Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының 2013 жылғы 1-тоқсандағы бақылау қызметінің негізгі қорытындысы


III. СЫРТҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ



бет4/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#130509
1   2   3   4

III. СЫРТҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ




Талдамалық қызмет:


2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды) есебі дайындалып, бекіту үшін Қазақстан Республикасы Парламентіне жіберілді.

2013 жылы мемлекеттік қаржылық бақылаудың 7 өзекті тақырыбы бойынша зерттеу жүргізу қарастырылған, солардың негізінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметінде жаңа әдіснамалық тәсілдер әзірленіп, қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасалатын болады.


Әдіснамалық және құқықтық қызмет:


Тәуекелдерді анықтауға және қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жаңа Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу қағидалары әзірленді.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісіле отырып, сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде тәуекелдерді басқарудың жаңа үлгі жүйесі бекітіліп, Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға бағалау жүргізу қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Есеп комитетінің бақылау-талдамалық қызметіне қатысты 5 рәсімдерді жүргізу стандарты әзірленіп, бекітілді.

Әдістемелік көмек көрсету мақсатында, Тексеру комиссиясы материалдарына сапа бақылауын жүзеге асыру қағидасының, Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің этика кодексінің және Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібінің үлгі жобалары тексеру комиссияларына жіберілді.

Бақылау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында 2013 жылдан бастап, бақылау іс-шараларын бағалау өлшемдері бекітілді, сондай-ақ бақылау материалдарын электрондық есепке алу енгізілді.

Құқықтық қызмет аясында Үкіметпен бірлесе отырып, Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасының және «Мемлекеттік аудит туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобаларын әзірлеу жүзеге асырылуда.

Бұған қоса, Есеп комитеті Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеуге қатысып, оған қаржы тәртібін арттыру, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін атаулы және нысаналы пайдалану принциптерінің сақталуын күшейту мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.


Есеп комитетінің өзара іс-қимылы:


Есеп комитеті қызметінің жариялылығын, айқындығын және ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жасалуда. Жүргізілген бақылау іс-шараларының және өзге де іс-шаралардың қорытындылары жөніндегі ақпарат Есеп комитетінің ресми Интернет-ресурсына орналастырылуда және бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілуде.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қызметті жетілдіру, бірлескен сараптамалық-талдамалық іс-шаралар өткізу бөлігінде ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ кәсіби оқу, тағылымдамадан өту және біліктілікті арттыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Есеп комитеті мен Ресей Федерациясының Есеп палатасы арасында тәжірибе алмасуға қатысты дөңгелек үстелге қатысу қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Есеп комитеті Вена қаласында (Австрия) өткен БҰҰ/ИНТОСАИ-дың «Жоғары қаржы бақылау органдарының аудиті және консультация беру: тәуекелдер мен мүмкіндіктер» атты 22-ші Симпозиумының жұмысына қатысты. Симпозиум барысында жоғары қаржы бақылау (аудит) органдары қызметінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланып, бюджетті қалыптастыруға және бюджет қаражатының пайдаланылуына аудит жүргізуге азаматтық сектордың қатысуының перспективалары қаралды.


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру:


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қағидасының жаңа редакциясы әзірленді.

Бақылау, бақылау-талдамалық іс-шараларды сапалы жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында 27-29 наурыз аралығында Орал қаласында батыс өңірінің тексеру комиссияларының қатысуымен семинар өткізілді.

2013 жылғы 1-тоқсанда мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру бойынша 7 семинар өткізіліп, оларға 158 тыңдаушы, соның ішінде Есеп комитетінің 27 қызметкері және өңірлердің тексеру комиссияларының 102 қызметкері қатысты. Практикалық дәрістер көлемі жалпы семинар көлемінің 70-80%-ын құрады.

IV. ҚОРЫТЫНДЫ

Тұжырымдар:


1. Салықтық және кедендік әкімшілік ету шараларының тиімділігінң төмендігі бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етпейді. Салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну тетігі жоғары қосылған құны бар өнімдер өндіретін шаруашылық субъектілерін қолдауға жеткілікті дәрежеде бағдарланбаған.

Үкімет жүзеге асырып жатқан экономиканы әртараптандыру жөніндегі шаралар әзірге салық түсімдерінің өсімін қамтамасыз етпеуде.

2.  «ҚазАгро» Холдинг» АҚ Ұлттық қордан агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген қаражатты тиімсіз және оларды қайтару регламентін жасамай пайдалануда.

3. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыруды жүйелі сауықтыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар тиімді емес. Сондай-ақ сотталғандарды бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналастыру мәселесі де шешілмеуде.

4. Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық және өндірістік бағдарламаларды іске асырғанына қарамастан, тиісті ресурстардың нормативтік ысыраптарының пайызы төмендемей отыр.

5. Атом саласындағы ірі ауқымды жобаларды іске асырудың белгіленген мерзімінен кешіктірілуі Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасының тиімсіз іске асырылуына алып келеді.

6. Қолданыстағы материалдық-техникалық база және білікті педагог мамандардың жетіспеуі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқу процесін тиімді ұйымдастыруды тиісінше қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

7. Кәсіпорындар, жұмыс берушілер білікті кадрлардың жетіспеушілігін әлі де сезінуде. Еңбек рыногының ағымдағы және келешектегі қажеттілігіне мониторинг жүргізілмеуде.


Ұсыныстар:


1. Экономиканың шикізаттық емес секторынан түсетін салықтық түсімдердің өсімін қамтамасыз ету мақсатында, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін арттырудың және жоғары қосылған құны бар өнімдер өндіретін шаруашылық субъектілерінің салықтық және кедендік төлемдері бойынша жеңілдіктер мен преференциялар беру тетігін жетілдірудің қажеттігі;

Салық түрлері мен экономиканың секторлары бойынша өлшемдерді айқындай отырып, салық және кеден жеңілдіктерін беру тиімділігін бағалаудың әдістемесін әзірлеу;

2. Ұлттық қордың бос қаражатын пайдалану тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық акт әзірлеу, сондай-ақ қаражатты пайдалану және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтару тетігін дайындау;

3. Сотталғандарды оқыту, қайта оқыту, кәсіби даярлау және жұмысқа орналастыру, соның ішінде бостандыққа шыққан кейін де жұмысқа орналастыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау; түзеу мекемелерінің медицина қызметкерлерінің штатын жасақтап, оларды оқыту;

4. Республика бойынша табиғи монополия субъектілерінің барлық инвестициялық және өндірістік бағдарламаларды іске асыруына талдау жасау, оларды тиісінше және тиімді орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдау;

5. «Курчатов қаласында Тоқамақ ҚТМ қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасау», «Ядролық медицина және биофизика орталығын құру» және «Бурабай» геофизикалық обсерваториясын көшіру» жобаларын іске асыру мерзімдерін белгілей отырып аяқтау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

6. Жұмыссыздарды, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмысқа орналастыруға қатысты іс-шараларды жетілдіру мақсатында, кәсіпорындармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ өңірлер халқының жұмыспен қамтылу ерекшелігін ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларына керекті мамандықтарға деген қажеттілікке жүйелі түрде мониторинг жүргізу;

7. Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызы бар техникалық және кәсіби білім беру мамандықтарының тізбесін бекіту ұсынылады.



Төраға А.Мусин




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет