Сөж адамның репродуктивті қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері



бет3/3
Дата10.10.2022
өлшемі94.32 Kb.
#462358
1   2   3
гисто срс 2 Маханбет А

Аналық без. Қыз баланың аналық безінің алғашқы жылдардағы өсуі көбінесе бездің боз затының өсуімен тығыз байланысты. Бұл кезеңде фолликулалар- дың атрезиялық құбылыстарының әсерінен бездің құрамында дәнекер тінді құрылымдары өседі. 30 жастан бастап бұл процесс бездің қыртысты затында да байқалады. Менструальды циклдің тоқталуына байланысты бездің құрамындағы фолликулаларының жойылуынан бездің көлемі кішірейеді, ал бұл болса бездің қан тамырларының қабырғасында склеротикалық өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады. Осының әсерінен, лютропин гормонының продукциясы (бөлінуі) азайып, сары дене жойылады да менопауза басталады.
Қорытынды. Адамның жыныс жүйелері ағзада репродуктивті және эндокринді қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы.Жүйенің құрамына жыныс жасушаларын түзетін, гормондар бөлетін жыныс бездері немесе гонадалар мен қосымша мүшелер жатады.Жыныс жүйесі мен зәр шығару мүшелерінің дамуы тығыз байланысты. Аталық және аналық жыныс жүйелерінің атқаратын қызметтері ұқсағанымен, олардың құрылысы бір-біріне ұқсамайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет