Курстың мақсаты:
Ұлттық аспабымыз қобызды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, оқушыларды өнер сүйгіштікке баулу, отансүйгіш, ұлтжанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаетіп тәрбиелеу. Ұлттық аспаптарымызды, оның ішінде қобызды құрметтеуге үйрету, сол арқылы ұлттық салт дәстүрімізді насихаттау. Ұлтымыздың болашағының жарқын болуына атсалысу. Еліміздің болашағы жастардың өздеріне деген сенімдерін нығайту.
Курстың міндеттері:
Үйірме мүшелерінің музыкалық сауатын арттыру, аспапта ойнау
шеберліктерін шыңдау
Қобызда жеке және топқа қосылып ойнауға дағдыландыру.
Пәнаралық кіріктіру:
- Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, өнер пәндерімен байланыстыра оқыту.
- Мәдениеттану, өнертану мамандықтарына баулу, ұлттық өнерімізді дамыту бағытындағы мамандықтарға бейімдеу.
Курстың ұйымдастыру формасы: Лекция, практикалық жұмыс,өзіндік жұмыс.
Курсты оқытуды аяқтау формасы:
— Берілген тапсырманы қобызда ойнап көрсету;
— Тест тапсырмасы.
— Оқушы рефераты.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар үйірмеде алған білімдерін күнделікті тұрмыста практика жүзінде пайдалана алуға, өз беттерімен қобызда ойнауға , білім қорларын молайтуға, музыка оқулықтарымен жұмыс жасауға үйренеді.
«Жас қобызшылар» үйірмесінің 2022-2023 оқу жылына арналған күнтізбелік жоспары.
Р/С
|
Өтілетін тақырыбы
|
Сағат саны
|
Күні
|
1-2
|
Қобыз аспабының шығу тарихы жөнінде тоқталу.
|
2
|
|
3-4
|
Қобыз, ысқыш ұстау әдебін үйрену.
|
2
|
|
5-6
|
Екі ішекте жүргізу.
|
2
|
|
7-8
|
Ре мажор гаммасын үйрену.
|
2
|
|
9-10
|
Қобызды күтіп ұстау, құлақ күйінің түрлері және келтіру.
«Қарлығаш» әні. А. Жұбанов
|
2
|
|
11-12
|
Ықыластың күйі «Қазан»
|
2
|
|
13-14
|
Айнамен жұмыс.Түсіндіру
«Қазан» күйін қайталау
|
2
|
|
15-16
|
Оң қол мен сол қол саусақтарының қойылым ерекшеліктері «Ақбаян» қ.х. әнін үйрену
|
2
|
|
17-18
|
Сахна ережелері.
«Ақбаян» қ.х. әнін қайталап үйрену
|
2
|
|
19-20
|
Күй атасы және шығу тарихы
Қорқыттың күйі «Қоңыр» үйрену
|
2
|
|
21-22
|
Қорқыттың күйі «Қоңыр» қайталау
|
2
|
|
23-24
|
Нюанс, штрихтармен жұмыс
«Тәй тәй» қ.х.әнін үйрену
|
2
|
|
25-26
|
Нюанс, штрихтармен жұмыс
«Тәй тәй» қ.х.әнін үйрену жалғасы
|
2
|
|
27-28
|
Ықылас Дүкенұлы «Кертолғау» күйін үйрену
|
2
|
|
29-30
|
«Кертолғау» күйін қайталау
|
2
|
|
31-32
|
«Жаппас, Қобыз, Домбыра шығармасын үйрену
|
2
|
|
33-34
|
«Жаппас, Қобыз, Домбыра шығармасын үйрену жалғасады
|
2
|
|
35-36
|
Үйренген әндері мен күйлерді қайталау. Концерт-сабақ.
|
2
|
|
Әдебиеттер:
1.Қ.Аметова « Қобыз үйрену мектебі»
2 З. Бейсенбаева «Қобызға арналған пьесалар»
3. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі»
4. Қ. Уразалиева «Қобыз аспабын сатылай үйрену»
5. З.Бисембаева. Қобыз аспабын үйретуге арналған оқу-әдістемелік құралы. Алматы, 2006 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |