Ата-аналар өз орталарыңызда балаларға арнап осы Есіл ауданының киелі жерлерінің картасын жасаңыздар.
Мұғалімдер Есіл ауданынан шыққан атақты тұлғалардың тізбесін жасаңыздар.
Оқушылар «Мен Отаныма не беремін» тақырыбында эссе жазыңыздар.
|
Ата-аналар карта жасағанда мағыналы, мазмұнды жасаулары керек. Балаларға түсінікті етіп, туған жерлеріндегі қасиетті, киелі жерлер туралы мәлімет беретіндей болу керек.
Мұғалімдер де Есіл ауданының атақты тұлғаларының тізбесін жасағанда, елге сіңірген еңбегін қысқа да, нұсқа атап өтеді.
Балалар 20 сөзден аспайтын шағын эссе жазулары керек.
|
7 минут
|
4-тапсырма
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»
|
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Экранға назар аударайық.
https://bilimland.kz/kk#lesson=18621 «Отбасы шежіресі дегеніміз не?»
Ал, балалар! Қане, қайсысың жеті аталарыңды білесіңдер!
|
Балалар жеті аталарын қаншалықты білетінін дәлелдейді.
|
7 минут
|
5-тапсырма
Сергіту сәті
|
Құрметті бүгінгі сынып сағатының қатысушылары! Сіздердің барлықтарыңызға арналған ортақ сұрақ: «Біз әрқашанда біргеміз!», «Біз бір отбасымыз!» деген сөздерді өз іс-әрекеттеріңізбен көрсетсеңіздер. (Қатысушылар бірін-бірі құшақтап, қол ұстасып бірліктерін көрсетеді.)
Олай болса әр топ мүшелері өз қолдарыңызбен, яғни бес саусақтарыңызды қағазға бастыра отырып сурет салып, мағынасын түсіндіресіздер.
Ал балалар айтыңдаршы, қол бізге не үшін қажет?
Әрбір оқушы үшін қолдың қызметі не?
Олай болса экранға назар аударып қолжазба туралы мәліметтерді білсек. https://bilimland.kz/kk#lesson=18623
«Қолтаңба туралы не білеміз?»
|
Қатысушылар бес саусақтарын бастыру арқылы мағыналы суреттер жасап шығады.
Балалар қолдың қызметі туралы өз ойларын айтады.
|
Сабақтың соңы
6 минут
|
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Сабақ барысындағы орындалған жұмыстарды саралап, салмақтап, әрбір топ келесі топқа екі жақсы жағын және тағы нені өзгертуге болатынын жазады. Уақыт үнемдеу мақсатында сағат тілімен қозғалып, әрбір топ жанындағы келесі топқа арнап жазады.
|
Қатысушылар жылдам, жинақы түрде тапсырманы орындауы қажет. Бүкіл сынып барысындағы жұмысты бағалау мақсатында жүргізіледі.
|