жұмысы
2-нұсқа
АВСД параллелограмында ВАД бұрышының АN биссектрисасы ВС қабырғасын ВN=11 см және NC=5 см кесінділерге бөледі. 1) Параллелограмның периметрін; 2) АNCД трапециясының орта сызығының ұзындығын табыңдар.
АД – АВСД трапециясының үлкен табаны. С төбесі арқылы АВ-ға параллель және АД-ны Е нүктесінде қиып өтетін түзу жүргізілген. ДЕ=6 см, АЕ=11 см. 1) Трапецияның орта сызығының ұзындығын; 2) егер СДЕ үшбұрышының периметрі 21 см болса, онда трапецияның периметрін есептеңдер.
1. 1) 54 см; 2)10,5 см. 2. 1) 14 см; 2) 43 см.
3- бақылау
1-нұсқа
Ромбының қабырғасы 17 см, ал оның бір диагоналінің ұзындығы 16 см. Ромбының екінші диагоналінің ұзындығын табыңдар.
Теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғасы 10 см, үлкен табаны 17 см және биіктігі 8 см. Кіші табанының ұзындығын табыңдар.
Тіктөртбұрыштың диагоналі оның ұзындығы 8 см қабырғасымен 35⁰ бұрыш жасайды. 0,1 дейінгі дәлдікпен тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар.
30 см. 2. 5 см. 3. ≈27,2 см
жұмысы
2-нұсқа
Теңбүйірлі үшбұрыштың табанының ұзындығы 30 см, ал табанына жүргізілген медианасының ұзындығы 8 см. Үшбұрыштың бүйір қабырғасының ұзындығын табыңдар.
Теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғасы 15 см, кіші табаны 16 см және биіктігі 9 см. Үлкен табанының ұзындығын табыңдар.
Тіктөртбұрыштың диагоналінің ұзындығы 15 см. Ол тіктөртбұрыштың қабырғаларының бірімен 40⁰ бұрыш жасайды. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. Жауабын ондыққа дейін жуықтап алыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |