СөЖ №5 Тақырыбы: "Сәйкестік сертификаты", "сапа сертификаты", "гигиеналық сертификат"ұғымдарының маңызды белгілері



бет3/5
Дата03.03.2023
өлшемі33.21 Kb.
#470310
1   2   3   4   5
Реферат срсп сертификация 5

1.Сәйкестік сертификаты.

Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі сертификатын береді. Сәйкестік сертификатты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган, белгіленген тәртіп бойынша сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне тіркелуі тиіс.


Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады.
Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Сәйкестiк белгiсi:
1. Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.
2. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген өзi үшiн қолайлы кез келген тәсiлмен қолдануға құқылы.
4. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын және техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiн қоюға жол берiлмейдi.
Сертификаттауды жүргізу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет: Мемлекеттік қызметтерді көрсетуші мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа да мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың мен мүдделі жеке және заңды тұлғалардың өзара қатынасының және тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет жабдықтаушысының ішкі жұмысының нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылар: Өз біліктілігі мен функционалды міндеттері шеңберінде қызметтің нақты бір түрін көрсететін мемлекеттік органдар, мекемелер, және мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар.
Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар: Өз құқықтарын, мүдделерін немесе нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушыларға тікелей немесе өзінің өкілі арқылы қатынасатын Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға немесе ұйым.
Мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілері. Қызметтің кейбір түрлері, солардың көрсетілуіне байланысты процестер, процедуралар, және уәкілетті органдар мен олардың бөлімшелерінің функциялары, кейбір лауазымды тұлғалардың әрекеттері. Осылар үшін талаптар, нормалар, ережелер, мінездемелер, өлшемдер шығарылады.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділік және сапа көрсеткіштері: Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің процестерін және нәтижелерін өлшеуге, есепке алуға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
Мемлекеттік қызметтердің (қызмет көрсету) сапасын бақылау және бағалау: Белгіленген нормативтерге және талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапасын және қолжетімділігін объективті түрде бағалауға және тексеруге мүмкіндік беретін уәкілетті мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың белгіленген әрекеттері мен процедураларының жиынтығы.
Өнімді сертификациялау өнімнің берілген талаптарға сәйкестендіру тәсілінің бірі болып табылады. Сертификациялаудың мақсаттары: өнімді таңдауда тұтынушыларға көмектесу, тұтынушыларды әділетсіз өнім шығарушылардан қорғау, қоршаған орта үшін, адамдардың денсаулығы үшін өнімнің қауыпсіздігін бақылау, өнім сапасының көрсеткіштерін растау. Объектілерді идентификациялау-оны басқа объектілерден бөліп көрсетуге болатын, таңба, номер шартты белгілер арқылы объектіге айрықша атауды беру. Идентификация әдістері: айрықша атаулар әдісі, санды несиелер, сериялы-тәртіпті, шартты белгілер, білікті, сілтемелік және бейнелейтін әдістер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет