Учаске ауданының нақтылығына қойылатын талаптар
Ауылшаруашылығы өндірісінде егіс ауданының нақтылығы басқа шаруашылықтардан ерекшеленеді. Шаруашылық мәніне байланысты ұйымның өндіріс процесіндегі ерекшелігі байқалады.
Көкөніс және басқа арнаулы егіс айналымдары маңызды бағалы еңбекті қажетті дакылдарының егіс аудандары нақтылы болуы тиіс.
Бірақ жерге орналастыру жобасы қандай жағдайда да ауылшаруашылығы өндрірісін игеру керек. Аса дәлдігі әдетте өндірісі игерілмейді, солай егіс ауданында және басқа жерлерде әрбір жаңа жыртылған жерде көп өзгеріс болады. Соңғыларын шекарада жырту және жолдарын қаша әдісімен игеруге болады.
Жер жыртуда өлшеулер мәні пайда болады, жыртылып үлгермеген және ерте жыртылған жерлерге байланысты оның ауқымы қуатты тракторлармен 1,5-1,8м ұсақтармен 0,4-0,5м алады, бұлай болу себебі жұмыс соңында жыртылмай қалған загон бөлігінің ені әр уақытта трактор соқасының алымынан үлкен немесе кіші болады. Егер агрегаттың соңғы жүрісінде жыртылатын жер шекарасында тек бір жіңішке жолақ қалса, онда тракторист бұл жолақты толық жыртуға келіп жүрмейді, жол бойында тастайды.
Соқа енінің алымынан артық жолақ қалғанда тракторист әдетте толық алыммен жолдардан орман жолағынан немесе басқа жерлерден ала отырып жыртады. Осындай жолдармен құрылған егіс шекаралары іс жүзінде көп рет кездеседі. Егер шекарасы нөлдік өзгерісте мәндірек бақыланса, кейде үлкен егісте 3-4м дейін, орташа егістерде 1,0- 1,5м-ге дейін. Одан басқа егілген егіс ауданы шекарасы жыртылған жер шекарасымен дәл келмейді, тағы да шекара өзгерістері өртке қарсы жыртылған жерлердің әсерінен болады.
Егіс шекараларындағы үлкен өзгерістерді орташа деп қабылдаса, көрсетілгендегіден екі есе кіші болғаны. Әдеттегі ағымдағы ауқымды және көбірек аудандардағы өзгерістерді есептесек, мынандай қорытынды аламыз, бұл өзгерістер аудан ретінің 1/400 реті аудандарда ал тез қисық сызықты егіс шекарасында- 1/300- не дейін.
Аумақтық салыстырмалы қателігі жер ауданына байланысты үлкен жер ауданында жоба құру әдісі, ауданы кіші жер аумағына қарағанда кіші, салыстырмалы қателікпен алынады. Осындай жолмен белгіленген және аумактың арнаулы жерлерімен егістерін жобалауда бағалы ауылшаруашылық дақылдарын шығаруға қолданылатын тік сызықты шекарасы бар жерлер үшін салыстырмалы қателік – 1/300 сонымен салыстырмалы қателік ағымдағы көрсетілген бақылау өзгерісінен төмендейді.
Ауылшаруашылық дақылдардың еңбекке қажеттілі мен бағалысына байланысты талап ету дәлдігі өзгереді, ал зерттеуде анықталған егіс айналымында, олардың аумағында ауданның арнаулы жерлерінде жіберілген қателікке байланысты өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |