Сөж тақырыбы: Ринолалиядағы жарықұшалардың баланың психикалық, физикалық және тіл дамуына әсері. Орындаған


Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері



бет3/4
Дата19.05.2022
өлшемі23.19 Kb.
#457540
1   2   3   4
Сөйлеу

Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Сөйлеуге дейінгі кезең өзгеше және ақаулы өтеді. Көбінесе әдеттегі сыбдыр дыбыстар «п», «б», «т», «д» мұрын қуысына ауаның кетуінен үнсіз айтылады. Бұл естудің нығаюының жоқтығына немесе күрт төмендеуіне әкеліп соғады, соның салдарынан былдыр белсенділігі азаяды. Сөйлеудің кеш пайда болуы байқалады. Дыбыс артикуляциясы ғана емес, сонымен қатар сөйлеудің просодикалық элементтерінің дамуы да азап шегеді.


Артикуляциялық аппарат тұтастығының бұзылу нәтижесінде артикуляция мүшелерінің қалпының компенсаторлы өзгеруі қалыптасады: тіл түбінің жоғары көтерілуі, ерін, тіс пен ерін дауыссыздардың, лабиаланған дауыстылардың айтылу кезіндегі еріннің жеткіліксіз қатысуы, мимикалық бұлшық еттеріне күш түсу. Сөйлеу тілінде мұрын резонаторының қосылуына байланысты көп дыбыстардың артикуляциясы бұзылады. Дауыста күрт мұрынмен айту өзгешелігі пайда болады.


Сөйлеудің айтарлықтай жалпы түсініктілігі төмендейді. Кей-кезде сөз төңіректегілер үшін мүлдем түсініксіз болады. Айтылу ерекшелігі жазбаша сөйлеу тіліндегі қателіктерге, тілдің фонематикалық жүйесінің бұрмалануына әкеліп соғады. Сөйлеу тілінің кеш шығуы, логопедиялық көмек көп уақытқа дейін көрсетілмеуі, қажетті сөйлеу тәжірибесі аз болуы, психикалық белсенділігінің төмендеуі баланың сөйлеу әрекетіне әсерін тигізеді. Туа біткен жарығы бар балалардың жазбаша сөйлеу тілінде кездесетін дисграфиялық қателері алуан түрлі. Ринолалиясы бар балаға тән п, б дыбыстарын м, т дыбыстарына, д дыбысын н дыбысына алмастыру болып табылады және керісінше м - д, м - б, п. Мысалы, бал- мал, тал; доп – ноп, т.б. Ысқырық, ызың дыбыстардың алмастыруы және шатастыруы жиі кездеседі: засыл –жасыл. Ц дыбысы с дыбысымен алмастырылады: сирк – цирк; ч дыбысы жазуда ш, с немесе ждыбысымен алмастырылады, ал щ – ж дыбысымен алмастырылады. Р дыбысы л дыбысымен алмастырылып жазылады, керісінше л- р алмастыру сирек кездеседі. Қатар келген дауыссыз дыбыстардың, дауысты дыбыстың түсіп қалғаны байқалады: сакан – стакан; клді – келді, шлек – шелек; керісінше артық дауысты дыбыстарды жазуы да кездеседі. Жазбаша тілдің бұзылуы көптеген факторларға байланысты: артикуляциялық аппаратындағы ақаулығының тереңдігіне, баланың тұлғалық ерекшеліктеріне және компенсаторлы мүмкіншіліктеріне, логопедиялық көмекті алған уақытына және түріне, сөйлеу ортасының әсеріне. Мектеп жасындағы жалпы сөйлеу тіл дамымауы бар ринолалиясы бар балаларда сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық жағының дамымауы байқалады. Балалардың сөздік қоры кедей, аз болады. Жазуында балалар қосымша сөздерді, септік жалғауларын, демеуліктерді дұрыс қолданбайды, яғни балалар жазуында аграмматизмдер байқалады. Балалардың ауызша сөйлеу тілі дамымағаны оқу кезінде көрінеді. Оқу темпі баяу, сөз элементтерін шатастырады, сөздің формаларын дұрыс ажырата алмайды. Оқығанның мазмұнын түсіну әр түрлі денгейде болады; фразадағы сөздердің, мәтіннің бөліктерінің өз ара байланысының бұзылуы байқалады.


Ринолалия кезінде сөйлеу тілінің жетіспеушілігі адамның барлық психикалық функцияларының дамуына әсер етеді. Сөйлеу тілінің коммуникативті құрал ретінде бұзылуы адамның ұжымдағы жағдайын қиындатады. Олардың құрбыларымен қарым –қатынасы көбінесе бір жақты болады да, нәтижесі балаларға кері әсерін тигізеді. Балалар ұялшақ,тұйық,ашуланшақ болады.Егер ринолалия таза күйінде кездессе көп жағдайда науқастардың интеллектісі сақталған болады. Содан олардың іс -әрекеттері қолайлы жағдайда болады.


Сөйлеу тілі ауытқуын түзету жұмысы балалардың оң мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болады, жоғарғы психикалық функцияларының дамуын ынталандырады.


Сонымен, туа біткен жарықшалар бала ағзасының қалыптасуына және жоғарғы психикалық функцияларының дамуына кері әсерін тигізеді. Адамдар өз ауытқуларының орын басатын ерекше жолдарын табады. Соның нәтижесінде артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің өз ара байланысы дұрыс қалыптаспайды. Бұл біріншіреттік бұзылыстың – сөйлеу тілдің фонетикалық өндеуінің бұзылысының- себебі болып табылады. Бұл бұзылыс сөйлеу тілінің бір қатар екіншіреттік бұзылысына және адамның психикалық статусының бұзылысына әкеліп соқтырады. Бірақ бұндай адамдардың бұзылған функцияларын оңалтуу үшін компесаторлы мүмкіндіктері өте жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет