Сөж тақырыбы: Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау Орындаған: Есенғалиев Д. Тексерген: Муратбаев Д. Семей 2015 ж. Жоспар


Қан сарысуы құрамындағы жалпы кальцийді флуорексон индикаторы көмегімен комплексонометриялық әдіс арқылы анықтау (Вичев, Каракашев бойынша)



бет2/7
Дата19.09.2023
өлшемі255.33 Kb.
#477927
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
stud.kz-46732

Қан сарысуы құрамындағы жалпы кальцийді флуорексон индикаторы көмегімен комплексонометриялық әдіс арқылы анықтау (Вичев, Каракашев бойынша).
1. Принципі. Кальцийді комплексонометриялық анықтау кезінде флуорексонды пайдалану себебі, оның су ерітінділері қатты сілтілік ортада 85 флуоресценцияланбайды, бірақ дәл осы жағдайда флуорексон кальциймен флуоресцирлеуші комплекстер түзеді. Металл қосылған индикатор комплексінің мықтылығы трилон Б қосылған металл комплексіне қарағанда төмендеу, сондықтан трилон Б ерітіндісі құрамында металл және индикатор бар ерітіндіге қосу дәрежесіне байланысты, металл иондары әрдайым трилон Б-ға ауысады. Трилон Б-мен титрлеген кезде эквиваленттілік нүктесінде флуоресценцияның кенет «өшіп қалуы» байқалады.
Реактивтер: 0,1 н. Трилон Б ерітіндісі. Стандарт-титрдан жасалынады; 0,005 н. Трилон Б ерітіндісі. 0,1 н. Трилон Б ерітіндісін дайындағанда: 10 мл трилон Б ерітіндісін өлшеуіш колбада 200 мл-ге дейін дистилденген сумен жеткізеді. Тұрақтылығы 2 ай;
Индикаторлық қоспа: флуорексон индикаторы және калий хлорид 1:100 қатынасында;
Стандартты 100 мг%-дық кальций ерітіндісі: тұрақты массаға дейін 100-120.С температурада құрғатылған 2,497 г кальций карбонатын 1 литрлік өлшеуіш колбаға салады, 3 мл концентрацияланған тұз қышқылын қосады, содан кейін дистилденген сумен белгіге дейін жеткізеді. Ерітіндінің 1 мл құрамында 1 мг кальций болады;
10 мг%-дық кальций жұмыс ерітіндісі. 100 мг-дық кальций ерітіндісін 1:10 қатынасында (1 мл 100 мг%-дық кальций ерітіндісі мен 9 мл су) дистилденген сумен араластыру арқылы дайындайды. Кальций жұмыс ерітіндісін титрлеу және әдісті ақырғы рет тексеру кезінде флуоросценцияның «өшіп қалуын» анықтау үшін қажет.
Құрал-жабдықтар: 0,01 мл-лік градуирленген микробюретка, градиуровкасының төменгі жағы тартылыңқы келген созылмалы капиллярмен аяқталатындықтан титрлеуді көлемі жағынан кішкентай тамшы арқылы жүргізуге болады; 1 және 10 мл-лік пипеткалар; титрлеуге арналған ыдысшалар (полистирленген).

Ыдыстарды қолданбас бұран трилон Б ерітіндісін қосып ұстайды, содан соң бидистилденген сумен көп қайтара шаяды.


Анықтау барысы. Ыдысшаға 20 мл дистилденген су, 5 мл калий гидроксиді ерітіндісі және бірнеше индикаторлық қоспаның кристаллын қосады. Флуоресценция пайда болады, ол дайындалған қоспаның құрамында кальций бар екендігінің белгісі.
Кальцийді байланыстыру үшін қоспаға микробюреткадан трилон Б ерітіндісін тамшылатып, флуоресценция жоғалып, әлсіз-қызғылт түс байқалғанға дейін қосады. Әдетте, бұл үшін трилон Б ерітіндісінің 1 тамшысы жеткілікті. Одан көп мөлшерін қажет етсе, бұл кальцийдің калий гидроксид ерітіндісінде концентрациясының жоғарылығын және оның талдауға жарамсыздығының белгісін көрсетеді. Ерітіндіде кальций қоспасының болуы ыдысты сапасыз дайындау немесе дистиллятордың
жарамсыздығынан болады.
Натрий гидроксид ерітіндісі құрамындағы кальцийді байланыстырған кейін, дәл осы ыдысшаға 0,5 мл қан сарысуын қосып, қайтадан трилон Б ерітіндісімен флуоресценция жоғалып, әлсіз-күлгін түс пайда болғанша дейін титрлейді.
Есептеуді мына формула арқылы жүргізеді:

Са = а * 20,


бұл жерде, а – қанның сарысуын титрлеуге кеткен трилон Б ерітіндісінің мөлшері, мг %;

20 – мл-дегі қайта санау коэффиценті егер трилон Б ерітіндісінің титрі 0,005 н. болса, 1-ге тең мг%-ды ммоль/л-ге айналдыру үшін, пайда болған көлемді 4-ке бөледі немесе коэффицент ретінде 20 емес 5-ті қояды.


Ескертпе. Гемолиз, липемия, сарғыштануға ұшырамаған қан сарысуын алады. Алынған қанды бөлмелік температурада 30-60 минут толығымен ұйығанға дейін немесе 37ºС температуралық термостатқа 30-60 минутқа қояды. Жабық пробиркада қан сарысуын 4-5.С t-да 7 күнге дейін сақтауға болады. Жалған жоғары нәтижелерге ЭТДА-мен титрлеу әдістері кезіндегі билирубин және мыс ионы, қыртыстық тығындар, гемоглобин, липемия, оксалаттар себепші болып келеді.
2. Пробиркаға 1 мл КОН 0,1 н ерітіндісі және индикатор сұйықтығының бірнеше үгіндісін салғанда, ақшыл-қызыл түсті сұйық пайда болады. Егер жасылдау флюоресценция пайда болса (ерітіндіде қальций қалдықтары болғандықтан), онда трилон Б 0,001 М ерітіндісімен ақшыл-қызғылт түске дейін титрлейді. 0,1 кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісін қосады, нәтижесінде жасылдау флюоресценция пайда болады. Трилон Б 0,001 М ерітіндісімен ақшыл-қызғылт түске боялғанға дейін титрлейді. Соңында пробиркаға 0,1 мл зерттелінетін қан сарысуын құяды. Флюоресценция пайда болғаннан кейін трилон Б 0,001 М ерітіндісі мен оның түci жойылғанша титрлейді.
Есептеуді мына формуламен жүргізеді:



мұндағы, х-зерттелінген қан сарысуындағы қальций мөлшері, 100 мл/мг; А-қан сарысуын титрлеуге жұмсалынған трилон Б 0,001 М ерітіндісі мөлшері, мл; Б-кальцийдің стандартты жұмыс ерітіндісін титрлеуге жұмсалынған трилон Б 0,001 М ерітіндісінің мөлшері, мг; 0,1-зерттеуге алынған қан сарысуының мөлшері, мл; 100-100 мл қан сарысуындағы кальций мөлшерін есептеуге арналған коэффициент.

Кальций мөлшерін мына формуламен де анықтайды, (ммоль/л):





мұндағы, Х-қан сарысуындағы кальций мөлшері, ммоль/л; 1000-мл литрге аударуға
арналған коэффициент; 40,08 - кальцийдің салыстырмалы молекулярлық салмағы.

Сау малдардың қан сарысуындағы жалпы кальций мөлшері мына аралықтарда болады (100 мл/мг); ipi қарада - 9,5-13,5; қойда-9,5-13,5; ешкіде - 11-13; жылқыда- 10-14; шошқада - 10-14; итте -10-12,5; тауықта - 15-27. Қалыпты жағдайда қан сарысуындағы кальций мөлшері мынадай болады: (ммоль/л); ipi қарада - 2,38-3,38; тауықта - 3,75-6,75. қойда - 2,38- 3,38; ешкіде - 2,75-3,25; жылқыда - 2,5-3,5; шошқада - 2,5-3,5 ; итте - 2,5-3,13.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет