Сырттай- педагогикалыќ факультеті “бмп жјне ОЈ” мамандыєы 211У(с) тобыныѕ “Жаѕа технологияларды бастауыш сыныпта пайдалану жо



бет7/9
Дата20.06.2022
өлшемі416.5 Kb.
#459357
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану

Дамытушылық: Оқушылардың логикасын дамыта отырып, сөздік қорларын молайтып, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой-қозғау, ойын т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелік жұмыстар, жұмбақтар және оқулық.
Сабақтың барысы:
I Психологиялық дайындық
II Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
III Ой қозғау.
а) жұмбақ есеп
ә) Петерсон операциасы
б) оқулықпен жұмыс
IV Ой қозғау
а) Арифметикалық диктант
ә) Схемалық жұмыс
б) Оқулықпен жұмыс
V. Қорыту
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау.
III. 1. Жұмбақ есептер.
-Дүкеннен мен сабын алдым.
Оның қабын және алдым
2 дәптер, 1 қарандаш.
Тіс ысқырықты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрін
Қанша болды қолда бары?
(6)
Алмаға кеп күнара,
Қону шеді бір ара
Бүгін 9 туысын
Ертіп келді бір ара
Сонда бүгін алмаға,
Келіп қонды қанша ара?
(10)
2. Петерсон операциясы.
100-х 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, .
х+10 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, .
3. Кітаппен жұмыс.

Сергіту сәті: Жалғыз саусақ тіпті де,


Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті, қолға ине ілікті.
Үш саусағым оралды.
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен үш саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
IV. 1.Арифметикалық диктант.
20, 30, 47, 84, 77, 29, 32, 94…
2. Схемалық жұмыс.




Барлығы неше см?


Барлығы неше шаршы?
3. Оқулықпен жұмыс:
а) үлкен тәрелке – 9 ә) үлкен тәрелке – 9
кіші тәрелке – 4уі артық кіші тәрелке –4уі артық.
неше кіші тәрелке - ? Барлығы - ?
9+4=13 9+4=13
Ж:13 кіші тәрелке 9+13=22
Жауабы: 22 тәрелке жуды.
V. Қорыту: Сұрақтар қоя отырып сабағымды қорытамын.
VI. Үйге тапсырма: №6 (Түсіндіріп өтемін)
VII. Бағалау: Тиісті бағаларын қоямын.

Пәні: Психология


Сабақтың тақырыбы: Тренинг жаттығулар.
Сабақтың мақсаты: Тренинг жаттығулар арқылы оқушылардың зейінін қалыптастыру, өздерінің кім екенін танып білуге және өздерін сыйлауға үйрету.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу, “Ой қозғау” әдісі т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаттығу бойынша жұмыс.

  1. Өзіндік бақылау

Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына “Менің кемшіліктерім” оң жағына “Менің жетістіктерім” деп ойларын бүкпей ашық жаздыру.

Менің кемшіліктерім

Менің жетістіктерім

1.
2.
3.
4.
5.




5 минуттан соң 3-4 оқушының өз жазғандарын топтап, талдап, талқыға саламыз. Оған он минут уақыт беріледі. Мына ережені есте ұстаған жөн: бір-біріне сұрақ қоюға болады, Бірақ “сын айтуға” болмайды.


Қорытынды:
Тренинг нәтижесі оқушының шыншылдығын жауаптылығын, алғаш рет өзіне өорытынды жасауын, өзін түсініп өзгеге сенуін көрсетеді.
Тренинг барысында баяу музыка ойнап тұрады. Ол оқушылардың ашылуына, ойлануына әрі сөйлей білуіне әсерін тигізеді.
“Мен қандай адаммын”
Бұл сұрақ көбіне өзгелерге қойылады. Ал тренингте ақ қағаз алып “Мен қандай адаммын” деп жазып, мына сұрақтарға жауап берулеріңіз тиіс.

  1. Менің өмірім: қандай жетістіктерім мен кемшіліктерім бар.

  2. Отбасы әсері: ата-анам, аға-іні, сіңілі қарындасым, т.б.

Бұл тренингті жиі өмкізуге болады, оқушы әр сабақ сайын өзінің жетістігі мен кемшілігін біліп отырады. Өз-өзіне қорытынды жасап, кемшіліктерді болдырмауға , азайтуға тырысады.
“Мейірім”
Жақсы сөз жаныңды жадыратады, қуаныш сезімі билейді. Ендеше өзгелерге де жақсылық сыйлап көрелік. Өзіңнің жақын туысқаның, танысың туралы жақсы сөздер айтар ма едің? Дайындыққа 5 минут беріледі. Көніліңіз қалаған адамды таңдайсыз. Ол туралы әңгімеңіз нақты, қысқа болуы шарт, әсіресе қандай қасиетіңізді бағалайтыныңызды айту керек.
Қорытынды: “Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын”
“Қиындықты жеңе білу”
Өмір күрес кейде қуанышты жақсылық жағдайлармен бірге қиыншылықтар да кездеседі. Соңғы кезде болған қиыншылық немесе шешуін тапқан мәселені еске түсіру.
Ол мәселені немесе қиындықты қалай жеңуге болады. Ойлануға 10 минут уақыт беріледі. Содан соң ойларын ортаға сап, тыңдалады.
Музыка ойлап тұрады. Жымиюды ұмытпаған абзал.
Қорытынды: Бұл оқушыларға қиындықтардың тек бір ғана адамның басында ғана емес, барлық адамдарда кездесетіні айқалады. Одан қорықпай дұрыс шешім табуға баулиды. Оқушылардың айта алмай жүрген мәселелері талқыланып, шешуін табуға көмектеседі.
Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін сөзсіз. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген.
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Технология –tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы».
Президентіміз Н.А. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.
Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:



Технологиялар атауы

Авторлары

1

Саралап деңгейлеп оқыту

Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.

2

Модульдік оқыту технологиясы

Жампеисова М.М.

3

Дамыта оқыту технологиясы

Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.
Давыдов В.В.,Зайцев В.

4

Проблемалық оқыту технологисы

Монахов М.

5

Ірі блокпен оқыту технологиясы

Шаталов, Эрдниев П.М.

6

Жобалау әдістемесі

Дж. Дьюи

7

Сын тұрғысынан ойлау

Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл

8

Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту)

Жүнісбеков Ә.

9

Алдын-ала оқыту технологиясы

Лысенкова А.

10

Тұлғалық гумандық технологиясы

Амонашвили Ш.

11

Шоғырландырып- қарқындап оқыту
(Концентрированно- интенсивное обучение)

Нұрахметов Н.Н.
Абдығалиев К.А.

12

Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы

Ғалиев Т.Т.

13

Интерактивті оқыту технологиясы

Я.А. Каменский

Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.
М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзіннен, технология- оқу үрдісін жобалаудың жүйелік әдісі. Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек:
1. Мақсат қою.
2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмысы.
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.
4. Логикалық құрылым. Шығын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.
5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.
Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады:
1. Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету.
2. Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі.
3. Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі.
4. Оқу үрдісін жобалау.
5. Оқушының жалпы және оқу жүктемелері.
Нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс:
1. Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау.
2. Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы.
3. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау.
4. Оқушыға «Білім туралы» Заңға сәкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру.
5. Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ететін білім мазмұның құрылымын нақты
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені, оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды.
Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
-Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
-Психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/;
-Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек/.
Оқушы мен мұғалім іс- әрекетінің жүйесі

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Дайындық

Оқушылардың оқу материалын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау


Диагностикалық

Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата- аналарымен әңгімелесу

Диагностика нәтижелерімен өз қызығушылықтары негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды

Оқушыларды топтарға бөлу

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру: әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.

Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі

Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.

Тыңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы

Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау /кері байланыстың дұрыс орнауы, жүзеге асуы/

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру

Әр сыныпта оқу озаттары мен үлгермеушілер пайда болу себебі- балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауы, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар және т.б. болып отыр. Сол себептерден өзім сабақ үстінде деңгейлеп саралап оқытуды жиі пайдаланып отырамын. Осының нәтижесінде әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймайды, соны өзі игеріп, талап, пікір таластыру деңгейіне жетуге тырысады, даму үстінде болуды қалайды.
Бүгінгі педагогика оқушының оқу барысындағы субъект ретінде қабылдайды. Ж.А. Қараев технологиясындағы оқу үрдісінде:
-Оқушыға сенімділік білдіру;
-Пәнге қызығушылығын арттыру;
-Оқушы өз біліміне сенеді, оны әрі дамытады;
-Өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілуі, мақсат етіп көздеген.
Профессор Қараев Ж.А. технологиясының тиімділігі: жаңа тықырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойып отырамын. Мысалы: қазақ тілі орыс сыныптарында, 3 сынып, «Асханада» атты лексикалық тақырыбында, «Қандай? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты грамматикалық тақырыпты өту барысында, оқушыларға төмендегі сызбаны көрсете отырып, «Осы сөздер нені білдіреді?» деген сұрақ қойып, сабақ үстінде оқушылар оған жауап іздейді.
Кең - просторный (-ая)
Жарық – светлый (-ая)
Дәмді – вкусный (-ая)
Ақ – белый (-ая)
Үлкен – большой (-ая)
Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
1 деңгейлік тапсырмалар.
1.Жаң сөздерді есіңе сақта.
2.Осы сөздерді қатыстырып 2-3 сөз тіркестерін құра.
2 деңгейлік тапсырмалар.
1.Жаңа сөздерге сұрақ қойындар?
2.Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыр.
3 деңгейлік тапсырмалар.
1.Тізімдегі сөздерден ұқсас сөздерді теріп жаз.
Ашық, қара, бала, оқушы, биік, жатыр...
2.Екі сөзді салыстырып, кестенің екінші жағын толтыр:

«Кім? Не?» сұрағына жауап беретін сөздер

«Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздер

Асхана

Үлкен

Не? сұрағына жауап береді




Заттың атын білдіреді




Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын тұғызады және әр оқушының мемлекеттік стандартқа сай білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.
Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр бала әр тақырып бойынша бағаланады және ұстазға, сабақтан тыс уақытта оқушымен жұмыс істеу үшін, үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауға мүмкіндік туады:
-Оқушы өзі ізденеді, оқиды;
-Мұғалім дарын оқушылардың мүмкіншілігін ашады;
-Әр оқушы өзін –өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады;
-Оқушылар материалды толық игереді;
Оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін, ақыл-ой өрісін дамытатын құрал- технология. Мысалы, математиканы технология әдісімен оқытуда орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін арттыратын болу тиіс. Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың атқаратын қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты- оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Математиканы профессор Ж.А. Қараевтің технологиясы оқушының теориялық білімін нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып, шығармашылық жұмысқа жетелейтін деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі.
Әр деңгейлі дифференциалды педагогикалық технологиямен оқыту барысының жүйесі:
1.Жаңа тақырыпты проблемалық әдіспен, ізденіс барысында түсіндіру.
2.Тест немесе диктант /10-15 мин/, тақырыптаң меңгерілуін тексеру
3.Жалпылама тест /барлық түрлерін қолдану/
4.Өздік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
5.Саралау сабағы, қатемен жұмыс.
6.Әр деңгейлі дифференциалды бақылау жұмысы.
7.Қорытынды бағалау, бағалау парағы.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) Алгоритмдік деңгей- мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей- оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей -оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Оқушы сабаққа бұрынғысынан тиянақты дайындалып, сабақ барысында ұпайлар жинауға тырысады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.
1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.
2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Психолог Л.С. Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі- бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екуіде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауш саты- бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады»- деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологисы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» -деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С Выгодский.
И.Я Лернер «Даму» деген ұғымды педагоикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В. Занков ақыл –ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс- әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынды.
Метеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:
—оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;
—оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;
—білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
—оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
—оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
—оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Дамыта оқыту деген термин психологиялық ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да психиканың функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс –әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының - тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1.Оқу мақсаттарының қойылуы
2.Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы
3.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин -В.В. Давыдов жасаған жүйенің негігі компоненттері.
Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден-дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден-дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден –оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден –дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:
1.Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
2.Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.
3.Бала іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4.Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
5.Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6.Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.
1.Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.
2.Келесі сабақтың моделін жоспарлау.
Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.
3.Сабақты жүргізу.
Әр сабақтағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.
4.Рефлексия.
Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.
Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:
-оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде қолдануды үйрету.
Қорыта келгенде дамыта оқыту технологиясы оқушы құзіреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Модульдік оқыту- оқушының тұлғалық ерекшеліктері мен қажеттілігіне орай мазмұн мен оны игерудегі өзіндігіне негізделеді. Модульдік оқыту барысында мұғалім ақпаратшы және бақылаушы қызметтеріне қоса кеңескерлік және үйлестірушілік қызметтерін атқарады. Модульдік оқытудың басты мақсаты- нәтижелі оқыту. Технологияның басты ерекшелігі- жаңа заман кезіндегі өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделуі. Модульдік принцип біртұтастық пен толық аяқтаушылықты белгілейді. Модуль бойынша құрастырылған оқу материалын меңгеру барысында оқушы төмендегі қасиеттерді жүзеге асыра алады:

Өзін-өзі

таниды /осознание

ізденушілік іс-әрекеттке кірудегі дайындық

анықтайды/ определение

көрсетеді / выражение

ізденушілік іс-әрекеттке жетелеу

бекітеді /утверждение

белсенді ізденіс

жүзеге асырады/ реализация

нәтижені анықтау

Бағыттайды/регуляция


Нәтижеде: іс-әрекет мотивациясының терендігі, өз басының іс-әрекетінің өзі түсінуі.
Сабақтың технологиялық картасының негізі
Мақсаттанған жоспар
Банк
Әдістемелік
Бағалау
Ақпарат
іс-әрекетті орындаудағы нұсқау
іс-әрекет
оқушының мақсатқа жетуі.
Осы карта бойынша құрастырылған сабақ үлгісінен үзінді ұсынып отырмын:
Модуль: Дәрігерде
Тақырыбы: Емханада
Грамматикалық тақырып: -нікі, -дікі, -тікі жалғаулары
Мақсаты:
- оқушыларды сөйлеу мәдениетіне баулу, мамандық таңдауға бағдар беру, денсаулықтарын күтіп, таза жүруге тәрбиелеу;
- тақырып бойынша жаңа сөздерді таныстыру, сөз тіркестерін және сөйлемдер құруды үйрету; -нікі, -дікі, -тікі жалғауларын қолданысы туралы түсінік беру;
- жаңа сөздерді өмірде қолдануды үйретіп, оқушылардың сөздік қорларын байыту;
Көрнекілігі: мамандық иелері туралы суреттер, кесте, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып түсіндіру
Қолданатын әдәс-тәсілдер: Модульдік оқыту оқыту технологиясы
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Психологиялық бағыт. Топпен отырғызу.
Өткенді қайталау.
Әр топқа кесте таратылып, оған тиісті қалыр етістіктерді жазып толтырады, жеке оқып шығады.
Адам не істеді?




Адам тұр.




Адам отыр.

т.б.


Жаңа сабақ.Сөздік жұмыстан басталады:
Сөздік жұмыс
Емхана – поликлиника
Дәріхана – аптека
Дәрі – лекарство
Тамақ- горло
1. Сөздеді оқып беремін.
2. Балаларға қайталатып оқыту.
3. Жаңа сөздерге байланысты сөз тіркестерін құрастыру.
Наша поликлиника, большая аптека, мое лекарство, твое горло;
Тақтаға модульдің сызбасы шығады. Оған қарап балалар бүгін не туралы өтетінімізді өздері айтады. 
Дәптермен жұмыс. Ай, күннін, тақырыбын жазу.
-Бүгін қандай күн? Желтоқсанның 14-і
-Аптаның қай күні? Сәрсенбі
Грамматикалық тақырып: сызбаға қарап, балалар өздері ереже құрайды
Петрова Асан Самат
Сара нікі біз дікі Жомарт тікі
Бала Марал Иванов
Алия сендер Диас
Қазақ тілінде –нікі, -дікі, -тікі жалғаулары сөздің жуан немесе жіңішке айтылуына қарамай барлық сөздерге жалғана береді.
-нікі, -дікі, -тікі жалғаулары жалғанған сөздерге қандай сұрақ қойылады?
Бүгінгі сабағымызда топтар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, мәреге жетулері керек.
Деңгейлік тапсырмалар
1 деңгейлік тапсырма:
- әр оқушы өз атына –нікі, -дікі, -тікі жалғауларын қосып жазады және айтады;
Валера+ нікі, Диас+тікі,
Коля+нікі, Егор+дікі,
Орынбасар+дікі, Никита+ нікі
- Берілген сөздерден сөйлем құрастыр:
Дәрігер, жұмыс, істейді, емханада.
Жедел жәрдем, шақырды, әжем.
Дәрі, сатады, дәріханада.
Сақтау, денсаулықты, керек.
2 деңгейлік тапсырма
- Кестеге қарап сөз тіркестерін құрастыр;
Көзілдірік мектептікі
Кітап інімдікі
Доп әпкемдікі
Парта ағамдікі
Қуыршақ сіңлімдікі
- Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңдар;
3 деңгейлік тапсырма
- Сөйлесуді оқып, ұқсас сөйлесу құрастыр;
- Сурет бойынша 3-4 сөйлем құрастыр;
Бағалау әр топ жұмыс орындау барысында оларға ұпайлар беріліп отырады,топтардың жұмыстарына қорытынды жасалады.
Қорыту
Балалар бір біріне сұрақтар қояды.
Дәрігер мамандығы туралы айту.Өз денсаулықтарын күту, таза жүру керектігі туралы айту.
Дәрігерлер
Кірпік қақсаң үзілгендей гүл шырын,
Алмайсыңдар ай, аптада бір тыным.
Аққу құстай балапанын қорғаған.
Сақтайсыңдар адамдардың өмірін.
Осы сабақта мұғалім тек бағыттаушы қызметін атқарып, көбінесе баланы сабақтың негізгі кейіпкері етеді.
Модульдік оқыту технологиясының принципы келесі психикалық- педагогикалық заңдылықтарды сақтайды:
- Үлкен көлемді оқу материалы есте қиыншылықпен сақталады, бірақ, егер оны шағымдап, нақты бір жүйеге келтірсе, оны қабылдауы жеңілденеді,
- Оқытылатын материалдың негізгі ойды белгілеп отырса, оны есте сақтауы тиімді болады.
Оқытудың модульдік технологиясын таңдаған мұғалім оқушылардың жалпы оқу білігі жөнінде нені білуі керек?
Оқыту – жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктер жағынан алып қарағанда күрделі процесс. Бір жағынан ол алған білімін кез келген сәттерде жеңіл әрі саналы түрде қолдана алуға үйретеді. Осы оқытумен қатар, әрі тығыз байланыста жүретін маңызды процесс бар, ол білік, яғни оқушылардың білімді жеңіл меңгеруін, сонымен қатар қоса оны өз бетінше ала білуін қамтамасыз ететін оқу еңбегінің тәсілдері.
Сондықтан бұл процестердің біреуін екіншісінен маңыздырақ деп бөліп қарауға болмайды. Оқушының алатын білім қорын оқу білігін қалыптастыратын материал есебінде қабылдасақ, онда оқу кезінде қалыптасқан білікті, осы қорды жаңа біліммен толықтыруға мүмкіндік жасайды деп айтуға болады.
Оқу білігінің екі түрі болады: жалпы оқу білігі кез келген пәнді оқытуда қажет болса, арнайы білік жеке пәнді оқытуда қажет.
Біз жалпы оқу білігіне тоқталып өтуді мақсат етіп қойдық. Себебі, ол барлық арнайы біліктердің ірге тасы (фундаменті) болып табылады.
Сонымен, әрбір оқушыда оқу кезіңде қалыптасуға тиіс жалпы оқу білігі дегеніміз не?
Олар:
- Оқу- ұйымдастырушылық;
- Оқу- интеллектуалдық;
- Оқу- ақпараттық;
- Оқу – коммуникативтік деп 4-ке бөлінеді.
Осы аталған тәртіппен әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік.
І. Оқу –ұйымдастырушылық білік . Оқу еңбегіне әр оқушы өзін- өзі ұйымдастыра алмаса, білімді меңгеруде үлкен жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан да оқу-ұйымдастыру білігінің маңызы зор.
Бұлардың көпшілігі білім сатысының алғашқы басқынтарында- ақ қалыптасады.
Атап айтсақ:
- Өз жұмыс орнын ұйымдастыра білу;
- Ағымдағы жұмысты ұйымдастыра білу;
- Қойылған міндетті орындауға өзін -өзі бағыттай білу;
- Оқу іс-әрекетінде өзін-өзі тексере білу, өз жұмысын талдай білу;
- Ұжымда танымдық іс-әрекет жүргізу, оқу, тапсырмаларын орындауды бірігіп атқара білу /түсіндіре білу, көмек көрсете білу, берген көмекті ала білу, т.б./
ІІ. Оқу –интеллектуалды немесе жалпы- логикалық білік.
Бұл білік, ең бастысы, әрі ең қиыны болып табылады. Себебі, осы білік ғана ақыл –ойдың терендігін икемділігін , тұрақтылығын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Оқушының интеллектуалдық даму деңгейі келесі біліктердің дұрыс қалыптасқандағы бойынша анықталады:
v Оқу немесе кез келген материалды диалектикалық тұрғыдан талдай білу.
v Объектілерді /нысандарды/, фактілнрді, құбылыстарды салыстыра білу.
v Материалды топтай білу.
v Жалпылай, қорытындылай білу, түйінін табу.
v Абстракциялай білу.
v Ең негізгісі мен маңыздысын ажырата білу.
v Себебі мен салдары арсындағы байланысты анықтау.
v Материалды синтездей білу.
v Оқығанынан логикалық ойдың аяқталған бөлігін таба білу, байланыс құрып, ол байланыстардың өзара тәуелділігін таба білу.
v Берілген тақырыпқа шығарма жаза білу.
v Зерттеушілік мүмкіндіктерді пайдалану /міндетті қоя білу, гипотеза жасай білу, шешу, дәлелдеу, тексеру әдістерін таңдай білу/.
ІІІ. Оқу ақпараттық білік.
Білімнің кез келген саласын меңгеру. Білімді толықтыратүсінетін әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана білумен тікелей байланысты екені дауыссыз. Бұл білікке жататындар:
v Каталогты, компьютерлік ақпарат көздерін пайдалан білу;
v Сөздік, энциклопедия, анықтамалықтармен, алғы сөздермен, комментариялармен /түсіндірме/ жұмыс жүргізе білу;
v Картотека құрастыра білу;
v Баспа және жалпыға бірдей ақпарат –техникалық оқыту құралдары пайдалана білу;/үнтаспа, теледидар, компьютер, т.б./
v Жоспар, тезис, конспект, реферат, аннотация құра білу;
IV. Оқу – коммуникативтік /қарым-қатынас/ білік.
Оқу – коммуникативті білік дегеніміз- оқу жұмысы кезінде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас процессінде өзіне көмектеседі, оны мазмұнды, қызықты етіп, мақсатқа бағыттай түседі.
Ол біліктер:
v Ең негізгісі – тыңдай білу білігі. Оқу кезінде тыңдай білу- ойды бір жерге жинақтауды, біршама ұзақ мерзімге біркелкі зейін қоя білуді талап етеді. Сондықтан арнайы жұмысты қажет ететін жүйке жүйесі мен психиканың тұрақтылығына байланысты болып келетін қиын біліктің бірі.
Біршама қиын біліктер қатары:
v Мұғалімді тыңдай отырып, сол мезгілде оның айтқанының мазмұнын жаза білу.
v Мәтінді оқи отырып мұғалімнің нұсқауын тыңдай білу;
v Өз ойын әдеби тілмен жеткізе білу, оқу пәнінің негізін құрайтын ғылым сөздерін пайдалану;
v Аудитория алдына шығып сөйлеу;
v Шығып сөйлейтін сөзінің жоспарын жасау;
v Тезисті айта білу;
v Нақтылайтын сұрақ қоя білу;
v Нақты дәлел келтіріп, тыңдаушының көзін жеткізе білу.
Жоғарыдағы аталған біліктер адмға жаңа білімді игеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге ол нағыз білімділіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Жаңа технологияларды еңгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білгені жөн:

Мұғалім нені білу керек?

Мұғалім не істей алуы керек?

Мұғалім қандай іс-әрекеттреді дұрыс ұйымдастыру керек?

1. Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді;
2. Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
3. Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
4. Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді;
5. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдәсән;

1. Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет