Сынып сағаты Тәрбие бағыты: Адамгершілік бағыт Тақырыбы


Волонтерліктің пайдасы неде?



бет2/2
Дата22.12.2023
өлшемі19.19 Kb.
#487600
1   2
Еріктілер сынып сағаты 04.12.2023

Волонтерліктің пайдасы неде?
Қоғам үшін пайдалы:
• Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек
• Экологиялық жағдайдың жақсаруы
• Қиын жағдайларда халықты қолдау
• Жануарларға көмек
Әлеуметтік қиын мәселелерде
Волонтердің өзіне пайдасы:
• Өзінің әлеуметтік және азаматтық белсенділігін жүзеге асыру мүмкіндігі
• Қызметтің әртүрлі салаларында даму және өзін сынау
• Жан-жақты тәжірибе алу және қолдану
• Жаңа қызықты және пайдалы адамдармен танысу
• Оқуға түсу немесе жұмысқа орналасу кезіндегі бәсекеге қабілеттілік •
• Саяхаттау мүмкіндігі
• Кез-келген жаста сұранысқа ие болу және ұнамды іспен айналысу
• Өзін-өзі көрсету, өзін-өзі таныту, қабілетін іске асыру және т. б. мүмкіндіктері
Ал енды балалар экранға назар аударайық ( бейнеролик көрсетіледі )
Балалар видеода не түсіндіңіздер? (Балалар өз түсінгендерін айтады)
Қазір ойын ойнайық ойынның аты «Қателескен мұғалім»
Мұғалім мәтінді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.
Керемет балалар, барлықтарыңыз дұрыс жауап бердіңіздер! Енді қазір назарымызды экранға аударайық (экранда сөзжұмбақ көрсетіледі), бірге осы сөзжұмбақты шешейік.

  1. Қорытынды бөлім

Сынып сағатымыздың соңына да жетіп қалдық. Бүгінгі сынып сағатымыз ұнап, ұнамағаның білу үшін сіздерге үш түрлі түсті қағаздар таратылады: қызыл, сары, жасыл. Қызыл түс сабақта түсініксіз жайттар болды дегенді білдіреді. Сары түс сабақ жақсы өтті дегенді білдіреді. Ал жасыл түс сынып сағаты өте қызықты, әрі көп жаңа ақпарат алдық дегенді білдіреді. Осы қағаздарды көтеріп, баға бересіздер.
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе мұқтаж жандарға қол ұшын беру керек. «Басына іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер» деп қазақ атамыз аитып кеткен. Біреудін өміріне күліп жүретін жаманның қатарынан емес, әрдайым мұқтаж жандарға көмек беретін жақсылардын қатарынан болайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет