Сынып жетекшісінің ҚҰҚЫҚтары балаларды шын жүректен сүю керек, балалар жалғандықты тез сезеді. Сынып жетекшілері мыналарға құқылы



жүктеу 60.53 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі60.53 Kb.



СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Балаларды шын жүректен сүю керек,

балалар жалғандықты тез сезеді.

Сынып жетекшілері мыналарға құқылы:


  1. мектептің өзін-өзі басқару құрылымына: педкеңес, мектеп кеңесі, кәсіподақ және басқа мектеп органдарының жұмысына қатысуға;

  2. бастама көтеруге, мектеп қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, іскерлік сын тұрғысында сөз сөйлеуге;

  3. өзінің тәрбиелеу жүйелері мен бағдарламаларын жасауға, «зиян келтірме» ізгілікті принципін басшылыққа ала отырып, тәрбиелеудің жаңа әдістерін, формалары мен тәсілдерін қолдануға;

  4. мектептің өзін-өзі басқару және қорғау органдарында өзінің абыройы мен беделін қорғауға.

Сынып жетекшісінің құқығы жоқ:
• тәрбиеленушінің жеке басын қорғауға, оны әрекетпен немесе сөзбен жәбірлеуге, қосалқы ат, айдар тағуға, т.б.;

• оқушыны жазалау немесе одан өш алу үшін бағаны (мектептік баллды) пайдалануға;

• баланы жазалау үшін оның отбасын (ата-аналарын немесе туыстарын) пайдалануға;

• көзі жоқ жерде өзінің әріптестерін сөз қылып, жамандауға, мұғалімнің, барлық педагогтер ұжымының беделін түсіретін сөздер айтуға.





СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ БІЛУІ КЕРЕК:

• «Білім бер туралы» ҚР Заңын;

• Бала құқығы туралы конвенцияны (1993 ж);

• тәрбиелік жұмыс тұжырымдамасын;

балалардың, жасөспірімдердің, әлеуметтік педагогика мен психологияны;

мектеп гигиенасын;

• педагогтік этканы;

• тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;

• еңбек заңнамасының негіздерін.

балалардың белсенділігін, жауапкершілігін көтермелей, өзінің белсенділігі және жауапкершілік сезімімен үлгі көрсете отырып балалармен қарым-қатынас жасау;

• өзінің тәрбиешілік мақсаттарын көре білу және қалыптастыру;

• сыныпта тәрбиелік жұмыс жоспарын жасау;

• тәрбиелік шараларды, әңгімелесу, пікірсайыс, экскурсия, жорық сынып кештерін, т.б.ұйымдастыру және өткізу;

• өз қызметі мен оның нәтижелеріне талдау жасау;

ата-аналар жиналысы, оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу;

• психодиагностикалық тестер, сауалнамалар, сұрауларды пайдалану және оларды тәрбие жұмысында орнымен пайдалану.



Сынып жетекшісінің жыл бойы жүргізетін жұмыстарының циклограммасы
Күнделікті

1.Сабаққа кешігіп келетіндермен жұмыс және сабақта болмағандардың есебін анықтау.

2.Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.

3.Сынып бөлмесінде кезекшілікті ұйымдастыру.

4.Оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасау.
Апта сайын

1.Оқушылар күнделіктерін тексеру.



2.Жоспар бойынша сыныпта шаралар өткізу.

3.Жағдайға байланысты ата-аналармен жұмыс.

4.Жағдайға байланысты пән мұғалімдерімен жұмыс.

5.Оқушылар денсаулығына байланысты анықтама бойынша мектеп 6.дәрігерлерімен, медбикемен кездесу.
Ай сайын

1.Өз сыныбының сабақтарына қатысу.

2.Мектеп психологынан кеңес алу.

3.Шаруашылық мәселелерін шешу (тамақтану, жол жүру билеттері, т.б.)

4.Белсенді ата-аналармен кездесу.

5. Сынып белсенділерімен жұмыс жасау.
Тоқсанда бір рет

1.Сынып журналын рәсімдеу.

2.Сынып жетекшілерінің семинары.

3.Тоқсан ішінде орындалған жұмыстарға талдау жасау.

4.Алдағы тоқсанның тәрбиелік жұмыстар жоспарына түзетулер енгізу.

5.Ата-аналар жиналысын өткізу.
Жылына бір рет

1.Ашық шара өткізу.



2.Оқушылардың жеке істерін рәсімдеу.

3.Сынып ұжымымен жасалатын жұмыстарды жоспарлау және талдау жасау.

4.Сынып жайлы статистикалық деректер жинау.
Сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы









Сынып журналы

Тәрбие іс-шараларының сараптамалары



Сыныптың тәрбие жұмысы




Тәрбие жұмысының жоспары


Мониторинг нәтижесі







Оқушының психо-педагогикалық картасы

Ата-аналар жиналысының хаттамасы




Жоспар сараптамасы






Оқушының диагностикалық картасы




Жүйе сараптамасы


Оқушы күнделігі



Тәрбие орталығының байланыс жүйесі























































Жеке тұлға





Ата-аналармен байланыс жүйесі


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет