Сұйық аммиакты жер үстіндегі қоймаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Требования промышленной безопасности для наземных складов жидкого аммиака Астана 2010



бет1/5
Дата19.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#147911
  1   2   3   4   5



Сұйық аммиакты жер үстіндегі қоймаларына

арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

Требования промышленной

безопасности для наземных складов жидкого аммиака

Астана 2010
ӘОЖ 661

ББК 35.20

С 89
Шығаруға жауапты:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Сұйық аммиакты жер үстіндегі қоймаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

«Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК. Астана, 2010. – 110 б.


ISBN 978-601-7224-02-8
Осы Талап Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы негізінде заңнамалық актілер, мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттама талаптарын есепке ала отырып өңделді.

Талап сұйық аммиакты сақтауға арналған қоймаларды жобалаумен, қайта конструкциялаумен және қолданумен айналысатын басшы қызметкерлер мен мамандардың пайдалануына арналған.

УДК 661

ББК35.20


Т 66

Ответственные за выпуск:


Республиканское государственное предприятие «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности» Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Требования промышленной безопасности для наземных складов жидкого аммиака

РГП «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности». Астана, 2010. – 110 с.


ISBN 978-601-7224-02-8
Настоящие Требования разработаны на основании Закона Республики Казахстан «О промышленной безопасности на опасных производственных объектах» с учетом требований законодательных актов, государственных стандартов и иных нормативно-технических документов.

Требования предназначены для использования руководящими работниками и специалистами, занимающимися проектируемыми, реконструируемыми и действующими складами для хранения жидкого аммиака.

©РГП «ННИЦ», 2010
ISBN 978-601-7224-02-8

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «18» қыркүйектегі

№ 172 бұйрығымен

бекітілген



Сұйық аммиактың жер үсті қоймаларына арналған

өнеркәсіптік қауіпсіздік

талаптары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Талаптар сұйық аммиактың жер үсті қоймаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

2. Осы қауіпсіздік Талаптары мына нысандарда:

1) сұйық аммиакты сақтауға арналған жобаланған, қайта салынған және жұмыс істеп тұрған жер үсті қоймаларында;

2) аммиак өндіретін, оны шикізат ретінде немесе қосалқы материал ретінде тауарлық өнім өндіретін, аммиакты өнеркәсіптік мұздатқыш қондығыларда немесе басқа да мақсаттарға қолданатын зауыттық қоймаларда;

3) порт жанындағы қоймалар немесе су тасымал көліктері базасының өткізу қоймаларында;

4) мекеме аумағының сыртында орналасқан және теміржол цистерналарынан сұйық аммиакты қабылдауға арналған, оны резервуар-ыдыстарда сақтап және тұтынушыларға автокөлік цистерналарда тарататын рельс жанындағы қоймаларда;

5) ауылшаруашылық аудандарының аумақтарында орналасқан қоймаларда;

6) аммиакты құбыр арқылы алатын ауылшаруашылық аудандарында орналасқан таратқыш бекеттерде қолданылады.

3. Осы Талаптар Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің 2004 жылғы 8 қыркүйегіндегі № 208 бұйрығы бойынша бекітілген Жарылыс-өрт қауіпті химиялық, мұнай-химиялық, және мұнай өңдеу өндірістеріндегі жарылыс қауіпсіздігінің жалпы Талаптарына қосымша ретінде, аммиак қоймаларын пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, қолданылады.

4. Сұйық аммиак қоймаларының әрқайсысының құрылысына, кеңейтілуіне, қайта құрылуына, уақытша жабылуына және жойылуына жобалық құжаттар дайындалады.

5. Қоймалар үшін, белгіленген тәртіпте:

1) технологиялық регламенттер;

2) өндірістік бақылау туралы нұсқаулықтар;

3) апаттарды жою жоспары дайындалып, бекітіледі.

6. Осы Талаптар баллондағы аммиак сақталатын және адамсыз, автоматты түрде басқарылатын аммиактың жер асты қоймаларына жүрмейді.

2. Сұйық аммиакты сақтау
7. Қоймалардағы сұйық аммиак мына ыдыстарда:

1) қысымы 2,0 МПа болатын резервуар-ыдыстарда (резервуар-ыдыстардағы жұмыс қысымы күн сәулесі радиациясын, жылу және қорғаныс құрылғыларын ескере отырып қабылданады);

2) тұтынушыларға тарату және буланған аммиакты қайтадан ыдысқа қайтару мүмкіндігі бар, артық қысымы 1,0 МПа болатын болатын резервуар-ыдыстарда;

3) буланған аммиакты бөліп алу, сығымдау, суыту және резервуар-ыдысқа қайтару немесе тұтынушыға беру мүмкіндігі (сақтаудың изотермиялық тәсілі) бар жоғарғы қысымдағы изотермиялық резервуар-ыдыстарда сақталады.

8. Резервуар-ыдыстардың толтырылу коэффициенті, сақталатын және қабылданатын аммиактың көрсеткіштері бойынша жобалық құжаттарда анықталады, бірақ аммиакты сақтайтын резервуар-ыдыстың геометриялық көлемінің 0,85 бөлігінен және изотермиялық резервуар-ыдыстың цилиндрлік бөлігінің биіктігінің 0,93 бөлігінен аспауы тиіс.

9. Бір қоймадағы резервуар-ыдыстардың саны мен олардың түрі жоба бойынша анықталады. Аммиакты жоғарғы қысымда сақтау кезінде, оны басқа резервуар-ыдыстарға немесе қосалқы резервуар-ыдыстарға жіберу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Қосалқы резервуар-ыдыстардың сиымдылығы қойманың сиымдылығын анықтау кезінде ескерілмейді.

Жобалық құжаттарда келеңсіз оқиғалар орын алған кезде төгілген аммиакты жинау және төгілулерді болдырмау шаралары қарастырылады.



3. Қойма аумағы
10. Қойма су басып қалмайтын, тұрғындары көп елді мекендерге, балалар бақшасына, мектептерге, ауруханаларға және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға қатысты желдің тұрақты тұратын жағының ығына, ауданның орналасу орнына және аумақтың табиғи шарттарын ескере отырып, жер телімдерінде орналастырылады.

11. Сұйық аммиак қоймасынан азаматтық және өндірістік нысандарға дейінгі ара қашықтық ауадағы аммиак концентрациясын есептеу арқылы және сұйық аммиак қоймаларындағы апат кезінде пайда болатын газды бұлттардың таралуын ескере отырып анықталады (1-қосымша).

12. Сұйық аммиак қоймалары апат кезінде төгілген аммиактан пайда болған газ бұлттардың таралып кетуіне жол бермейтіндей (су бүрку әдісі, бұлттың дисперстік суда еруі) және аммиактың булану жылдамдығын тежегіш (төгілген аммиакты көмірқышқыл, көбікті құрамдармен жабу) жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

13. Сұйық аммиак қоймалары мен қойма аумағының сыртында орналасқан нысандарға дейінгі ара қашықтық осы резервуар-ыдыстың қоршауларының ішкі жоғарғы қырынан (апат кезінде төгілген аммиактың булану шекарасы) горизонталь бойынша анықталады.

14. Өндіріс аумағынан тыс орналасқан қоймалар биіктігі 2 метрден кем емес, отқа жанбайтын қоршаумен, ал өндіріс аумағындағы қоймалар темір тор қоршаулармен қоршалады. Өскіндер өскен аумақтағы қойма қоршауының сыртқы жағы ені 5 метр болатын аударылған жер болуы керек.

15. Сұйық аммиак қоймаларының аумағында, қойма қызметкерлеріне көрініп тұратын жерде, жер бағытын көрсетіп тұратын белгі орнатылады.

16. Қойма аумағында аммиакты қабылдауға, сақтауға және тұтынушыларға жіберу және қойма мен оның қызметкерлерінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін технологиялық процестерге қатысты ғимараттар мен имараттар орналастырылады, соның ішінде:

1) сұйық аммиакты қабылдау және сақтауға арналаған резервуар-ыдыстар;

2) аммиакты-мұздатқыш компрессор қондырғылары және сорғылар;

3) май жинау бекеті;

4) аммиак ерітіндісін дайындайтын қондырғылар және оларды сақтауға арналған резервуар-ыдыстар;

5) буландыру қондырғылары бар пропан немесе табиғи газ қоймалары;

6) сұйық аммиакты буландыру қондырғылары;

7) газ тәрізді аммиак қыздыру қондырғылары;

8) бақылау-өлшеу және автоматтандыру аспаптарының ауаны және қосалқы азотты сығымдау және құрғату қондырғылары;

9) будың қажетті көрсеткіштерін алу үшін редукциялық суыту қондырғылары;

10) бу тамшыларын жинау бекеті;

11) сұйық аммиакты және аммиак ерітіндісін теміржол және автоцистерналарға құю бекеттері;

12) қойманың факелдік қондырғысы;

13) аммиактық баллондарды толтыру қондырғысы және лорды сақтау;

14) азоттық баллондарды толтыру, ауа баллондарының бөлігі;

15) апаттық ыдыс, апаттық су бүркулер, газ сапасын сараптау бөлмесі;

16) су құбыры және ағын су жүйелері;

17) электржүйелері;

18) қойманы басқарудың орталық бекеті;

19) қойма қызметкерлеріне арналған өндірістік, қосалқы, және әкімшілік ғимараттар.

17. Сұйық аммиакты сақтайтын резервуар-ыдыс немесе резервуар-ыдыстардың тобы айнала бүтін қоршаумен (топырақ үйіндісі, темір-бетон қоршау) қоршалады.

Резервуар-ыдыстың қабырғасынан қоршауға дейінгі (ішкі жағының төменгі қырына дейін), ара қашықтық, қоршаулардың биіктігі, резервуар-ыдыстардың араларының ара қашықтығы, ақауы бар резервуар-ыдыстан төгілген сұйық аммиак қоршау сыртына асып төгілмейтіндей, апат кезінде қоршау сыртына төгілген аммиактық аз көлемінің булануын ескере отырып, жобада анықталады.

18. Жеке изотермиялық резервуар-ыдыстардың немесе изотермиялық резервуар-ыдыстардың тобының, болат қаңқалы резервуар-ыдыстардан басқасы, қоршауы, төгілген сұйықтықтың (аммиак немесе су) динамикалық әсеріне сай орындалады.

19. Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстардың қоршауларының биіктігі, апат кезінде төгілген сұйық аммиак көлемінен 0,3 метрден кем емес, бірақ 1 м, ал, изотермиялық резервуар-ыдыстардың қоршаулары - 1,5 м биіктіктен аспауы керек. Топырақ үйінді қоршаулар және ұралардың шеткі жақтары су шайып кетуден сақталуы тиіс. Топырақ үйііндісінің жоғарғы жағының ені 1 метрден кем болмауы тиіс.

20. Резервуар-ыдыстардың қоршауының жобалық деңгейден оның есептелген көлеміне дейінгі ішкі көлемі, резервуар-ыдыстардың астына орластырылған тіреуіш құрылымдарының, өткелдердің және өзара бөліп тұратын қоршаулардың көлемін есепке алмағанда, төмендегідей:

1) бір резервуар-ыдысты оналастырған кезде – оның сыйымдылығынан кем емес көлемде;

2) резервуар-ыдыстардың тобын орналастырған кезде – ең үлкен резервуар-ыдыстың сыйымдылығынан кем емес көлемде анықталады.

21. Әртүрлі резервуар-ыдыстарды бірге орналастырған кезде, олардың араларын бөліп тұратын бүтін бөлгіш қабырға тұрғызуға болады.

Бүтін бөлгіш қабырғаның қажеттілігі мен оның құрылымы қойманың жобасында анықталады.

22. Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстардың сыртқы қоршауларын бір-біріне жанастыруға болады.

23. Резервуар-ыдыстардың қоршаулары арқылы өтетін өткелдерге басқыштар орнатылады. Қоршаудың ішкі жағындағы басқыштардың арасы 80 метрден аспауы, ал олардың саны – екеуден кем болмауы керек.

24. Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстар, оларға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына арналған, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын алаңқайлармен жабдықталады.

25. Қоймаға келетін және оның аумағындағы ғимараттар мен имараттарға баратын және бөлек тұрған резервуар-ыдыстың немесе резервуар-ыдыстың қоршауларының сыртын айнала жүруге болатын, ені 3,5 метрден кем емес көлік жолдары қарастырылады.

Резервуар-ыдыстардың қоршауларына жанай тұрған ғимараттар мен ашық қондырғылар жағынан, резервуар-ыдыстардың қоршауларынан кемі 39 метр аралықта айнала көлік жолы қарастырылады.

26. Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстардың қоршауларының ішкі жағында төгілген сұйық аммиак және жауын-шашын жиналатын арықша қарастырылады. Жиналған сұйықтықтар сыртқа шығарылады.

Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстардың қоршауларының аумағы арықша жағына қарай енкіш болып салынады.

Аз көлемде төгілген сұйық аммиактың аумаққа жайылуын болдырмау үшін, шар тәрізді изотермиялық резервуар-ыдыстардың аумағы, қоршау қабырғасынан резервуар-ыдыс орнатылған іргетасқа қарай енкіш болып жобаланады. Іргетастың айналасынан сұйықтық жиналатын орынға дейін арықша жүргізіледі.

Резервуар-ыдыстардың іргетасының үстіңгі бет жағы аумақ енкіштігінен 10-15 см биігірек болып, арықшаға қарай енкіш болуы керек.

27. Қоршау айналасындағы топырақ нығыздалады. Қоршаудың ішкі жағы бетонмен немесе бетон тақталармен қабатталады. Ауылшаруашылындағы қоймалардың табаны шөп өскіндерімен рұқсат етіледі, өскен шөптер дер кезінде шабылып, қойма аумағынан шығарылады.

Резервуар-ыдыстардың қоршауларының ішкі жағының табанына майда қиыршық тас, домалақ тастар, тесіктері бар материалдар төсеуге болмайды.

28. Резервуар-ыдыстардың қоршауларынан және құю-құйып алу бекеттерінен қойма аумағында орналасқан ғимараттар мен имараттарға дейінгі ара қашықтық жобада анықталады.

29. Факель құбырының биіктігі және одан горизонталь бойынша қойма аумағында орналасқан ғимараттар мен имараттарға дейінгі ара қашықтық жобада анықталады.

30. Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстарға қатысы жоқ құбыр желілерін, кабельдерді сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстардың қоршалған аумақтары арқылы жүргізуге болмайды.

31. Құю-құйып алу эстакадалары теміржолдың тегіс бөлігінде орналастырылады. Құю-құйып алу құрылғылары және эстакадалары теміржолдың бір жақ бетіне орналастырылады.

32. Құю-құйып алу құрылғыларын қатар орналасқан теміржолдардың арасына орналастыру рұқсат етіледі. Бұл кезде цистерналарға бағытталған екі жақты келте құбыры бар құю-құйып алу құрылғылары орнатылып, құю-құйып алу теміржолдарының арасы ең кемі 6 м болуы керек. Параллель орналасқан құю-құйып алу құрылғыларының арасында өрт және санитарлық көліктердің еркін өтуіне арналған жолақ қарастырылады.

33. Құю-құйып алу теміржолдарының саны мен ұзындығы жоба боынша анықталады.

Құю-құйып алу құрылғыларын келте теміржолдарда орналастыруға рұқсат етіледі. Екі және одан да көп құю-құйып алу құрылғылары орнатылған теміржолдардың ұзындығы, құю-құйып алу алаңқайының шекарасына дейін ең кемі 20 метрге ұзартылады.

34. Құю-құйып алу эстакадаларында цистерналардың келте құбырларына баратын басқыштар мен алаңшалар қарастырылады. Эстакададағы өткелдердің ені ең кемі 0,8 м.

Баспалдақтар эстакадалар жанына, аралары ұзына бойы 80 метрден аспайтындай болуы керек.

Құю-құйып алу эстакадаларының алаңқайларының едендері қатты материалдан төселеді.

35. Қойма аумағындағы ғимараттардың өртке беріктігі II дәрежеден төмен болмауы тиіс.

Қойма имараттары (этажеркалар, қызмет көрсету алаңқайлары, құю-құйып алу эстакадаларының, шар тәрізді резервуар-ыдыстардың тіреуіштері, жабындары) отқа жанбайтын материалдан қарастырылады, олардың отқа төзімділігі ең кемі 0,25 сағат.

36. Ғимараттардың есіктері мен ашылатын терезелерін, апаттық душ есіктерінен басқасын, аммиак құйылған резервуар-ыдыстар жағынан шығаруға болмайды. Қойманың ғимараттарының сыртқы есіктерінің орнына өздігінен жабылатын есіктер қарастырылады.

37. Төменгі температуралы аммиактың құрылыс құрылғыларына және оның табанына ұзақ уақыт әсер ететін жерлерінде, бұл құрылыстық құрылғылар мен топырақтың отырмауы үшін жобада шаралар қарастырылады.

38. Сұйық аммиак сорғыларын құбыр желісі эстакадаларының астына орналастыруға болады.

4. Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстар
39. Резервуар-ыдыстарға арналған жалпы талаптар:

1) сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстардың құрылғылары, төлқұжатта дайындаушы-ұйым белгілеген қызмет мерзімі біткенше, сенімді және қауіпсіз пайдалануды, ішіндегі сұйықтықтың толық төгілуін, тазалануын, шайылуын, үрленуін, толық қаралуын, техникалық куәландырылуын және жөнделуін қамтамасыз етеді.

Техникалық куәландырылу тәртібі, көлемі және мерзімі технологиялық регламентпен анықталады;

2) қауіпті өндірістік нысандарда пайдаланылатын резервуар-ыдыстар, ғылым мен техниканың жаңалықтарын, өндірістік қауіпсіздік талаптарына сай дайындалған жобаға сәйкес тиісті техникалық құралдары мен білікті мамандары бар ұйымдарда дайындалады;

3) резервуар-ыдысқа арналған жобалық құжаттарда мыналар көрсетіледі:

резервуар-ыдыстың дайындалуына және сынақтан өтуіне арналған талаптар;

резервуар-ыдыстың қаңқасының металын тексеру, сыртқы, ішкі ақаулардың жоқтығы және оның химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерінің металдың осы маркасының талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;

4) болаттың маркасы және және оның сапасына қойылатын талаптар, резервуар-ыдыстың дайындалу және пайдалану шарттарын, тиісті стандарттар талаптарын ескере отырып жобалаушы ұйым анықтайды. Резервуар-ыдыстардың түбін, қабырғасын дайынауңға пайдаланатын жалпақ болаттарды қабыршақтанбауға тексеру керек.

-70°C температуасы кезінде болатты соққылық созылуға тексеру жұмыстарын дайындаушы-ұйым мына жағдайларда жүргізеді:

егер болат ең суық бес күндікте ауаның температурасы - 41°C-дан төмен болатын аудандарда орналастырылатын резервуар-ыдыстарға арналған болса;

егер резервуар жанында тұрған резервуар-ыдыстың апатқа ұшырауына байланысты, оның қоршауынан асып төгілген сұйық аммиактан салқындатылатын болса;

Басқа жағдайларда, болат маркасын және сынақ шарттарын таңдауға арналған есептелген температура жобамен анықталады;

5) резервуар-ыдыстардың пісіріп қосылған тігістері 100 % бақылауға жатады. Пісіріліп қосылған қосылыстардың сапасын анықтау резервуар-ыдыстарды дайындауға арналған нормативтік техникалық құжаттар талаптарына сай жүргізіледі.

40. Шекті ішкі қысымда жұмыс істейтін резервуар-ыдыстарға қойылатын талаптар:

1) резервуар-ыдыстардың құрылымы және оларды орналастыру тәртібі оларды жобалау және дайындауға арналған нормативтік техникалық құжаттар талаптарына сай жүргізіледі;

2) шекті ішкі қысымда жұмыс істейтін резервуар-ыдыстардың құрылымының пісіріп қосылған бөлшектерінің қалдық кернеуін төмендетуге арналған термиялық өңдеу түрлері мен көлемі жобада анықталады;

3) резервуарлардың ішкі жағында немесе сыртқы жағында орналастырылған жылытқыш құрылғылар, сыйымдылығы 50 тонна болатын резервуар-ыдыстарда қолданылады.

Ішкі жылытқыш құрылғыларда жылытқыш ретінде отқа жанбайтын және коррозиялық әсері жоқ заттар қолданылады.

Жылытқыш құрылғылардың құрылымы, ішіндегі жылытқыш заттың толық төгілуін қамтамасыз етуі тиіс. Ішкі жағында орналастырылған жылытқыш құрылғылардың келте құбырлары резервуар-ыдыстың түп жағында орналастырылады;

4) сұйық аммиакты босатуға, шаюға, жууға және бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикаға келте құбырлар резервуар-ыдыстың түп жағында, ал қалғандары жоғарғы жағына орналастырылады;

5) қақпақтарды тек қана резервуар-ыдыстың жоғарғы жағына орналастырады. Шар тәрізді резервуар-ыдыстардың төменгі жағына қақпақтарды орналастыру тиісті жобалық шешім қабылданған кезде рұқсат етіледі;

6) пайдалану кезінде, мезгіл сайын, гидравликалық сынаққа дейін және одан кейін және оған сұйық аммиак құю алдында, шар тәрізді резервуар-ыдыстардың қаңқасын куәландырып, сыртқы орам қабатының жағдайын («Сыртқы жылу орам» тарауы), іргетастарының отыру мөлшерін және өлшемдерін бақылап тұру керек.

41. Изотермиялық резервуар-ыдыстарға қойылатын талаптар:

1) изотермиялық резервуар-ыдыстар химиялық құрамына, механикалық қасиеттеріне және сапасына жоғары талаптар қойылатын жалпақ болаттан, дайындаушы-ұйымның салалық стандарттарына сәйкес дайындалады;

2) расчетная температура при выборе марки стали для изотермиялық резервуар-ыдыстарға арналған болат маркасын таңдау кезіндегі есептелген температура келесі талаптарға сай қабылданады:

егер резервуар-ыдыс, ең суық бес күндікте ауаның температурасы - 34°C-дан төмен болатын аудандардағы жеке қоршауда (топырақ үйіндісі, қабырға) орналастырылған болса;

егер бірнеше резервуар-ыдыстар бір қоршауда орналасқан болса: резервуар-ыдыстың қабатының төменгі жағына, жақын тұрған резервуар-ыдыстан апат кезінде төгілген сұйық аммиак тиген кезде температурасы - 67°С-дан аспаса, ал қалған төгілген аммиак тимеген жеріне, жеке қоршауда тұрған резервуар-ыдыстағыдай.

Резервуар-ыдыстардың төгілген амиактардан қорғалмаған тіреуіштерінің болат маркасын таңдаған кезде, есептелген температура, олардың – 67°C дейін салқындауын есепке алады;

3) ең суық бес күндікте ауаның температурасы - 41°C-дан төмен болатын аудандарда орналастырылатын жалғыз қабатты тік резервуар-ыдыстарды және екі қабатты тік резервуар-ыдыстардың ішкі қабатын және стакандарын дайындайтын болатты, резервуар-ыдыстардың төгілген амиактардан салқындауын есепке ала отырып, дайындаушы-ұйым -70°C-та соққылық созылуға тексеру жұмыстарын жүргізеді;

4) изотермиялық резервуарлардың есептелген қысымы жұмыс қысымынан 25 % жоғары болып, бірақ 9806 Па кем болмауы керек. Жалғыз қабатты изотермиялық резервуар-ыдыстардың қабат аралық есептелген қысымы 490,3 Па-дан кем қабылданбауы керек;

5) изотермиялық резервуар-ыдыстар 490,3 Па кем болмайтын вакуумға, ең жоғарғы және ең төменгі барометриялық қысымға, жел күшінің әсеріне есептеледі;

6) изотермиялық резервуар-ыдыстардың түптері мен қақпақтарын дайындау және оларды пісіріп жалғау тәсілдері жобада анықталады;

7) резервуар-ыдыстың сыртқы қабаты, қабырғалардың арасына жылу ұстағыш материалды (перлит) салуға арналған қақпақпен, температурасы – 40°C, қысымы 98,06 - 196,1 Па болатын құрғақ азот беруге және перлитті кептіру мен резервуар-ыдысты пайдалану кезінде сараптамалық үлгілер алуға арналған келте құбырлармен жабдықталады;

8) аммиак шамадан тыс буға айналған кезде, резервуар-ыдысты салқындату үшін бүріккіш құрылмен жабдықталады, өз ретінде бүріккіш құрылғы сұйық аммиакты құюға да қолданылады;

9) изотермиялық резервуар-ыдыстардың жоғарғы түптері мен қапталдағы қабырғалары қақпақтармен жабдықталады. Олардың саны мен түрлері жобада анықталады;

10) екі қабатты қабырғалы резервуар-ыдыстардың келте құбырлары компенсатор-реттегіштермен жабдықталады;

11) изотермиялық резервуар-ыдысқа дайындаушы-ұйым төлқұжат толтырады;

12) изотермиялық резервуар-ыдыс белгіленген тәртіпте тіркеуден өтіп, оның техникалық жағдайына және мерзімімен техникалық куәландыру жұмыстарынан өтуіне жауапты тұлға тағайындалады;

13) сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстардың (метал құрылғыларын, жылу орамдарын, іргетасын қоса есептегенде) техникалық жағдайын бағалау, нормативтік құжаттарға сәйкес және жобада анықталады;

14) резервуар-ыдыстардың іргетасының отыруының мөлшері мен өлшемдері, резервуар-ыдыстарды гидравликалық сынақтан өткізгенге дейін, оған сұйық аммиак құяр алдында және пайдалану кезінде мезгіл-мезгіл анықталып отырылады.

Изотермиялық резервуар-ыдыстардың іргетасының отыруын өлшеу, оның іргетасы немесе тіреуіштерінің абсолюттік деңгейлерінде нивелерлеу арқылы жүргізіледі.

Бақылау жұмыстары жер асты суларының көтерілуі кезінде және ең жоғарғы салмақ күштері кезінде жүргізіледі;

15) изотермиялық резервуар-ыдыстарды тұрақты жұмыс істейтін, акустикалық эмиссия тәсілін пайдаланатын техникалық саралау және шұғыл бақылау құралдарымен жабдықтаған кезде, келесі техникалық куәландыру мерзімі резервуар-ыдыстың нақты техникалыс жағдайына байланысты, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізетін аттестацияланған ұйымның қорытындысы негізінде жүргізіледі.

42. Сейсмикалық белсенді аумақта орналастырылатын резервуар-ыдыстар, қосымша сейсмикалық күштердің әсеріне есептеледі. Тік цилиндрлік резервуар-ыдыстар сұйық аммиактың толқуын басатын құрылғылармен (қалтқылармен) жабдықталады.



5. Құбыр желілері және оның тетіктері
43. Сұйық аммиакқа арналған құбыр желілері мен оның тетіктеріне, құрылымдарына, материалдарына және пайдалануына қойылатын техникалық талаптар нормативтік-техникалық құжаттар сәйкес жобамен анықталады.

44. Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстар құбыр желілерінен арасына бақылаушы вентиль орнатылған екі бекіткіш құрылғымен ажыратылады.

Сиымдылығы 100 т және одан жоғары шар тәрізді, изотермиялық және горизонталь резервуар-ыдыстарда орнатылған тетіктер қашықтықтан және қолмен басқару жүйелерімен жабдықталады.

45. Сұйық аммиакты резервуар-ыдыстарға беру және олардан құйып алуға арналған құбыр желілеріне, құбыр желісі зақымданған кезде резервуар-ыдыстан сұйық аммиактың ағып кетпеуі үшін, қорғау құрылғыларын (бөліп тастағыштар, жылдам клапандар, кері клапандар, электрлі бекіткіштер) орнатылады.

Қорғағыш құрылғылар аммиакты резервуар-ыдысқа құятын құбыр джелісінде - резервуар-ыдыс пен бекіткіш тетік арасына, ал резервуар-ыдыстан тарататын құбыр желісінде бекіткіш тетіктен соң орнатылады.

46. Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстармен жалғанған құбыр желілерін, резервуар-ыдыс қоршауының биіктігінен төмен жүргізбеу керек.

Құбыр желілерін резервуар-ыдыстардың қоршауы арқылы жүргізу құрылғылары, сұйық аммиактың қоршалған аумақтың сыртына төгілуіне жол бермейді.

47. Құбыр желілерінің фланецтік нығыздалуының құрылымы жобада анықталады.

Құбыр желілерінің резервуар-ыдыс қабырғаларымен жалғанған жерлеріндегі резервуар-ыдыстың отыруы кезінде пайда болатын кернеуді азайту үшін құбыр желілерінің өзара реттелуін немесе арнайы реттегіштер қарастырады. Құбыр желілерін резервуар-ыдысқа жалғау жұмыстары, резервуар ыдысты гидравликалық сынақтан өткізген соң жүргізіледі.

48. Изотермиялық резервуар-ыдыстардың аммиак айдайтын құбыр желілері мен үрлегіш құбыр желілерінің компенсатор реттегіштері олардың-34°C дейін салқындауын немесе ең суық бескүндіктің температурасына, егер ол - 34°C төмен болса, ескеріліп таңдалып алынады.

49. Эстакадада аммиак құбыр желілері қышқылдардың және басқа да зиянды сұйықтықтарды айдайтын құбыр желілерінің үстіңгі жағынан жүргізіледі.

50. Сұйық немесе газ түріндегі аммиакты айдайтын құбыр желілері болат тетіктер мен үлгілер қолданылады.

Құрыштан жасалған бекіткіш-реттегіш тетіктерді, мыстан, цинктен және олардың қоспаларынан жасалған тетіктер мен бөлшекді пайдалануға болмайды.

51. Аммиак құйылған резервуар-ыдыстар сақтандырғыш клапандармен жабдықталады.

Резервуар-ыдыстардағы сақтандырғыш клапандардың саны, олардың өлшемдері және сипаттамалары жобада анықталады.

Жұмыс істеп тұрған сақтандырғыш клапандармен қатар қосалқы сақтандырғыш клапандар да орнатылады.

Қосалқы сақтандырғыш клапандардың сипаттамасы жұмыс істеп тұрған сақтандырғыш клапандардың сипаттамасымен бірегей болуы керек.

Сақтандырғыш клапандарды тобымен орнатқан кезде, әр топтағы клапандар саны бірдей болуы тиіс.

Білікті-салмақты сақтандырғыш клапандарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Изотермиялық резервуар-ыдыстарда алюминий қоспаларынан жасалған сақтандырғыш және вакуумды клапандарды орнатуға рұқсат етіледі.

Егер сақтандырғыш клапандар азоттың қосалқы ыдысында (газгольдерде) немесе сыртқы қабатты қосалқы ыдыспен жалғастыратын құбыр желісінде орнатылған болса, онда изотермиялық резервуар-ыдыстардың сыртқы қабатында сақтандырғыш клапандарды қарастырмауға рұқсат етіледі.

52. Әрбір сақтандырғыш клапандарда, қосалқы клапан іске қосылмай жұмыс істеп тұрған сақтандырғыш клапанды өшірмейтіндей, ауыстырып қосатын құрылғылар қарастырылған.

53. Сұйық және газтүріндегі аммиактар шығатын коллекторлар бөлек-бөлек қондырылады.

Сақтандырғыш клапандардың әрбір коллекторларының өткізу қабілеті сақтандырғыш клапандардан бір мезгілде шыққан аммиакты сығып үлгіретіндей етіп есептеледі.

54. Сақтандырғыш клапандарды орнынан шешіп алып, тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізу, көрсеткіштерін дәлдеп және реттеу екі жылда бір рет жүргізіледі.

55. Изотермиялық резервуар-ыдыстар, көрсеткіші 490,3 Па-ға жеткен вакуумды басу үшін, вакуумдық клапандармен жабдықталады.

Вакуумдық және сақтандырғыш клапандарды орнату және мезгілімен тексеру, қысымда жұмыс істейтін резервуар-ыдыстардың құрылымына және қауіпсіз пайдалануына қойылатын талаптарға сай жүргізіледі.

56. Цистерналарға құю (құйып алу) жұмыстарын жүргізу үшін эстакадалар айналмалы-білікті құю-құйып алу қондырғыларымен (стендерлермен) жабдықталған.

Құю-құйып алу операцияларын орындау үшін металжеңді жұмсақ құбырлар қолданылады. 2,0 МПа қысымға шыдамды, аммиакқа шыдамды резеңке немесе резеңкеметаллды жұмсақ құбырлады қолдануға да болады. Жобада негізделген жағдайларда ішкі диаметрі 38 мм болатын текстилді жұмсақ құбыр қолданылады.

57. Құбыр желілерінің жұмсақ құбырмен жалғанған жерлерінде автоматты түрдегі бөліп тастағыш құрылғылар: шұғыл клапан немесе цистернаға құятын құбыр желісінде бөліп тастағыш және кері клапан немесе цистернадан төгетін құбыр желісінде бөліп тастағыш орнатылады.

Бөліп тастағыш құрылғы мен жұмсақ құрылғы аралығындағы құбыр желісіне, жұмсақ құбырдағы қысымды жою жүйесіндегі коллекторға жіберетін, бекіткіші бар келте құбыр орнатылады.

58. Сұйық аммиакты теміржол цистерналарында тасымалдауды ұйымдастыру және құю-құйып алу операциялары сұйық аммиакты тасымалдауға арналған теміржол ваго-цистерналарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

59. Дайындық және қосалқы операцияларды (резервуар-ыдыстарды толтыру, жабдықтар мен құбыр желілерін үрлеу) орындау екі жағында бекіткіш орнатылған алмалы-салмалы келте құбырды шешу арқылы жүргізіледі. Құбыр желісін пайдаланып болған соң, алмалы-салмалы келте құбыр алынып, оның орнына тығын бекітіліп, ол туралы тығындарды тіркеу кітабына жазып қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет