Қан сарысуындағы бейорганиқалық фосфорды анықтау (Аммон және Гинсберг әдістері бойынша С.А.Ивановскийдің модификациялауымен). Анықтауды екі сатылы жүргізеді.
Бірінші сатысы - ақуыздарды тұнбаға шөктіру. Центрифугалық қондырғыға 3 мл дистилденген су, 1 мл зерттелінетін қан сарысуын және 1 мл 20% үш хлорлы сірке қышқылын құйып, мұқият араластырады. 5 минут уақыт өткеннен кейін 15 минут аралығында 3000 айналымда айналдырады (немесе күлсіз сүлгі арқылы сүзеді).
Екінші сатысы - түсті реакция. Пробиркаға 2,5 мл мөлдір центрифугатты (немесе сүзгіден өткен сұйықты), 0,5 мл молибден реактивін, 1 мл 1% аскорбин қышқылын және 6 мл дистилденген су құяды. Бip уақытта басқа пробиркаға (стандарт) 3 мл фосфордың стандартты жұмыс ерітіндісін, 0,5 мл молибден реактивін, 1 мл 1% асқорбин қышқылын және 5,5 мл дистилденген су құяды. 10 минут уақыт өткеннен кейін екі пробиркадағы сұйықтарды фотоэлектроколориметрде жасыл түсті сүзгімен ені 10 мм кюветтерде колориметрлейді.
Есептеуді мына формуламен жүргізеді:
мұндағы, Х- зерттелетін қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшері, 100 мл/мг; Ех - қан сарысуы бар центрифуганың оптикалық тығыздығы (тәжірибе); Еқ-фосфордың стандарт ерітіндісі бар сұйықтың оптикалық тығыздығы (стандарт); 0,05 – тексеруге алынған фосфордың стандартты жұмыс ерітіндісіндегі фосфор мөлшері, мг; 0,5 - колориметрлік зерттеуге алынған қан сарысуы мөлшері, 100-100 мл қан сарысуындағы фосфор мөлшерін есептеуге арналған коэффициент.
Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшерін мына формуламен де анықтайды (ммоль/л):
мұндағы, Х- қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшерін ммоль/л; 1000 мл
литрге айналдыруға арналған коэффициент; 30,9738 - фосфордың салыстырмалы
молекулярлық салмағы.
Сау малдардың қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшері мынадай (100 мл/мг), ipi қарада - 4,5-6,5; қойда - 4,5-7,5; ешкіде - 6-8; жылқыда - 4,2-5,5; шошқада - 4-6: итте - 3-4,5; тауықта - 3,8-5,6.
Сау малдардың қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшері мынадай (ммоль/л), ipi қарада - 1,45-21; қойда - 1,45-2,42; ешкіде - 1,94-2,58; жылқыда - 1,36-1,78; шошқада - 1,29-1,94; итте -0,97-1,45; тауықта - 1,23-1,81.
Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшерінің азаюы гипофосфатемия деп аталады, ол рахит, остеодистрофия, остеофлюороз, гиперпаратиреоз ауруларында және азықтану нашар болғанда қездеседі. Қан сарысуындағы бейорганикалық фосфор мөлшерінің қөбеюі-гиперфосфатемия деп аталады, ол гипервитаминоз Д, сүйек сынықтарының жазылуында, бүйрек ауруларында (нефрит, пиелонефрит, нефросклероз) гипопаратиреоз, бауырдың сары атрофиясында, лейкоз ауруларында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |