымен толықтыруға мүмкіндік туғызады. Жұмыс ұзындығы бұл уақыытта биік болады.

Ақыл – ой жұмысында бұл мезгілде мәселені шешетін жалпы идеялар пайда болады, бірақ әлі де тапсырманы дұрыс орындау байқалмайды. Солай болғандықтан, бұл сатыда жаңа доминанта әлі де төмен нәтижелі «жұмыс органы» және тек қана келесі кезеңде жүйке процестерінің шоғырлануы біртіндеп басталады, яғни, іріктеу мен коррекция анықталады, жаңа дағды қалыптасады.

Доминантаның толық көрінуі біртіндеп бастапқы жұмыс ансамбльдерінің үйлесімсіздігінен қалыптасады, алғашында жұмыстан тез шегіншетеуге мәжбүр етеді, содан соң ритмді игеру процесінде орталықты констелляциялауда тұрақсыыздықты үйлестіру процесі жүреді. Жаттығу барысында тұрақсыздардың жылжуы тек қана қысқаруында. ЭМГ бойынша зерттегенде /Виноградов 1958,Голиков, Павлова 1960/ адамның шығармашылық еңбегі доминатаның бірінші тадиясын қайта бастап өткізумен байланысты (максимизация тенденциясы) автоматтандыру процесінің қатар жүруімен (минимизация тенденциясы) дағды ареалы тұрақты өседі. Дегенмен, бұл іс - әрекеттің мазмұыныда реакцияның таңбалық бағасы, яғни, таңбалы процесті жүйенің тарихы жоқ.

Организмнің жұмысы нақ сол таңбалы реакциялар және тұрақты қамтамасыз етеді, жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді.

Қызметтестері мен оқушыларының пікірінше, А.А. Ухтомский физиологияға адамның бағыттылығын қамтамасыз ететін ми жұмысын объективті механизімін анықтау үшін келді. [34].

Сол себеппен Н.Е. Введенскийдің мектебінде физиология үшін маңыздылығын көргендікпен түсіндіреді: «Менің, сенімім бойынша доминанта принципі өте дұрыс, ол - менің теориям емес, біздің жүйке жүйеміздің және күнделікті қылығымыздың қарапайым шынайылығы. Көне физиология орталық жүйке жүйесін көптеген рефлекторлық доғаларға ыдырапты. [21].

Солардан қалай бірлік жинақталады? «белгілі вектор жайында қайта – қайта әрекеттер интеграцияланады»

Оның пікірінше, доминанта принципі – эмпирикалық болғандықтан, тірі жүйенің тұрақты заңы: «Доминанта – теория да емес, тәжірибенің дәлелдеуі бойынша, кең қолданылатын принцип, тартылыс заңы сияқты заң, сондықтан онымен санаспауға болмайды»

Қазіргі ғылымның шынай түсінуі бойынша доминанта принципі – жүйелі принцип, өйткені жүйелі талдаудың қазіргі дәлелдеуінше құрылым типті, жиынтықтар байланысы ретінде белгілі иерархия жүйесімен анықталады. [21].

Доминанта концепциясы жүйелі физиологияға басқа теорияларда ескерілмейтін факторларды енгізеді, теңсіздік дамушы – тірі жүйелердің инварианттық принципі.

Доминанта – бөлшектердің реалды кешеніндегі тепе – теңсіздіктің универсалдық құрылысы, протоплазмадан нейроналдық жүйеге дейін және орталық – перифериялық ансамбілдерінің әр түрлі күрделі құрылымы. А. А. Ухтомский доминанта теориясының ең жалпы анықтамасында, басым болатын орданың немесе қозу фокусының болуы және онымен бірге басқа аумақтардың тежелуіне байланысты оның ірге ерекшелігі байланыс типін уақыт аралығындағы уақиғалардың үйлестік координация типін және динамикалық тепе – теңсіздікті түсінеміз.

Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бір қатары зейін тәуелсіз үрдіс ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық үрдістің немесе адам іс - әрекетінің бір жағы ретінде көріну деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз үрдіс, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным үрдістерінің міндетін атқаруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы зор екенін айтады.

Зейін барлық психикалық құбылыстарға қатысы бар, оны зейіннің динамикалық сипаты (шоғырлануы, тұрақьылығы, көлемі, бөлінуі т.с.с.) арқылы зерттеуге болады.

Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) үрдіс.

Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз – айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз – ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойынын бұрады да, не милиционердің ысқырығына жалт қарайды. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс - әрекеттерді (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерлерге берілгіш келеді. әрине бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумақ қажет.

Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. өйткені, қызықты іске зейініміз тез туады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу ырықты зейінді керек етеді.

Ырықты зейіндеде қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. өйтпесе, іс өнбейді, күткен нәтижеге шықпайды.



Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау рефлексінің желісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рол атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады.

  • Күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.) заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы, (мәселен, адам үстіндегі киімдерінің өзгеруі, дыбыстың жарықтың артуы не келуі т.б.)

  • Әр адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл – күйінің хош болуы.) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік – жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады.

    1. қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс - әрекетке тікелей кірісу қажет.

    2. үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтаған жөн.

    3. орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

    4. түрлі қолайсыз жағдайлар да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңіліңді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай шу, тарсыл – гүрсілдерге де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.

    5. зейінді өзіне үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс - әрекет жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады. Зейіннің екі түрі де бір – бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шыныда да адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз көрінген сабақ кейбір балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.

Үйреншікті зейін – зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғанындай, ол ырықты зейіннің кейін жасалады. Сонымен, үйреншікті зейін дегеніміз қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды нәрсе – істің нәтижесі. Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы - әркімнің өзіндік ерекшеліктерімен еңбектену әрекетінің өзін аса қиналмай –ақ, ойнап – күліп жүріп тындыра береді. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады. Ұстаздар оқу тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік салаларымен қалыптастыруға баса көңіл бөледі.

Бұған қатты тітіркендіргіштер күшті эмоциялық әсерлер, сондай – ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады. Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптимальдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процесінің өзгермелігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеінен кез келген әсерлерге жауап беруде аса қажет.

Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі – үш нәрсеге бөле алады. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады, кітап оқып отырып конспект жазады.

Зейіннің тұрақтылығы мен жинақтылығы. Адам зейіні жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді.

Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арқасында адам істеп отырған ісіне тереңінен түсініп, оның әртүрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетте өзіңді жеңе алудың басты бір белгісі болып табылады. Адам соншалық бір ерік – жігерімен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын – оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруынан зейіннің толқуы дейді. Толқу – зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда – санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан – жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы әрине адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейіннің тұрақтауына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет