Қан сарысуындаға жалпы кальций мөлшерін мурексид индикаторымен анықтау. Принципі. Мурексид сілтілік ортада кальциймен қосылған кезде тығыз емес алқызыл түсті байланысу пайда болады. Трилон Б ерітіндісіне қосқан кезде тұрақты комплексті байланысу түзіледі, алқызыл түс күлгін түске ауысады.
Реактивтер: 0,005 н. трилон Б ерітіндісі (стандарт-титр немесе 0,1 н. трилон Б ерітіндісінен дайындайды): 10 мл 0,1 н. трилон Б ерітіндісін өлшеуіш колбада 200 мл-дегі белгіге дейін дистилденген сумен жеткізеді. Тұрақтылығы 2 ай. 2 н. нарий гидроксиді ерітіндісі. 80 н NaOH 1 л дистилденген суда ерітеді. Мурексид жаңа дайындалған индикатор ерітіндісі: 20 мл суға 10 мг. Сусыз кальций карбонат. Стандартты 2,5 моль/л (10 мг%) ерітінді: 25 мг затты 100 мл-лік өлшеуіш колбада ерітеді. Жұмыртқалағыш құстардан басқа жануарлардың қанындаға кальцийді зерттеуге жарамды. Тауықтар немесе басқа жұмыртқалағыш құстарды зерттеу үшін 3,8 ммоль\л (15,2 мг%) ерітінді қолданады, оны дайындау: 38 мг затты 100 мл-лік
өлшеуіш колбада ерітеді.
Құрал-жабдықтар: Сыйымдылығы 50 мл ыдысшалар (полистиролдық болған дұрыс); төменгі жағы созылыңқы 2мл-лік микробюретка; пипеткалар.
Анықтау барысы. Стандарттық үлгі: ыдысшаға 10 мл дистилденген су, 0,2 мл 2 н. сілті ерітіндісін, 0,5 мл 10 мг% кальций және 3 тамшы жаңа дайындалған мурексид ерітіндісі қосылған кальций карбонаты ерітіндісін қосады. Ерітінді әлсіз күлгін түске боялады. Трилон Б ерітіндісімен әлсіз-қызғылт түс пайда болғанша дейін абайлап титрлейді.
Қан сарысуының сынамасы: стақанға 10 мл су, 0,2 мл сілті ерітіндісі, 0,5 мл қан сарысуы және 3 тамшы мурексид ерітіндісі қосады. Әлсіз күлгін түске боялады. Сосын трилон Б ерітіндісімен әлсіз күлгін көк түске дейін титрлейді. Егер кальцийді санау мг% -пен жүргізілсе, коэффицентке 10 мөлшерін алады. Жұмыртқалағыш тауық сарысуын зерттеген кезде, стандарт ретінде 3,8 ммоль/л (15,2 мг%) ерітіндісі алынғанда, коэффицент болып 3,8 немесе 15,2 мөлшерін алады.
Сүйек ұлпасындағы кальцийді анықтау. Алдын ала сүйектің тазалауын қамтамасыз етеді. Сүйекті бұлшық еттен, сіңірлерден ажыратады және өлшейді. Сүйектер мен буындарды (эпифиздер) бір-бірінен ажыратады. Үш бөліктің әрқайсысын (екі эпифиз және диафиз) көлденеңінен және тігінен 4 бөлікке аралап бөледі. Талдауға болжамды түрде диафиз және эпифиз салмағынының 1\2-1\4 бөлігін алады. Салмағы сүйек көлеміне байланысты болады, бірақ талдауға арналған әрқашан әр бөліктің салмағының проценті бірдей болу керек болу керек. Алынған материалды жақсылап ұсақтап, 10-15 г алдын-ала қыздырылып және қалыпты салмаққа дейін өлшенілген үлкен ыдысқа (тигель) орналастырады. Сүйекті күйелендіреді, ол үшін ыдысты асбестті торы бар электр плитаға қойып, сүйек түтіндеп болғанша дейін қыздырады. Кейін ыдысты муфельді пешке салып, қоңыр қызыл түске дейін (450-500ºС) 4-5 сағат бойы қыздырады. Жандырғаннан кейінгі күл ашық сұр немесе көмір бөлікшелері жоқ ақ түсті болу керек. Ыдыс суыған соң, оны эксикаторға ауыстырады, оның алдындағы аналитикалық өлшеуіште өлшеген соң, қайтадан муфельді пешке 1-2 сағатқа салады, одан кейін қайтадан өлшейді. Бірінші және екінше рет өлшеген кездегі сандар 0,0002 г аспау керек.
Ыдыс фарфордан жасалған талқандауға арналған ыдысқа ауыстырып, бірегей массаға дейін ұсақтайды. Аналитикалық өлшеуіште 1 г күл қалдығын өлшейді (алдын ала қыздырылып, өлшенген ыдыста жасаған дұрыс). Өлшенген затты сол ыдыста 10 мл 20%-дық тұз қышқылында қайта-кайта араластырып ерітеді. Алынған ерітіндіні 250 л өлшеуіш колбаға ауыстырып, ыдысты бірнеше рет дистилденген сумен шаяды, шайылған затты сол колбаға құйып отырады да дистилденген сумен белгіге дейін сумен толтырады. Колбаның құрамын жақсылап араластырып, белгілі бір уақыт тұрғаннан кейін әдістемеде қан сарысуындағы кальцийді анықтауды қалай жүргізілетіндігі сипатталғандай талдау жүргізеді. Қан сарысуда жалпы кальцийдің төмендеуі – гипокальциемия – рахит, остеомаляция, ашығу, уремия, нефроз бен нефритте, туудан кейінгі жатып қалуда, бронхопневмонияда, экссудативті плевритте, анемияда, гемобластозда, диабетте, ауыр сырқаттарда, диспепсияда, гипопараттиреозда, панкреатитте, ірі қара малдың гематуриясында, торайлардың ісіну ауруларында, туберкулез бен паратуберкулезда, фасциолезда кезінде кездеседі. Гиперкальциемия остеодистрофия, D гипервитаминозы, бұқалардың деформациялы артрозы, остеома, гиперпаратиреоз, жүрек жетімсіздігі, перитонит, сары ауру кезінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |