Тамаққа қатысты тыйымдар
Қолды жумай тамаққа отыруға болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалуы тиіс. Қол жуғанда қолдың әрбір саусағы жеке-жеке жуылады.
Қонақ адам тамақты тәбетіне орай, өз қалауынша жегені дұрыс. Оған тамақты зорлықпен алдыру әдепсіздік болып саналады.
Сүт тағамдарына байланысты
1. Тойға қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау қымыз қалуы керек.
2. Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.
3. Сүт сауатын шелекті су басына апармайды, құты кетіп қалады.
Тамақ жеп отырған адамды орнынан қозғау әдепсіздік болып саналады.
Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.
Тамақты асықпай ішеді. Тамақ ішер алдыңда «Бисмиллаһи рахмани рахим» деп нанды үзіп, ауыз тигеннен кейін ғана тамақ жеу басталады. Бұл сөз «Мейірімді Алланың атымен бастаймын» дегенді білдіреді.
Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты қасық ас қалар» деген сөз бекер айтылмаған.
Шөбересінің алақанынан су ішкен қарт жұмаққа барады.
«Наны қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен» немесе «езіліп кеткен» т.б. сөздерді айтып нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау –аштықты шақыратын жаман ырым. «Ас – адамның арқауы» саналады. Асты жамандаған адам аштықта өледі деп жориды.
Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын-шайтан жалап кетеді деп санайды.
Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс-несібе кетеді.
Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанына білдіреді.
Адамның иегі қышыса бір жерден дәм татады.
Бір үйге өздері әкелген тамақтан дәм татса, әйелі қыз туады деп ырымдайды.
Алыс жолға шыққан адамдар қарашаңырақтан немесе әруақты үйден дәм татып аттанады.
Шөлдегенге су бермеген жаман ырым.
Самаурын қайта шуылдаса қонақ келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |