Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



жүктеу 1.18 Mb.
бет1/8
Дата05.07.2016
өлшемі1.18 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Сырдария аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 20 желтоқсандағы

Кезекті XII сесиясының

№ 97 шешіміне қосымша

Сырдария аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 20 желтоқсандағы

Кезектен тыс XXXIV сесиясының

№ 316 шешіміне қосымша



СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мазмұны



1.

Бағдарлама төлқұжаты




2.

Ағымдық ахуалды талдау




2.1

Сырдария ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы




2.2

Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау




2.3

Сырдария ауданының орта мерзіміді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары,тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама




2.4

Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданылыстағы саясатын талдау




3.

Өңір дамуын жүргізу




4.

Негізгі бағыттар; Мақсатта, міндеттер, Мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері.







1 Бағыт: Өңір экономикасын дамыту







2 Бағыт : Әлеуметтік даму







3 Бағыт : Өңірдің инфроқұрылымдық кешенін дамыту







4 Бағыт : Аумақтық (кеңістіктік) құрылғысын дамыту







5 Бағыт : Мемлекеттік қызметтер




5.

Қажетті ресурстар




6.

Бағдарламаны басқару






  1. Бағдарлама төлқұжаты




Бағдарлама атауы

Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

Оны құруға негіздеме



Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 371 Жарлығы.

«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жұйесінің кейбір мәселелерін қалыптастыру туралы » 2010 жылғы 4 наурыздағы№931 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.





Өңірдің негізгі сипаттамасы

Сырдария ауданының аумағы 40,7 мың шаршы км.

Ауданда 14 ауылдық округі 1 кент және 4 ауылдық елді мекен бар.

Аудан халқы 38,9 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы км 2,8 адамнан келеді.

Әкімшілік орталығы Тереңөзек болып табылады.

Бағыттары


- Өңір экономикасын дамыту;

- Әлеуметтік даму;

- Өңірдің инфроқұрылымдық кешенін дамыту;

- Аумақтық (кеңістіктік) құрылғыны дамыту;

- Мемлекеттік қызметтер;




Бағдарлама мақсаттары

Ауданның әлеуметтік-экономикалық потенциалын дамыту аясында аудан халқының әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жоғарылату,

Міндеттер

Экономиканың өңдеу саласын дамыту;

Қолайлы инвестициялық климат, ынтымақтастықты нығайту және дамыту, капитал салу үшін жағдай жасау;

Отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін, өндірісті жетілдіру мен диверсификациялауды жоғарылату;

Тауар, жұмыс пен қызметті сатып алуда қазақстандық және жергілікті мазмұндағы үлесті ұлғайту;

Ішкі нарықты құрылыс индустриясы саласының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету;

Ауданның азық-түлік қауіпсіздігін АӨК өнімдерін тұрақты өсіру есебінен қамтамасыз ету;

Бәсекеге қабілетті өнімдер шығару және экспорттық қарымды ұлғайту;

Шағын және орта кәсіпкерліктің динамикалық дамуын қамтамасыз ету;

Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерінің ролі мен мәнін жоғарылату бойынша шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің өңірдің инновациялық, өндірістік және басқа салаларында тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

Ішкі сауда тиімділігін жоғарылату, сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда саласындағы еңбек өнімділігін жоғарылату;

Балалар мен әйелдер денсаулығын нығайту;

Әлеуметтік мәні бар аурулар санын төмендету;

Салауатты өмір салтын дамыту;

Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жоғарылату;

Медициналық ұйымдарды білікті мамандармен қамтамасыз ету;

Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

Мектепте білім беру қызметінің сапасын жоғарылату;

Электронды оқу жүйесін енгізуге қажетті жағдайлар жасау;

Педагогикалық мамандар кәсіпқойлығы мен мұғалім кәсібінің беделін жоғарылату;

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

Бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

Әлеуметтік жетімдердің жүгенсіздігі, қараусыздығының алдын алу және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерге арналған мекеме тәрбиеленушілерін отбасылық орналастыру іс-қимылдарын жүргізу;

Жастарға мемлекеттік қолдау көрсету;

Мәдени ұйымдар желісін дамыту, аудан халқының барлық санаттары үшін отандық және шетелдік мәдени мұра мен мәдени құндылықтардың бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету;

Көпшілік спорты мен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

Аудан спортының жоғары жетістіктерге жетуіне жағдай жасау;

Халық табысын жоғарылату;

Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету;

Мүгедектер мен ардагерлер ҮЕҰ дамытуға, сондай-ақ олардың әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысуын кеңейту;

Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы мен бостандық қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдау;

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Қылмыспен күрес және қылмысты іздестіру, нашақорлық пен наша бизнесімен күрес тиімділігін жоғарылату;

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-байланыс және топтастырушылық қызметін кеңейту;

Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;

Халыққа қызмет көрсету процестерін жетілдіру;

Мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату;

Техникалық жарақтандыру деңгейін жоғарылату;

Комьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылату;

Әкімшіліктің АБ деңгейін 100% -ға дейін жоғарылату;

Әкімшілік бастамаларын кеңінен насихаттау;

Жол инфрақұрылымын дамыту;

Көлік қызметін дамыту;

Коммунальдық жүйені жетілдіру және дамыту;

Экожүйені сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау;

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау;

Ауыл халқына әлеуметтік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату;

Ауылдағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру;

Ауылға білікті мамандарды тарту және табыстарын жоғарылату;

Жергілікті атқарушы билік қызметінің тиімділігін жоғарылату;

Аудандық маслихат аппараты мен оның органдары қызметкерлерінің жұмыс жағдайы және кәсіби деңгейін жақсарту;

Аймақтағы гендерлік теңдікті нығайту;

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

Этникаралық және конфессиональаралық келісімді сақтау әрі нығайту;

Баспа және электронды БАҚ арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпарат алу қажеттіліктерін қанағаттандыру;

Жұртшылықпен байланыс жасауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;

Ауданның және оның өңірлері экономикасының сапалы әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру;

Жергілікті бюджет түсімінің орындалу мониторингі;

Мемлекеттік меншікті басқару жүйесінің тиімділігін жоғарылату;




Іске асыру кезеңі


Мақсатты индикаторлар

2011- 2015 Жылдар


Жалпы өңірлік нақты көлем индексі

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі

Электр энергиясын жұмсауды арттыру

Ауылшаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі, %

Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың (технопарктер,бизнес-инкубаторлар,индустриялық парктер мен т.б) белсенділік деігейінің өсімі

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық қамту үлесінің ұлғаюы

Халықтың білімінің қол жетімділігі мен сапалығына қанағаттанушылық деңгейі

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі

Халықтың медициналық қызмет кқрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл

Жалпы өлім-жітімді төмендету 1000 адамға шаққанда

Жұмыссыздық деңгейі

Ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі

Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынуымен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында)

Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын,барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру

Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі



Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету

Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі

Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі,жалпы алаңның шаршы метрі

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

Жүк айналымының көлемі

Жолаушылар айналымының көлемі

Тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалылығымен қанағаттанушылық деңгейі

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтау қол жетімділігінің деңгейін арттыру

Жоғары даму әуелеті бар ауылдық елді мекендер санын ұлғайту

Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемі

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі



Қаржыландыру көздері мен көлемі


Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджетті бекіткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға нақтыланады.



2. Ағымдағы ахуалды талдау

2.1 Ауданның жалпы сипаттамасы.

Сырдария ауданы. Тұран ойпатының жазықтау келген кең-байтақ алқабын алып жатыр, Солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік батысында Қызылқұммен шектеседі.

Аудан орталығы - Теренозек, құрылғанына 81 жыл толған

Аудан аумағы 29,1 мың шаршы км, Аудан халқы халқы (2012 жылдың 1 қаңтарына) – 39,8 мың адам.

Аудан халқының 47,4% еңбек етуге қабілетті жаста.



Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

  1. Өнеркәсіп өндірісі.

2012 жылдың 9 айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 1006,6 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2011 жылдың 9 айындағы деңгейге қарағанда 76,5 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 935,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2011 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 75,1 пайыз болып отыр. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 930,3 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың осы кезеңдегі деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 78,9 пайызға дейін төмендеп, жеңіл өнеркәсіп көлемі 9,6 млн. теңге болып, 21,7 пайызға болып отыр.

Электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау 31,5 млн. теңге, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 21,3 млн. теңгені құрап отыр.

2. Ауыл шаруашылығы

2.1. Егін шаруашылығы. Мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы саласындағы саясатын жүзеге асыру нәтижесінде аудан көлемінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер байқалуда.

2012 жылы аудан бойынша 31958 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 18915 гектар күріш, 732 гектар жаздық бидай, 200 гектар күздік бидай, 50 гектар мақсары, 1400 гектар картоп, 780 гектар көкөніс, 780 гектар бақша және 9101 гектарға мал азығындық дақылдар егілді.

Аудан бойынша 11 ауылдық округ күріш дақылын егумен айналысады. Күріш дақылының 17633 гектары іріленген шаруа құрылымдарына тиесілі болса, 1282 гектар 27 шаруа қожалықтарына тиесілі, яғни шаруа қожалықтарының үлес салмағы 6,8 пайыз.

Облыс бойынша егілген 75427 гектар күріштің Сырдария ауданы 25,1 пайызын құрап отыр.

Бүгінгі күнге күздік, жаздық бидай жинау жұмыстары толық аяқталды. Жиналған 200 гектар күздік бидайдың орта өнімі гектарына 7,0 центнерден, 732 гектар жаздық бидайдың орта өнімі гектарына 4,7 центнерден өнім келді.

9 ай қорытындысы бойынша 1400 гектар картоптың 1050 гектары, 780 гектар көкөністің 748 гектары, 780 гктар бақшаның 741 гектары және 50 гектар мақсары дақылы толық жиналып, орта өнім 3,0 центнерден келді.

Аудан бойынша егілген 18915 гектар күріштің 16675 гектары орылып, 13363 гектары жиналып, орта өнім 41,7 центнерден келуде.

Қазіргі таңда аудан бойынша егілген 1400 картоптың 200 гектары, 780 гектар көкөністің 178 гектары, 780 гектар бақшаның 230 гектары және 50 гектар мақсары дақылы толық жиналып, орта өнім 3,0 центнерден келді.

Күзгі егін жинау жұмыстарына аудан бойынша шаруашылық субъектілеріне арзандатылған 4915 тонна жанар – жағар май, 2153 тонна карбамид, 1067 тонна аммофос, 5641 тонна сульфат аммоний тыңайтқыштары алынды.

Аудан бойынша 2012 жылдың күзгі егін жинау науқанына 164 жатка, 221 астық жинайтын комбайн, 77 жүк автокөлігі, 194 трактор тіркемесі қатысуда. Сонымен қатар «Ақжарма - 2» шаруа қожалығы 3 «Енисей» комбайыны, 3 жатка, 4 ХТЗ тракторларын лизингілік жолмен алды. «Жамбал - 2030» ЖШС-і Қостанай облысынан егін жинауға жарамды 3 астық жинайтын комбайын алдырып егінге қосты.

Ауданда мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінгі күнге барлық 50,0 мың тонна шөп, оның ішінде 6,8 мың тоннасы жоңышқа шөбі дайындалды. Сонымен қатар ескі жоңышқаның бірінші орымы толық аяқталып, 3594 тонна жоңышқа шөбі жиналды. Орта өнім гектарына 8,1 центнерден келді. Сонымен қатар жоңышқаның екінші орымы басталып, 3270 тонна жоңышқа шөбі дайындалды.

2012 жылы егілген ауыл шаруашылығы басым дақылдарына Үкімет тарапынан бөлінген жеңілдіктерден күріш, мақсары, жоңышқа дақылдарына, минералды тынайтқыштарға, су жеткізіп беру қызметіне барлығы 567,2 млн. теңге субсидия төленді.

«Эпизоотитяға қарсы іс-шараларға» республикалық бюджеттен барлығы 24 954,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудан бойынша 14 түрлі індетке қарсы егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бекітілген жоспарға сәйкес 2012 жылдың 9 айында жоспарланған ветеринариялық - профилактикалық шаралары 102,2 пайызға және диагностикалық зерттеулер 103,9 пайызға орындалып, 19705,0 мың теңге қаржы игерілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында 4 түрлі ауруларға қарсы егу қызметіне аудандық бюджеттен 1 467,0 мың теңге қаржы бөлініп қазіргі таңда жоспарға сәйкес барлығы 590,0 мың теңге қаржы игеріліп, малдың түрлі ауруына қарсы алдын алу шаралары жүргізілді.

Құтырма ауруының алдын алу мақсатында 2012 жылы жергілікті бюджеттен қаңғыбас, иесіз ит-мысықтарды жою жұмыстарына 1000,0 мың теңгеге 1000 иесіз ит-мысықтар жойылып, қаражат толығымен игерілді.

Аудан бойынша барлығы 14 мал көмінділері бар, оның ішінде 6-і типтік жобадағы салынған биотермиялық шұнқұрлар.



2.2.Мал шаруашылығы.

Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түйе 24,7 %-ға (1185 бас), жылқы 18,0 %-ға (8943 бас) өскендігі, мүйізді ірі қара басының саны 3,4 %-ға (26780 бас), қой 49,3 %-ға (16912 бас), ешкі 45,3 %-ға (11032 бас), құс 79,4 %-ға (5888 бас) кемігені байқалды.

Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 2,0%-ға (2544 тонна), сүт өндірісі 11,2%-ға (5501 тонна), жұмыртқа 66,4%-ға (285 мың дана) азайып отыр.

Қой малының асыл тұқымды қаракөл түрін өсірумен «Байзақ» шаруа қожалығы айналысуда, бұл шаруашылықта 1344 бас қой малы бар. Былтырғы жылы алынған 650 бас еркек қозыларды халыққа сатуда.

Қазіргі таңда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Қызылорда филиалы арқылы 7 жылға 6% өсіммен Ақжарма ауылдық округіндегі «Мақсат» шаруа қожалығы 17,0 млн. теңгеге 104 бас аналық сиыр малын сатып алды. Ақмола облысынан 4 бас «ақбас қызыл» бұқасын сатып алды.

Осы бағдарлама бойынша Тереңөзек кетінің тұрғыны жеке кәсіпкер Рахметов Бөлеген 60 бас аналық сиыр асыл тұқымды 3 бас бұқа малын, Қоғалыкөл ауылында «Шағырай» шаруа қожалығы 144 бас аналық сиыр, 5 бас бұқа сатып алды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы Ақжарма ауыл округіндегі «Байдәулет Ата» шаруа қожалығы 33 бас аналық сиыр, 2 бас бұқа, «Нұрсерік» шаруа қожалығы 29 аналық сиыр, 2 бас бұқа, жеке кәсіпкер Қ. Сыздықов 29 аналық сиыр, 2 бас бұқа малын сатып алды.

«Шаған Жер» ЖШС-гі «Қызылорда» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп 500 бас мал бордақылау жөнінде жұмыстар жүргізуде.

Мал өнімінің көлемін, сапасын арттырудың жолы мал басын асылдандыру, яғни асыл тұқымды бұқалар ұрығымен ұрықтандыру.

Аудан бойынша Айдарлы, Бесарық ауыл округтерінде мүйізді ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда барлығы 100 бас анылық сиыр қолдан ұрықтандырылды.

Қазіргі таңда С. Сейфуллин ауылында 1 мал сою пункті сапалы жұмыс жүргізуде. Қызмет көрсету қуаттылығы тәулігіне 1 тонна ет өндіруде. 2012 жылдың 9 ай қорытындысымен 231 бас ірі қара, 25 бас жылқы сойылды.

2.3. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. 2012 жылы Республикалық бюджеттен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 73 әлеуметтік сала мамандарына көтерме жәрдемақыға 13,6 млн. теңге, тұрғын үй сатып алуға 39 маманға бюджеттік кредитке 101,9 млн. теңге қаржы қаралды. 9 ай қорытындысы бойынша 73 маманға көтерме жәрдемақыға 8,3 млн. теңге, тұрғын үй сатып алуға 36 маманға 77,7 млн. теңге қаржы берілді.

2.4. Жер қатынастары. Сырдария ауданының барлық жер көлемі 4,1 млн. гектарды құрайды. Оның ішінде Қарағанды облысының 1,2 млн. гектар жер ұзақ мерзімге пайдалануға алынған. Әкімшілік территориядағы негізгі жер көлемі 2,9 млн гектар, оның ішінде суармалы жер 0,05 млн гектар, инженерлік жүйеде тегістелген 0,04 млн. гектар, шабындық 0,01 млн. гектар, жайылымдық 2,7 млн. гектарды құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланымындағы жерлер 227,3 мың тектарды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға азайған.

2012 жылдың 9 айында аудан әкімдігіне жер учаскесін беру жөнінде 266 өтініш, оның ішінде 128 жеке тұлғадан, 138 заңды тұлғадан келіп түсті.


  1. Ауданның қаржылық жағдайы

2012 жылы аудандық бюджет 3735,7 млн. теңге көлемінде бекітілді. Оның ішінде өз кірісіміз 1706,4 млн. теңгені құрап, есепті кезеңде аудан бюджеті 8 рет нақтыланып, кірістер бөлігі 4853,1 млн. теңге, шығыс бөлігі 5275,1 млн. теңге болып отыр.

Аудан бюджетінің жалпы түсімдері 2012 жылдың 1 қазанына 4544,4 млн теңгеге немесе 120,1 пайызға орындалды. Оның ішінде ауданның өз кірістері 2277,9 млн. теңгеге, яғни 149,7 пайызға орындалды.

Аудан бюджетінің 3872,1 млн. теңге шығыстар жоспары 3817,4 млн. теңгеге, яғни 98,6 пайызға орындалды.

Бюджетке жалпы салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 2012 жылдың 1 қазанына 2544,3 млн. теңгені құрады (болжамға 142,4 пайыз). Оның ішінде: республикалық бюджетке түскен түсімдер 109,4 млн. теңгені (болжамға 91,4 пайыз), облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 146,5 млн. теңгені құрады (болжамға 100,8 пайыз), аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2288,4 млн. теңгені құрады (болжамға 150,4 пайыз).

Сырдария ауданында мұнай өндіруші кәсіпорындардан 2012 жылдың 9 айында барлығы бюджетке 1969,6 млн. теңге түскен. Атап айтқанда, «ПҚҚР» АҚ-нан 295,6 млн. теңге, «Казгермұнай» ЖШС-нен 697,4 млн. теңге, «Айдан мұнай» АҚ-нан 230,9 млн. теңге, «Қуатамлонмұнай» ЖШС-нен 518,3 млн.теңге, «Кольжан» ЖШС-нен 96,9 млн. теңге, «КОР» АҚ-нан 130,3 млн. теңге.



Инвестиция.

Аудан бойынша 2012 жылдың қантар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың бағалау көлемі 3137,7,0 млн. теңге болып, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 84,5 пайызды құрады. Оның ішінде үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, басқада күрделі жұмыстарға 2884,3 млн. теңге, машиналар, жабдықтар, аспаптар, құрал саймандар алуға 253,4 млн. теңге бөлінген.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға республикалық бюджеттен 458,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 133,7 млн. теңге, жеке қаражаттан 1825,6 млн. теңге, қарыз қаражатытан 719,8 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды.

  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет