Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер



Дата17.07.2016
өлшемі46.77 Kb.


Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі

есеп комитеті Төрағасының

2013 жылғы ________

№ __ бұйрығына қосымша

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің

бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


Жалпы ережелер
1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - ұсынымдар) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің бағдарламасын жасауға арналған.

2. Ұсынымдардың мақсаты бақылаудың үлгісі мен мәніне сәйкес бағдарламаларды әзірлеу кезінде ұсынылатын негізгі бағыттарды айқындау болып табылады.

3. Бақылау бағдарламасы Есеп комитетінің қалыптасқан жұмыс жоспарына сүйене отырып жасалады, онда бақылау объектілері, қаражат көлемі, бақылаумен қамтылатын кезең, бақылаудың үлгілері мен түрлері айқындалған.

4. Бақылау бағдарламасын әзірлеу кезінде бақылаудың түпкілікті мақсатына қол жеткізу үшін ең аз шығын жұмсай отырып оны жасаудың ең ұтымды нұсқасын таңдауды ескеру қажет. Осыған байланысты, бақылаудың үлгісін, түрін және объектілерін нақтылауға, үнемділік пен нәтижелілікті бағалаудың тиісті өлшемдерін әзірлеуге қажетті бақылау объектілерінің қызметі туралы ақпаратты жинау және талдау жолымен оларды алдын ала зерделеу қажет. Қажет болған жағдайда, қызметкерлер алдын ала зерделеуді бақылауға жауапты Есеп комитеті мүшесінің шешімімен тікелей бақылау объектілерінде жүргізе алады.

5. Бақылау бағдарламасын ұтымды және сапалы әзірлеу үшін алдын ала зерделеу барысында жоспарланған бақылауды жүргізуге қажетті дереккөздер айқындалады, онда бақылау объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында зерделенетін мәселелердің базалық тізбесі негізге алынады (Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасының № 4 қосымшасы). Қажет болған жағдайда, аталған тізбе басқа ақпаратпен толықтырылуы мүмкін.

6. Бақылау объектісін алдын ала зерделеу бойынша алынған мәліметтер негізінде бақылау бағдарламасы әзірленеді, ол бақылау іс-қимылдарының сипаттамасын білдіреді және бақылауды тиімді жүргізуге қажетті егжей-тегжейлі әзірленген әрі тікелей сол процесті айқындайтын құжат болып табылады. Аталған құжат тәуекелдің жоғары дәрежесін анықтап, кейіннен өткізілген бақылау жұмысынан барынша үлкен нәтиже алу үшін бақылаудың қойылған мақсаттарына қол жеткізуге бағытталуы қажет.

7. Бақылау бағдарламасының мәселелерінде бақылаудың үлгісіне қарай бақылау іс-шарасын жүргізудің ерекшеліктері көзделеді.

8. Сәйкесттікке бақылау жүргізу кезінде Бақылау бағдарламасында бюджет, салық, кеден және басқа да заңнама нормаларының, бақылау объектісінің қызметін реттейтін және регламенттейтін нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің ережелерін, қаржылық есептілікті ұйымдастырудың, жасау мен ұсынудың белгіленген тәртібін сақтаудың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын іске асырудың мәселелері көрсетіледі.

9. Нормативтік құқықтық актілерді, бухгалтерлік стандарттарды бұзу қаржылық есепте мәлімделген сомаларға немесе қаражатты пайдаланудың дұрыстығы нәтижелеріне тікелей және елеулі әсер ететіндіктен, қаржылық есептіліктің Бақылау бағдарламасын жасау кезінде оған бақылау объектілерінің қаржылық есептілікті нормативтік құқықтық актілерге, бухгалтерлік стандарттарға сәйкес жасауының толықтығы мен анықтығы мәселелерін енгізу керек.

10. Тиімділікті бақылау бағдарламасы сәйкестікке бақылау жасау және қаржылық есептілікті бақылау сияқты алдыңғы бақылау үлгілеріне негізделеді. Тиімділікті бақылау бағдарламасының мәселелері оның бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудан алынған түпкілікті әлеуметтік-экономикалық нәтижені айқындауға арналған бағыт-бағдарын ескеріп отырады. Тиімділікті бақылау бағдарламасында қол жеткізілетін көрсеткіштер – өлшемдер айқындалады, олар бойынша:

1) бақылау объектісінің қызметі барысында нақты нәтижелерге қол жеткізуге жұмсалған бюджет қаражатын пайдаланудың үнемділігі;

2) бақылау объектісінің өндірістік және өзге де қызметі барысында еңбек, қаржы және басқа да ресурстарды пайдаланудың, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді және технологияларды пайдаланудың тиімділігі;

3) бақылау объектісінің қойылған міндеттерді орындау, нақты нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметінің осыған бөлінген ресурстар көлемін ескере отырып, жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда нәтижелілігі бағаланады.

Сапалы нәтижелердің, сандық қорытындылардың, іске асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың нәтижелілігі мен тиімділігінің сандық тұрғыдан айқындауға болатын көрсеткіштері өлшемдер болып табылады.

Мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды, орталық мемлекеттік органдаржың стратегиялық жоспарларын бағалаудың өлшемдерін айқындау кезінде «Мемлекеттiк бағдарламаларға, орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Есеп комитетінің 2010 жылғы 1 шілдедегі №17-қ нормативтік қаулысын басшылыққа алу керек.

11. Негізгі бақылау объектілерінің қызметін алдын ала зерделеу барысында үстеме бақылаудың ықтималды объектілері айқындалып, олар Бақылау бағдарламасына енгізіледі. Егер бақыфлау іс-шарасын жүргізу барысында үстеме бақылау жүргізуге негіз туындаса, онда Бақылау бағдарламасына өзгерістер енгізілместен, жұмыс жоспарларына тиісті толоықтырулар енгізіледі.

12. Бақылау бағдарламасына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу бақылау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысымен келісе отырып бақылау тобы жетекшісінің өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізудің нақты негіздемелерін көрсетіп, бақылауға жауапты Есеп комитеті мүшесінің атына жазған қызметтік жазбасы негізінде жүргізіледі.

13. Бақылау іс-шараларының нақты бағаттары бойынша немесе нақты мақсаттары бойынша мәселелері бақылау бағдарламасын жасау кезінде бақылау объектісін алдын ала зерделегеннен кейін нақтылануы немесе өзгертілуі мүмкін.

14. Бақылау бағдарламасын әзірлеу және жасау кезінде Есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі №3-НП нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын басшылыққа алу қажет.

15. Бақылау бағдарламасының нақты атаулы мәселелер бойынша ұсынылып отырған мәселелер тізбесі №1-11 қосымшаларға сай қоса беріліп отыр.



16. Ұсынылып отырған ақпараттық және әдіснамалық қамтамасыз ету №12 қосымшада регламенттелген.

___________________
Каталог: ckfinder -> userfiles -> files
files -> Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы
files -> Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы
files -> Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіптік одағы
files -> Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы
files -> Закон Республики Казахстан от 27 июня 2014 года №211-v зрк "Казахстанская правда" от 07. 2014 г. №127 (27748); "
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған салалық келісім


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет