Сөж тақырыбы: XIX-XX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси



Дата09.11.2023
өлшемі266.17 Kb.
#482769
Саясаттану СӨЖ1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Механика-математика факультеті
Математика кафедрасы



СӨЖ


Тақырыбы: XIX-XX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси
көзқарастары, саяси ойлары
Тексерген: Ахмаганбетов Р.М.
Орындаған: ММ 23-5
Илесбек Ерасыл
Алматы, 2023 ж.
XIX-XX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси
көзқарастары, саяси ойлары

XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев). Қазақ зиялылары туралы сөздi XIX ғасырда өмiр сүрген қазақтың ағартушыларынан бастаған жөн сияқты. Өйткенi, олар өздерiнiң шығармашылығын әлемдiк деңгейдегi мәдениет көздерiнен сусындап отырып өрбiткен, iс-әрекеттерiн әлеуметтiк, саяси дамудың принциптерiне, үрдiстерiне сай екшеп отырған. Өз заманының керемет саясаткерi, этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов қазақ елiнiң саяси өмiрiндегi кейбiр мәселелердiң шешiмi ұлттық-этникалық жетiлуде екенiн пайымдаған. Сондықтан сол халықтың iшкi мүмкiндiктерiн ашудың бiрi этносаралық қатынастарды, ұлттық мәдениеттердi жақындату екенiн байқайды. Ш. Уәлиханов «Сот реформасы жайында хат» атты саяси тұрғыда жазылған еңбегiнде қазақтың ел билеу тәжiрибесiндегi маңыздылықтар қатарына мыналарды жатқызды: қазақтың әдет-ғұрып заңын; билер институтын; халықтық сайлауды әдiлеттi өткiзу. Жетiлмеген саяси жүйенiң қозғаушы күшi сол халықтың белсендiлiгiн, бiлiмдiлiгiн арттыруда екенiне де баса назар аударады. Бұл идеяны өзiнiң шығармашылығы арқылы дәлелдеуге тырысады. Ы. Алтынсарин көтерген бастама (оқудың, бiлiмнiң қадiрiн көтеру) өз заманындағы ұлттық идеямен парапар болатын. Өйткенi ол саяси күреске, тәуелсiздiк алуға дайын емес халықты алдымен сауаттандыру керек екендiгiн түсiнген едi. Мiне, соның арқасында келесi ғасырларда қазақтар бiлiмдiлiгi жоғары, сауатты халықтардың қатарына қосылды. А. Құнанбаевтың «Қара сөздерi» түркi халықтарының даналығының бiр биiгi болатын. Өз халқының әлеуметтiк, саяси жағдайына жаны ашыған көреген ақын өз шығармашылығында көп мәселенi шешудi мәдениеттен, руханилықтан бастауды тұжырымдайды. Еркiндiктiң қайнар көзi халықтың дүниетанымында екенiне назар аударады.


«Ұлттық тәуелсiздiк» – саяси құндылық ретiнде XX ғасырдың басында саяси сананың басты iргетасына айнала бастады. Бұл қазақтың қоғамдық-саяси болмысындағы Ақпан және Қазан революциясына дейiнгi өзiндiк дүмпуi болатын. Ресей империясы үшiн де, кейiн келген Кеңес үкiметi үшiн де бұл әрекеттер ұнамды үрдiстер ретiнде қабылданған жоқ. Большевиктердiң ұсынған саяси құндылықтары қоғамдық санада бiркелкi қолданыс алмаған болатын. Бұл жағдай революцияларға дейiн қалыптаса бастаған болатын. Оны Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, М. Тынышпаевтың және т.б. қазақ зиялыларының саяси көзқарастарынан байқауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет