Идеал сыйымдылық элементі бар тізбек. Егер сыйымдылық элементке синусоидалы кернеу u = Umsin ω t берілген болса, ондағы заряд та синусоидалы заңдылықпен өзгереді: q=Cu= СUmsin ω t. Сыйымдылық элементпен жүретін ток i = dq/dt = C . Бұдан Im= UmCω = = Um/xc , мұндағы xC= сиымдылық кедергі. Токтың әрекеттік мәні I= Uc/xc. Фазалық ығысу φ = φ u - φ i =0-90o= -90o, яғни векторлық диаграммада сыйымдылық элементпен жүретін токтың I векторы кернеудің U векторынан фаза бойынша 90о-қа озады - Лездік қуат: p = i u = Imsin(ω t+90o)Umsin ω t = (sin2 ω t) , яғни ол екі еселенген жиілікпен өзгереді Оның амплитудасын реактивті сыйымдылық қуат Qс деп атайды.
- Qс = ; Өлшем бірлігі- [ВАр]
- Конденсатор периодтың бірінші және үшінші ширектерде қоректендіргіштен энергия алып, бойына жинайды( яғни зарядталады ). Ал екінші және төртінші ширектерде бойына жинаған энергияны электр желісіне қайтарып береді . Сонымен конденсаторда энергия алмасу құбылыстары жүріп жатады. Период ішіндегі орташа қуат, яғни активті қуат нөлге тең (Р= 0).
Достарыңызбен бөлісу: |