СҮйеубаева салтанат нұрболсынқызы адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару


Шығыс Қазақстан облысының адам ресурстарының дамуын басқаруды кешенді талдау және бағалау



бет2/3
Дата10.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#126431
түріАвтореферат
1   2   3

2 Шығыс Қазақстан облысының адам ресурстарының дамуын басқаруды кешенді талдау және бағалау. Зерттеу барысында жүргізілген талдау Қазақстан Республикасында адам ресурстарының дамуы келесідей факторлармен тығыз байланыста екені анықталды: экономиканың даму жағдайы, демографиялық ахуал, экологиялық жағдай, мәдениет және спорт саласының дамуы, білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласының жағдайы, еңбек нарығының дамуы, еліміздегі қауіпсіздік және ақпараттық-құқықтық негіз. Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) Қазақстан Республикасы (ҚР) бойынша өндірістік-дамыған, өркениетті аймақ болып саналады. Облыстың экономикалық жағдайында шешуші орынға ие металлургия өнеркәсібі базалық сала болып табылады. Облыста ет, сүт пен балық, өсімдік майы мен сары май шығаратын, ликер-арақ өнімдерін және басқа да өнім түрлерін шығаратын тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары бар. Сондай-ақ, адам ресурстарының дамуына қажетті әлеуметтік сала – білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелер желісі жеткілікті түрде дамыған. 2-суретте ШҚО бойынша тұрмысы төмен халық санының өзгеру үрдісі көрсетілген.


Ескерту – ШҚО Статистика департаментінің мәліметтері бойынша автор құрастырды
2 сурет – ШҚО бойынша жалпы халық саны құрамындағы тұрмысы төмен халықтың үлесі, мың адам

Нәтижесінде облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейі біршама артты, ал тұрмысы төмен отбасылардың саны 2001 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 83%-ға төмендеді. Бұл облыста соңғы 10 жыл бойы әлеуметтік саланың неғұрлым басым бағыттары ретінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар белсенді жүзеге асырылуының көрінісі.

ШҚО бойынша 2005-2009 жж. аралығындағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін талдау көрсеткіштері 3-кестеде келтірілген.
3 кесте – ШҚО бойынша тұрғындар табысының өзгеруі


Көрсеткіштер

Жылдар

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

Азық-түлік себетінің құнына шамалас табысы бар халықтың үлесі , %

5,7

1,6

1,2

0,5

1,3

Күнкөріс шамасынан төмен табысқа ие халықтың үлесі, %

26,6

12,5

9,8

9,9

9,7

Орташа 1 айға шаққандағы жан басына тұтынуға пайдаланылған табыс мөлшері, %

90,6


95,2

96,5

96,4

95,0

Ескерту – shygysstat.kz ресми сайтының мәліметтері негізінде автор есептеген

Талдау көрсеткіштері көрсеткендей, халық табысы жыл сайын өсуде, 2009 жылы азық-түлік себетінің құнына шамалас табысқа ие халықтың үлесі 4,4%-ға төмендеген, күнкөріс шамасынан төмен табыс алатын тұрғындардың үлесі 26,6 %-дан 9,7 %-ға дейін төмендеген, яғни 4 жылда 16,9 %-ға, ал тұрғындардың жан басына шаққандағы тұтынуға пайдаланылған табыс мөлшері 4 жылда 4,4 %-ға көбейген.

Адам ресурстарының даму жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына адам дамуының үш негізгі компоненті – көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейі негізінде әлемнің барлық елдерінде есептелетін адам дамуының индексін (АДИ) жатқызуға болады. 3-суретте ШҚО және ҚР АДИ көрсеткішінің өзгерісі салыстырмалы түрде келтірілген.

Ескерту – БҰҰБ жасалатын жыл сайынғы «Адам дамуы» есебі негізінде автормен құрастырылды


3 сурет – ҚР және ШҚО АДИ өзгеру серпіні
АДИ көрсеткіші республика бойынша да, облыс бойынша да өсу үрдісін көрсетуде, бұл еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдын жылдан жылға жақсара түсуінің белгісі. Алайда бұл көрсеткіштің құрамындағы индикаторлар ҚР тұрақты дамуға өтудің мақсатты индикаторларынан әлі де төмен. Мәселен, күтілетін өмірдің орташа ұзақтығы ҚР бойынша тұрақты дамуға көшу концепциясына сәйкес 2009 ж. 67,9 болу керек деп болжанса, 2009 ж. нәтижелері бойынша ҚР – 66,3 , ШҚО – 65,8 тең.

Адам ресурстарының саны зерттеудің бірінші бөлімінде келтірілген анықтамаға сәйкес барлық халық санынан жұмысқа қабілетті жастан асқан адамдар санын шегеру арқылы анықталды. Мұндай әдісті адам ресурстарын дамыту тұрғысынан қарастырған жағдайда қолданған жөн деп ұйғардық. ШҚО бойынша адам ресурстары құрамының сандық көрсеткіштері 4-кестеде шоғырландырылған.


4 кесте – 2005-2009 жж. аралығында ШҚО адам ресурстарының және олардың құрылымының өзгеруі (мың адам)


Көрсеткіштер

Жылдар

Өсу қарқыны

2005

2006

2007

2008

2009

Адам ресурстарының саны

1249

1239

1233

1227

1228

0,9

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық

752

757

764

765

764

1,02

Жұмыспен қамтылған халық

698

704

714

717

721

1,03

Жоғары білімі бар жұмыспен қамтылғандар

131

146

168

158

159

1,2

Арнайы орта білімі бар жұмыспен қамтылғандар

197

195

185

208

215

1,1


Жалдамалы жұмысшылар

445

457

469

473

476

1,07

Өз бетімен жұмыспен қамтылғандар

254

246

245

242

243

0,96

Жұмыссыз халық

54

52

51

49

50

0,93

Ескерту – stat.kz және shygysstat.kz ресми сайттарының мәліметтері негізінде автор жүйелеген.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, ШҚО бойынша жалпы адам ресурстарының саны төмендеуде, егер 2005 жылы ол 1249 мың адамды болса, 2009 жылы 1228 мың адамға дейін төмендеген. Құрамдық өзгерісіне келсек, жұмыспен қамтылғандардың саны, керісінше 1,03 есе ұлғайған: егер 2005 жылы 698 мың адам есептелсе, 2009 жылы 721 мың адам болды.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарындағы адам ресурстарының дамуының облыс экономикасының дамуына сәйкестігіне талдау жүргізілді. Сараптамалық сұхбатқа «ҮМЗ» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Қаз Мырыш» АҚ, «Шығыс Сүт» АҚ, «Востокэнергоремонт» ЖШС, «Бипек Авто» АҚ, «ВК Иртыш» АҚ сынды 55 кәсіпорын басшылары мен жұмысшылары қатысты, барлығы 79,8 мың адам. Сараптама нәтижесінде келесідей қорытындыларға қол жеткізілді: ауыл шаруашылығы саласының 70 %, көлік және байланыс кәсіпорындарының 50%, өнеркәсіп кәсіпорындарының 25%, сауда мен қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының 35 % негізінен жөндеу жұмыстарын жүргізетін және жаңа технологияларда жұмыс істей алатын білікті маман кадрлардың жеткіліксіздігін атап көрсетті, өнеркәсіп саласындағы жұмысшылар жұмыс істеу шарттарының ауырлығы мен зияндығын атап көрсетті. Адам ресурстарының дамуын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – жұмыс берушілердің адам ресурстарының біліктілігін жоғарылатуға деген талпыныстары мен көзқарастары (5 кесте).
5 кесте – ШҚО экономика салалары бойынша адам ресурстарының біліктілігін арттыру және оқыту көрсеткіштері (адам саны)





2007жыл

2008жыл

2009жыл

Қызмет түрі



Жұмыс беруші есебінен оқытылғандар

Оқуға жіберілгендер

Біліктілігін жоғарылатуға жіберілгендер

Қайта даярлау және қайта оқытуға жіберілгендер

Жұмыс беруші есебінен оқытылғандар

Оқуға жіберілгендер

Біліктілігін жоғарылатуға жіберілгендер

Қайта даярлау және қайта оқытуға жіберілгендер

Жұмыс беруші есебінен оқытылғандар

Оқуға жіберілгендер

Біліктілігін жоғарылатуға жіберілгендер

Қайта даярлау және қайта оқытуға жіберілгендер

Ауыл және орман шаруашылы-ғы, аңшылық

54

2

47

5

40

3

37

-

12

6

6

-

Өнеркәсіп

18573

4456

9816

4301

13999

2836

6779

5040

13487

2273

6159

5055

Құрылыс

699

57

376

266

1016

242

454

320

745

169

269

307

Сауда

95

6

28

61

427

332

56

39

156

32

66

58

Көлік және байланыс

1909

260

1297

352

1530

322

658

550

5609

820

2400

2389

Қаржылық

қызмет


742

148

238

356

805

108

177

520

647

618

29

-

Мемлекеттік қызмет

820

296

497

27

623

138

483

2

778

180

510

88

Білім беру саласы

616

106

467

43

529

20

509

-

605

33

555

17

Денсаулық сақтау саласы

1415

80

1237

98

1283

78

1116

89

1464

17

1363

84

Мәдениет, спорт, әлеуметтік қызметтер көрсету салалары

17

13

4

-

22

13

4

5

9

6

3

-

Ескерту- Автор shygysstat.kz ресми сайтының мәліметтерін жинақтап, есептеген.

Кестеде жүйеленген салалардың ішінде адам ресурстарын дамытуға белсенді үлесін қосатын экономиканың нақты сектор салалары, сауда, қызмет көрсету салаларында мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру мәселелеріне әлі де толық көңіл бөлінбейді. Кестеде көбінесе ШҚО мемлекеттік және ірі кәсіпорындары бойынша мәліметтер шоғырландырылған, мұндағы жеке меншік кәсіпорындарының үлесі өте төмен, себебі ол мекемелерде адам ресурстарын дамытуға мүлде көңіл бөлінбейді. Сондықтан әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, заманға сай сұранысқа ие жоғары деңгейлі мамандарды дайындау секторына инвестицияларды арттыруда мемлекет пен бизнес-сектордың әріптестік қатынастарын орнату қажет.

Сонымен жүргізілген талдау барысында ШҚО адам ресурстарының дамуына барлық жағдайлар жасалған, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты десек те, 6-кестеде келтірілген мәселелер әлі де нақты шешімін таппай отыр.

6 кесте – Адам ресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары




Адам ресурстарының тұрақты дамуын тежейтін мәселелер

Адам ресурстарын тұрақты дамуын (АРТД) қамтамасыз ету бағыттары

Мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі

1) АРТД қаржыландырудың кешенді жүйесін қалыптастыру;

2) АРТД қаржыландыруда мақсатты-бағдарламалық (жобалық) әдісті қолдануға көшу.



Адам ресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін құқықтық негіздің әлсіздігі

1) нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге тәуелсіз сарапшыларды, үкіметтік емес сектордың өкілдерін кеңірек тарту, салалық ғылыми сараптамаларды қолдану;

2) адам ресурстарының дамуын негіздейтін жүйелік құқықтық база жасау.



Медициналық қызметтер сапасының төмендігі

1) денсаулық сақтауды басқарудың халықаралық стандарттарға сәйкес тетіктерін қалыптастыру;

2) АР бүкіл өмірлік циклі барысында үздіксіз жүргізілетін «Денсаулық төлқұжаты» құжатын тәжірибеге енгізу;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен түрлері туралы халықты БАҚ арқылы уақтылы хабардар ету;

4) ҚР қолданылатын шетелдік дәрі-дәрмектерге үнемі мониторинг жүргізу (созылмалы аурумен науқас адамдар үнемі, тіпті үздіксіз тұтынатын дәрілік заттардың кенеттен еркін саудада болмай қалу жағдайларын тоқтату).



Жастарды мамандығы бойынша жұмыспен қамтуды жоғарылату

1) ЖОО мен мүмкін болатын жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік әріптестікті нақты келісім шарттармен бекіту;

2) аймақтағы алдағы 5 жылға қажетті маман-кадрлардың құрамы мен санын, экономиканың дамуына сай болжамдау жүргізу;

3) студенттерді аймақ кәсіпорындары мен мекемелерінің тапсырысы бойынша дайындау;

4) бүкіл әлемнің «білім экономикасы» жолына өтуімен байланысты ЖОО бітіруші-түлекке кәсіби біліктілігі құжатымен қатар интеллектуалдық ой-өрісін сипаттайтын арнайы сертификатты қоса беруді тәжірибеге енгізу.



Жұмыс берушілердің адам ресурстарының даму мәселесіне көңіл берілмеуі

1) мемлекет деңгейінде экономиканың қызмет көрсету саласында, жеке меншікте жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға және біліктілігін арттыруға жағдай жасауын ескеретін арнайы ережелер қабылдау;

2) кәсіпорындарда АРТД арналған әлеуметтік-экономикалық ынталандырулар жүйесін еңгізу.



Ескерту – Автор құрастырған.


3 Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жүйесін жетілдіру және оның басым бағыттарын жүзеге асыру тетіктерін ұсыну. Адам ресурстарының дамуын белсенді қаржыландыру тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге материалдық алғышарттарды қалыптастыруға ықпал етеді, себебі адам ресурстары жалпы ішкі өнімді өндірудің негізгі факторы болып табылады. Жалпы ішкі өнім көлемі өз кезегінде аймақ немесе республика деңгейінде адам ресурстарының тұрақты дамуын сипаттайтын бірегей көрсеткіш болып табылады.

Адам ресурстарын дамытуға жұмсалатын қаржылық ресурстардың тиімділігін, олардың аймақтың экономикалық өсуіне келтіретін әсерін және адам ресурстарының тұрақты дамуы мен экономикалық өсу арасындағы байланысты анықтау үшін математикалық статистика әдістерінің бірі – корреляциялық-регрессиялық талдау әдісін қолданамыз. Аталмыш талдауды жүргізу үшін таңдап алынған факторларды бір өлшем бірлігіне келтіреміз. Талдау негізіне келесідей факторлар таңдап алынды: нәтижелік көрсеткіш ретінде – ШҚО бойынша халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі, адам ресурстарының тұрақты дамуына әсер ететін факторлық көрсеткіш ретінде білім беру жүйесін; денсаулық сақтау жүйесін; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруды; тұрғын үй, коммуналдық қызметті; мәдениет, спорт және ақпарат салаларын; көлік және коммуникация салаларын; ауыл, балық, су, орман шаруашылығын және қоршаған ортаны қорғауды; қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қаржыландыруға жұмсалған қаржылық шығындар алынды. Төмендегі 4-суретте ШҚО жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгеру серпіні көрсетілген.

Ескерту – Автор shygysstat.kz ресми сайтының мәліметтері негізінде әзірледі.
4 сурет – ШҚО-ның ЖӨӨ көлемі, мың теңге
Үлгілеуге алынған факторлардың нәтижелік көрсеткішке әсер ету дәрежесін анықтау үшін коррелляцияның көптік коэффицентін қолданамыз. Нәтижесінде алынған көптік коррелляцияның жиынтық коэффиценті R = 0,92, адам ресурстарын дамытушы факторлармен ШҚО ЖӨӨ көлемінің өзгеруі арасында берік байланыстың бар болғанын көрсетеді. Көптік детерминацияның жиынтық коэффиценті аймақтың жалпы өңірлік өнім көлемінің өзгеруі 85% -ға үлгіге қосылған факторлардан, 15 % үлгілеуге қосылмаған факторлардан тәуелді. Регрессия теңдеуі ретінде көптік регрессияның сызықтық теңдеуі алынды (1 формула):
y = b0 + b1 x1 + b2 x2 + …+ bn xn , (1)
мұндағы y – нәтижелік айнымалы,

b0 ,b1, b2,bn – регрессияның эмпирикалық коэффициенттері,

x1, x2, … xn - факторлық айнымалылар.

Нәтижесінде келесі теңдеуді аламыз:


У = –276,24+12,31 x1 – 4,81 x2 – 12,16 x3+42,23 x5+100 x7
Үлгілеу нәтижесінде алынған регрессия теңдеуі бойынша келесі қорытынды жасауға болады: жалпы шығындар сомасы шегінде білім беру саласына кететін шығындар 1%-ға өссе, ЖӨӨ жан басына шаққандағы көлемі 12,31 мың теңгеге өседі; жалпы шығындар сомасы шегінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға кететін шығындар 1%-ға өссе, ЖӨӨ көлемі 12,16 мың теңгеге төмендейді; жалпы шығындар сомасы шегінде ауыл, балық, су, орман шаруашылығына және қоршаған ортаны қорғауға шығындар 1%-ға өссе, ЖӨӨ көлемі 42,23 мың теңгеге өседі, жалпы шығындар сомасы шегінде денсаулық сақтауға шығындар 1%-ға өссе, ЖӨӨ көлемі 4, 81 мың теңгеге төмендейді, жалпы шығындар сомасы шегінде мәдениет, спорт және ақпаратқа кететін шығындар 1%-ға өссе, жалпы аймақтық ЖӨӨ көлемі 100 мың теңгеге өседі.

Регрессия теңдеуінің статистикалық маңыздылығы жөніндегі гипотеза расталған жағдайда, аталмыш үлгінің болжамдауға қолдануға мүмкін болады. Фишер критерийінің талдау нәтижесінде алынған мәні 6,57, яғни бұл нормативтік шекті мәннен (4,95) әлде қайда жоғары, сондықтан берілген үлгі статистикалық тұрғыдан маңызды әрі сенімді болып табылады және болжам жасауға қолданылуы әбден мүмкін деген қорытынды жасауға болады. 7 кестеде ШҚО жалпы аймақтық өнім көлемінің өзгерісін болжау нәтижелері көрсетілген.


7 кесте – Жалпы өңірлік өнімінің жан басына шаққандағы құнының өзгеруін регресиялық талдау негізінде болжау


Жыл-дар

Жан басына шаққан-дағы ЖӨӨ

Білім беруге шығын-дар

Денсау-лық сақ-тауға шығындар

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздан-дыруға шығындар

Мәдениет, спорт және ақпаратқа шығындар

Ауыл, балық, су, орман шаруашы-лығына және қоршаған ортаны қорғауға шығындар

2010

615,51

32,19

29,25

1,65

4,63

4,60

2011

663

32,35

30,40

0,39

4,72

4,91

2012

710,48

32,51

31,56

0,88

4,80

5,23

Ескерту – Автор есептеген.

Болжау нәтижесі бойынша зерттеліп отырған көрсеткіштің оң өзгерісі байқалып тұр. Сонымен, алынған регрессия теңдеу мен экономикалық-математикалық есептеулерді негізге алып, Шығыс Қазақстан өңіріндегі адам ресурстарының тұрақты дамуына әсер ететін маңызды факторлардың қатарына экология және қоршаған ортаны қорғау; мәдениет, спорт және туризм салаларын қаржыландыруды қосу негізделді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінетін қаржының тиімсіз пайдаланылуы байқалды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарында адам ресурстарын дамытудың барлық факторларын кешенді сипатта бір орталықтан басқарудың жүйесі қалыптаспаған. Іс жүзінде Еңбек және тұрғындарды әлеметтік қорғау министрлігі, еңбекпен қамту орталығы және басқа да тиісті ведомстволық органдар адам ресурстарын дамытуды әр сала бойынша жасалған бағдарламалар негізінде жүзеге асыруда. Яғни, адам ресурстарының тұрақты дамуын басқаруда кешенділік және нәтижелілік жоқ.

Біздің ойымызша, адам ресурстарының дамуын нәтижелі басқару үшін осы органдардың жұмысында тұжырымдамалы және функционалды теңгерімді табу қажет. Осыған байланысты, қазіргі уақытта бұл іс-әрекетті реттейтін басқарудың барлық буындарының жұмысын үйлестіретін тетік құрастырылмаған деген қорытындыға келуге болады (5 сурет) . Сондықтан аймақ деңгейінде адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі айқын көрінеді.



Ескерту – Автор құрастырған.


5 сурет – ШҚО адам ресурстарының тұрақты дамуын басқарудың

бүгінгі таңда қызмет етудегі құрылымы


Жоғарыда атап өткеніміздей, адам ресурстарының дамуы өте күрделі, жан-жақты үдеріс болғандықтан, оны басқару жүйесі республикалық және жергілікті басшылық, департаменттер (еңбек, білім беру, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, жастар мәселелері, денсаулық сақтау бойынша және т.б.), кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара байланысы мен әріптестігі негізінде қалыптасуы тиіс. 6-суретте мезодеңгейде адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару жүйесінің автормен жетілдірілген ұйымдастырушылық-функционалдық үлгісі келтірілген.

Қоғамдық-саяси

ахуал


Құқықтық жағдай

Басқа жағдайлар

Әлеуметтік-экономикалық жағдай







С Ы Р Т Қ Ы О Р Т А

АЙМАҚ


ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі


Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару

Сыртқы ортамен байланыс




Жергілікті билік органдары


Стратегиялық шешімдер қабылдау






Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару департаменті


Ішкі ортамен байланыс


Мақсатты бағдарламалар әзірлеу






Адам ресурстарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру






Адам ресурстарының жағдайы туралы ақпарат



Мақсатты-бағдарламалар-ды жүзеге асыру

Адам ресурстарын тұрақты дамуын жоспарлау және болжамдау


Жедел басқару шешімдерін қабылдау







Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиелену

Талдау және бағалау






Денсаулықты сақтау, спортпен шұғылдану, мәдени сауаттылығын арттыру






Жалпы және қосымша білім беру мекемелерінде оқыту





Адам ресурстарын пайдалану

Жұмыс орындарымен қамтамасыз ету


Кәсіби білім беру











Статистика

Ескерту – Автор құрастырған.
6 сурет – Аймақтың адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару

жүйесінің ұйымдастырушылық-функционалдық үлгісі


Ұсынылып отырған ұйымдастырушылық – функционалды жүйе аймақтағы адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару үдерісіне қатысатын барлық деңгейлердегі құрылымдардың кешенін құрайды. Ол өзіне адам ресурстарының тұрақты дамуын басқарудың бір бірімен тығыз байланысты екі деңгейін – стратегиялық және жедел басқаруды біріктіреді.

Басқарудың стратегиялық деңгейін адам ресурстарының дамуын басқарудың республикалық және жергілікті билік органдары қамтамасыз етеді. Олар келесідей қызметтер атқарады: жүйенің сыртқы ортасымен байланыс орнатады; республикалық және жергілікті деңгейде кадрлық саясатты белгілейді; адам ресурстарын қалыптастыру және дамыту жөнінде стратегиялық шешімдер, ұзақмерзімді және ортамерзімді мақсатты бағдарламалар, жоспарлар мен жобаларды қабылдайды.

Жедел басқару деңгейінде мемлекеттік, республикалық, аймақтық стратегиялық мақсаттар мен бағдарламаларға сай адам ресурстарын дамыту жөнінде нақты қызметтер атқарылады. Атқарылатын барлық жұмыстардың үйлестірушісі және стратегиялық деңгеймен байланыс орнатушы болып Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару департаменті табылады (7 сурет).

Бұл деңгейдегі негізгі қызметті адам ресурстарын жалпы және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін барлық ұйымдар мен институттар атқарады. Адам ресурстары дамуының әр бір кезеңі бойынша басқаруды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты жинақтап, талдау жүргізеді. Сонымен қатар адам ресурстарының дамуына әсерін тигізетін факторларды зерттеп, талдау негізінде адам ресурстарының даму жағдайын бағалау және болжаудың әдістемелерін жасайды, кәсіпорындардың мәліметтерін жинақтап, талдау арқылы аймақтағы адам ресурстарының қолданылуы жөнінде қорытындылар шығарады. Бұл жүйенің қызмет етуі аймақтағы адам ресурстарының тұрақты дамуына қажетті ұйымдастырушылық құрылымдарды анықтауға, осы саладағы барлық мекемелер мен институттардың ведомствоаралық интеграциясы мен үйлесімін қамтамасыз етуге, адам ресурстарын тұрақты дамыту үшін қажетті әр түрлі салалардың шараларын біріктіруге, адам ресурстарының қолданылуының тиімділігін арттыруға және оларды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Аталған шаралардың орындалуы өзара байланысты, тұтас, үздіксіз үдеріске айналады.

Ұсынылып отырған жүйе адам ресурстарын дамыту мен қалыптастыру бойынша аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың стратегиялық бағытталуы аймақтағы билік органдары іс-әрекеттерінің көп аспектілі екендігін тура көрсетеді. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында адам ресурстарын тұрақты дамытуды басқару жүйесінің барлық субъектілерінің өзара әрекеттерін қамтамасыз ететін, үйлестіруші орталық ретінде танылатын облыс әкімшілігінің құрылымында немесе тікелей оған бағынатын арнайы органның құрылу қажеттілігі негізделеді. Автор ұсынып отырған Адам ресурстарының тұрақты дамуын басқару департаменті (бұдан әрі Департамент) аталмыш жүйенің жүзеге асыру тетігі ғана емес, жүйеге қатысушы субъектілердің құрылымдардың іс-әрекеттерінің мазмұнды және құқықтық үйлесімділігін қамтамасыз ету құралы да болып табылады.

Осы Департамент қызметінің мақсаты, адам ресурстарының даму мәселелерін бағалау, талдау, зерттеу, болжамдау негізінде олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негіз бағдарламалар мен жобалар жасау болады, яғни тәжірибедегі мақсатты-бағдарламалық басқару әдісі. Бұл әдіс мақсат – шаралар – нәтиже қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінде ҚР әлеуметтік-экономикалық даму арнайы қабылданған бағдарламалар аясында қаржыландырылады. Алайда, олар түрлі себептер мен факторлардың әсерінен тиісті нәтижеге жете қоймайды. Басқаруда мақсатты-бағдарламалық әдісті қолданудың құралдарын жетілдірудің маңызды орны бар болғанмен, осы салада бірқатар басқару міндеттерін шешудің деңгейін көтеру өзекті болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет