2.Сырдарияда мекендейтін балықтардың жасын анықтау әдістерін зерттеу
Жалпы зерттеу тәжірибелерін жүргізу барысында Сырдария өзені ихтиофаунасындағы балықтарға биологиялық анализ жасау барысында балықтардың жасын анықтау жұмыстары жүргізілді.Балықтардың жасын денесін қоршап жатқан қабыршақтар,желбезек қақпағы бойынша,омыртқасы,арқа және кеудесінде кездесетін қатты бірінші сәулелеріне қарап анықтау жұмыстары жүргізілді [1 ].
Балықтардың қабыршағын барлық балық түрлерінің денесінің ортасынан арқа қанатының алдыңғы бөлігінен алынды.Егер балықтарда арқа қанаты бірнеше болса,онда қабыршақты астынан немесе басына жақын жерінен алады.Балықтардың қабыршағын бүйір сызығынан жоғары және алыс емес жерден алу керек.Балықтардың қабыршағын өлшемдері және салмағын алғаннан кейін алады.Әрбір балықтан зерттеу үшін ең жақсы деген 5-8 қабыршақ алынады.Балықтардың қабыршағы арқылы жасын анықтау кезінде фильмоскоп және микрофот,штативті лупа немесе бинокуляр сияқты құрал-жабдықтар қолданылады.
Балықтардың жасын қабыршақтарындағы «жылдық сақиналар» арқылы анықтауға болады.Балықтардың қабыршағы жоқ түрлерінің жасын анықтау көбінесе кеуде қанатының сүйекті сәулесі және желбезек қақпағы сүйегі бойынша анықталады.Бұл әдіс үшін балықтың сүйегін алдын-ала еттен тазартып алып,содан кейін еттен тазартып алынған соң майсыздандырылады.Балықтың сүйегі майсыздандырылғаннан кейін кептіріледі.Балықтардағы қабыршақтардың өсуі балық денесінің ұзындығының өсуіне тура пропорционал өлшемде негізделеді.Балықтардың денесінің ұзындығы және қабыршақтарының ұзындығы арқылы оның өсу деңгейін мына формула бойынша анықтауға болады:
Бұл формуладағы:
Ln – жылдар ішіндегі балықтардың жалпы ұзындығы;
L – зерттелетін балықтың ұзындығы;
Vn- жылдар ішіндегі балықтардың қабыршақтарының ұзындығы;
V- балықтардың барлық қабыршақтарының ұзындығы.
Тәжірибе кезінде сазан балығының қабыршағы арқылы балықтың өсу деңгейі анықталды [1].
13-сурет.Тәжірибе жүргізу барысы
Достарыңызбен бөлісу: |