Сүлейменов П. М., саяси. ғ. к, доцент



Дата09.06.2016
өлшемі173.63 Kb.
#123914
Сүлейменов П.М., саяси. ғ. к, доцент

Абдихапарова Г.А.,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Қазақ ағартушыларының философиясындағы этика

мәселесі.
Көңілі дархан, қайсар да қайратты қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлғалар өз еңбектерімен, зерттеулерімен, сонымен қатар, ой-толғаныстарының кең ауқымды болуымен халқымыздың өзіне тән өнеге мен тәрбиеге толы болмысын аша білді. Әрі сол дәстүрді жалғастыра отырып, келер ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Бұл тұрғыда ағартушылардың төккен тері мол болды. Соқтықпалы жолдармен жүрседе кейде сары уайымға толы кезеңдерден өтсе де мойымады. Жан жақтан бұлқына соққан дауылдарға төтеп бере алды. Бұл қиындықтарға төзуге бір ғана себеп болды. Ол ата тегімізден келе жатқан үкілеген үміт еді. Халықтың мұңын тындап әлауқатын көтеруді көздеген ағартушыларымыз қоғамдағы этикалық мәселелерге көп көңіл бөлген. Әсіресе, ата салтымыз бен өз идеалогиямызды ары қарай дамытуды, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы таза келешегі кемел ел болуды басты мақсат етті. Этиканың басты категориялары адамгершілік, өнеге, тәрбие, қоғамдағы адамдардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін құндылықтарды сақтау мен әрі оларға бағынудың маңыздылығын сөзсіз түсінді.

Адамгершілік тәрбие дегеніміз – оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықатйтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.

Адамгершілікке тәрбиелеу әр уақытта, әр қоғамда болып келген. Кешегі кеңестік дәуірде адамгершілік тәрбие дұрыс болған жоқ деп айта алмаймыз. Адамгершілік кейбір бағыттар замана өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Себебі тәрбие-қоғамдық құбылыс.

Адамгершілікті мемлекет қайраткерлері, ғалым ұстаздар, көсемдер, небір жақсылар уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы, сезімді, саналықты, инабаттылықты, салауаттылықты, адалдықты, шындылықты, тағы басқаны насихаттаған. Адамгершілікті тәрбие біртұтас оқу-тәрбие процесінің негізі болып табылады. Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Мораль, этика, өнеге адамгершіліктің күретамыры болып табылады. Сондықтан да біз адамгершілік тәрбиені осылардан бастағанды жөн деп отырамыз.

Мораль (латыншасы маралис, қазақшасы-әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізгіліктілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып тағы басқа) бейнелейтін қоғамдық сананның бір түрі.

Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмірсүру ережелерінің, адамдардың мінез құлықтары нормаларының жиынтығы.

Моральдің сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір топтың, әлеуметтік, топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр түрлі көз қарас болағандықтан, мүдделер де қарама-қайшы болады, әр түрлі моральдар қатар өмір сүреді[1].

Бүгінгі жағдайда бұрынғы кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерді. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында – еңбекте, тұрмысты, саясатта, ғылымда, отбасында, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты.



Этика – бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі.

Этика (грекшесі, қазақшасы-әдет, мінез-құлық) – мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүруі салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі[2]. Этика нормативті этика (этикалық норма) және мораль теориясы кіреді.

Этикалық норма-адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ережелер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. «Этикалық норма – ешкімнің жарлығымен немесе үкімет шешімімен болмайды, дәстүр, қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс. Этикалық норма жалпы адамзаттық, таптық сипатта болады. Бұл қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу кезеңде ескі этикалық норма жаңа этикалық нормамен күреске түседі»[3].

Этикалық норма және мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен тәжрибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма ен мораль теориясының негізіндегі моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетлил, белсенді мораль болып бөлінеді.

Кеңес дәуірінде ұжымдық мораль бірінші орында болатын. Қазір бірінші орында белсенді, қаракетшіл мораль. Ол жеке адамды еңбектегі және күнделікті тірліктегі іс-әрекетімен белгіленеді. «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар», деген қағида осыдан шыққан. Қаракетшіл моральдың екі жағы бар: өзім үшін, ұжым үшін. Әрбір өнегелі азамат қоғам өміріне қайшы жағымсыз құбылыстармен (мансапқорлық, алдау, сөзінде тұрмау, кертартпалық, нысапсыздық, әділетсіздік т.б.) тікелей күресіп, жағымсыз қылықтарға тосқауыл қоюы керек.



Гуманистік мораль  шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап уағыздайды. Ұжымдық мораль. Моральдың бұл түрі бүгінгі кішігірім ұйым, қоғам, серіктестік, жеке қожалық т.б. кездеседі. Шынайы ұжымдық моральдің ұраны «У жесең де руыңмен же», немесе «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін». Мұндай принцип өзімшілдікпен, менмендікпен, пайдакүнемдікпен сыйыспайды, жалпы халықтық, ұжымдық мүдделерді ұштастырады. Әр қоғамда бүкіл адам баласына тән ұзақ уақыт өзгермейтін моральдық этикалық нормалар бар.

Бұл халықтың ұлттық әдеп-ғұрыптары, қалыптасқан дәстүрлер. Осылар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастарға үлкен әсер етеді, ықпал жасайды. Мораль адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау, сөзде тұрмау, жауыздыққа бару т.б. Мораль – қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың арақатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Немесе біз оны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.

Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегілілік сана, өнегілілік идеал деп бөлінеді. «Өнегелі немесе адамгершілікті сана-адамның қарым-қатынасынан, оның эмоционалдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. өнегелілік баланың жас күнінен бастап, ата-ананың үлгісінен басталып ағайын-туыстың, жора-жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады.

Өнеге-адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы» [4]. өнегелік сезімнен, ұяттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұяты бара адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашан да өнегелі болуға тырысады. Ондай адамның өнегелі идеалы (мұраты, мақсаты) болады. Сол идеалға жетуге тырысады, жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа адамда жігер, ерік болуы керек. Сол ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім арқылы) білуі керек. Өнегесіздікке, жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін сезім, ар, ұят, ерік, жігерден басқа өнегелі дағды керек. Өнегелілікке дағдылану керек. Сонымен бірінше сұрақ бойынша қорытынды.

Адамгершілік тәрбиенің күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді баланың жас кезінен бастап санасына құя беру керек. Бірақ мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытысында түсіндіріп отрығаны жөн.

Адамгершілік тәрбие дегеніміз – оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.

Адамгершілік тәрбие әр уақытта, әр қоғамда болып келген. Кешегі кеңестік дәуірде адамгершілік тәрбие дұрыс болған жоқ деп айта алмаймыз. Адамгершілік кейбір бағыттар замана өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Себебі тәрбие – қоғамдық құбылыс.

Адамгершілікті мемлекет қайраткерлері, ғалым ұстаздар, көсемдер, небір жақсылар уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы сезімді, саналылықты, инабаттылықты, адалдықты, шыншылдықты тағы басқалар насихаттаған. Адамгершілік тәрбие біртұтас оқу-тәрбие процесінің негізі болып табылады. Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегелілік сана өнегелілік идеал деп бөлінеді.

Адамгершілік тәрбиенің күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді ббаланың жас кезінен бастап санасына құя беру керек. Бірақ мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытында түсіндіріп отырғаны жөн.

Адамгершілік тәрбиенің негізіг отбасынан басталып, балабақша, бастауыш сыныпта өзінің жалғасын тауып, жоғары сыныптарда күрделене береді. «Адамгершілік тәрбиесі – тәлім – тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, қоғам тағы басқа жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас балалардың адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әәсерлі өлең, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалы қатынас жағдайында әдепке адамгершілік әдеп – дағдылары қалыптасады. Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси әлеуметтік саналылығын (гуманизм, ұлтжандылық, отан сүйгіштік) этикалық талғамын ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар жүргізілді[5].

Адамгершілік тәрбиенің мақсаты жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі. Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиеден басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін, илтипаттылығын, жауапкершілігін қалыптастырады.

Әр қоғамда, өмірде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, топаралық, халықаралық қатынастарды мораль адамның сана сезімін реттейді, қалыптастырады. Мораль принциптері барлық адамдарға тарайды, олардың өзара-қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына байланысты олардың өзгеруін талап етеді. Адамгершілік тәрбиеге тән міндеттері бар. Олар:

-Шәкірттерді өмір талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындаауға қатыстыру;

-Шәкірттердің адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;

-Шәкірттердің санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;

-Республикаға, оның Президентіне, Әнұранына, рәміздеріне шәкірттердің сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді іске асыру оңай емес. Ол үшін тәрбие шаралары ұтымды болуы керек, балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн, объектіге – шәкіртке ықпал етушылер бірауызды болғаны керек. Адамгершілік тәрбиенің мазмұны тәрбие бағдарламаларында, соның ішінде «Атамекенде» де бар.

Бастауыш сыныпта оқушылардың адамгершілік, достық, жолдастық. Қазақстан туралы ұғымдары қалыптасады, кеңиді. Ұстаздарды, үлкендерді, туыстарды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбекетуге, ізеттілік нормасын сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, түсінуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі, жанұядағы қоғамдық орындардағы мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі.

Осы сыныптың оқушылары оқу-тәрбие процесінде өздерінің дербес және қоғамдық мінез-құлқы туралы адамгершілік тәрбиенің мазмұнын кеңейтеді.

Жас жеткіншектер 5-9 сынып оқушылары өздерін ересектер қатарына санап өз бетімен тіршілік етемін деп мөлдір қиялға да кетеді. Сондықтан олар өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен қарамайды, қате түсініктер жібереді.

Олар еріктік қасиеттер жөнінде дұрыс түсінбейді. Шешімділік пен шапшаңдықты, табандылық пен қайсарлықты, желөкпелік пен батылдықты шатыстыра береді. Бұл жастағы шәкірттердің адамгершілік дамуына ұйымшылдық, тәртіптілік, инициативтік, қамқорлық, құндылық тағы басқа қасиеттер әсер етеді. Жасөспірімдер немесе 10-11 сынып оқушылары ғылымға, мамандық таңдауға ынталары өседі. Олар әділеттік, борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс тағы басқа моральдық категорияларға ерекше көңіл бөледі.

Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Бұл жастағыларға ерік берген жөн. Әрине бүгінгі жағдайда мұның бәрін дұрыс орындауға болады деуге де қиын. Бірақ ізеттілік, ұстамдылық сияқты әдеттерді қалыптастыру қажет.

Ол өлең өрнегі және философия, сонымен қоса, адамның ішкі психологиясын бірлестіре отыра, қазақ поэзиясына жаңаша мазмұн мен түр әкелді. Адамның «ішкі әлемінің» күрделілігін, құндылығын, ішкі сапа мәселелерін алға қойды. Адам мінезіндегі сан түрлі қайшылықтарды жеңуді, оған сыртқы ортаның әсерін, онымен қарым-қатынаста бола тұра, адам «ішкі әлемін» өзін-өзі игеруі керек деген идеяны ұсынды. Шәкәрімнің адам жайындағы түсінігі және оны көркемдеп суреттеу тәсілдері қазақ поэзиясына және философиясына маңызды өзгерістер әкелді. Жалпы «адамтануда», «құдайтануда» «ішкі әлем» жөнінде айтқан ойлары тек қана әдебиет пен философияның ғана сыбағасына тиетін үлес емес, сонымен қоса, ұлттық санаға ұлттың дамуына әсер ететін дәрежедегі идеялар еді. [3, 52]

Адамның дамуы, оның ішкі жан дүниесінің жандануына, жаңаруына байланысты болса керек. Философия мен әдебиетте «ішкі жан дүние» көбінесе этикалық, адамгершілік құбылыстар ретінде зерттеледі. Адам баласының ерекше табиғаты оның адамгершілік сапасына қатысты деп есептеледі.Ал Шәкәрім былай дейді: «Мейіріміділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінінң басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруына сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер де бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы, зорлық алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рақымсыздық, қанішерлік, тағы тағылар. Бұлай болғанда осы жаман әдеттерден құтылудың айласын іздеу керек.

Ол өлең өрнегі және философия, сонымен қоса, адамның ішкі психологиясын бірлестіре отыра, қазақ поэзиясына жаңаша мазмұн мен түр әкелді. Адамның «ішкі әлемінің» күрделілігін, құндылығын, ішкі сапа мәселелерін алға қойды. Адам мінезіндегі сан түрлі қайшылықтарды жеңуді, оған сыртқы ортаның әсерін, онымен қарым-қатынаста бола тұра, адам «ішкі әлемін» өзін-өзі игеруі керек деген идеяны ұсынды. Шәкәрімнің адам жайындағы түсінігі және оны көркемдеп суреттеу тәсілдері қазақ поэзиясына және философиясына маңызды өзгерістер әкелді. Жалпы «адамтануда», «құдайтануда» «ішкі әлем» жөнінде айтқан ойлары тек қана әдебиет пен философияның ғана сыбағасына тиетін үлес емес, сонымен қоса, ұлттық санаға ұлттың дамуына әсер ететін дәрежедегі идеялар еді. [3, 52]Адамның дамуы, оның ішкі жан дүниесінің жандануына, жаңаруына байланысты болса керек. Философия мен әдебиетте «ішкі жан дүние» көбінесе этикалық, адамгершілік құбылыстар ретінде зерттеледі. Адам баласының ерекше табиғаты оның адамгершілік сапасына қатысты деп есептеледі.Ал Шәкәрім былай дейді: «Мейіріміділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінінң басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруына сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер де бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы, зорлық алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рақымсыздық, қанішерлік, тағы тағылар. Бұлай болғанда осы жаман әдеттерден құтылудың айласын іздеу керек.

Иә, Шәкәрім күн тәртібіне адам санасын арттырудың, оған қандай мінез-құлықтың әсері және қандай адами құндылықтарды дамыту керек деген мәселелерді қойды. Жалпы, Шәкәрім сыртқы ортаның, әлеуметтік жағдайдың адамға ықпалын, әсерін анық байқап, сол ортаны, қоғамды, әлеуметтік өмірді өзгерту жағдайына, рухани қажеттіліктің әсерін мойындайды.

Сондықтан ол:

Тәтті сөз бен түзу ой,

Тағдыр сыйы емес пе?-

деп толғайды да, оған қоса:

Таза ақылды адамның

Таппасы жоқ, бұл өмірде,

Осыныңды ұқ балам!

деп философиялық түйін түйеді.

Қорыта айтқанда, Шәкәрім шығармашылығының бір иірімі, жаратушы мен адам, махаббат, адамшылық, адами қасиеттер мен құндылықтар, адамның жеке дамуының көрінісі деген ойларда жатыр.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың (1845-1904) философиялық -әлеуметтік ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық көзқарастың ең озық үлгісі болды.

Абай дүниенің объективтік заңдылғын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде ол: «Дүние үлкен көл, заман – соққан жел. Алдыңғы толқын-ағалар, артқы толықн-інілер, кезекпенен өілінер, баяғыдай көрінер», «Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды», - деп тұжырымдайды. Абайды адам, оның тәні мен жаны, жаратылысы туралы проблема қатты ойландырған. Қырық үшінші сөзінде: «Тән азығы ішіп-жеу болмаса, ол өсіп қуаттанбайды, ал адамның жан азығы – білуге құмарлығы. Бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көзге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білу, іздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу көкірекке сәуле, көңілге сенім береді», - деп түйеді.

Адам атаулы жаратылысында бірдей болып туады деп қарайды Абай. Өзін өзгеден артық санайтындарға сөгіп: «Менімен се тең бе деп мақтанасың, білімсіздік белгісі ол баяғы», дейді. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп үйретеді.

Абай қазақ қоғамының болмысына үңіле қараған. Қоғам мүшелерінің адамгершілік мінез-құлқына талдау жасап, оның кейбір формаларын да ұсынады: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз. Өсек, өтірік, маншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – бес асыл іс көнсеңіз» - деп, жоғары адамгершілік принциптеге шақырады. Бұл –Абайдың адамдық бағдарламасының бес принципі. [1, 8]

Елдің жақсы – жаман болуының тетігі оның ынтымақ – берекесіне байланысты. «Берекелі болса ел – жақсы жайлау, ол бір көл» - дейді ақын. Ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар – еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді ақын. Ол адамдарды игілікті еңбек етіп, өнер, ғылым тауып, өз тіршілігін оңалтып, рахат көруге насихаттайды, халықты өнер, ғылым жолына шақырады. «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба», дүние бір алып құбылыс. Оған әрбір адам өз үлесін қосу керек. «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан, сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» дедйі.

Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» - деп үйретеді. «Әуелі –надандық, екіншісі еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білесің. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік – хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық – бәрі осыдан келіп шығады.

«Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінді», деп ғылымға, білімге шақырып, оған жат нәрселерден бойын аулақ ұстау керектігін айтады.

Еңбек,ғылым, адамгершілік – бәрі де жер жүзіндегі данышпан ұлы адамдардың көңіл бөлген мәселелері болды. Абай да қазақ даласынан осыларға үн қосып, ұран тастады. Жастардың адам болуы үшін ең алдымен еңбек етуі. Ғылымға қолы жетуі де, әлеумет өміріне пайдалы жұмыс істеу де еңбекпен байланысты деген қорытынды шығарды. «Сегіз аяқ» өлеңінде:

Болмашы кекшіл,

Болсайшы көпшіл.

Жан аямай кәсіп қыл!, -

деп адамның адамшылдығы өз басында емес, көпті сүйген адал жүрегінде, еңбек етуде десе, екінші бір жерінде:

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім... –

деп жұртты өнер, ғылымға шақырады. Сөйтіп, надандыққа қарсы ғылымды, ала ауыздыққа қарсы бірлікті жалқаулыққа қарсы еңбекті, пәлеқорлық пен жауыздыққа қарсы адамгершілікті қояды да, алдыңғылары елді аздыратын қылық соңғылары халықтың көсегесін көгертетін, игілікті іс деген қорытынды жасайды.

Абай жастардың алдында тұрған зор міндет – ғылым, қайткен күнде де, ғылымға қол созу керек деп, көп өлеңдерінде –ақ ғылымды жыр етеді:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба!

Ойнап босқа күлуге...

немесе:


Ғылым болмай немене

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз. –

деп ақын адамның ең қымбатты кезінің – жастық шақтың – оқуға, ғылымға жұмсалуын талап етеді.. Ойын сауықты кейін қоч тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден ғалымдардан үлгі ал дейді.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, -

деп, өзінің жас кезінде оқи алмай қалғанын арман етеді. «Жастар, Менің мұнымнан үлгі алма, жастық шақты бос өткізбей, оқуға, ғылым алуға жұмса» дегенді айтады. Ол кезде байлардың балаларын оқытқандағы мақсаты: шен алу, патша өкіметіне қызмет ету болса, Абай ғылым алуды, ғылымды ер керегіне жұмсауды мақсат етеді. Абайдың бұл мақсаты, әсіресе «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінен айқын көрінеді. Ғылымның оңайлықпен қолға түспеітінін, адам өз білімін еш уақытта көпсінбей, өзіне-өзі сын көзімен қарау керектігін ескертеді. Сөйтіп, оқу-білім алу – мәдениетті болуға жұмсалса, сонда ғана нәтиже шығады деген қорытындыға келеді.

М. Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талабы-тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарынын тәрбиесінде көлеңкелі,

Қаршадайынан ел деп, халқым деп қайғы жеп азап пен тозақтың бәрін бастан кешіріп, ақыры қаратүнек надандықтың құрбаны болған аяулы ағартушыларымыз жүріп өткен жолды қалайша жайбарақат әңгімелей аласың! Сол бір бәйге басын тіккен есіл ерлердің шер мен сырға толы еңбек жолы жаныңды қалай күйзелпесін.



Ағарту философиясы ұлттық рухты қалыптастыруға, ұлттық мұраны сақтауға ден қойды. Ағартушыларымыз адамтану арқылы Қазақтану мәселелерін тарихпен, тағдырмен тамырлатты, Қазақтану тағлым –тәжірибесін рухани қазынаға айналдырды. Қазақ рухы ұлт қамында, жұрт намысында ширады. Ақиқатқа ұмтылды. Ол ұлттық таныммен тамырды бекіте түсті. Ұлтымыздың дүниетанымы ұлағатты ұғымдарда: имандылық пен инабаттылықта, достық пен татулықта, бостандық пен бірлікте жаңғырды. Қазақты адам ретінде, ұлт ретінде титықтатқан екі жұт болды. Олар – үстемдік үдеткен отарлаушылық пен ішкі кереғарлық пен рухани дағдарыс. Ағартушыларымыз оларға қарамай күресе білді. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше күрескен осынау ұлы тұлғалардың аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталатыны сөзсіз.

Қазақ Философиясы[2] – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің  қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын.

Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. 

Қазақ философиясы туралы зерттеулер нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік жылдарда аңғарыла бастады, бірақ толық мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының тарихы мен оның мәселелері туралы жүйелі ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат, доктор диссертациялар қорғалды, арнайы ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде әрі өркениеттік негізде зерттеу егемен елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының басты арнасының біріне айналып келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. A.Касымжанов, K.Нарыбаев, K.Саденов, T.Садыков. «Қазақ» A.,1991

  2. Жақан Молдабеков, «Қазақ осы – мың өліп, мың тірілген» A.,1998

  3. Бақытжамал Канарбаева. «Жырымен жұртын оятқан» // «Aнa тілі»,A., 1998//

  4. Б.Қойшыбаев «Зауал» A., 1991.

  5. Ш.Р.Eлеукенов. «Maғжaн Жұмабаев».// «Білім», A., 1990//

  6. Д.O.Kұсайынов, K.Ш.Шүлембаев «Сaясaт» желтоқсан A., 1997. 78-89

  7. Құралай Ашкеева. «Сөз өнерінің атасы» //№ 4. Aқиқат. A., 2003//

  8. Салтанат Ізтілеуова «Maғжaн үні» № 9 . 2003. Aқиқат.

  9. Н.Канафияұлы. «Ұлы дала және Шоқан. //Саясат. № 4.A.,1997//

  10. Халықаралық құқық және халықаралық бизнес жөніндегі «Дәнекер» институты., “Заңгер этикасы”(оқулық) 2-ші басылым, A.,2000ж.

  11. Габитов Т.Х. және Е.Б. Жатқанбаев. “Сауда этикасы” Анкара, Иепа, 1997

  12. Профессиональная этика сотрудников правоохранительных органов. М.,1998

  13. Букреев В.И. Римская И.Н. “Этика Права” М.,1998





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет