Тақырып 9. Бірінші сатыдағы соттың азаматтық істі қарауы
1 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
Сотта іс жүргізуге дайындық
Студенттер ата-аналық құқықтан айыру туралы іс бойынша сот талқылауына іскерлік ойын өткізуі тиіс. Іс жүргізудің соңында соттық іс тапсырылуы тиіс.
Ахметова Сәуле Талғатқызынан Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөнінде мамандандырылған ауданарлық сотқа Ануаров Самат Сағындықұлын ата-аналық құқықтан айыру туралы талап арыз келіп түскен.
Талапкердің түсінігі:
Мен, Ахметова Сәуле Талғатқызы, 17.09.1997 жылдан бері жауапкер Ануаров Самат Сағындықұлымен заңды некеде тұрамын.
Некеден қызымыз бар – Ануарова Альбина Саматқызы - 20.03.1999 жылы туылған. 10.09.2002 жылы неке бұзылды, бұл туралы Алматы қаласы Бостандық аудандық АХАТ бөлімінде № 531 актілік жазба бар.
2003 жылдан бастап жауапкер қызын көрмеді, материалдық көмек көрсетпеді, өзінің ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарды. 2005 жылы мен Арманов Марат Оспанұлымен заңды некеге отырдым, бұл некеден ұлымыз Данияр бар.
Арманов Марат Оспанұлы қызым Ануарова Альбина Саматқызына туған қызындай қарайды, оны адамгершілікке баулиды, оқуына және физикалық тәрбиесіне қатысады, яғни ата-аналық құқығын іс жүзінде жүзеге асырады, оны асырап алуға ниеті бар.
Соңғы жылдары жауапкер Ануаров Самат Сағындықұлы қызын көрмеді, оның тәрбиесімен айналыспайды, оның тағдырына қызықпайды, материалдық көмек көрсетпейді. Соңғы кезщдесу менің өтінішім бойынша 2007 жылы желтоқсанда болды, сол кезде одан баламыздан бас тартуды сұрадым, себебі ол бәрібір ата-аналық құқығын жүзеге асырмайды
Жауапкермен соңғы кездесуден кейін баланың жүйкесі бұзылды, бала психиатр дәрігерден тексеруден өтті.
Жауапкердің мінезі тез ашуланшақ, бұрын есірткі пайдаланған, әскерден «нашақорлық» диагнозымен қайтарылған. Некеде тұрған кезде және неке бұзылған соң маған бірнеше рет физикалық зорлық көрсетті.
Академик Н.И. Пироговтың атындағы №3 1472 ӘМК аурухананың Әскери-дәрігерлік комиссиясының 09.10.1991 жылғы № 540 куәлігінен анықталғандай, Ануаров Самат Сағындықұлы есіркі құралдарын «анаша» түрінде 15 жастан бастап пайдалана бастаған, кейін құрамында есірткі бар әртүрлі медициналық дәрілерді, транквилизаторларды пайдаланған, 15.07.1991 жылдан 06.09.1991 жылға дейін Севастополь қаласындағы психиатриялық ауруханада жатқан, ойы жетілмеген, нашақорлықтан бас тартпайтынын мәлімдеген. Осыған байланысты комиссиямен қайтарылған.
Әкесімен сөйлескен соң менің қызым психолог-маманның кеңес- көмегіне жолданды. Олар «травмадан кейінгі стресстік реакция» деген диагноз қойды. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде жауапкерді ата- аналық құқықтан айыруды сұраймын.
Достарыңызбен бөлісу: |