Сазан ( Cyprinus carpio) -сүйекті балықтар класының тұқы тұқымдасына жататын балықтың бір түрі.Сазан балығының қабыршағының пішіні ірі болып келеді.Сазан балығының жалпы денесінің ұзындығы 45 см-ді құрайды.Сазан балығының жалпы салмағы 2,5 кг-ды құрайды [4].
Көбеюі және қоректенуі Сазан балығының жыныстық жетілу мерзімі 3-5 жыл жас шамасын құрайды.Сазан балығы уылдырықтарын судың қолайлы температурасы 16 – 22°С-қа жеткенде шашады.
9-сурет.Сазан балық
10-сурет.Қылыш балық
Аққайраң (лат. Leucіsсus іdus)-қауырсын қанаттылар класына жататын тұқытәрізділер отрядының тұқылар тұқымдасына жататын тұщы су балығының бір түрі.Аққайраң балығының денесінің ұзындығы 60-70 см шамасын құрайды.Аққайраң балығының жалпы салмағы 2,5 – 4 кг-ға дейін жетеді.Аққайраң балығының балық шаруашылығында кәсіптік маңызы зор болып табылады [3 ].
Көбеюі және қоректенуі Аққайраң балығының жыныстық жетілу мерзімі 3-4 жыл шамасын құрайды.Аққайраң балығы уылдырығын наурыз және сәуір айларында шашады.Аққайраң балығының уылдырық шашу мөлшері 114 мыңға дейін жетеді.
Қоректенуі. Аққайраң балығы көбінесе ұсақ жәндіктермен,зоопланктондармен,зообентостармен,ұлулармен,су өсімдіктерімен және балдырлармен қоректенеді.
Ақ амур (лат. Ctenopharyngodon іdella)-сүйекті балықтар класының тұқы тұқымдасына жататын балықтың бір түрі.Ақ амур балығының денесінің ұзындығы 1м-ді құрайды.Ақ амур балығының жалпы салмағы 32 кг шамасын құрайды.Ақ амур балығының маңдайының пішіні жалпақ болып келеді.
Көбеюі және қоректенуі. Ақ амур балығының жыныстық жетілу мерзімі 3-6 жыл шамасын құрайды.Ақ амур балығы уылдырығын мамыр және шілде айларында шашады.Ақ амур балығының уылдырық шашу мөлшері 2,5 млн-ға дейін жетеді.
Ақ амур балығы зопланктондармен,балдырлармен,ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді.