Сыныбы: 7-8 сынып Өткізілген күні



бет2/2
Дата26.03.2024
өлшемі22.71 Kb.
#496485
1   2
дөңгелек үстел 2023-2024

анықтамасы
13.10.2023 жыл қазан айына бекітілген жұмыс жоспары бойынша 7-8 сынып қыздары арасында «Қыздың ары-ұлттың болашағы » тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел қыздарымыздың «Ассоцасия» әдісі бойынша Қыз сөзіне жасаған әрекеттерімен басталып, видеоролик көрумен жалғасын тапты. Видеороликте :
Бүгінгі жастар «заман осындай» деген желеумен батыстық менталитетке ден қойған. Қыздарымыз бұрымын қырқып, тіпті, шашын сыпырып сәнденсе, тіпті, шашы бар аруларымыздың өзі оны сан түске бояп әуре. Бұл – бір. Екіншіден, етек - жеңі қысқарып, кеудесі жартылай жалаңаш киім киіп жүргендер де өзіміздің қаракөздеріміз. Ал ішімдікке сылқия тойып, мас болу мен шылымды бұрқыратып жүруі, тіпті, сәнге айналғандай көрсетілген әрекеттер орын алды. Көрсетілімнен кейінгі оқушыларға осы жағдайлар туралы ойлары ортаға тасталды.
8-сынып оқушылары белсенді сөйлей білді.осы тақырыпты жан-жақты аша білді.
Дөңгелек ұстеліміз Бекболат Тілеухановтың қыздар туралы өз ойы айтылған видеороликпен жалғасып, сауалнамалар тасталды: Сауалнама төмендегідей түрде болды.
1. «Қыз бала» ұғымын қалай түсінесің?
Қыз баланы көз алдымызға былай елестетеміз – сыпайы, нәзік, әдемі, әдепті, ақылды, жақын дос, көрікті, ұқыпты, тәрбиелі, болашақ ана.
2. Саған қыз баланың қандай қасиеттері ұнайды?
Инабаттылығы, сыпайылығы, ізеттілігі, ақылдылығы, әдептілігі, мейірімділігі, сабырлы болуы, ұстамдылығы.
3. Өзің қандай қыздармен достық қарым - қатынастасың?»...
Бүгінгі жиыннан алған әсерің мен түйген ойыңды айтқызу арқылы аяқталып «Қыздар » туралы өлең жолдарын айтып қоштасты

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет