11.11.2022 ж. күні 9 «А» сынып оқушыларына сынып жиналысы болып өтті.
Барлығы-20 оқушы
Қатысқан-20 оқушы
Қаралған мәселелер:
1.І тоқсан қорытындысы
2.Қауіпсіздік ережелерімен танысу
3. Сынып белсенділерінің тоқсандық есебі
4.Оқушы келбеті қандай болу керек? (Киім кию мәдениеті туралы)
1 – мәселе бойынша І тоқсан қорытындысы айтылды.
№
|
Үздік оқушылар
|
Екпінді оқушылар
|
1
|
Аман Ақмаржан
|
Әбу Ақдидар
|
2
|
|
Баймұрат Нұрбек
|
3
|
|
Маханбет Сәуле Маратқызы
|
4
|
|
Муханбетали Аружан Қанатқызы
|
5
|
|
Маратқызы Балым
|
6
|
|
Оразай Нұртілек Максатұлы
|
7
|
|
Қожагелді Ернұр Халмуратұлы
|
8
|
|
Серик Марина Талгатқызы
|
9
|
|
Серикгалиқызы Томирис
|
10
|
|
Тасыбеков Асланбек Ақсұлтанұлы
|
Бір және екі пәннен 3 ке шыққан оқушыларға келесі тоқсанда сабаққа қатысып, белсенділік танытып, жақсы баға алу тапсырылды.
2-мәселе бойынша қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Қауіпсіздік ережесін сақтау айтылды. Мектепке келе жатқанда арнайы өзінің жолымен жүру, асфальт жолдан өтетін кезде жан-жағына қарау, жүргіншілер жолымен жүру керек екені айтылды. Жол үстінде ойнамау керек екені, жер тайғақ кезде жолдан абайлап өту керек екені ескертілді. Бекітілген үлгідегі мектеп формасын кию және мектептегі тазалықты сақтау сияқты барлық ережелермен таныстырылды.
3-мәселе бойынша сынып белсенділері өзінің тоқсандық есебін берді. Сол бойынша кеткен кемшіліктердің келесіде қайталанбауы ескертілді.
4-мәселе бойынша оқушы келбеті қандай болу керек? деген сұрақ талқыланды. Киім кию мәдениеті туралы айтылды. Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты емес екені ертеден мәлім. Оқушының киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар береді. Сол себепті бастауыш сынып оқушысы болғандықтан мектеп формасын үнемі сақтап жүру қажет. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, білгенімен бөлісті.
Қаулы:
І тоқсан қорытындысы қанағаттанарлық деп бағалансын
Сынып белсенділердің жұмысы жақсы деп бағалансын
Киім кию мәдениетін сақтау әр оқушының өзіне жүктелсін
Қауіпсіздік ережелерін сақтау әр оқушыға жүктелсін
Сынып жетекшісі: Полатбаева Г
Достарыңызбен бөлісу: |