1.8 Байланыс ақпараты:кафедраның орналасқан жері - № 2 оқу ғимаратының 4 қабатында телефон: 8 (7273) 38-70-90 (ішкі - 79-15)
1.9 Пәннің саясаты оқу үрдісін бірізді және мақсатты түрде қамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.
Міндетті түрде дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға, СОӨЖ сабақтарына қатынасу, дәрісті жібергені үшін эссе дайындап, сәйкес аралық бақылауда оны қорғау.
Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).
Аралық бақылауды күнтізбелік жоспарға сәйкес уақтылы тапсыру
Тақырыптық жоспарға сәйкес СӨЖ міндетті түрде орындау.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.
2. Бағдарлама: 2.1 Кіріспе Заманауи медицинаның дамуы жоғары медициналық оқу орындарынан студенттерін күрделі жанжақты теориялық дайындықты қажет етеді. Медициналық білім беруде дәрігер дайындаудың маңызды аспектісі, стоматолог - дәрігердің бағытты әсерін және клиникалық ойлауының практикалық, методологиялық әдістерін құруға бағытталған интеграциялық және анализдік оқу пәні ретінде ерекше орын алатын патологиялық физиологияны тереңдете оқытуды талап етеді.
Патологиялық физиология аурулардың алдын алу, дұрыс диагноздау және емдеудің негізін құрайтын дәрігерлік ойлауды қалыптастыратын фундаменталды теориялық медициналық – биологиялық пән болып табылады.