СӨж банктік несиелерді алу мен өтеуге байланысты есеп – несие операцияларының аудиті Орындаған: Төлегенова Н. С



Дата05.07.2016
өлшемі60.17 Kb.
#180701
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




СӨЖ
Банктік несиелерді алу мен өтеуге байланысты есеп – несие операцияларының аудиті


Орындаған: Төлегенова Н.С.

Қабылдаған: Жунисова Г.Е.


Алматы 2015 жыл

Банктік несиелерді алу мен өтеуге байланысты есеп – несие операцияларының аудиті

Несие операциялары-бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік, қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгіл бір сомасын беру бойынша қатынасы.Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келсімде көрсетілген  негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі түсіндіріледі. Бұл ерекшелік несиені тауар-ақша қатнастарының басқа экономикалық категорияларынан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық несиенің негізгі белгісі болып саналады.

Банк несиенің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін қызметінің өтелетін сипатына негізделеді. Банк ссуда бергені үшін, негізінен, сыйақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты бойынша тараптар белгілейді.Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере  отырып, тәуекелге  барады, сондықтн несие беру процесінің маңызы ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылаумен мерзімінде қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие берушімен қарыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді.

Несие операцияларының аудиторлық сипаты. Несие операциялары коммерциялық  банктердің активті қызметінің негізін құрайды, өйткені оны табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың кедейленуі мен банкроттыққа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеп соғады;Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды шоғырландыруға шақырылған;Үшіншіден, бұл қызметті табысты жүзеге асырған кезде оның барлық қатысушыларына-несие ұйымдарына, қарыз алушыларға және тұтастай трде қоғамға пайда әкеледі. Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен  қарыз алушы екі жақ та бірдей мүдделік танытқанда ғана банктің несие қатнастары дамитын болады. Бірінші тарап, яғни несие беруші өзінің несие беру бизнесін дамыта отырып, ссуданың пайыздарымен қоса  мезгілінде қайтарылуын қалайды. Ал қарыз алушы ссуданы ала отырып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді қанакғаттандыруға бағыттайды.Қазақстан Республикасының банк тәжербиесіндегі несие шартын  арнай  құжат ретінде белгілі бір кесте бойынша коммерциялық банктер жасайды және оны тиісті талаптарға сәйкес рәсімдейді. Несие шарты белгілі бір ақы төлеу арқылы толтырылады.

Несие шартының бірінші бөлігінде банк несиесінің, сондай ақ кепілдеме  немесе кепілдік берушіліктің бөліп көрсетілуімен, заңды тұлға Жарғысы негізінде әрекет ететін банктің және қарыз алушының атауы көрсетіледі.Одан әрі шарттың заты – несие объектісі, қысқа мерзімдік ссудалар сомасы , ссудалардың мерзімі, қайтару күні, несие үшін пайыздық ставка, пайыздарды төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі. Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы.Қарыз алушы ссуда алу үшін негізгі жазбаша түрдегі өтінішпен банкке жүгінеді, онда ссуданың мақстты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетіледі. Өтініш үш дана етіп толтырылады: бірінші және екінші дана (проводка)үшін негіз болып қызмет етеді, үшінші данасы несие қызметкерінің ісінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.

Қарыз алушы төмендегідей құжаттар пакетін тапсырған жағдйда неисе беру жүзеге асырылады:

1.Несие берілетін шараның техникалық экономикалық негіздері:

-өтініш білдірушінің қызметіне және оның өндіретін өніміне сипаттама;

-несие есебінен өндірілетін өнімдердің тізімдемесі, оның экспорттық мүмкіндіктері, ішкі және әлемдік нарықта шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;

-экспортқа шығарылады деп болжанған өнімдердің өткізу нарықтарына талдау жаса, соған сәйкес өнімдер үрдісі мен оған сұраныс, бәсекелстік, халықаралық нарыққа шығу стратегиясы, өнімдерді экспортқа шығару туралы шетелдік фирмалармен келісімдердің болуы;

-қарыз алушының өнімдер экспортына меншік құқығын бекітетін құжаттар, ссудаға берешекті қайтаруға бағытталған түсімдер:

-өнімдерді экспортқа шығаратын лицензияның болуы;

-жобаны жүзеге асыру мерзімдері;

-импорт төлемдерінің балансы мен экспорттан түсетін түсімдерді қоса алғандағы өзін өзі ақтау есептері;

-қажет болған жағдайда жоғарыда келтірілген деректерді  бекітетін басқа  ұйымдардың  ақпараттары.

2.Барлық қосымшалармен контрактылардың, шарттардың, келісімдердің  көшірмелері.

3.Бухгалтерлік есеп, пайдалармен шығындар туралы есеп, кірістер туралы декларациялар және белгілі бір кезендегі қарыз алушының қаржылық жағдайы мен несие төлеу қаблетін анықтау үшін өзге де мәліметтер.

4.Қажетті деңгейде ресімделген, ссуда беруге тапсырыс.

5.Қарыз алушы туралы ақпарат.

6.Тауар материалдыққұндылықтардың  қозғалысы туралы мәлімет.

7.Шұғыл міндеттемелер.

8.Несие шарты.

9.Қамтамассыз ету туралы ақпарат, сондай ақ бизнес жоспар.

Банкпен тұрақты несие қатынасын орнатқан, жақсы беделге ие қарыз алушыларға несие алу үшін тапсыруға тиіс құжаттардың тізімін банк  қысқартуы мүмкін. Қажеттілік болған жағдайда банк қарыз алушының  қаржылық шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымдардың қортындысын, қарыз алушының есеп айрысу, ссудалық және валюталық  есеп шоттары ашылған банктердің  атауын, олардың ссудалық  қоржыныңдағы  қарыздарының жіктеуі көрсетілуімен ссудаға берешектерінің  көлемін, сондай ақ  банк тәжербиесінде қабылданған үлгілер бойынша несиені уақытында  қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі  міндеттемелерді: кепілдік міндеттемесін, кепілдік беру хатын, қарсыкепілдікті, кепілдік берушілікті талап етуі мүмкін.

Несиені пайдалану мүмкіндіктері бойынша тұрақты лимит, қосымша лимит, оның мөлшерін арттыру құқығына ие лимит, еркін лимит ара жіктері ажыратылады. Тұрақты лимит ссуданы алудын жоғары құқығын белгілейді, оны банктің айрықша өкімінсіз арттыруға мүмкін емес жасайды.Несие шартын туындайтын,  беруге жататын несие мөлшерін анықтау- бұл мәселенің заңды жағы ғана. Клиентке берілетін несие көлемі клиенттің  өз өтінішіне қатысты болады.

Несие мөлшері экономикалық жағдайларға, оның ішінде:

-қарыз алушының төлем айналымындағы айырмашылық көлеміне;

-несиені қамтамасыз етуге түсетін  тауар материалдық  құндылықтардын  нақты жиынына және оның өтімдік дәрежесіне;

-маржалар деңгейіне;

-ресурстардың белгілі бір көлемінің банкте болуына қатысты болады.

Несие беруші –банктер несие сомаларын анықтау кезінде қарыз алушы банктің жарғылық капиталының мөлшерін, оның қаржылық және заң  тұрғысынан сенімділігін ескереді. Банкаралық несие  сондай ақ қамтамасыз етусіз де берілуі мүмкін. Дегенмен банкаралық несие шарттарының  басым көпшілігінде белгілі бір қамтамасыз ету міндеттемелері белгіленеді, негізінен ондай түрде бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүліктер қатысады.

Банкаралық несие алу кезінде қарыз алушы банк келесідей құжаттарды тапсырады:

-банк жарғысы;

-банк операцияларын жасауға лицензия;

-кәсіпорын жетекшілері қолдарының  үлгісі бар карточка;

-банк өтімділігінің нормативтері;

-алынған және берілген банкаралық несиелердің мағынасын ашу.

Қарыз алушы банк несие алғаннан соң несие беруші банкке тұрақты түрде есеп береді, өтімдік нормативтерінің сақталуы туралы хабарлап отырады.

Несие беру сияқты оны қайтарудың  біріңғай үлгілері де жоқ. Тәжербие ссудаларды қайтарудың алуан түрлі нұсқаларын туғызады. Солардың бірнешеуі мынадай:

1. шұғыл міндеттемелер негізінде эпизоттармен  қайтару;

2. меншікті қаржылардың нақты жинағына және қарыз  алушының  банктің есеп шотынан алатын несиеге  қажеттілігінің азаюына қарай  қайтарылады;

3. күні бұрын белгіленген  сомалар негізінде жүйелі түрде қайтару;

4. төленбеген ссудалық қаржыларды азайту үшін, банк есеп шоттарына соқпай  түсімдерді есепке алу;

5. несиені қайтару мерзімін кейінге шегеру;



6. төленбеген кешіктірілген қарыздарды  “Кешіктірілген несиелер” айрықша шотына ауыстыру;

7. төленбеген кешіктірілген қарыздарды банктің резервтері есебінен есептеп шығару және т.б

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет