Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлері пәнінің контенті



бет36/41
Дата03.01.2022
өлшемі0.72 Mb.
#450656
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
УМКД СКЖӨТ 2020-2021

4-тақырып. Биосфералық қорықтар

Тапсырмалар. Төмендегілерді категорияларға бөле отырып картаға түсір.

Қызыл қасқыр (Красный волк). Қазақстанда жойылып кетуі мүмкін. Тянь - Шань мен Алтайдың биік жоталарында тараған, таудың жоғарғы белдеуінің жартасты, үстіріт тәрізді және орманды учаскелерін мекендейді, Қазақстанға тыс жерлерден келуі мүмкін. Негізгі қоректері - тау тұяқтылары; санының кемуі айдан анық болғанымен түрдің Қазақстанда жойылып кетуінің негізгі себептері белгісіз. Мәскеу хайуанаттар паркінде өсіп - өнеді. Қазақстаның хайуанаттар паркінде өсіру қажет.

Тянь – Шань қоңыр аюы (Тянь - Шаньский бурый медьведь). Сирек, таралу аймағы таралып, саны кемуде. Тянь- Шань және Жоңғар Алатауында таралған; орманды және бұтасы қалың таулардың альпі шалғынына дейін мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 500 бастан аспайды. Санының азаюының негізгі себептері - қасақылық және шаруашылықты дұрыс жүргізбеу. Алматы қорығында ойдағыдай өсіп - өнеді. Екі қорықта және төрт қорықшада қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдатырып, қорықшаларда қорғауды жақсарту қажет.

Шұбар күзен .Перевязка. MARBLED POLECAT. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Қазақстанның шөлейтті-шөлді аймақтарында – батыста Еділ-Жайықтан шығыста Зайсан ойпатына дейін таралған; жазықты тау бөліктері мен таулы шөлейтті-шөлдік және далалық биотоптарды мекендейді; 0,8-1\2 шаршы шақырымда бір аң кездеседі. Санының азаюының негізгі себептері – тың жерлерді жырту және кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды қолдану.

Итаю.Медоед.HONEY BADGER. Сирек, Қазақстанда таралу аймағының солтүстік шеті өтеді. Үстіртте таралған; сексеуіл өскен жазықты және шағын қыратты жерлерді мекендейді, сол сияқты баялыш, қараған, түйесіңір өсетін жерлерде де кездеседі. Қазақстанда бірен-саран кездесулер белгілі, қорғау шаралары дайындалмаған. Итаю кездескен жерлерді Үстірт қорығына қосу қажет.

Орта Азия өзен құндызы(Среднеазиатская речная выдра.OTTER. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны азаюда. Іле өзенінің жоғары ағысы мен оның салаларының жайылымдарында, Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында таралған. Балығы мол су қоймаларын мекендейді. Барлық жерде саны сирек, десе де жеке қолайлы учаскелерде оның тығыздығы бір шаршы шақырымда бір басқа дейін жетеді. Санының кемуінің негізгі себептері – мекендейтін ортасына шаруашылық қызметінің әсері, балық қорының азаюы. Қолда өсіп-өнеді. Іле өзенінің жайылмасында қорық ұйымдастыру қажет.

Қабылан (Гепард, CHEETAN). Өте сирек, Қазақстанда жойылып бара жатқан түр. Үстіртте таралған: ертеде Маңғыстау мен Қызылқұмда тіршілік еткен; шөлді тау бөктерлерін, тау жұрнақтары мен құз-жартастарды мекендейді. Таралу аймағының тарылып, санының азаюының негізгі себептері – шаруашылықты дұрыс жүргізбеу, басты қоректік объектілердің санының азаюы және қасақылық. Алматы қорығында ойдағыдай көбеюде.

Шағыл мысық (Барханный кот, SAND CAT). Сирек, саны аз. Маңғыстау түбегінде, Үстіртте және Қызылқұмда таралған, құмды шөлдерді, әсіресе қыратты, белесті, негізінен бекітілген құмдарды мекендейді. Қазақстанда сан мөлшері белгісіз, санының кемуінің негізгі себептері – қатал әрі қалың қарлы қыс пен қоректің жетіспеуі. Үстірт қорығы мен Ақтау-Бозащы қорықшасында қорғалады. Қызылқұм қорығын ұйымдастыру қажет.

Cабаншы (Манул, PALLAS’S CAT). Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Маңғыстау, Үстірт, Эмба(Жем) өзенінің бойнда, Қызылқұмда, Қаратау, Тянь-Шань, Шу- Іле тауларында, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Қалбы және Оңтүстік Алтай мен Сарыарқаның оңтүстігінде таралған. Шөлді аласа таулар, жартастар мен биік таулы сырттарда және далада мекендейді. Қазақстанда саны аз; саны аз болуының себебі – қасақылық және қоректік қорлардың кемуі. Қолда өсіп-өнеді. Сарыарқа мен Жоңғар Алатауында қорықтар ұйымдастыру қажет.

Қарақал.(Каракал, CARACAL). Сирек, жойылып бара жатқан түр. Маңғыстау мен Үстіртте таралған; сексеуіл, бұталар өскен құмдар мен құз-жартастарды мекендейді. Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелген. Санының азаюының негізгі себептері – қатал әрі қары көп қыс пен қасақылық. Қолда өсіп-өнеді. Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-70 ж.ж. төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Маңғыстау облысында қорғалатын территориялар жүйесін құруды реттеу қажет.

Әдістемелік нұсқау: №4 тақырыптың лекциялық тезистеріне, сонымен бірге негізгі [1–5] және [1–2] қосымша әдебиеттерге қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет