Сүлейменова Қымбат Қасымқызы Алматы агломерациясы: этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы



бет1/3
Дата19.06.2016
өлшемі491.55 Kb.
#147897
түріДиссертация
  1   2   3


ӘОЖ 94+622.788.36+325.1] (574) Қолжазба құқығында

Сүлейменова Қымбат Қасымқызы

Алматы агломерациясы: этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен динамикасы

(1991-2007 ж.ж.)

07.00.02 - Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның тарихи демографиясы және қазіргі әлеуметтік процестер бөлімінде орындалды.




Ғылыми жетекші:

тарих ғылымдарының докторы

Ғали Ә.



Ресми оппоненттер:

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Омарбеков Т.О.







тарих ғылымдарының кандидаты

Ақынжанов М.А.









Жетекші ұйым:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

Диссертация 2009 жылы « 30 » сәуір күні сағат 14-30 – да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050100, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады.

Автореферат 2009 жылы « » наурызда таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізіп, еңсесін көтерген шақта бүкіл Еуразия аумағына, тіпті ғаламға танылып, беделі артып, дамып келеді. Егемен мемлекет дамудың жаңа сатысына көтеріліп, толғаулы, түйінді, маңызды мәселелерді шешуді стратегиялық мақсаттарға сәйкес кезегімен күн тәртібіне қоюда. Сондай кемелді проблемалардың ішіндегі негізгілерінің бірі - тәуелсіз Отанымыздың тарихын тану. Тәуелсіз дамудың тарихи кезеңдерін біліп қана қоймай, сонымен қатар оның бүгінгі тыныс-тіршілігін, рухани-адамгершілік құндылықтарын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрлі игі істердің жалғасын көрсету. Осындай құндылықтар арқылы тарихымыздың мән-мағынасын түсіну.

Еліміздің терең тамырлы тарихында Алматы қаласының орны ерекше. Өзінің пайда болып, қалыптасу тарихында қазақ елінің астанасы ретінде мәртебеге ие болған Алматы ірі мегаполис қана емес, қаржы орталығы түрінде бірнеше бағытта дамып келе жатқан республикадағы ең үлкен қала. Қазіргі кезеңде Алматы өз дамуының даңғылына түскен. Елбасының елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы туралы сөз қозғағанда Алматыны айналып өтпейтіні де өзінен-өзі түсінікті. Өйткені Алматы елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінде басты рөл атқарады.

Әсіресе оның әлемдік инвестициялық компаниялар мен қорлардың, қаржы институттарының, сондай-ақ Алматы аймақтық қаржы орталығының қызметін бақылау жөніндегі орны ерекше.

Алматы мен оның маңы қалалық агломерация ретіндегі мәні жаһандағы агломерацияларға пара-пар. Қалалық агломерация өзіндік сипатқа ие болып, республиканың өзге аймақтарынан дараланып отыр. Агломерацияның ішінде соған сәйкес процестер жүреді. Сол үрдістерді оқып-үйрену, зерттеу отандық тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінде қалалық агломерацияның пайда болу тарихын, оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайын, демографиялық ахуалын және этникалық құрамын, ондағы миграциялық, маятниктік процестерді, олардың себеп-салдарын, тарихи мәнін білудің ғылыми-тәжірибелік маңызы зор. Алматы агломерациясының даму тарихын талдау, оның болашағын болжауға әлеуметтік, шаруашылық түйіткілдерді шешуге мүмкіндік береді. Ең бастысы осы уақытқа дейін тек экономикалық география ғылымы тұрғысында үстірт айтылып келген мәселені тарихи таным тұрғысында зерттеуге ғылыми негіз қалыптастырады.

Қала агломерациясы - (латын сөзінен aggqlomero – қосамын) - мәдени, транспорттық байланыстары және өндірісі жоғары дамыған күрделі көпқұрамды динамикалық жүйесіне біріктірілген, негізінен қалалық тұрғын орындарымен қалыптасқан халықтық тұрғын орындарының жиынтығы [1 ].

Еліміздің әлеуметтік-демографиялық тарихында Алматы агломерациясының орны ерекше. Мемлекеттің саяси әкімшілік орталығы Астана қаласына көшірілгенімен, Алматы қаласы қаржы орталығы деген мәртебеге ие болды.

Қалада еліміздің бүкіл банктерінің 70 пайызы орналасқан, сонымен қатар 30 пайызға жуық сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары бар. АҚШ пен Еуропа елдерінің 20 банк өкілдіктері де осы қалада орналасқан, қаржылық операциялар жоғары деңгейлерде жүргізіледі. Мемлекеттің несие рыногының 80 пайызы оңтүстік астанада шоғырланған. Және де Алматы қаласы жалпы мемлекеттің салық түсімдерінің қомақты бөлігін қамтамасыз етеді. Бірақ Алматы қаласынан ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын қала сыртына шығару саясатын жалғастыру қажет, себебі мегаполистің жанындағы елді мекендер де қарқынды дамуы керек. Ол үшін ірі қала жанындағы жақын орналасқан аудандарда өндірістік зоналарды құру әдістерін жетілдіру қажет. Егер де демограф Әзімбай Ғалидің ұсынған тұжырымы бойынша, ауылды жерлерде түбінде халықтың небәрі 3-4% жеткілікті десек, олардың үстіне 10-15% өндеуші салаларда ғана жұмыс істейтін болса, сонда ғана оптималды қала-ауыл қатынасы орнайды. Қазақтың басым көпшілігі қалалы жерлерде тұрақтанып қалуы ықтимал [2].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша республикалық кеңестегі қорытынды сөзінде: «Қала мен ауыл арасындағы қарым-қатынаста жіктелу айқын көрінді. Мұнда жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте алшақтық үнемі ұлғая түсуде. Біз ауылдағы жұмыс күшінің көптеп босауына, ауыл тұрғындарының қалаға көшудің ұлғайып, урбанизация процестерінің дамуына әзір болуға және ауыл мен қаланың арасындағы өмір сапасы деңгейіндегі үлкен айырмашылықты қысқартуға тиіспіз. Өйтпесек, біз өз мақсатымызға - бәсекеге қабілетті болуға қол жеткізе алмаймыз» [3]. Сол үшін аймақтағы демографиялық үрдістерді, олардың даму ерекшеліктерін зерттеудің маңызы зор, өйткені Алматы агломерациясы тұтастай Қазақстан Республикасы тәрізді полиэтникалы, поликонфессиялы сипатта.

Алматы агломерациясының тәуелсіздік кезеңіндегі жай-күйін қарастыру барысында оның экономикалық және адами ресурстарының, олардың қазіргі кездегі сипатын айқындауға жол ашады. Қала мен оның маңының даму заңдылықтарын, өзіне тән ерекшеліктерін тарихи талдау арқылы түсінуге септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының нысаны. Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы агломерациясының шаруашылық, әлеуметтік, этнодемографиялық, этномиграциялық дамуы болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қала агломерацияларын зерттеу негізінен экономикалық география тұрғысынан жүргізілді. Аталмыш ғылым саласының мамандары оны зерделеуде қомақты тәжірибе жинақтады. Агломерациялық мәселелерді әр қырынан қарастырған ресейлік ғалымдар Н.Н. Баранскийдің, Г.М. Лаппоның, Ф.М. Листенгурттың, Ю.Л. Пивоваровтың, О.С. Пчелинцевтің, Г.Н. Фоминнің, Д.Г. Ходжаевтың, Б.С. Хоревтің және т.б. еңбектері зерттеушілерге кеңінен танымал. Бұл еңбектер агломерациялық, урбандалу проблемаларын зерттеуге мұрындық болады. Мәселен, Г.М. Лаппоның «Развитие городских агломераций в СССР» атты еңбегі қалалық агломерациялардың заманауи кенттену үрдісіндегі орны мен рөлін тануда аса маңызды. Кеңестік кезеңде марксистік-лениндік методология шеңберінде жазылғандығына қарамастан еңбек агломерацияның теориялық негіздерін түсінуге кеңінен мүмкіндік береді. Өйткені іргелі зерттеуде қалалық агломерациялардың дамуына әсер ететін факторлар, қала маңының қалыптасуының алғы шарттары, ірі агломерация және оның серіктес зонасы, т.б. мәселелер шешімін тапқан. Г.М. Лаппоның еңбегі агломерацияның теориялық-методологиялық негіздері көрсететін бірегей зерттеу болып табылады [4].

Біз зерттеп отырған мәселенің мәнін ашуда ресейлік белгілі ғалым Ю.Г. Саушкиннің В.Г. Глушковамен бірлесіп жариялаған еңбегінің «Московская и некоторые другие агломерации городов» деген тарауының мазмұны құнды болып табылады. Авторлар Мәскеу агломерациясының тәуліктік маятниктік миграциясын, қала маңына орналасуын, Мәскеу қаласының облыс елді мекендерінің мәдени-тұрмыстық байланыстарын, мәскеуліктердің қысқа мерзімді демалысқа қала маңына шығуын, агломерация тұрғындарының орналасу тығыздығын, ірі мегаполис маңының экономикалық жағдайын ғаламдағы ірі агломерациялармен салыстыра отырып көрсетеді [5].

Алматы қаласы мен оның айналасындағы маятниктік миграцияның сипаты мен салдарын зерделеуге «Маятниковая миграция сельского населения» атты топтама септігін тигізеді. Жинақ маятниктік миграция деген не, маятниктік мигранттарға кімдер жатады, олардың жас мөлшері, әлеуметтік жағдайы қандай, маятниктік миграция қаланың еңбек ресурстарына қалай әсер етеді, маятниктік миграцияның болашағы қандай деген сауалдарға жауап береді. Сөйтіп, маятниктік миграция туралы толық түсінік беріп, осы мәселе бойынша зерттеушілерге жол сілтейді. Осы тұрғыдан алғанда топтама мәнді болып табылады [6].

Ірі мегаполистер, олардың жай-күйі мен болашағы кез-келген мемлекетті ойландыратын күрделі проблемалардың бірі. Қала ұлғайған сайын күрмеуі қиын мәселелердің қатары көбейетіндігі түсінікті. Сондықтан да ірі қалалар қашан да үкімет назарында болып, жиі тілге тиек етіледі. Осы орайда Б.С. Хоревтің «Проблемы городов» деп аталатын еңбегін атаған жөн. Өйткені зерттеу ірі қалалардың алдында тұратын түйіткілдерді нақ басып көрсетуімен ерекшеленеді [7]. Алматы агломерациясының болашағын болжауда, оның қазіргі кездегі орын алған проблемалардың шешімін табуда бұл еңбек маңызды болып табылады.

Алматы агломерациясы және оның дамуы проблемалары отандық тарих ғылымында зерттелуге тиіс мәселелердің қатарына енетіндіктен аталмыш тақырыпқа қатысты тарихи зерттеулер жоқтың қасы. Дегенмен агломерациядағы тұрғындардың санын, этникалық құрамын, көші-қон мәселелерін зерттеуге М.Х. Асылбеков мен Ә.Б. Ғалидың іргелі еңбегі мұрындық болды. Бұл сүбелі зерттеуде Қазақстан халқының демографиялық даму мәселелері жаңа қырынан қарастырылып, көші-қон үрдістері тарихи демографиялық бағытта көрініс тапқан [8]. Бұдан өзге М.Х. Асылбековтың В.В. Козинамен бірлесіп жариялаған еңбектерінде XX ғасырдың 80-90 жылдарындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер нақты статистикалық мәліметтердің негізінде көрсетілген. Тарихи демографиялық зерттеу тақырыбының жалғасы ретінде М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның «Казахи» (демографические тенденции 80-90-х годов) [9] атты монографиялық зерттеулерінде тәуелсіз Қазақстанның ұлттық құрамын зерттеп, қазақтар санының өзге ұлт өкілдерімен салыстырғандағы үлесіне тоқтала отырып мемлекетте жүргізілген экономикалық өзгерістердің қазақ халқына тигізіп отырған әсеріне тоқталған. Біз зерттеп отырған мәселенің, соның ішінде атап айтар болсақ, Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық және этномиграциялық үрдістерді айқындауда Қ.С. Алдажұманов пен Е.Қ. Алдажұмановтың салиқалы еңбегі өз үлесін қосты [10]. Аталмыш зерттеуде Қазақстандағы қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың депортациялану мәселелері көптеген тың деректер негізінде өз шешімін тапқан. Алматы қаласы мен оның маңында өмір сүріп жатқан неміс, күрд, түрік, корей, т.б. диаспора өкілдерінің осы өңірге келуінің тарихи себептері ашылған. «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы»,-деп аталатын ұжымдық зерттеуде Алматы агломерациясының этнодемографиялық дамуын, түрлі ұлт және конфессия өкілдерінің қала маңына қоныстануын көрсетуге септігін тигізді. Корей, неміс, поляк және т.б. диаспора өкілдерінің ірі мегаполис пен оның төңірегіне шоғырлану себептерін айқындауда бұл еңбектегі деректер қомақты үлес қосты.

Қазақстанға Кеңестік қуғын-сүргін саясатының нәтижесінде жер аударылған Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарына күштеп көшірудің түрлі әдістері, депортация себептері Т. Омарбековтың зерттеулерінде жан-жақты талданып, дәйекті мәліметтермен дәлелденген [11]. Депортацияға ұшырап, Жетісу жерінде тұрақтанып қалған корей ұлты өкілдерінің халық шаруашылығына, өлкенің мәдени дамуына қосқан өзіндік үлестері Г.В. Кан, Г. Хан, Г.Н. Ким және Д. Мен еңбектерінде көрсетілген.

Алматы агломерациясындағы халықтың санын, көші-қон мәселелерді, оралмандардың қоныстануын, т.б. талдауда М.Б. Тәтімовтің еңбектерін басшылыққа алдық. Ғалымның еңбектерінде отандық тарихи демографияның өзекті мәселелері жан-жақты зерттелген. Республикаға танымал ғалым, демограф М. Тәтімов ұлттық урбандалудың демографиялық ахуалға әсерін және оның ұтымды тұстарын қарастырып, арнайы зерттеу жүргізді. Бұл еңбегінде автор республикадағы урбандалу процесін сөз ете отырып, Алматы қаласының әлеуметтік-демографиялық жетістіктеріне тоқталады, оның бірқатар шешімін табуға тиісті мәселелерін атап көрсетеді [12].

Алматы агломерациясындағы тұрғындар динамикасын қарастыруда Т.Ж. Жұмасұлтановтың салиқалы зерттеуі елеулі рөл атқарды . Автор өзінің еңбегінде тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі республика халқының санын, оның әртүрлі аймақтарда қоныстануын көптеген статистикалық мәліметтерді пайдаланып, қорытып, талдай отырып дәйекті түрде баяндаған. М.А. Акынжановтың республикадағы ұлтаралық қатынастардың даму мәселесіне арналған зерттеулерінен Алматы мегаполисіндегі тұрғындардың этникалық динамикасын салыстырмалы түрде көрсетуге пайдаландық [13]. Ғалымдар Н.В. Алексеенко және А.Н. Алексеенконың 1897-1997 ж.ж. аралығындағы еліміздегі демографиялық өзгерістерін зерттеген бірқатар еңбектері Қазақстанның қала халқының демографиялық даму тарихын зерттеуде маңызды болып саналады [14]. Республикадағы халықтардың әлеуметтік-демографиялық даму тарихына арналған бірқатар диссертациялар қорғалды. Атап айтқанда, Н.З. Тәкіжбаеваның «Изменение социальной и национальной структуры сельского населения Казахстана (1946-1992 г.г.)», С. Айымбетовтың «1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістер», Қ.К Қожаханованың «Қазақстанға жер аударған халықтар және олардың Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі (1946-1960 жылдар)», А.И. Құдайбергенованың «Қазақстан халқының әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер (1939-1959 ж.ж.)» атты жұмыстарды атап өтуге болады. А.И. Құдайбергенованың зерттеу жұмысында 1939-1959 ж.ж. аралығындағы республикадағы этнодемографиялық процестер, халықтың жастық, жыныстық, ұлттық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістер тарихы қарастырылған. Зерттеуде қазақ даласындағы көпұлттылықты қалыптастырған көші-қон процестерінің табиғаты ашылған.

Жеке аймақтың этнодемографиялық жағдайы, халық санының өсу динамикасы Қазақстан халқының қалыптасуы мен дамуына тигізетін әсері сөзсіз, сондықтан М.Н. Сдықовтың «Изменения национального и социального состава населения Западного Казахстана (конец XIX в.-1989 г.)» докторлық диссертациясының орны ерекше. Үлкен экономикалық аймақтың даму тарихы мұрағаттық құжаттар мен статистикалық халық санағының материалдары, өзге де демографиялық дәйектер арқылы жан-жақты қаралған. Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мәліметтер беретін Н.В. Алексеенконың еңбектері, О.Д. Табылдиеваның XX ғасырдағы Маңғыстау халқының тарихы, Солтүстік Қазақстан аймағындағы халқының динамикасы туралы Ә.А. Какенованың еңбектерінде талданды. Еліміздің басқа аймақтарына арналған ғылыми зерттеулердің ішінде Г.К. Қадырқұлованың «Население Семиречья в 1867-1926 г.г. (историко-демографические аспекты)» және М.К. Төлекованың «Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 ж.ж.)» атты еңбектерін атап өтуге болады [15]. Зерттеу жұмыстарында Жетісу өңірінің этнодемографиялық жағдайы мұқият қарастырылып, кешенді түрде талданған. Бірақ Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық және миграциялық өзгерістер арнайы зерттеу нысаны болмаған. Осы өңірдің Қазақстандағы өзге аймақтары сияқты әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктері мол. Бұл еліміздегі полиэтникалық, поликонфессиялық аймақтардың бірі болғанын ұмытпауымыз керек. Өңірдің этнодемографиялық жағдайы қоғамның даму кезеңіне қатысты үнемі өзгеріп отырды. Осыған орай халықтың саны, этникалық құрамы, жынысы мен жасы және білім деңгейі қалыпты өзгеріп отырды. Ол саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларына байланысты өзгеріп отырды. Бұл аймақтың этнодемографиялық құрылымына қомақты әсер еткен көп факторлардың бірі - әр түрлі ұлттардың көші-қоны. Жетісу өңірін мекендеген халықтар үнемі қозғалыста болды, яғни халықтың табиғи және механикалық жолмен өсуі тоқтамай, қарқынды жүргізілді. Ол осы жердің табиғи жағдайының ел қоныстануы үшін өте қолайлы болуынан туындайды. Алматы қаласы тұрғындарының этнодемографиялық және этномиграциялық хал-ахуалын айқындауда аталмыш зерттеулер елеулі түрде септеседі.

Осылайша, тақырыптың зерттелу деңгейін талдаудан Алматы агломерациясының әлеуметтік-экономикалық және этнодемографиялық мәселелерінің тарихи тұрғыда зерделенбегені анық байқалады. Осыған орай біз таңдап алған тақырыптың отандық тарихнамада бұрын-соңды зерттелмеген өзекті, жеке талдауды қажет ететін мәселелердің бірінен саналатынын атап көрсетеміз. Сондықтан диссертациялық жұмыс 1991-2007 ж.ж. аралығындағы Алматы агломерациясының тарихи, әлеуметтік-экономикалық және этнодемографиялық, этномиграциялық процестерін зерттеуге арналады.



Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты 1991-2007 жылдар аралығындағы Алматы агломерациясының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуын жан-жақты әрі кешенді зерттеу. Осындай мақсатқа қол жеткізуде мынадай міндеттер қойылады:

- Алматы агломерациясының пайда болуы мен дамуын, маңызын айқындау;

- Агломерация халқының этнодемографиялық дамуы мен миграциялық процестердегі ерекшеліктерін айқындау.

- Қала маңына қоныстанудың этнодемографиялық ерекшеліктерін анықтау;

- Агломерацияның әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;

- Қала мен қала маңындағы этномиграциялық үрдістерді ашу;

- Қарастырылып отырған аумақтағы этнодемографиялық үрдістердің динамикасына оралмандардың әсерін көрсету;

- Агломерациядағы маятниктік миграцияның ерекшеліктері мен оның әлеуметтік – экономикалық процестерге ықпалын қарастыру.



Зерттеу жұмысының деректік негізі. 1989, 1999 ж.ж. халық санақтарының материалдары мен мұрағат құжаттары, статистикалық мәліметтер, мерзімді басылым материалдары құрайды. Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректерді мұрағат құжаттары, статистикалық материалдар және анықтамалар, мерзімді басылым материалдары деп үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік және Алматы облыстық, Алматы қаласының, Қарасай, Іле, Талғар аудандары әкімшіліктерінің ағымдағы мұрағаттарының қорларындағы құжаттар жатады.

Зерттеу тақырыбына қатысты әр түрлі материалдар Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағатының 3 «Областное правление Оренбургскими киргизами Министерства Внутренних дел.», 39 «Воисковое правление Семиреченского казачьего войска.Омского военного округа (1854-1918.) г. Верный, 48 «Верненская городская управа» қорларында жинақталған. Мұрағат құжаттарының басым бөлігін Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағатының 685 «Алматинский областной Совет народных депутатов и его исполнительный комитет 07.10.77-12.02.92, с 12.02.92. Алматинский областной маслихат», 972, 389, 1078 «Алматинский областной маслихат», 350 «Семиреченский областной революционный комитет 1918-1923 гг.», 448-қор «Управление сельского хозяйства исполнительного комитета Алма-Атинского областного Совета депутатов трудящихся. 1932-1996 гг.» қорларындағы және оның Ұзынағаш, Талғар, Қапшағай филиалдарының 193 «Аппарат акима Карасайского района», 210 «Аппарат акима Илийского района», 18 «Талгарская районная администрация» қорларындағы материалдар құрады. Сонымен қатар Алматы қаласының Мемлекеттік Мұрағатының 174 қорында «Алматинский городской совет народных депутатов и его исполнительный комитет. Горсовет и его исполком»., Қарасай, Талғар, Іле ауданы әкімшіліктерінің ағымдағы мұрағаттарында тақырыптың мазмұнын ашуға байланысты көптеген материалдар жинақталған. Бұл құжаттар мен материалдарда Алматы агломерациясының экономикалық жағдайы, әлеуметтік құрылымы, тұрғындарының динамикасы көші-қон үрдістері, миграциялық процестерге қатысқан этникалық топтар, оралмандар, т.б. туралы құнды мәліметтер жазылған. Осы тұрғыдан алғанда агломерацияға кіретін аудан әкімшіліктерінің ағымдағы мұрағаттарындағы құжаттар аса маңызды болып табылды.

Деректердің екінші тобын Қазақстанның статистикалық және демографиялық жинақтар құрады. Бұл жинақтарда Алматы қаласы тұрғындарының саны, табиғи өсімі, көші-қоны жөнінде бірқатар қажетті мәліметтер орын алған. Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында ақпаратты бойына сақтаған статистикалық жинақта агломерацияның шаруашылық жағдайына байланысты деректер алынды. Қалалық агломерацияға кіретін аудандардың 1996-2007 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық паспорты деп аталатын статистикалық топтамалар зерттеу тақырыбы бойынша бағалы дерек көздері болып табылады.

Өзіміз шартты түрде жіктеген деректердің үшінші тобына мерзімді басылым материалдары енді. Солардың ішінде «Жетісу», «Заман жаршысы», «Талғар», «Іле таңы» тәрізді қалалық агломерация аумағындағы аудандардың қоғамдық-саяси газеттері біз зерттеп отырған мәселе төңірегінде бірқатар мәліметтерді жариялап отырған. Бұлардан өзге «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Мегаполис», «Алматы ақшамы», «Вечерняя Алматы» басылымдарының беттерінде бірлі-жарым мақалалар, қажетті мәліметтер көрініс тапқан.

«Ведомости Парламента Республики Казахстан», «Собрание актов Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан» атты құжаттық сипаттағы мерзімді басылымдар да Алматы агломерациясына тарихи талдау жасауға дерек көздері ретіне септігін тигізді.



Зерттеудің территориялық шеңбері. Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендер тобының жүйесін қамтиды. Басты қаласы - Алматы. Алматы агломерациясының территориясына шартты түрде оңтүстігінде Іле Алатауымен, солтүстік-батысында Қаскелең өзенінің сол жағасымен, Сорбұлақ көлі және Қарой үстіртімен, солтүстігінде Қапшағай бөгенінің сол жағасымен шектесетін Алматы қаласы мен Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай аудандарының әкімшілік территориялары кіреді. Алматы агломерациясы шамамен 20, 34 мың шақырым аумақты қамтиды.

Зерттеудің мерзімдік шеңбері. 1991-2007 жылдар аралығын қамтиды, яғни тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі Алматы агломерациясы аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және этнодемографиялық, миграциялық процестер зерттеледі.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негіздері. Тақырыптың мазмұнын ғылыми тұрғыда ашып көрсетуде қалалық агломерацияның теориялық мәселелерін қарастырған еңбектер басшылыққа алынды. Алматы агломерацияның көрсетілген кезеңдегі даму бағыттарын, этнодемографиялық, этномиграциялық үрдістерін айқындауда ғылымның тарихилық, шынайылылық тәрізді жалпы әдістемелік принциптері пайдаланылды. Зерттеуде ғылыми айналымға түскен деректерді талдауда жүйелеу, салыстыру, қорыту, т.б. әдістері қолданылды. Диссертациялық жұмыс тарих ғылымындағы зерттеудің диалектикалық-материалистік, жүйелілік-құрылымдық, салыстырмалы-тарихи, сабақтастық, теория мен тәжірибенің бірлігі, тәрбиелілік талаптарға сәйкес жүргізілді.

Зерттеу жұмысында методологиялық негіз ретінде мәселені өркениеттілік құндылықтар тұрғысынан пайымдау көзделді. Сондай-ақ зерттеудің статистикалық және математикалық-статистикалық әдістері кеңінен қолданылды.



Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Мұрағат құжаттары мен статистикалық, мерзімді басылым материалдары негізінде Алматы агломерациясының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуын зерттеудің тарихи тұрғыда отандық тарих ғылымында тұнғыш рет арнайы диссертациялық деңгейде жүзеге асырылуымен анықталады. Ғылыми жаңалықтың негізі көптеген жаңа деректер, мұрағат материалдары болды. Зерттеуде алынған жаңалықты мына төмендегідей етіп топтауға болады:

  • Алматы агломерациясының даму тарихына қатысты тың мұрағат құжаттары талданып, статистикалық, мерзімді басылым материалдары тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізілді;

  • Алматы агломерациясының қалыптасу және даму тарихы, маңызы және болашағы алғаш рет дербес мәселе ретінде көтеріліп, ғылыми тұрғыда қарастырылды;

  • Қала мен қала маңының әлеуметтік-экономикалық дамуы тың деректер негізінде тарихилық принцип тұрғысында зерттелді;

  • Қалалық агломерацияның этнодемографиялық және этномиграциялық үрдістерінің соңы деректер арқылы дәйектелді.

  • Қала маңына қоныстанудың этнодемографиялық ерекшеліктері ағымдағы мұрағат және статистикалық мәліметтердің көмегімен айқындалды;

  • Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық динамикасына оралмандардың әсері ұлттық көзқарас тұрғысынан сипатталды;

  • Агломерациядағы маятниктік миграцияның ерекшеліктері және оның әлеуметтік-экономикалық процестерге ықпалы салыстырмалы талдаулар негізінде баяндалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет