Сөйлем мүшелеріндегі бастауыш пен баяндауыштың рөлі



Дата09.06.2016
өлшемі125.37 Kb.
#125229
Сөйлем мүшелеріндегі бастауыш пен баяндауыштың рөлі
Бастауыш болатын сөз таптары. Әуелі бастауыш болатын — атау тұлғасындағы зат есім. Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады. Бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайык. Олай табу үшін мысалға алынған сөйлемнін әрқайсысында не туралы сөйленіп тұрғанын ашу керек.

1-інші сөйлем. Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр?— Бала турасынан.

2-інші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр?— Ат турасынан.

3-інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп түр?—От турасынан.

Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың ішкі белгілері бар, сондықтан бұлар бастауыш болуға тиіс.

Енді тысқы белгілерімен тауып қарайық. Олай табу үшін «кім?», «не?» деп сұрау салу керек. Сол сұрауға қай сөз жауап берсе, ашып айтқанда, қай сөз сұрауға жауап болып табылса, сол сөз бастауыш болмақ. 1-інші сөйлем: Бала ойнайды. Кім ойнайды?—Бала. 2-інші сөйлем: Ат шабады. Не шабады?—ат. 3-інші сөйлем: От жанады. Не жанады?—от. Сүйтіп, бұл сөйлемдерде «кім?», «не?» деген сұрауларға жауап берген сөздер:, бала, ат, от болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың тысқы белгілері бар болып табылды. Ішкі, тысқы екі белгісі де бар болған соң, бұл сөздер бастауыш болады.

Бала, ат, от — атау тұлғасындағы тұрған зат есімдер. Екінші бастауыш болатын — атау тұлғасындағы сын есім, Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады. Бұл сөйлемдерде сөйленіп сөз болып отырған —көп пен терең. Солай болған соң ішкі белгісі бойынша бастауыш көп пен терең болуға тиіс. Тысқы белгісімен қарағанда, «кім қорқытады?»—көп, «не батырады?»-терең. Мұнда да «кім?», «не?» деген сұрауларға жауап беріп тұрған «көп» пен «терең» деген сөздер. Ішкі, тысқы белгі бірден табылып тұрған соң бұл сөздер бастауыш болады. «Көп» «терең» деген сөздер атау тұлғасында тұрған сын есімдер. Үшінші, бастауыш болатын атау тұлғалы сан есім, мысалы: берерменге бесеу көп. Біреу тойып секіреді. Ішкі белгісі бойынша бастауыш бесеу, біреу болуға тиіс, өйткені 1-інші сөйлемде болып отырған бесеу, 2-інші сөйлемде біреу деген сөздер.

Тысқы белгісімен іздесек: берерменге не көп?—бесеу, кісі тойып секіреді?— біреу.

Бұл бастауыштың тысқы белгілері бесеу, біреу деген сөздерден табылған соң, бастауыш осылар болады.

Бесеу, біреу атау тұлғасында тұрған сан есімдер.

Төртінші, бастауыш болатын- атау тұлғалы есімдік. Мысалы: Мен келдім, сен кеттің. Ол терең, бұл тайыз.

1-інші сөйлемде мен туралы, 2 –інші сөйлемде сен туралы, 3-інші сөйлемде ол туралы, 4-інші сөйлемде бұл туралы сөйленіп тұр. Сондықтан мен, сен, ол, бұл бастауыш болады. Бұл ішкі белгісі бойынша. Енді тысқы белгісімен қарағанда: Кім келді?— мен, кім кетті?—сен; не терең?—ол; Не тайыз?—бұл. «Кім?», «не?» деген сұрауларға жауап беріп тұрған сөздер—мен, сен, ол, бұл. Сондықтан бұл сөздер бастауыш болатыны даусыз.

Сүйтіп, мен, сен, ол, бұл деген сөздер ішкі белгісімен де бастауыш болып шығып тұр.

Бұл сөздер атау тұлғасында тұрған есімдіктер.

Бесінші, бастауыш болатын — етістіктің тұйық райы мен есімшеге айналған түрлері. Мысалы: Алсыпақ жоқ, атыспақ бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске тоймас.

Мұнда сөз болып отырғандар: 1-інші сөйлемде алыспақ, 2-інші сөйлемде атыспақ, 3-інші сөйлемде оқу, 4-інші сөйлемде жығылған.

Ішкі белгісінше алыспақ, атыспақ, оқу, жығылған бастауыш болады (солар туралы сөйлеп отырмыз). Тысқы белгісінше де бастауыш болатын сол сөздер: не жоқ?— алыспақ, не бар?— атыспақ, не оңайланды?—оку, кім күреске тоймас?—жығылған.

Алыспақ, атыспақ етістіктің тұйық райындағы сөздер, оқу мен жығылған етістіктің есімшеге айналған түріндегі сөздер.

Алтыншы, бастауыш болатын—үстеу жана үстеу орнында жүретін сөздер. Мысалы: Әрі алыстатады, бері жақындатады, шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді. Бұл сөйлемдерде әрі, бері шапшаң, соңыра туралы сөйленіп тұр. Бұлар бастауыш болу керек. Бұл ішкі белгісінше не алыстатады?— әрі, не, жақындатады?— бері, не асықтырады?— шапшаң, не кешіктіреді?—соңыра. Сұрау бойынша да немесе тысқы белгісі бойынша дегенде де әрі, бері, шапшаң, соңыра деген сөздер бастауыш болады.

Бұлар төрт сөздің төртеуі де не үстеулер, не үстеу орнына жүретін сөздер.

Жетінші, бастауыш болатын — демеу мен демеу орнында жүретін сөздер. Мысалы: «Әлде» аз айтылады, «ба» көп айтылады, «бәлки сирек айтылады. Бұл сөйлемдерде сөз болып тұрған «әлде», «ба», «бәлки», бұлар сондықтан бастауыш болуға тиіс. Бұл ішкі белгісінше.

Не аз айтылады?— «әлде», не көп айтылады?—«ба», не сирек айтылады?—«бәлки».

Тысқы белгісінше де «әлде», «ба», «бәлки» бастауыш болып шығады. «Әлде», «ба», «бәлки» деген сөздер демеулер.

Сегізінші, бастауыш болатын — жалғаулық жана да жалғаулық жана да жалғаулық орнында жүретін сөздер. Мысалы: «Үшін», үш айтылғанда, «арқылы» бір де айтылмайды. Мұнда сөз болып тұрған «үшін» мен «арқылы». Сондықтан бұлар бастауыш болады дейміз. Бұл ішкі белгісіне қарап айтып тұрғанымыз.

Енді тысқы белгісіне қарайық, Не үшін айтылғанда? — «үшін». Не бір де айтылмайды?—«арқылы». Тысқы белгісі бойынша да бастауыш болатын «үшін» мен «арқылы». «Үшін», «арқылы» деген сөздер жалғаулықтар.

Тоғызыншы, бастауыш болатын — одағай. Мысалы: «Ә, құдай!», «о, құдай»— күйзелгеннің белгісі; «тек!», «тәйт!», «шәйт!» —бұйырғанның белгісі. Мұнда сөз болып тұрған «ә, құдай!», «о, құдай!», «тек!», тәйт!», «шәйт!», сондықтан бұл сөздер бастауыштар болады. Бұл ішкі белгісімен білгеніміз.

Енді тысқы белгісімен қарайық. Не күйзелгеннің белгісі?— «ә, құдай!», «о, кұдай!», не бұйырғанның белгісі?—«тек!», «тәйт», «шәйт!» тысқы белгісімен де бұл сөздер бастауыш болып шықты. «Ә, құдай!», «о кұдай!», «тек!», «тәйт!», «шәйт!» деген сөздер одағайлар.

Оныншы, бастауыш болатын — бүтін сөйлем. Мысалы: «Сенікі, менікі» деген көңіл тарлығы, «ары жат», «бері жат» деген төсек тарлығы. Мұнда айтылып тұр «менікі, сенікі деген» жана «ары жат, бері жат» деген» туралы. Сондықтан бұл сөйлемдер ішкі белгісі бойынша бастауыш болуға тиіс. Тысқы белгісі бойынша не болып шығар екен.

" Не көніл тарлығы?—«сенікі, менікі деген». Не төсек тарлығы?—«ары жат, бері жат!» деген тысқы белгісі бойынша да бұл сөйлемдер бастауыш болып шықты. Сүйтіп, енді қорытып айтқанымызда, бастауыш болады сөз таптарының тоғызы да:

1) зат есім, 2) сын есім, 3) сан есім, 4) есімдік, 5) етістік, 6) үстеу, 7) демеу, 8) жалғаулық, 9) одағай жана бүтін сөйлемдер.

Қосарлы бастауыш. Бастауыш бір сөзбен айтылмай, бірнеше сөзбен айтылса, қосарлы немесе күрделі деп атаймыз.

Мысалдар: 1) Тамағы жоқтық таптырар. Мұнда тамақ жоқтық жайынан айтылып тұр. Не таптырар?—тамағы жоқтық (бастауыш екі сөзбен айтылып тұр).

Асық ойнаған азар. Мұнда асық ойнаған туралы айтылып тұр. Кім азар?— асық ойнаған.

Жөнге тартқан жөндер. Мұнда жөнге тартқан туралы айтылып тұр. Кім жөндер?— жөнге тартқан.

Сыпыра жалмаң жалмар. Мұнда сыпыра жалмаң жайында айтылып тұр. Кім жалмар?—сыпыра жалмаң. Тоны жаман тоңар. Мұнда тоны жаман туралы айтылып тұр. Кім тоңар?—Тоны жаман.

Жеті атасын білмеген жетім. Мұнда жеті атасын білмегеннің жайынан айтылып тұр. Кім жетім?—жеті атасын білмеген.

Асылында бастауыш болатын—зат есім. Бастауыш болған жерле зат есім болмай қалмайды. Бірақ бірде айтылады, біайтылмай ойда тұрады. Зат есімнен басқа да бастауыш болған сөздер зат есімнің орнында немесе арқасында бастауыш бола алады. Жоғарыда мысалға алынған сөйлемдерде сөйлеу бөлімдерінің бәрі бастауыш болуға жарайтын болып шықты. Түбін қазып қарастыра келгенде, солардың бәрі де (зат есімнен басқасы) бастауыш болып тұрғандары не зат есімнің орнында тұрғандықтан, не зат есімнің көмегі болғандықтан. Сол бастауыштардың түбін қазыңқырап қарастырып көрейік, қалай бастауыш болып тұр екен.

Зат есімнен басқа бастауыш болып тұрған әуелі — сын есім. Мысалға алынған: Көп қорқытады, терең батырады. «Көп қорқытады» деген де қорқытатын шөп емес, әрине адам. «Терең батырады» дегенде де батыратын терең су екені анық. Олай болса мұндағы «көп» пен «терең»—«көп адам», «терең су» деген сөздердің орнында тұр. Жеңілдік үшін «адам» мен «су» деген сөздер айтылмаған, бірақ ойда тұр.

Екінші— сан есім. Мысалға алынған: Берерменге бес те көп, аларманға алты да аз. Біреу тойып секіреді. «Бес те», «алты да» дегенде, мұнда нәрсе көңілде тұр. Құр ғана сан болса, азсынуға да, көпсінуге де орын болмас еді: «бесеу», «алтау» нәрсесіз құр сан болса, берермен бесеу түгіл, мыңын көпсінбес еді, аларман алтау түгіл, бірін де азсынбас еді. Берермен көпсінетіні, аларман азсынатыны — берілетін, алынатын құр сан емес, нәрсе болғандығы. Мұндағы «бесеу» мен «алтау» сан ғана емес, нәрсені де көрсетіп тұр.

Сондай-ақ, біреу тойып секіреді дегенде, әрине, сан секірмейді. Олай болса, «біреу» деген сөз мұнда зат есім орнында тұр.

Үшінші —есімдік. Мысалға алынған: Мен келдім, сен келдің, ол терең, бұл тайыз.

Есімдік өзі есім орнына жүретін сөз болған соң, бастауыш болған есімдіктер зат есім орнында тұрғаны анық. Мен, сен, ол бұл — бәрі де зат есім орнына жүретін есімдіктер.

Төртінші — етістік. Мысалға алынған; Алыспақ жоқ, атыспақ бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске тоймас. Алыспақ, атыспақ деген сөздер бұл жерде алысу, атысу, оқу — іс есімдерін көрсететін етістіктен шыққан зат есімдері. «Жығылған күреске тоймас» дегенде, күреске тоймайтын жығылған мал я ағаш емес, адам екендігі анық. Солай болған соң «жығылған» деген сөздің бастауыш болып тұрғаны —«жығылған адам» дегеннің орнында тұрғандықтан. Жеңілдік үшін «адам» айтылмаған, бірақ, көңілде тұр.

Бесінші—үстеу. Мысалға алынған: Әрі алыстатады, бері жақындатады, шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді. Жеңілдік үшін қысқартпай айтқанда, бұл сөздер бұлай айтылар еді: Әрі деу алыстатады, бері деу жақындатады. Шапшаң деу асықтырады, соңыра деу кешіктіреді. «Деу» деген сөз бәрінде де айтылмаған. «Деу»—етістіктен шыққан зат есім. «Әрі», «бер», «шапшаң», «соңыра» деген сөздердің бастауыш болып тұрғандары «әрі деу», «бері деу», «шапшаң деу», «соңыра деу» орнында болғандықтан.

Бастауыш болған демеу, жалғаулық, одағай – бәрі де осы ретпен болып тұр.

Сүйтіп, түбін қазып қарастырып келгенде, бастауыш болатын – зат есім. Басқа сөз таптары зат есімнің орнында немесе арқысында ғана бастауыш бола алады.

Әуелі баяндауыш болады етістік. Мысалы: Қой үрікті. Ит үрді. Адам айқайлады. Бұл сөйлемдердің ішінде баяндауыш болатын қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайық. Баяндауыш болмақ керек қандай сөздер?—Жоғарыда айтуымыз бойынша, баяндауыш болатын сөз бастауыш атаған нәрсенің не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсету керек. Олай болса, алынған сөйлемдердің ішіндегі бастауышты тауып, сонан соң ол бастауыш атаған нәрсенің не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсететін сөзді табу керек.

1-інші сөйлем: Қой үрікті. Не үрікті?—қой. Бастауыш қой деген сөз болып шықты. Үрікті деген сөз қойдың не істегенін амалын көрсетіп тұр.

2-інші сөйлем: Ит үрді. Не үрді?—ит. Бастауыш ит деген сөз болып шықты. Үрді деген сөз иттің не істегенін — амалын көрсетіп тұр.

3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Кім айқайлады?— адам. Бастауыш адам деген сөз болып шықты. Айқайлады деген сөз адамның не істегенін —амалын көрсетіп түр.

Сүйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәрселердің амалын көрсетуші үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер болып шықты немесе, екінші сөзбен айтқанда, баяндауыштың ішкі белгісі осы сөздерге келеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болуға тиіс.

Енді тысқы белгісімен тауып көрейік. Баяндауыштың тысқы белгісі —«не етпек?», «не қылмақ?», «кәйтпек?», «не болмак.?, «нешік?», «немене?», «қалай?», «кімдікі?», я «ненікі?», «қайсы?» негізді сұрауларға жауап беру. Сондықтан бұл негізді сұраулар баяндауыш сұраулары деп аталады.

Алынған сөйлемдер ішінде қай сөз баяндауыш сұрауларына, жауап берер екен қарайық.

1-інші сөйлем: Қой үрікті.

Қой не етті?—үрікті.

2-інші сөйлем: Ит үрді.

Ит қайтті?— үрді.

3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Адам не қылды?—айқайлады. Мұнда «не етті?», «қайтті?» деген баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұрған тағы сол үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер. Олай болса, баяндауыштың тысқы белгілері де осы сөздерге келіп тұр. Ішкі, тысқы белгісі бірдей келген соң, баяндауыш болып тұрған осы сқөздер- үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер – етістіктер. Етістіктің есімше және көсемше түрлері де баяндауыштар болады. Етістік есімше түрінде қосар күйінде ғана баяндауыш болады.

Екеуіне де мысал келтірейік. Есімше дара күйінде баяндауыш болатынына мысалдар.

1) Мен сөйлеушімін, сен тыңдаушысың. Мұнда сөйлеушімін, «тыңдаушысың» деген сөздер «мен», «сен» жайын баяндап


тұр (бұл — баяндауыштың ішкі белгісі).

Мен неменемін?—сөйлеушімін. Сен неменесің?—тындаушысың (бұл — баяндауыштың тысқы белгісі).

Заман өзгерген, білім күшейген. Мұнда «өзгерген», «күшейген» деген сөздер «заман» мен «білім» жайын айтып бірінің
өзгергендігін, екіншісінің күшейгендігін баяндап тұр (бұл — ішкі
белгісімен қарағандағысы). Заман не еткен?—өзгерген. Білім
не еткен?—күшейген. (Бұл —тысқы белгілері).

Біреу беретін, біреу алатын. Мұнда біреу жайынан беретіндігі мен алатындығы сөйленіп тұр. (Бұл — ішкі белгілері).


Біреу не ететін?— беретін, Біреу не ететін?—алатын. (Бұл —
тысқы белгілері).

Есімше мен көсемше қосар күйінде баяндауыш болатынына мысалдар:

1) Бала жылай берген.

Кім жылай берген?—бала (бастауыш). Бала не қылған?— жылай берген (баяндауыш).

2) Оспан оқып жүрген.

Кім оқып жүрген?—Оспан (бастауыш). Оспан не қылған?— оқып жүрген (баяндауыш).

3) Асан айтқан екен.

Кім айтқан екен?—Асан (бастауыш). Асан не қылған екен?—айтқан екен (баяндауыш).

Көсемше баяндауыш болатынына мысалдар.

1) Ат тулай берді.

Не тулай берді?—ат (бастауыш). Ат не қылды?— тулай берді (баяндауыш).

2) Әлжан алып берді.

Кім алып берді?—Әлжан (бастауыш). Әлжан не қылды?— алып берді (баяндауыш).

3) Тауық ұша алмайды.

Не ұша алмайды?—тауық (бастауыш). Тауық не ете алмайды?—ұша алмайды (баяндауыш).

4) Ақын айта беріпті.

Кім айта беріпті?—Ақын (бастауыш). Ақын не етіпті?— айта беріпті (баяндауыш).

Екінші — баяндауыш болатын сын есім. Қыс жақсы. Мал семіз. Ел тоқ. Не жақсы?—қыс. Не семіз?—мал. Кім тоқ?—ел. Қыс, мал, ел — бастауыштар. Баяндауыш болатын сөз, әуелі, ішкі белгісімен келу үшін бастауыш атаған нәрсенің, яғни қыстың, малдың, елдің я амалын, я жайын, я болмысын көрсету керек, екінші, баяндауыштың тысқы белгісі болған сұрауларға жауап беру керек. Қалай болар екен, қарайық.

2-інші сөйлем: Қыс жақсы. Қыс қалай?- жақсы

Мал қалай?—семіз. 3-інші сөйлем: Ел тоқ. Ел қалай?—тоқ.

Мұнда жақсы, семіз, тоқ деген сөздер қыстың, малдың, елдің жай-күйін көрсетіп тұр. Жана «қалай?» деген баяндауыш сұрауына жауап беріп тұр.

Ол баяндауыштың ішкі-тысқы белгісі бірдей осы сөздерге келгенін көрсетеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болады. Жақсы, семіз, тоқ деген сөздер сын есімдер.

Үшінші — баяндауыш болады зат есім. Мысалы: Ат— көлік. Атшы—кісі. Қамшы—қару. Не көлік?—ат. Кім кісі?—атшы. Не қару?—қамшы. Ат, атшы, қамшы бастауыштар. Баяндауыш болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу керек.

Ат немене?—көлік. Атшы немене?—кісі. Қамшы немене?— қару. Көлік, кісі, қару деген сөздер аттың, атшының, қамшының немене болатын болмысын айтып тұр. Сондықтан бұлар баяндауыштың ішкі белгісіне тура келеді.

Көлік, кісі, қару деген сөздер «немене?» деген баяндауыштың сұрауына да жауап беріп тұр. Бұл тысқы белгісіне тура келгені, баяндауыштың ішкі, тысқы белгісіне бірдей келген соң, бұл сөздер, әрине, баяндауыш болмақ. Көлік, кісі, қару — зат есімдер.

Төртінші — бастауыш болатын сан есім. Мысалы: Ер кезегі үш. Не үш?— ер кезегі. Ер кезегі деген сөз бастауыш.

Баяндауыш болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу керек.

Ер кезегі немене?— үш. Үш деген сөз ер кезегінің немене болатынын айтып тұр. Болмысын айтып тұрған соң, бұл сөз баяндауыш болмақ (ішкі белгісі бойынша).

Үш деген сөз «немене?» деген баяндауыштың сұрауына жауап беріп тұр. Бұл тысқы белгісінің де осы сөзден табылғанын көрсетеді. Ішкі-тысқы белгісі келгені «үш» деген сөз баяндауыш болғанын көрсетеді. Үш деген сөз сан есім.

Бесінші — баяндауыш болатын есімдік. Мысалы: Медеуі — мен. Омары—ол. Өтегені—өзі. Мен кім?—Медеуі. Ол кім?— Омары. Өзі кім?—Өтегені. Медеуі, Омары, Өтегені деген сөздер бастауыштар. Баяндауыш болатын сөзде ішкі-тысқы баяндауыш белгісі бұларға тиіс.

Медеуі қайсы?— мен. Омары қайсы?— ол. Өтегені қайсы?- өзі. Мен, ол, өзі деген сөздер Медеуінің, Омарының, Өтегенінің кім болатындығын айтып тұр. Болмысын айтып тұрған соң, бұл сөздер баяндауыш болады.

Оның үстіне мен, ол, өзі деген сөздер «қайсы?» деген баяндауыш сұрауына жауап беріп тұр.

Ішкі-тысқы белгісі бірдей келген соң, бұл сөздер, әрине, баяндауыш болады.

Мен, ол, өзі деген сөздер есімдіктер. Алтыншы — етістікпен қосыла одагай және басқа сөздер баяндауыш болады. Мысалы: Мылтық тарс етті. От жылт етті. Күз жаман болдды, Ет аз болды. Беретіні бес екен.

Не тарс етті?- мылтық. Не жылт етті?- от. Не жаз болды?-күн. Не аз болды?- ет. Бес несі екен?- беретіні.

Мылтық, от, күн, ет, беретіні деген сөздер — бастауыштар. Баяндауыш болатын сөзде ішкі-тысқы баяндауыш белгісі боларға керек. Мылтық не етті?—тарс етті. От не етті?—жылт стті. Күн қайтты?— жаз болды. Ет қайтты?— аз болды. Беретіні не екен?— бес екен. Тарс етті, жылт етті, жаз болды, аз болды, деген сөздер мылтықтың, оттың, күннің, еттің, беретінінің амалдарын, жайларын, болмыстарын айтып отыр. Онымен тұрмай жана да баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан ол сөздер баяндауыш болады. «Тарс етті» дегенде, «тарс»—одағай, «етті»—етістік. «Жылт етті» дегенде, «жылт»— одағай, «етті»—етістік. «Жаз болды» дегенде «жаз»—зат есім, «болды»—етістік. «Аз болды» дегенде, «аз»—сын есім, «болды»—етістік. «Бес екен» дегенде, «бес» сан есім, «екен»—етістік. Мұнан көрініп тұр: бәрінде де түрлі сөздер етістікке қосылып баяндауыш болып шыққаны. Осындай екі сөзден, үш сөзден, әйтеуір, бір емес, бірнеше сөзден қосылып болған баяндауыш қосарлы немесе күрделі деп аталатыны жоғарыда айтылған.

Жетінші — баяндауыш болады—бүтін сөйлем. Мысалы: «Білемін» деген —«бүлемін» деген болады. «Білемін» деген (бастауыш) «Білемін» деген немене?—«бүлемін» деген (баяндауыш). Бұл —тысқы белгісімен табу. Ішкі белгісімен қарайық: мұнда не жайынан айтылып тұр?—«білемін» дегеннің жайынан. Оның жайынан не айтылып тұр?—оның «бүлемін» деген болатындығы айтылып тұр. Бұл айтылған мысалда бастауыш та, баяндауыш та бүтін сөйлемнен болған. Баяндауыш бастауышқа жақтарымен ғана жанасып, қиындасады. Мысалы: Мен кітап оқыдым. Сен жазу жаздың. Ол шай қайнатты. Мұнда әр жақ өз жағымен жанасып, қиындасып тұр.

Мен кітап оқыды, сен жазу жазды ол шай қайнаттым, шай қайнаттың деп айтылмайды. Сөйлем ішіндегі сөздер қиындаспай кетеді. Мұндай әр жақ өз жағымен жанасу жалғыз етістіктен болған баяндауышта емес, басқа сөз таптарынан болған баяндауышта да бар.

Мысалы: мен жаспын, сен жассың, ол жас, біз жаспыз, сіз жассыз, басқалары жана солай. Бірақ «да», «де» демеулер қосылғанда, бұл ымыра бұзылып, «да» айтылады.

Мысалы: мен де жас, сен де жас, ол да жас, біз де жас, сіз де жас, олар да жас деп айтуға да болады

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –Алматы, 1998. –303 б.

Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. –783 б.

Қазақ тілі (энциклопедия). –Алматы, 1998. –508 б.

Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, 2005. –439 б.

Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1966. –183 б.

Плунгян В.А. Общая морфология. –Москва, 2003. –383 с.

Салқынбай А. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы, 1998. –301 б.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1991. –381 б.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет