Сөж тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбиенің негізгі бағыттарын айта отырып, конспекті жазу. Факультет


М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбиенің негізгі бағыттары



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі154.71 Kb.
#463905
түріКонспект
1   2   3
2СӨЖ. ПМНО205. Жолтай Жансая

2. М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбиенің негізгі бағыттары
Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді. Оқу, жазуға үйрету, емлеге дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, баланың ұғымына лайық ауызша және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру, ұғып дағдыландыру.Автор осы тәрбиенің төрт түрін тәпіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгіл болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін , дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп,жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы … Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…»-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап берген.
Мағжан Жұмабаев өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын « Құлық сезімдері» деген бөлімде одан әрі дамыта түседі.Ол қазақ халқына басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. « Басқа халықты, жалпы адамзатты сүйе біл деген өсиет айтады. « Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халыққа пайдасы жолында құрбан бола білсін»,- дейді. Ол қазақ халқын өнер – білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен шақырған жоқ.Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.
Педагогика пәнін ол 5-ке бөліп қарастырды:
1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді.
2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді.
3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән қазақ тілінің методикасы деп аталады.
4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Осындай мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді.
5. Педагогика тарихы. Түрлі заманды түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педагогика тарихы осыларды баяндайды.
Мағжанның Педагогика оқулығын оқи отырып мынандай ой түйіндейміз: ғылым ұлттық болмысымыз бен сана – сезімге жақын этнопедагогика, психология принциптерін негізге ала отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе өткен ғасырдың 20 – шы жылдарда педагогикалық – психологиялық тракттата айтылған ойлар бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда , әсіресе ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратауға таптырылмас мұра болып отыр. Ұлы М. Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық –тәлімгерілік идеялары біз үшін өте құнды дүние.Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты,әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады.Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол: Басқа жұрт аспан –көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр ,-дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенді.Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттары бұдан әлдеқайда биік.Туған халқы туралы айтқанд, оның кешегі өткен жолын еске алады,оны бүгінгі жағдайымен салыстырады.Оныменде шектелмей,ақын жалпы түріктік идея көтереді.Түрік тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді,жалпы Шығысты пір тұтады.
Қазақстан бүгінгі демократиясы дамыған , өркениетті елдер қатарынан бағыт ұстап отыр.Еліміздің Президенті ұсынған « Қазақстан -2030» жолдауында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары . Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымызға шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті адал азаматтарын тәрбиелеп шығу қоғамның басты парызы. Мағжан педагогикасы қазіргі заман білім беруінің кілті, негізі. Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен,іскерлікпен шешілетін мәселе. Тәуелсіз ел мектебін құруда Мағжанның тәрбиелік идеяларын қолдағанымыз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет