Сөж тақырыбы: Мәдениетті рәміздер, мәндер, таңбалар мен мағыналар ретінде талдау үшін мәдениеттің ақпараттық-семиотикалық түсінігін негіздеу Орындаған: Досмаханбет С. М тексерген: Кудайбергенов С. Е



бет3/3
Дата05.02.2024
өлшемі67.04 Kb.
#490841
1   2   3
Досмаханбет Сабина


Этностық Рәміздердің дамуы

Этностық шоғырланушы коммуникациялар қашанда ортақ рәміздер мен дүниетанымдық ұстанымдар арқылы тұтастанатыны белгілі. Алайда бұл бірігу рулық мүдделер шеңберінен көп жағдайда шыға алмады. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті дәуіріндегі адам мен дүние қарым-қатынастары туралы тікелей әдебиет болмағанымен, осы мәселенің кейбір жақтары Қ.Ш.Нұрланованың, Е.Тұрсыновтың, Б.Байжігітовтың, Н.Шаханованың, Г. Шалабаеваның, Ә.Хасеновтың, Ш.Ыбыраевтың, Б.Ғ. Нұржановтың, Ж.Ж. Молдабековтың, Т.Х. Ғабитовтың, Г. Нұрышеваның, С.Е. Нұрмұратовтың және тағы басқа зерттеушілердің ғылыми нәтижелерінде XV ғасырдың екінші бөлігінде Қазақ хандығында басталған коммуникациялық мәдени өзгерістері, олардың рәміздік суреттемелері зерделенген.
Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының негізгі модель-үлгісіне тіршілік хронологиясы жатады және ол өзінің рәміздік көп мағыналығымен көзге түседі. Белгілі философ Ю. Хабермас индивидуалдық коммуникацияның әр мәдениеттегі деңгейін анықтау үшін оның мынандай қасиеттеріне назар аудару қажет деген: а) жеке адамдардың қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігі: ә) өзіндік меннің бар болуы және оған сүйену; б) моральдық жауапкершіліктің болуы. Осы жағдайда индивидуалдық дискурс жүре алады

Қазақ хандық дәуіріндегі ақын-жырауларда жеке-даралық дискурстың жоғары деңгейде болғанына мынандай дәлелдер келтіруге болады. Қазақ даласындағы әлеуметтік коммуникациядағы ерекше этносоциологиялық сана мен әлеуметтік бірлік мәдениеті үрдісінің қалыптасуын білдіреді. Адамның адамзат тарихы қалыптасқаннан бергі тарихын оның рухани болмыс-бітімінің үздіксіз ашылу үдерісі деп қарастыруға болады. Адамзат тарихы адамның өз шығармашылық қасиеттерін көрсетуі арқылы, көзқарастары мен ойлары, жасаған образдары және дүниетанымымен ерекшеленеді.


«Қазақ ділмәрларының азаматтық татулық пен әлеуметтік бүтіндіктің көріну формасы мен оны іске асыру тетігін келесі бір тамыры ретінде қазақтың үш жүздік құрылымын қарастырғандығын айтуға болады. Қазақ ділмәрларының пікірінше, дәстүрлі дала қоғамындағы үш жүздік әлеуметтік құрылымның өзі ру, тайпа, ел, ұлт болып, бүкіл қоғамда төлтума коммуникацияның қалыптасуына тікелей мұрындық болған».
Кеңпейілділік, кешірімділік, дос­қа адалдық, өзара адами түсіністік қарым-қатынастар көп қырлы сипатымен адамдардың өздерін өз өмірлерін бағалай білуге жетелейді. Асан қайғының ойынша, адамның қоғамдағы орны оның атқаратын іс-әрекеттерінің адамшылық арнадан көрінуі және адамдардың бірін-бірі бағалай білуіне байланысты. Әсіресе дау-дамайдан, жанжал, ұрыс-керістерден өздерін сақтауы тиіс. Адамның қадірлі болуының негізі – сол адамның мінез-құлықтарынан туындайды. Адам өз-өзін тежеп, сабырлы ұстауы оның беделін арттырады. Философиялық ой ағымымен айтсақ, адамның бағалы не бағасыз болуы оның өзіне ғана байланысты. Ол өзі ғана осы қасиетке ие бола алады немесе бола алмайды. Асан толғауының негізінде қайырымдылық рухы жатыр. Зұлымдықтан, жамандықтан, адам беделін түсіретін әрекеттерден сақтандыру, бұл орайда маңызды сатылар, тек қайырымдылық арқасында жағымсыз құбылыстарды тудырмау немесе болдырмау Асанның болмысындағы әділеттіліктен бастау алады. Асан тыйым­ салып отырған әрекеттердің адамға тигізер зияны көп. Біріншіден, Асанның өзін ұстай білуге үндеуі коммуникацияда адамның қадірін арттырып, оның бағалы жақтарына баулиды. Бұл дегеніміз адамның бағасын білдіреді, мойындатады, яғни коммуникацияға қажетті қасиеттердің сапалы болуын көздейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет