Сөж орындаған: Түменбай Ы. Н тексерген: Атанбаева Г. К факультеті: Тарих, археология және этнология Мамандық: Тарих (ғылыми) 1-курс Жоспары


Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің пайда болуы



бет2/6
Дата15.03.2022
өлшемі0.78 Mb.
#456295
1   2   3   4   5   6
charlz-darvindің-evolyutsiya-teoriyasy

Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің пайда болуы

  • Ч.Дарвин алғашқылардың бірі болып түрлердің тірі организмдер жүйесінің эволюциясы барысында сапалық кезеңдерінен өткен негізгі құрылымдық бірлік деп есептеді. Ол кез келген жабайы түрлердің дараларының немесе жабайы өсетін өсімдіктер, тіпті бір ата-анадан тараған ұрпақтар көптеген жеке ерекшеліктерге ие, олар үй сорттарымен салыстыруға тура келеді. Егер сорттар мен қолтұқымдар адамның мақсатына жараса, онда жабайы түрлер табиғаттың түрлі факторларына көнеді. Организмдердің эволюциялық қайта түзілушіліктің қозғаушы күштері мен факторларын анықтау, сондай-ақ олардың қоршаған ортаның түрлі факторларына төзімділіктері Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің мәнін құрады.
  • Эволюцияның себептерін анықтауда, Дарвиннің пікірінше, организмдердің жоғары өнімділігі және тіршілігіне қажетті ресурстардың шектетілуі арасындағы сәйкессіздікті түсіну керек. Дарвин өте баяу көбейетін пілдің көбею процесін қарастыра келе, бұндай жағдайдың өзінде 740-750 жылдан соң, олардан шамамен 19 млн ұрпақ алуға болады. Осылайша, кез келген түр Жердің кез келген аймағын мекен ете алатын болар еді, егер ол түрлер өліп, бітіп қалмаған жағдайда. Алайда шынында организмдердің шексіз көбеюі табиғатта орын алмайды, себебі олардың көп бөлігі тіршілік үшін күресте қырылып қалады. Және өзінің соңында ұрпақ қалдырмайды. «Тіршілік үшін күрес» ұғымы ретінде Дарвин организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастарын түсінген, организмдердің максималды көбеюі мен дамуына бағытталады. Даривн тіршілік үшін күрестің үш формасын ажыратады: түрішілік, түраралық және бейорганикалық әлемнің қолайсыз шарттарымен күрес.
  • Түрішілік күрес бір түр даралары арасында жүріп отырады. Бұл тіршілік ресурстары үшін күрес формасы өте қарқынды, себебі бір түр даралары бірдей қажеттілікке мұқтаж келеді. Бірдей қоректің түріне, бірдей мекен ортасына және тағы басқалар үшін күреседі. Ол даралар санының және мамандану деңгейінің артуымен көбейеді. Түрішілік күрес ол түрдің өнімділігінің төмендеуімен және даралар санының жартысының қырылуымен сипатталады, нәтижеде ортаның шарттарына төзе білген организмдер ғана ары қарай тіршілігін жалғастырып, ұрпақ қалдырады.
  • Түраралық күрес әр түрлі даралар арасында байқалады. Түраралық қатынастар түрлі сипатқа ие болады. Антагонистикалық типтен – жыртқыш – қорек, өзара пайдалы түрлерге дейін, яғни бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Түраралық қатынастың қауіпі әр түрлі түрлердің ұқсас жағдайларда және қоршаған ортаның бірдей шарттарын пайдаланған кезде орын алады. Түраралық бәсекелестік салдарынан бір түр екіншісін қашырып тастауы мүмкін немесе территориялық ажырау орын алады. Жалпы, табиғи сұрыптау барысында қоршаған ортаның жағдайына төзетін организмдер ғана тірі қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет