Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»



бет3/3
Дата12.06.2016
өлшемі177 Kb.
#129828
түріСочинение
1   2   3

Прохоренко Вероника,

Жезказганскийдворец детей и юношества им. Т. Аубакирова
В мире и согласии уже долгое время живёт казахстанский народ и в этом есть огромная заслуга нашей молодой, но сильной и мужественной казахстанской армии, которая в этом 2012 году празднует свой юбилей – 20-летие Вооруженных Сил Республики Казахстан.

Учительница русского языка и литературы и педагоги дополнительного образования не раз рассказывали нам о легендарных героях – защитников Отечества, которые всегда существовали, существуют и будут существовать, как говорил мой отец, что эта почетная миссия – Родину защищать и ее необходимо заслужить. Например, защитниками в казахских народных сказках являются батыры – это настоящее воплощение силы и мужества, такие как, к примеру, Кобланды батыр – герой казахского эпоса «Кобланды», который не просто бесстрашно и смело, боролся с врагами, был великим и могучим воином, при этом очень добрым. Когда я читала об этом ставшем легендой батыре, то мне, почему-то, представлялась такая картина… На красивом коне, с развивающей от ветра гривой, стремительно скачет по красивой, пахнувшей полынью степью, бесстрашный батыр Кобланды, который спешит, на поединок с врагом. Сильный смелый и бесстрашный – для меня он стал настоящим олицетворением мужества и героизма казахского народа. Воспевая героизм и мужество батыров – защитников родного края, родной земли, такие примеры мужества и сегодня, в наши дни, укрепляют чувство долга, чести, а в трудные для Родины моменты, они поднимают людях дух народа, вселяют мужество, воспитывают любовь к Родине, что сохранилось и по сей день.

Учителя и педагоги нам не раз говорили о том, что Казахстанпроделал огромный путь к обретению и становлению своей независимости, то есть свободы, пережив всевозможные трудности в борьбе за право называться самостоятельным независимым государством. Из истории страны можно сделать вывод, что патриотизм ярко проявлялся в периоды борьбы с захватчиками, привлеченными богатствами нашей земли, в суровые годы Великой Отечественной войны, в миротворческих миссиях современности. Как то я услышала и запомнила слова Президента нашей страны Нурсултана Абишевича Назарбаева, он говорил: «Достигнутые нами успехи и ценности, которыми мы дорожим, находятся под надежной защитой казахстанской армии – наследницы лучших боевых традиций армии-победительницы».Продолжать служить во благо народа, быть патриотами своей страны – разве все это не касается нас, сегодняшних мальчишек и девчонок? Я думаю, касаются каждого и, особенно, Вооруженных сил Республики Казахстан, сегодняшних батыров – легендарных героев, кто защищает нас сегодня, сейчас.

И пока я еще являюсь только ученицей шестого класса и могу рассуждать о защитниках Отечества, только по словам взрослых, я твердо знаю одно – знание истории Казахстана, его многонационального народа, истории нашей армии, знание того, как жили, трудились наши предшественники, как отстаивали свою независимость и землю от захватчиков, помогает сохранить память о героях, защищавших древнюю землю Сарыарки, обостряет патриотические чувства, дает верный нравственный ориентир на сегодня и на будущее, а еще, делает нас с вами сильнее духовно. И, наверное, воспитание патриотизма у казахстанской молодежи, должно стать одной из главных задач для таких ребят как мы, для казахстанской молодежи, и, вообще, для всех казахстанцев, не только кому предстоит совершать воинские подвиги, но и для простых, мирных жителей страны…



Серік Айман, 11 класс,

18 Жалпы орта білім беретін мектеп –



мемлекеттік мекемесі
Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады.

Қазыбек би
Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі.

Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының республиканың бүгінгі тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті.

Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесіне талдау жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» - дейді.

Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмің анықтамасы да осынау парасатты ойдан арна тартады.

Сондықтан Қазақстан Республикасының әр азаматы елінің көркеюі мен дамуы үшін қолынан келгенше аянбай еңбек етуі керек. Мен де Отанымның жаңдануына ат салысамын. Себебі мен өз Қазақстанымның патриотымын.

Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азамат еліміздің өркендеуіне өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.



Табулдинова Диана, 7 класс,

25 қазақ қыздар гимназиясы


Бұрынғы дәстүрді, бұрынғы жасалған

ерліктерді білмей, қадірлемей тұрып,

жаңа ерліктерге шақыру бекершілік.

Б. Момышұлы


Адамдар тау сияқты: олардың да асқары мен аласасы, үлкені мен кішісі бар. Таулар адамдар тәрізді: олардың да өз тағдыры мен тарихы бар. Жайбарақат мүлгіген жай таулар мен жалын атқан жанартаулардың айырмашылығы: жанартаулардың жалын атуына Жер-Ананың қозғалысы әсер етсе, адам баласының адамзат бақыты үшін от болып жанып, найзағайдай жарқылдауына, қиын да қасиетті жолға түсуіне, азамат атын биік ұстап өтуіне Ұлы Отан соғысындағы жауывнгерлердің рухы ықпал еткені тарих беттерінен аян. Бұл – бүкіл әлемге өзіндік ауыр қасіреті мен ізін қалдырған тарихтың ұлы сабағы.

...Өтті нөсер,

Тынды айқас

Бір тұңғиық сыр тастап..., - деп ақын Ж. Саин жырлағандай, араға жылдар салып, сол бір отты жылдар алыстаған сайын, бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, оқтардың ысқырығы ғасыр қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ соғыс салған зардап, қанды майдан қасіреті ұмытылар емес. Естеліктерге сүйенсек, сұм соғыс қаншама отбасын азаматынан, абзал аналарды баласынан, жарынан, сәбилерді ғазиз әкелерінен айырған?!

Сұрапыл соғыстың өткелінде, жаңбырдай жауған оқтың ортасында, ызғарлы суық пен қайнаған ыстықтың бауырында жүріп, елін, жерін, келешек ұрпағын сұм жаудан қорғап қалған, «тірескеннің тізесін бүктірген, белдескеннің белін сындырған, жағаласқанның жағасынан алған» ардагер аталар ерлігі әр уақытта да мадақтау мен қошеметтеуге тұрарлық.

Ұлы Дала батыр перзенттерімен мақтана алады.

Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырып, ұлттық батырына айналған айтулы ұлдарының бірі, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, Халық Қаһарманы – Бауыржан Момышұлы. Бауыржан ата бұлтта ойнаған жасындай Мәскеу түбіндегі шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған қолбасшы ретінде танылған.

Атамекен жер үшін,

Қасиетті ел үшін,

Әзиз ана, қарт ата,

Ботакөз сұлу қарындас

Күң, құл болмасын,- деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырды.

Уақыт сынында сынбаған батыр ата қанды соғыс туралы «Қанмен жазылған кітап» атты туындысын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған.

Біз, бейбіт заманда дүние есігін ашқан келешек ұрпақ, өзіміз сияқты гүлдей жайнаған жап-жас қыздар мен ұлдардың жастық өмірлерін Отан үшін отқа салып, барлық қызықтан бас тартқан аға буын ерліктеріне тағзым етеміз. Туған елін қорғау жолындағы баға жетпес батылдықтарына, қайсарлықтарына, батырлықтарына бас иеміз. Олар «туған жерінің түтінінің түзу шығуын» көксеп, қолдарына қару алып сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп, қаншама қиындықты бастарынан кешті. Сонда да елі үшін туған ерлерді ешқандай ауыртпалық алған беттерінен қайтара алмады. Жауды жеңу жолында өз өмірлерін қия отырып, бізге бейбіт өмір сыйлады. Басқа төнген қасіреттен олардың көбі қайтып оралмады да. Ал, қайтып оралғандарының жүректерін соғыс салған сызат, денелеріне тиген оқ табы әлсін-әлсін мазалайды. Аяусыз соғыс отына ұшырағандарының көңілдері жаралы.

Өмір көші өте шығар білінбес,

Жазмыш-тағдыр басын иіп жүгінбес.

Елу жылда – ел жаңа, жүз жыл – қазан,

Ақиқат-тарих қате басып сүрінбес.

Мехнатына сол бір көштің ілесіп,

Адам-пенде өмір сүрер күресіп.

Тірілері өткендерін еске алып,

Сыр сандықтың сырын ашар бірлесіп.


Қазіргі таңда Қазақстан өзінің тәуелсіз мемлекет екенін бүкіл әлемге дәлелдеді. Отанымыздың бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын бұзатын лаңкестерге қарсы күрес, мемлекетке қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Патриоттық сезім адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мұрат болғандықтан, келешек ұрпақ бойына туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, халқының аяулы ұлы Бауыржан Момышұлы атамыздың қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.

Көктемнің шуақты мерекелерінің бірі болып саналатын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Тарих пен тағылымды жүрегінде тербеген жұртшылық майдан төсінде от пен оқ кешкендерді құрметке бөлейді. Біз, бала шақтан жарқын болашаққа қанат қаққан балалар, Даңқ алаңдарында ата-апаларымыздың ерліктеріне бас иіп, «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қойып тағзым етеміз. Өйткені олар бүгінгі таңда бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқан ұрпақтарын қуанышқа бөлеу үшін жандарын қиды. Біз – ғаламат ұрыс кезінде көрсеткен мәңгі есте қалар ерліктерінің арқасында жарқын өмір сүріп отырған ержүрек ата-бабаларымыздың бақытты ұрпағымыз. Отан үшін отқа түскен адамның күймейтініне, рухының өлмейтініне көз жеткізіп өсіп келеміз. «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін», – деп қаһарман ата айтқандай, еліміздің батыр қыздары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспановаларға ұқсап өскіміз келеді.

Жауынгерлік жылдар тарихқа сіңіп кеткенімен, Бауыржан ата сынды көптеген аға-апаларымыздың ерліктері, халқымызды соғыстың от-жалынына ораған күндер ешқашан ұмытылмақ емес.

Уақыт өткен сайын ардагерлер қатары азайып барады. Бүгінде тарих бетінен ойып алар орны бар осынау Ұлы Отан соғысында ерлік танытқан ардагер аталарымыз – бақытты әкелер, ардақты аталар. Олар бүгінгі күні өскелең ұрпағын отансүйгіштікке, патриоттық рухта тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда. Өмірдің сан қырлы соқпағынан өтіп, ер-азаматқа тән қайсарлық көрсеткен аталар өнегесі – жас ұрпаққа үлгі.

Ерліктің ерен тұлғасы болып саналатын Бауыржан ата – ұлтымыздың дара батыры әрі рухани сүйеніші.

Менің қолымда батыр да ақылгөй атаның «Асыл сөз» кітабы. Кітаптың ішінен «Намысты нанға сатпа», «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет», «Өмір үшін өлгенше күрес», «Парыз сезімі, адамгершілік – жеке басыңның, ұлттың, Отанның мақтанышы», «Қан майданда халық үшін, Намыс туын көтердік», «Шындық – ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал», «...Қазіргі жаңа, жас ұрпақ ерлікті, айбындылықты алға апарсын...» тағы басқа серпінді де тағылымды ой ұшқындарымен Бауыржан ата болашаққа жол сілтеп тұрғандай.

Осы сәтте менің сәби жүрегімді мынадай жыр шумақтары тербеді:

Аталарым, бейбіт күнді аңсаған,

Болашаққа бүгінгідей жол салған.

Ұрпағыңның келешегін ойладың,

Сол үшін де қарыздармын мен саған.

Қастерлейміз аға ұрпақ ерлігін,

Мақтан тұтам өр халқымның кеңдігін.

Көк аспандай желбіреген Туым бар,

Бақытты елдің баласымын мен бүгін!

Толеубаев Олжас, 10 класс,

школы-гимназии имени Ы. Алтынсарина, учитель Садуакасова К. Ж.
Патриотизм... Когда он проявляется и в чем суть этого слова? Патриотизм,я думаю, это чувство, которое находится в душе человека. А это воспитание начинается в семье, в школе и продолжается в армии.Как воспитать сильную, духовную личность? Как воспитать уважение к традициям народа, уважение к государственным символам? Это зависит от патриотического воспитания, качества подготовки защитников отечества.Для этого должны быть условия в армии, и конечно же соблюдение воинской дисциплины.

Сейчас молодежь, я думаю, идет служить для того, чтобы получить работу. В последнее время без службы в армии трудно устроиться на работу, потому что требуют наличие военного билета. Но об армии говорят много хорошего и много плохого.Это наверно от того, что в разных регионах разные войска и поэтому порядок и дисциплина неодинаковы. Некоторые не хотят служить. Может быть от того, что в армии есть дедовщина. Некоторые взрослые говорят, что армия раньше была армией, сейчас ее нет. Я думаю, что и в армии есть проблемы и решение их -дело всего общества.

В воспитании казахстанского патриотизма огромную роль играют примеры таких личностей как панфиловец,генерал Бауржан Момышулы и воин-интернационалист Бахытжан Ертаев. Оба являются Народными героями (Халық қаһарманы). В своих произведениях Б.Момышулы дает критическую самооценку и самоанализ поступков.Он сумел сохранить батальон, вывести его из окружения. Это отличает его как человека,умеющего сохранять военную дисциплину. А Бахытжан Ертаев делится своим опытом, передает его молодежи, воспитывая в лушчих традициях.

Наша казахстанская армия всегда с народом.На протяжении 20-ти лет многое переменилось. До того как наша страна приобрела Независимость, наша армия входила всостав Союзных Республик. Молодых воинов отправляли служить во все уголки Союза и зарубеж.Сейчас мыгордимся тем, что у нас своя армия, гордимся, что живем в мирное и счастливое время благодаря надежной защите нашей армии.Наши предшественники отстояли Независимость, не говоря о Великой Отечественной войне. Это подвиги наших отцов и дедов, которые отдали жизни за нас. И мы должны гордиться этим.

Служить в армии-необходимость. Каждый должен служить, должен защищать свою семью. А Родина ведь начинается с семейного очага. Пусть наша армия будет надежно защищать Родину.Армия есть и остается одной из важных составляющих любого государства, которая воспитыват патриотов. Это своего рода проверка личности на зрелость, физическую выносливость.

Чтобы воспитать патриотизм, нужно быть патриотом самому. Он не только должен нести ответственность за судьбу народа,Родины, но и должен быть готовым к ее защите.



Будущих защитников Родины готовят уже в школе.Помимо того, что в школе изучают предмет НВП,проводятся военно-спортивная игра «Жас батыр»,смотр строя военно-патриотических песен, встречи с ветеранами воины,воинами-интернационалистами и участниками декабрьских событий.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет