Сн деген не? Сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – сн)



Дата13.06.2016
өлшемі79.06 Kb.
#131288
СН деген не?

Сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – СН) – сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімдерінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтерді жазуға мүмкіндік беретін, цифрлық символдардың кезектілігі түрінде берілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

СН не үшін қажет?

Сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімдерінде, мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаларға (филиалдар мен өкілеттіктерге) қатысты мәліметтерді сақтау үшін.



СН қай жерге орналастырылады?

Жеке сәйкестендіру нөмірі бар интегралдық шағын схема жеке басты куәландыратын құжаттарда орналастырылады.



ЖСН бар құжаттар:

1) туу туралы куәлік;

2) жеке басын куәландыратын құжаттар:

- Қазақстан Республикасының азаматының төлқұжаты;

- жеке куәлік;

- шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;

- азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаты болмаған жағдайда, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ тұлға үшін тіркеу куәлігі.



БСН бар құжаттар:

1) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – бірлескен жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметін жүргізетін жеке кәсіпкерлер үшін;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалды, өкілеттікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік – резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілеттіктері үшін;

3) филиалды, өкілеттікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік – Қазақстан Республикасында филиалдары мен өкілеттіктері арқылы (тұрақты мекеме құру арқылы) қызметін жүргізетін резидент емес заңды тұлғалар үшін;

4) резидент емес заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігі:

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатындар;

- Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерге иелік етушілер;

- Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және соған тең өкілеттіктері;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 191-бабының 8-тармағына сай оның тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы қызметін жүргізетіндер.

СН қайда қолданылады?

Сәйкестендіру нөмірі:

1) азаматтық хал актілерін тіркегенде;

2) жеке басын куәландыратын құжаттарды бергенде;

3) жылжымайтын, жылжымалы мүлік объектілерін, сондай-ақ жылжымайтын мүліктерге тең өзге де объектілерді мемлекеттік тіркегенде;

4) төлемдер мен ақша аударымдарын жасағанда, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударғанда, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындағанда;

5) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банк шоттарын ашқанда және жүргізгенде;

6) рұқсат беру сипатындағы құжаттарды бергенде;

7) тіркеу сипатындағы құжаттарды бергенде;

8) офицердің жеке басын куәландыратын әскери билетін бергенде;

9) статистикалық есепке алғанда;

10) сыртқы экономикалық қызметті жүргізгенде;

11) сайлаушыларды сайлауда тіркегенде және республикалық референдумдарға қатысқанда;

12) орталық мемлекеттік органдардың және өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерін жүргізгенде;

13) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегенде (қайта тіркегенде) немесе филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркегенде (қайта тіркегенде);

14) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегенде (қайта тіркегенде);

15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген басқа жағдайларда қолданылады.

СН түрлері

Сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде құжаттарда мыналар арнайы қысқарту болып танылады:


  1. ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі үшін.

ЖСН жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін жасалатын бірегей нөмір; төлқұжаттың 32-бетінде немесе жеке куәліктің, тұруға ықтияр хатта, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінде туған күнінің төменгі жағында орналастырылады. Шетел азаматтары үшін жеке тіркеу куәлігі беріледі;

  1. БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі үшін.

БСН – заңды тұлға (филиал және өкілеттік) және жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін жасалатын бірегей нөмір; мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде орналастырылады. Шетелдік компаниялар үшін жеке тіркеу куәлігі беріледі.

ЖСН және БСН құрылымы

Заңды тұлға үшін жасалатын

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі


Жеке тұлға үшін жасалатын

ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі

ХХХХ Х Х ХХХХХ Х

бақылау цифры

тіркеу №

қосымша белгісі

заңды тұлғаның типі

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген жылы мен айы



ХХХХХХ Х ХХХХ Х

бақылау цифры

тіркеу №

жынысы мен туған ғасыры

туған күні


Жеке сәйкестендіру нөмірі 12 цифрдан және төрт бөлімнен тұрады:

1) бірінші бөлімі 6 цифрдан тұрады және жеке тұлғаның туған жылы (соңғы екі цифр), айы, күні көрсетіледі;

2) екінші бөлімі 1 цифрдан тұрады және жеке тұлғаның жынысы мен туған ғасыры көрсетіледі және былайша анықталады:

1 – ХІХ ғасырда туған ер адамдар үшін;

2 – ХІХ ғасырда туған әйелдер үшін;

3 – ХХ ғасырда туған ер адамдар үшін;

4 – ХХ ғасырда туған әйелдер үшін;

5 – ХХІ ғасырда туған ер адамдар үшін;

6 – ХХІ ғасырда туған әйелдер үшін.

Бұдан әрі қажет болған кезде XXI ғасыр аяқталғаннан кейін қолдануға болатын қордағы 7, 8, 9, 0 цифрлары қолданылады, бұл кезде ер адамдар үшін – тақ цифрлар, әйелдер үшін – жұп цифрлар қолданылады;

3) үшінші бөлім – 4 цифрдан тұрады және оған жүйедегі тіркеудің реттік нөмірі кіреді;

4) төртінші бөлім – автоматты түрде анықталатын және бақылау цифры болып табылатын 1 цифрдан тұрады.

4. Өз қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүргізетін жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеген кезде жеке кәсіпкерге берілген ЖСН қолданылады.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі – 12 цифрдан және бес бөлімнен тұрады:

1) бірінші бөлім – 4 цифрдан тұрады және онда заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілеттіктерді немесе бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметін жүргізетін жеке кәсіпкерді (бұдан әрі – ЖК (С) мемлекеттік (есептік) тіркеген немесе қайта тіркеген жылы (соңғы екі цифр) мен айы көрсетіледі;

2) екінші бөлім – 1 цифрдан тұрады және заңды тұлғаның немесе ЖК (С) типін білдіреді.

Заңды тұлғаның немесе ЖК (С) типінің нақты мәні:

4 – резидент заңды тұлғалар үшін;

5 – резидент емес заңды тұлғалар үшін;

6 – ЖК (С) үшін;

3) үшінші бөлім – 1 цифрдан тұрады және қосымша белгі болып табылады және былайша анықталады:

0 – заңды тұлғаның немесе ЖК (С) бас бөлімшесі;

1 – заңды тұлғаның немесе ЖК (С) филиалы;

2 – заңды тұлғаның немесе ЖК (С) өкілеттігі;

3 – бірлескен кәсіпкерліктің негізінде қызметін жүргізетін шаруа (фермерлік) қожалығы;

4) төртінші бөлімі – 5 цифрдан тұрады және оған заңды тұлғаның (филиалдар мен өкілеттіктердің) немесе ЖК (С) тіркеуінің реттік нөмірі кіреді;

5) бесінші бөлімі – автоматты түрде анықталатын және бақылау цифры болып табылатын 1 цифрдан тұрады.

Клиенттерге не істеу керек?

ЖСН жасау және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін жеке тұлғалардың өтініші:


  1. Жеке куәлігінің бет жағында, туған күнінен төменірек, сондай-ақ төлқұжатының 32-бетіндегі машина оқитын мәтінде 12 цифрдан құралған жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетілмеген Қазақстан Республикасының азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН бар жеке куәлікке қайта ресімдеу үшін тұратын орны бойынша аумақтық әділет органдарына хабарласады.

  2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатының бет жағында ЖСН көрсетілмеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің 32-бетіндегі машина оқитын мәтінде 12 цифрдан құралған ЖСН көрсетілмеген шетел азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН бар Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хатқа немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігіне қайта ресімдеу үшін келген орны бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабарласады.


БСН жасау және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілеттіктердің) өтініші:

БСН жасау үшін заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілеттіктер:

1) заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілеттіктер) үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүргізетін резидент емес заңды тұлғалар үшін орналасқан орны бойынша;

2) оның мүлкі сатылған акциялар құнының, қатысу үлесінің немесе заңды тұлға резиденттердің активтерінің елу пайыздан астамын құрайтын резидент-эмитенттің немесе резидент заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша;

3) Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерге иелік ететін резидент еместер үшін салық салынатын объектілердің орналасқан орны және (немесе) тіркелген орны бойынша;

4) резидент емес банктерде ағымдағы шотты ашатын және оларға сәйкестендіру нөмірі жасалмайтын резидент еместер үшін орналасқан орны бойынша

тіркеуші органға хабарласады.

Бизнес сәйкестендіру нөмірін жасау және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін жеке кәсіпкерлердің өтініші

БСН жасау үшін және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүргізетін жеке кәсіпкерліктер бірлескен жеке кәсіпкердің уәкілетті тұлғасының тұратын мекенжайы бойынша тіреуші органға хабарласады.



Қазақстанның аумағында сәйкестендіру нөмірін енгізу «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы №406 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілеттіктердің), сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірлерін жасау және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін өтініш беру ережесімен реттеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет