Сыр өңірі тарихы тереңде жатқан қазақтың қасиетті мекені



жүктеу 57.94 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі57.94 Kb.
Сыр өңірі тарихы тереңде жатқан қазақтың қасиетті мекені. Осындай өлкеміздің өткен тарихын зерттеп, жастарға сарқылмас білім беру жолында қажырлы еңбек еткен ұлағатты ұстаз, әрі өлке тарихын зерттеуші Мәди Құрманұлы Кереев. Биыл өңіріміздің тарихын зерттеуде талмай еңбек етіп, тарихта өшпес із қалдырған асыл азаматымыздың дүниеден өткеніне 5 жыл толып отыр.

Кереев Мәди Құрманұлы 1929 жылдың қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген. 1944 жылы Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектептің 9-сыныбын бітіріп, Абай атындағы педагогикалық мұғалімдер институтыныңтарих-филология факультетіне түседі, оны 1948 жылы бітірген соң арнайы жолдамамен Қызылорда педагогикалық институтына келіп, мұнда бүгінге дейін үзбей ұстаздық қызметін осы білім ордасында атқарып келеді.

Мәди Құрманұлы 1949-1951 жылдары осы институттың тарих факультетінде оқытушы, 1951-1953 жылдары «Тарих және әдебиет факультетінің» деканы, 1953-1954 жылдары КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі, 1954-1958 жылдары «Марксизм-ленинизм» кафедрасының аға оқытушысы, институттың комсомол комитеті хатшысы, 1958-1961 жылдары Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитеті мектеп бөлімінің меңгерушісі, 1963-1964 жылдары Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы ұйымдарының біріккен партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.

1964-1970 жылдары ол Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикадық институтының «Марксизм-ленинизм» кафедрасының аға оқытушысы, 1970-1975 жылдары «Шет ел тілдері факультетінің» деканы, 1975-1983 жылдары «КПСС тарихы» кафедрасының меңгерушісі, 1983-1992 жылдары институттың ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, 1992 жылдан «Қазақстан тарихы»кафедрасының доценті, 1993 жылдан бастап бүгінге дейін осы кафедраның профессоры қызметін атқарып келеді.

М.Қ.Кереев 1970 жылы «Суармалы егін шаруашылығының тарихы» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты атағы үшін диссертация қорғады.

Ол Қызылорданың 180 жылдық мерейтойына арналған «Сырдың ару қаласы», өлке тарихына байланыста жазылған «Сыр өңірітарихы», «Қызылорда», «Өнегелі өмір, өшпейтін рух» атты кітаптардың авторы.

1817 жылы Сырдарияның сол жағасына салынған, ал бір жылдан соң оң жағаға көшірілген Ақмешіт болатын. Ішіне ақ мешіт салынып, соған орай өзі Ақмешіт аталған бұл қорған сол кездегі көрер көзге қомақты ғимараттың, оның қалың қабырғалары кірпіштен қаланып айналасын терең ор етіп қазып тастаған-ды. 1853 жылы 13 июньде генерал Перовский әскерімен Ақмешітке келді. 28 июль күні 3 сағат 30 минутте Ақмешітке штурм басталды да қорған сол күні-ақ құлады. 1853 жылы 31 августа Петербургте шыққан Указ бойынша Ақмешіт қамалы Перовск форты деп аталды. 1867 жылы Перовск форты Перовск қаласы деп аталынып, Сырдария облысының орталығына айналды.

Россияда февраль революциясы болды. Халық патша тағы төңкерілді. Перовскіде февраль революциясы туралы 4 мартта естіді. Дала телеграфы – ұзынқұлақ бұл қуанышты хабарды ауылдан-ауылға лезде жеткізіп, қарапайым халқтың жүрегіне шаттық құйды. 1917 жылы июньде большевиктер партиясының Орталық Комитетінің директивасын басшылыққа алған Перовск коммунистері Қазақстанда бірінші болып большевиктік ұйым құрды.

1917 жылы 30 октябрьде жұмысшылар мен солдат депутаттарының большевиктер басқарған Перовск советі Уақытша үкімет өкілдерін тұтқындап, өкіметті өз қолына алды.

Перовскіде совет өкіметі Петроградтағы жеңістен 5 күннен кейін орнады. 1925 жылдың 15 апрелінде қазақтың көне қаласы Ақмешіт-Перовскіде Советтердің бесінші Бүкілқырғыздық (Бүкілқазақстандық) съезі ашылды. Оның ұйғарымы бойынша Қазақстан астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру жөніндегі КирЦИК қаулысы бекітілді. 1925 жылдың 19 апреліндегі қаулысы бойынша Ақмешіт – Перовск – Ақмешіт – Қызылорда деп аталды.

Азаматтық үшін күрескен әйелдер жетекшісі Алма Оразбаева мен Сара Есова, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың көпшілігі өздерінің творчестволық және қоғамдық-саяси қызметін Қызылордада бастады. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Сабыр Шәріпов, Қалқаман Әбдіқадыров, Николай Анов, Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов астанада қызмет істеп, өздерінің көптеген шығармаларын сонда жазды.

Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік акдемиялық театры өзінің творчестволық жұмысын 1926 жылы Қызылордада бастады.

Қызылордада «Еңбекші қазақ» («Социалистік Қазақстан») және «Советская степь» кейін «Казахстанская правда» деп аталған республикалық газеттер мен басқа да журналдар тұңғыш құрылып басыла бастады.

1929 жылдың май айында Қазақтың Советтік Социалистік республикасының үкіметі Қызылордадан өзінің жаңа астанасы – Алматыға көшті.

1938 жылы Қазақ ССРында құрамында Арал, Қазалы, Қармақшы,Тереңөзек, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған, кейінірек Жалағаш аудандары кірген жаңа облыс құрылды.

Қала Ұлы Отан соғысы жылдары еліміздің батыс аудандарынан көшіп келген адамдарды, фабрикалар мен заводтарды қабылдады.

Қызылордада Киевтың, Харковьтың және Одессаның университеттері, Москваның ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институты, Қырым медицина институты және бірқатар орта технологиялық оқу орындары уақытша орналасты.

Қызылорда қаласының еңбекшілері Ұлы Отан соғысы жылдары майданға тек өндірістегі жанқиярлық еңбегімен ғана емес, қолдан келгеннің бәрімен де аямастан көмек көрсетті.

Тылдағы еңбекшілердің бұл қамқорлығына, Совет Армиясының жауынгерлері жаппай ерлік көрсетумен жауап берді. Біздің жерлестеріміз Н.Ілиясовқа, И.Журбаға, Ж.Махамбетовке, Г.Ковтуновке, Е.Ниетқалиевке, Т.Көмекбаевқа, Ж.Нұрсейітовке, В.Счастновқа, А.Әбуталиповке және басқаларға Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Қала экономикасы мен мәдениетін дамыту үшін партияның ХІХ съезі мен КПСС сентябрь (1958 жылы) Пленумы қарарларының айрықша маңызы болды. Бесінші бесжылдық кезінде жаңа өнеркәсіп, мәдениет, коммуникальдық-тұрмыс объектілерінің құрылысы жедел жүргізілді. Жыл сайын құрылыс мүддесіне 7 миллион сомнан аса қаржы бөлінді. Бұл уақытта өнеркәсіп өнімін шығару күрт өсті – жүн мата өндіру – 2 еседен аса, жібек мата өндіру – 5,2; ішкиімдік трикотаж өндіру – 2,8, аяқ киім өндіру – 5 есе өсті.

Бұл жылдары Қызылордада Қазақстандағы тұңғыш целлюлоз-картон комбинаты іске қосылды. Оның құрылысы 1958 жылы басталып, бірінші кезегі 1964 жылы пайдалануға берілген болатын. Екінші кезегінің құрылысы аяқталғаннан кейін 1970 жылдан бастап завод толық қуатымен істейді де жыл сайын 121 мың тонна жартылай бисульфат целлюлозын, 70 мың тонна зат орайтын картон, 4,5 мың тонна малазығындық ашытқы, 112 мың тонна быламық қоспа, 10 миллион шаршы метр тақтай, 89,6 мың тонна көшірме қағаз және басқа да көп өнім беретін болады.

Қаланың батыс жақ шет аймағында Сырдария жағалауында Қызылорда электр орталығы – ТЭЦ-6 орналасқан. Станцияның қуаты – 49мың киловатт-сағат, ал кешікпей оның қуаты екі еседей дерлік артпақ.

Қызылорда аяқкиім фабрикасы – республикадағы ең ірілердің бірі. Ол балалар мен жастар аяқ киімін шығаруға маманданып отыр. Оның өнімдері қазақ және қырғыз республикаларында таратылады. Фабрика жыл сайын 2 миллион парға дейін аяқ киім шығарады.Бұл кәсіп орнында жастар коллективі еңбек етеді. Еңбек ардагерлері де бар.

Қызылорда тігін фабрикасы бұрынғы «25 лет ВЛКСМ» артелінің негізінде өсіп нығайды. Енді бұл осы заманғы жарты мың адамдық коллективі бар, өндірісі конвейерлік процесте жұмыс істейтін, осы заманғы жоғары өнімді машиналары және жабдықтары бар жеңіл өнеркәсіптің бір кәсіпорны.

Өнеркәсіп құрылысы да жылдан-жылға өрістей түсетін болады. Қызылордада қазірдің өзінде-ақ еліміздің ең ірі күріш тазарту заводы салынып жатыр, ауыл шаруашылық машина жасау, құрылыс материалдарын шығару өндірістері одан әрі дамытыла береді. Целлюлоз-картон комбинаты құрылысының екінші кезегі аяқталып, жобалы қуаттылығына жеткізіледі, мебель өндіру арттырылады. Жеңіл, тамақ және ет-сүт өнеркәсібі өнімдерін мықтап арттыру белгіленіп отыр.

Қала транспорты қайтадан мықтап жөнге келтіріледі. Автобустармен бірге троллейбустар да жүретін болады, темір жол астымен тартылған тоннель қаланың екі бөлігін жалғастырмақ. Парктердің скверлер мен гул алаңдарының жалпы көлемі 2 мың гектарға жеткізіледі. Қызылорда баққа бөленеді.

Қорыта келе, М.Қ.Кереев өз өмірін жастарға білім беру мен Сыр елінің тарихын зерттеуге арнады. Мәди Құрманұлының ерен еңбегі, шәкірт тәрбиелеудегі еңбек жолын есте сақтап, ізін жалғастыру өскелең ұрпақ парызы.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Редакция алқасы Аңсатова М.Н., Мыңжасов Н.К., Қожамберлив Б.Қ., Бегімқұлова Ш.А., Қараманова М.С., Нәрікбаев Ә., «Ғибратты ғұмыр», Қызылорда, 2009жыл,195б.

  2. М.Кереев, «Қызылорда облысы комсомол ұйымының тарихынан (1919-1925)», Қызылорда, 1958жыл, 60б.

  3. А.Айдосов, М.Кереев, Ы.Қалиев, «Қызылорда», Алматы, 2005жыл, 47б.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет