Дүние жүзіндегі ең ірі кристалл — Бразилиядан табылған кварц, онын салмағы 40 тоннадай. Бұл сияқты ірі кристалдар, әрине, өте сирек кездеседі. Кристалдар көбінесе майда болады; олардық кепшілігін тек микроскоп арқылы ғана көруге болады. - Дүние жүзіндегі ең ірі кристалл — Бразилиядан табылған кварц, онын салмағы 40 тоннадай. Бұл сияқты ірі кристалдар, әрине, өте сирек кездеседі. Кристалдар көбінесе майда болады; олардық кепшілігін тек микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Кристалдардың жақтары теп-тегіс жазықтардан тұрады. Оны ешкім қайраған да, өңдеген де жоқ. Олар сол қалпында жаратылыс жағдайында табиғи түзілген.
Кристалдың айналасын қоршаған жазықтар оның жағы деп аталады. Сол жазық жақтардың өз ара түйіскен түзу сызықтары — кристалдың қыры, ал қырлардын, түйіскен жері кристалдың бұрышы деп аталады. Кристалдың сыртқы формасындағы осы үш мүшесі өз ара мына түрде байланысады (Эйлер заңы):
ж+б = қ + 2, мұндағы ж — кристалл жағының саны, б — бұрышының саны, қ — қырының саны.
Мысалы, кубтың 6 жағы, 8 бұрышы, 12 қыры бар. Демек, 6+8=12+2=14. Осы ереже бойынша кристалдың жағын, бұрышын, қырын есептеуге болады.
Кристалдар (гр. krys-tallos – алғашқы мағынасы мұз) – атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдар қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады.
Белгілі бір термодинамикалық жағдайда (қысым, температура) кристалдық күйде болатын заттың нақты, тек өзіне тән кристалдық атомдық құрылымы болады. Бұл құрылым атомдардың орналасуына байланысты кристалдардың сыртқы симметриясын және олардың анизотропиялық қасиеттерін бейнелейді.
Табиғатта және техникада кездесетін қатты материалдардың көпшілігі – поликристалдар. Олар ретсіз орналасқан ұсақ кристалдан (кристалиттер) құралады. Бұған көптеген минералдар, металдар мен қорытпалар жатады. Кристалдың жеке ірі түрі монокристалл деп аталады. Табиғатта салмағы жүздеген кг-ға жететін кварц, дала шпаты, флюорит кристалымен қатар мөлшері өте ұсақ алмас кристалы да кездеседі. Молекула-кинетикалық теориядағы термодинамикалық тепе-теңдік жағдайда өсірілген кристалдың пішіні белгілі бір симметриялы, дұрыс көпжақ түрінде болады. Олардың жақтары жазық болып келеді де, қырлары түзу сызық бойымен тұрақты бұрыш жасай қиылысады, яғни кристалдану кезінде кристалдың жақтары өзіне-өзі параллель жылжиды. Бұл заңдылық кристаллографияда бұрыштардың тұрақтылық заңы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |