3. Математикалық программалаудың жалпы есебі
Аргументтер мәнінің обылысына қосымша шектеулер (теңдеулер немесе теңсіздіктер) қойылған жағдайдағы функцияның экстремумын (максимумын немесе минимумын) табу туралы есепті шығару теориялары мен әдістерін дайындайтын математиканың бөлімі математикалық программалау деп аталады. Математикалық программалау есебі жалпы жағдайда келесі түрде тұжырымдалады:
функциясы мақсат функциясы деп, ал қосымша шектеулер есептің шектеулер жүйесі деп аталады. Егер мақсат функциясы сызықтық функция болса, ал шектеулер жүйесі сызықтық теңдеулермен немесе теңсіздіктермен берілсе, онда есеп сызықтық болып табылады. Осындай есептерді шығару әдістерін сипаттайтын математикалық программалаудың бөлімі сызықтық программалау деп аталады. Егер мақсат функциясы немесе шектеулер жүйесіндегі кем дегенде бір шектеу сызықтық емес болса, онда есеп сызықтық емес программалауға жатады.
Математикалық программалау есебін шығару екі кезеңнен тұрады. Біріншіден, шектеулерді пайдалана отырып, айнымалыларының мүмкін болатын мәндер обылысын анықтау қажет, екіншіден, табылған мүмкін болатын шешімдердің арасынан мақсат функциясын максимизациялайтын немесе минимизациялайтын (оңтайландыратын) шешімдерді табу керек, осындай шешім оңтайлы шешім деп аталады.
4. Сызықтық программалау есептеріне мысалдар
4.1. Өндірісті жоспарлау есебі (ресурстарды пайдалану жайындағы есеп).
Экономикалық есептің сипаттамасы.
Кәсіпорын төрт түрлі , , , өнім өндіру керек. Өнімдерді дайындау үшін қандайда бір шикі заттар қажет болады; айталық , , , , бес түрлі шикі зат пайдаланылсын және олардың қорлары , , , , бірлік сандарымен шектелген. Шикі заттардың қорлары, өнімнің бір бірлігін даярлауға жұмсалатын шикі заттың ( -ші өнім түрі, -шикі зат түрі) бірлік саны 1.1-кестеде келтірілген:
1-кесте. Өндірісті жоспарлау есебіне қажетті мәліметтер
Шикі зат түрі
|
Шикі зат қоры
|
Өнімнің бір бірлігін даярлауға жұмсалатын шикі заттың бірлік саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |