Жануарлардың құрып кету себептері
Жануарлардың адамның әсерінен құри бастауы ерте заманда басталған.Адам жер бетінде тіршілік ете бастағанына 40 мың жыл өтті.Мал және ауыл шаруашылығымен айналыса бастағанына 10 мың жыл.Яғни 30 мың жыл бойы адам тек қана аңшылықпен айналысқан.Көне заманда аңшылық құралдары мен әдісінің жетілуі көптеген жануарлар тұрінің құрып кетуіне себепші болды.Аңшылық әдісінің жетілуімен жер бетінде соңғы мұздану бір мезгілге тура келді.Бұл жануарлардың тіршілік ететін ортасын қолайсыздандырды.Мұның әсерінен Европадағы ең ірі шөп қоректі жануар- мамонттар,жүнді мүйізтұмсақтар (носорог),алып маралдарқұрып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |