СөЖ-1 Ертегілік емес прозалық жанрлар Әпсана Орындаған: Сержан Аяжан Топ: 202 Тексерген



бет2/5
Дата02.12.2022
өлшемі40.01 Kb.
#466247
1   2   3   4   5
ертегі

Тарихи-мекендік әпсаналар
Бегімысық әулие туралы тарихи әпсана
Келдібекке өз заманында Бегімысық əулие атанған қожа кітап ашып:
– Саған екі беті толған мең, екі емшегі екі сүйретпедей толық, ал бір аяғы ақсақ қыз кездеседі. Соны əйелдікке ал! Осылай қылсаң, тұқым жұрағатыңнан құтты да туады, сүтті де туады, аруақты, бақытты, ханға бергісіз би де туады, – деген екен. Сондықтан Келдібек жасы қырықтан асқанынша қатын алмай жүріпті, – дейді. Алайда, бұл сөздің растығы шындыққа жанаспайды. Себебі, Шаншар абыз ұлы Келдібек кезінде аузына ел қаратқан шешен болғанымен отыз жасқа дейін үйленбей жүріпті. Өйткені оның түсіне бабасы Бұлбұл кіріп:
– Сен ешбір қызға көзіңді салмайсың, қатын алмайсың, сен алатын қалындықтың сипаты мынадай болады: өңі ақсары, бойы ұзын қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады, соған үйленесің, – дейді. Сол сипатта болған Тоқмейіл есімді анадан атақты Қазыбек би дүниеге келген.
Әпсананың тақырыбы – Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді
Әпсананың идеясы – Басыңа жазылған тағдырдан құтыла алмайсың , отыз жыл тіпті қырық жыл күтсеңде өзіңнің тағдырыңа жазылған адаммен қосылатындығын көрсетеді.
Оқиғаның басталуы – Келдібекке Бегімысық әулиенің ктіп ашуы
Оқиғаның дамуы – Болашақт ағы әйелі жайында айтуы. Егер сол әйелді алатын болсаң тұқым-тұяғың өсіп-өнеді деп өсиет айтады.
Оқиғаның шиеленісуі – Сол әйелді күтіп Келдібек қырық жасына дейін үйленбей жүріпті.
Оқиғаның шарықтау шегі – бұл сөздің шыңдыққа жанаспайтынын ашып айтады.Себебі Шаншар абызда үйленбей жүріпті. Оған кезінде болашақ әйелі жайында айтып,сол үшін оны күтіп жүріп қалған екен.
Оқиғаның шешімі – Тоқмейіл атты анадан Қазыбек би дүниеге келіген
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі – Келдібек, Бегімысық ,Тоқмейіл , Шаншар абыз ,Бұлбұл ,Қазыбек
Қазақ шежірелері сақтаған ауызекі əңгімелерде Бегімысық əулие жайында аңыздар көп. Соның тағы бір нұсқасы мынадай:
Ташкенттің бір сартында жеті ұл болыпты. Ең кішісі Бегім деген баласы екен. Өзі Қаз дауысты Қазыбек бимен түйдей құрдас екен. Сарттың балалары хат танып, дін оқуын меңгерген сауатты болыпты. Қазақ жұрты Сыр бойынан Арқа өңіріне ауарда, Қаз дауысты Қазыбек би жеті баласы бар сол сартқа барып:
– Балаларыңның бірін сұрайын деп едім, бізбен бірге Арқаға барып діннің ұрығын шашсын, дейді. Сарт:
– Кенже балам Бегімнен өзгесін ала бер, – дейді.
Сонда Қазыбек би, Бегімнің бойынан бір қасиетін көрген болса керек, сартқа:
– Бегімнен өзгесі маған керек емес. Арқаға сауда қылғалы бару ойым жоқ. Өлсек басымызды оңға қарататын, артымыздан дұға қылатын ұрпақтың қамы-дағы, – дейді. Сол сарт Қаз дауысты Қазыбекке Бегімді қимай, баласын бермейді. Сөйтіп Қаз дауысты Қазыбек сарттың үйінде үш күн жатады. Баласын бермеген соң, қайтуға ыңғайланып, аяғын үзеңгіге салғанда, сарттың бойы дір ете түскен екен. Сарт:
– Апырмай, бұл қазақтың қасиеті мықты екен, бойым шымырлап кетті ғой. Балам, Бегім өз келісімін саған берген болса барсын, – дейді.
Қаз дауысты Қазыбек пен Бегім бұған дейін өзара келіскен екен, сонда Бегім Қаз дауысты Қазыбекке:
– Əкем өлсем сенің қолыңнан шығам деген, əкемнің рұқсаты болмай бармаймын, – депті.
Сөйтіп тағы екі күн Бегімді жолға қамдап, Бегімнің жылдағы тапқан табысын, əкесіне жеткізетін болып, өзімен бірге Арқаға алып келеді. Жол–жөнекей келе жатқанда, Бес Мейрамдағы қаракесек елінің Қазыбек биді сыйлайтын бір байы Бегімді аттай қалап, «Мешіт, медресе салып беремін, балаларды оқытсын, алдына мал салып, өзіне қатын əперемін, мен уəдемде тұрмасам, келесі жылы келіп көр», – деп сұрап алып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет