Сырттай оқитын студенттердің сессияаралық кезеңдегі өзіндік жұмысына «Еңбек психологиясы» курсы бойынша бақылау жұмысын міндетті түрде орындау кіреді



Дата17.06.2016
өлшемі82.57 Kb.
#141684
Кіріспе



Сырттай оқитын студенттердің сессияаралық кезеңдегі өзіндік жұмысына «Еңбек психологиясы» курсы бойынша бақылау жұмысын міндетті түрде орындау кіреді.

Мұндай жұмысты орындау үшін курстың бір тарауы бойынша теориялық материалды толық меңгеру, сондай-ақ қазіргі еңбек психологиясының өзекті мәселелерімен танысу тиіс.


Бақылау жұмысы сынақ кітапшасының ңөмірінің соңғы санына сәйкес болуы керек.

Бақылау жұмысының тақырыбы бойынша материалды түсіну үшін оқу құралдары мен қосымша әдебиеттерден тиісті тарауларды зерделеу қажет. Содан соң осы материалды анық, логикаға сай, дәйекті баяндау керек. Баяндаудың анық болуы көбінесе терминологияны дұрыс пайдалануға, логикаға сай болуы – мәселелерді сабақтастыра, түйіндердің себептік-салдарлық байланыстарын түсіне, оларды біртұтас жүйеге келтіре отырып қарастыруға байланысты. Ал жұмыстың негізделуіне келетін болсақ, оған басты тұжырымдарды сенерлік дәлелдемелермен дәлелдеу арқылы қол жеткізуге болады.

Көңіл аударарлық жайт – бақылау жұмысын рәсімдеу мәдениеті: ол қолмен анық, тиянақты жазылуы керек. Жұмыстың көлемі орташа алғанда 24 қолжазбалы бет болуы тиіс. Әрбір бетте шет қалдырылуы тиіс. Бақылау жұмысы титул бетімен ашылады. Жұмыстың мәтіні ұқыпты тексерілген, қателері мұқият түзетілген түрде тапсырылуы керек.

Бақылау жұмысын бағалағанда төмендегілер есепке алынады:



  1. мазмұнының ғылыми-теориялық деңгейі;

  2. мәтінді құру икемділігі: әдеби көздермен өзіндік жұмыс істеу, бастысын бөлу, талдау жасау, библиографиялық тізімді дұрыс рәсімдеу;

  3. талдауға жеке-даралық және шығармашылық тұрғыдан қарау;

  4. тақырыпты жоспарлау;

  5. бақылау жұмысын дұрыс рәсімдеу және оны уақтылы тапсыру.

«Еңбек психологиясы» пәні бойынша бақылау жұмыстарының тақырыптары
1-ші тақырып. Еңбек психологиясының теориялық-әдіснамалық негіздері
Еңбек психологиясының пәні мен міндеттері. Еңбек психологиясы еңбек пен еңбекші туралы ғылыми білімнің саласы, оқу пәні және мамандық ретінде. Қазіргі еңбек психологиясының негізгі бөлімдері. Еңбек психологиясының психологиялық ғылымның басқа салаларымен, басқа ғылымдармен және пәндермен байланысы. Еңбек психологиясының «алтын ережесі».

2-ші тақырып. Еңбек іс-әрекетін психологиялық түсіну
Психологиядағы «іс-әрекет», «еңбек» категориялары. Еңбектің философиялық және психологиялық мағынасы (К.Маркс, Э.Фромм, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн). Еңбектің психологиялық реттеушілері (Е.А.Климов бойынша). Еңбек объектісі мен субъектісінің бейнесі. Еңбектің психологиялық белгілері (В.А.Толочек бойынша).

3-ші тақырып. Тұлғаның жекедаралық-типологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды қасиеттері, олардың динамикасы
Жұмыскердің жеке қасиеттері мен жеке-дара жұмыс стилі. Кәсіби маңызды қасиеттер мен қабілеттер. Жеке іс-әрекет стилі субъекттің кәсіби маңызды қасиеттерінің интеграциялану тәсілі ретінде. Адамды еңбек субъектісі ретінде бағалау. Адамды ұйымның әлеуметтік-кадрлық саясатының объектісі ретінде бағалау. Еңбек субъектісінің кәсіби маңызды қасиеттеріне қойылатын талаптардың динамикасы.


4-ші тақырып. Тұлғаның өзін-өзі кәсіби анықтауы және кәсіби мансап

Өзін-өзі кәсіби анықтау адамның белсенділігі мен өмірлік жолын құруы тәрізді. Адамның өзін-өзі анықтауы және қоғамның санасындағы «адамның психологиялық портреті». Тұлғаның кәсіп таңдауға дайындығы және кәсіби өмір жолы. Дамудың нақты қарама-қайшылықтарының жүйесі және өзін-өзі кәсіби анықтау жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары. Өзін-өзі кәсіби актуальдандыру. Өмірді кезеңдендіру және кәсіби мансап.



5-ші тақырып. «Еңбек психологиясы» пәнінің негізгі құрамды бөліктері. Еңбек психологиясы мен акмеология
«Еңбек психологиясы» пәнінің (оның кең мағынасында) негізгі бөлімдері: еңбек психологиясы, инженерлік психология, эргономика, ұйымдастыру психологиясы, кәсіби бағдарлану, кәсіби оқыту. Еңбек психологиясының акмеологиямен байланысы.

6-шы тақырып. Еңбек психологиясы: тарихы, қазіргі қалпы мен келешегі
«Еңбек психологиясы» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Еңбек психологиясының парадигмалары. Көнелік пен феодализм замандарындағы еңбек туралы психологиялық білімдер. Еңбек туралы түсініктерге идеологияның ықпалы. «Еңбек психологиясы» ғылымы және болмыстың модельдері (адам, ұйым, қоғам).
7-ші тақырып. Еңбектің маңыздылығы
Еңбектің маңыздылығының белгілері. Жаңа технологиялар мен еңбек маңыздылығының өзара байланысы. Еңбекті ұйымдастырудың әр түрлі деңгейлері: жеке-даралық, топтық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік.

8-ші тақырып. Еңбек іс-әрекетін зерделеу әдістері
Еңбек іс-әрекетін психологиялық талдау. Еңбек қозғалыстарын психологиялық талдау. Жұмыс орындарын жобалаудың эргономикалық негіздері. Психологтың ұйымдағы жұмыс орны.

9-шы тақырып. Кәсіби жарамдылық пен кәсіпқойлық
Адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасу сатыларын сипаттау: еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіби бағдарлау, кәсіби іріктеу, кәсіби даярлау, кәсіби бейімделу, кәсіби іс-әрекет, кәсіби аттестация, кәсіби реабилитация. Кәсіби жарамдылықты қалыптастырудың ішкі және сыртқы шарттары. «Кәсіпқойлық» және «құзыреттілік» ұғымдары. Маманның кәсіби жарамдылығының түрлері. Маман моделі мәселесі.

10-шы тақырып. Адам өз өмір әрекетінің белсенді субъектісі іспетті
Адам мен әлеуметтік ортаның өзара байланысы. Адам мен ұйымдастырушылық ортаның өзара байланысы: адамның өзін-өзі тұлға ретінде жүзеге асыру мүмкіндіктері. Адам қайраткер ретінде: өмірдің өзіндік менеджменті.

11-ші тақырып. Еңбек іс-әрекетінің жеке стилін қалыптастыру
Еңбек іс-әрекетінің жеке стилінің көрсеткіштері мен критерийлері. Әрбір адамның жұмысында өзіндік ерекшеліктерінің білінуі. Еңбек іс-әрекетінің жеке стилін жақсарту бойынша ұсыныстар жасау.

12-ші тақырып. Ұйымдар персоналын кәсіби іріктеу негіздері
«Адам-адам», «адам-техника», «адам-табиғат», «адам-белгі», «адам-көркем бейне» жүйелеріндегі іс-әрекеттің ерекшеліктері.

13-ші тақырып. Кадрлар саясатының негіздері
Кадр саясаты ұғымы (кең мағынасында, тар мағынасында, персоналды басқару стратегиясы ретінде). Маман саясатының типтері. Маман саясатының сатылары мен кезеңдері. Персоналды басқарудың негізгі міндеттері.

14-ші тақырып. Жұмыскердің мінездемесін жасау
Сипаттаманың (мінездеменің) негізгі қызметтері. Жұмыскердің толыққанды мінездемесін беруге қатысты негізгі талаптар. Мінездеме түрлері.

15-ші тақырып. Еңбекті мотивациялау (ынталандыру)
Еңбекті ынталандыру жұмыскерді кәсіпорынның мақсаттарына жетуі үшін қажетті іс-әрекетке ынталандыру ретінде. Мотивтердің (ынталардың) еңбек жағдайларымен байланыстылығы. Еңбекті ынталандырудың әдістері мен формалары. Еңбекті ынталандырудың негізгі теорияларын талдау: күту теориясы, әділеттілік теориясы, Портер-Лоулердің ынталандыру моделі.

16-ші тақырып. Еңбек қауіпсіздігінің психологиялық мәселелері
Марбенің жарақаттануға бейімділік теориясы. Жүйке жүйесінің сапасы мен жарақаттанушылық. Жарақаттануға бейімділікпен байланысты факторлар. Бақытсыз жағдайлардың әлеуметтік-психологиялық алғышарттары. Жарақаттануға бейімділікті анықтайтын психофизиологиялық көрсеткіштер.

17-ші тақырып. Мамандарды бейімдеу мен тұрақтандырудың психологиялық мәселелері
Адамды кәсіпорын іс-әрекетіне бейімдеудің психологиялық механизмдері. Кәсіби даярлық және адамның кәсіпке қойылар талаптарға бейімделу жолдары. Бейімсіздік себептері. Еңбек субъектілерін психологиялық қолдау немесе демеудің деңгейлері.


18-ші тақырып. Іс-әрекеттің тиімділігін болжамдау
Іс-әрекеттің тиімділігін болжамдаудың мақсатытары мен ерекшеліктері. Іс-әрекетті болжамдауды әзірлеудің сатылары. Статистикалық алгоритмдердің негізгі топтары. Жеке болжамды қалыптастырудың сатылары.

19-шы тақырып. Еңбек ұжымы психологиясының негіздері
Ұжымның жұмысына ықпал етуші факторларды сипаттау. Топтағы (ұжымдағы) адамның рольдік тәртібінің ерекшеліктері. Ұжымдағы психологиялық ахуал. Ұжымның тіршілік іс-әрекетіндегі эмоциялық күй-қалыптардың қызметтері. Ұйымдағы басқарушылық пен көшбасшылық мәселесі. Басқару стильдері мен ұйымдағы билік нұсқалары.
20-шы тақырып. Кәсіптік жұмысқа қабілеттілікті арттырудың психологиялық аспектілері.
Өнімділік, жұмыс қабіліеттілігі, еңбек қабілеттілігі ұғымдарын анықтау. Еңбек өнімділігінің шарттары, оның критерийлері. Өнімділіктің өндіру іс-әрекетінің ұзақтылығына байланысты өзгеруі. Жұмыс қабілеттілігінің Гесстің адам ағзасының эрготроптық және трофотроптық жұмыс кезеңдері туралы концепциясы тұрғысынан өзгеруі.

Негізгі әдебиет





  1. Толочек В.А. Современная психология труда. – СПб., 2005. – 479 б.

  2. Меркулова О.С. Психология труда (конспект лекций). - М., 2004. – 80 б.

  3. Пряжников Н.С., Пряжникова Е.Ю. Психология труда и человеческого достоинства. – М., 2001.

  4. Психология труда, профессиональной, информационной и организационной деятельности. - М., 2003.

  5. Леонова А.Б., Чернышева О.Н. Психология труда и организационная психология: современное сосояние и перспективы (хрестоматия). - М., 1995.

  6. Климов Е.А. Введение в психологию труда. - М., 1988. – 199 б.

  7. Климов Е.А. Психология профессионального самоопределения. – Ростов-на-Дону, 1996. – 512 б.

  8. Климов Е.А. Психология профессионала. – Воронеж, 1996.

  9. Дмитриева М.А., Крылов А.А., Нафтульев А.И. Психология труда и инженерная психология. – Л., 1979. – 216 б.

  10. Котелова Ю.В. Очерки по психологии труда. – М., 1986. – 116 б.

  11. Психология труда. Пер. со слов. – М., 1979. – 216 б.



Қосымша әдебиет




  1. Бодров В.А. Психология профессиональной пригодности. – М., 2001.

  2. Введение в эргономику. – М., 1974.

  3. Деркач А.А., Маркова А.К. Профессиограмма госудаственного служащего. – М., 1999.

  4. Занковский А.Н. Организационная психология. – М., 2000.

  5. Зеер Э.Ф. Психология профессий. – Екатеринбург, 2003.

  6. История советской психологии труда. – М., 1983.

  7. Дикая Л.Д. Итоги и перспективные направления исследований в психологии труда в ХХІ веке // Психологический журнал. – 2002, №6. – 18-37 б.

  8. Иванова Е.М. Основы психологического изучения профессиональной деятельности. – М., 1987.

  9. Толочек В.А. Профессиональный отбор и психологические тесты. – М., 2001.

  10. Абульханова-Славская К.А. Жизненные перспективы личности. / Е.В. Шороховой. – М., 1987. – С.137-145.

  11. Артемьева Е. Ю., Стрелков Ю. К.. Профессиональная составляющая образа мира // Мышление и общение: активное взаимодействие с ми­ром. Сб. науч. трудов. Ярославль, 1988.

  12. Асмолов А.Г. Основные принципы психологической теории деятельности // А.Н. Леонтьев и современная психология. – М., 1983. – С.118-128.

  13. Бодалев А. А. Акмеология как учебная и научная дисциплина. - М., 1993. – 320с.

  14. Деркач А. А., Кузьмина Н. В. Акмеология: пути достижения вершин профессионализма. - М., 1993. – 179с.

  15. Климов Е. А. Психолого-педагогические проблемы профессиональной консультации. - М., 1983. – 197с.

  16. Климов Е. А. Развивающийся человек в мире профессий. - Обнинск, 1993 – 344с.

  17. Климов Е. А., Носкова О. Г. История психологии труда в России: Учебное пособие. - М., 1992 – 409с.

  18. Климов Е.А. Образ мира в разнотипных профессиях. – М., 1995. – 352с.

  19. Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. – М., 1977. –304с.

  20. Ломов Б.Ф. Вопросы общей, педагогической и инженерной психологии. – М., 1991. – 296с.

  21. Практикум по психологии профессиональной деятельности и менеджмента./ Г.С. Никифорова, М.А. Дмитриевой, В.М. Снеткова. – С.-Пт., 2001. – 240с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет