6-шы тақырып. Еңбек психологиясы: тарихы, қазіргі қалпы мен
келешегі
«Еңбек психологиясы» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Еңбек
психологиясының парадигмалары. Көнелік пен феодализм замандарындағы
еңбек туралы психологиялық білімдер. Еңбек туралы түсініктерге
идеологияның ықпалы. «Еңбек психологиясы» ғылымы және болмыстың
модельдері (адам, ұйым, қоғам).
7-ші тақырып. Еңбектің маңыздылығы
Еңбектің маңыздылығының белгілері. Жаңа технологиялар мен еңбек
маңыздылығының өзара байланысы. Еңбекті ұйымдастырудың әр түрлі
деңгейлері: жеке-даралық, топтық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік.
8-ші тақырып. Еңбек іс-әрекетін зерделеу әдістері
Еңбек іс-әрекетін психологиялық талдау.
Еңбек қозғалыстарын
психологиялық талдау. Жұмыс орындарын жобалаудың эргономикалық
негіздері. Психологтың ұйымдағы жұмыс орны.
9-шы тақырып. Кәсіби жарамдылық пен кәсіпқойлық
Адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасу сатыларын сипаттау:
еңбек тәрбиесі
мен оқыту, кәсіби бағдарлау, кәсіби іріктеу, кәсіби даярлау,
кәсіби бейімделу, кәсіби іс-әрекет,
кәсіби аттестация, кәсіби реабилитация.
Кәсіби жарамдылықты қалыптастырудың ішкі және сыртқы шарттары.
«Кәсіпқойлық» және «құзыреттілік» ұғымдары. Маманның кәсіби
жарамдылығының түрлері. Маман моделі мәселесі.
10-шы тақырып. Адам өз өмір әрекетінің белсенді субъектісі іспетті
Адам мен әлеуметтік ортаның өзара байланысы.
Адам мен
ұйымдастырушылық ортаның өзара байланысы: адамның өзін-өзі тұлға
ретінде жүзеге асыру мүмкіндіктері. Адам қайраткер ретінде: өмірдің өзіндік
менеджменті.
Достарыңызбен бөлісу: