Сөйлеу қабілеті зақымдалған баллардың психолого- педагогикалық сипаттамасы



Дата07.06.2022
өлшемі19.54 Kb.
#459053
5 лекция 2


СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГО- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
Дәріс мақсаты: Логопедия ғылымының зерттеу пәні, міндеттері. Тіл кемістіктерінің түрлерімен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. «Логопедия» дегеніміз не?

  2. «Тіл кемістік», «дислалия», «дизартрия», «ринолалия», «афазия», «тұтықпа», «сөйлеудің жалпы дамымауы» т.б ұғымдарға сипаттама беру.

  3. Аталған балалармен коррекциялық жұмыс бағыттары.

Логопедия дегеніміз – сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдары, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым. Логопедия – логос (сөз және пейдес) тәрбиелеймін, үйренемін деген грек сөздерінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі Логопедияның зерттеу объектісі –сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.
Дислалия кезінде есту және сөйлеу аппараты бұлшықеттерінің иннервациясы сау қалпында болады. Дислалия кезіндегі дыбысты дыбыстаудың (айтудың) бұзылуы артикуляциялық аппараттың аномалиясымен немесе сөйлеулік тәрбиелеудің ерекшеліктерімен байланысты. Осыған орай механикалық және қызметтік (функционалдық) дислалияларды ажыратады. Дислалиясы бар балада артикуляциясы бойынша қиын бір не бірнеше дыбыстардың айту бұзылыстары болуы мүмкін (ысқырықты, ызың, р,л). дыбыстарды айтудың бұзылыстары белгілі бір дыбыстардың жоқ болуы, дыбыстарды қыңырайтуы немесе оларды алмастыру арқылы көрінуі мүмкін. Логопедиялық тәжірибеде дыбыстарды дыбыстау бұзылыстары келесі атаулармен аталады: сигматизм (ысқырықты (свистящие) немесе ызыңды (шипящие) дыбыстарды жеткіліксіз айту); ламбдацизм (л-л‘ дыбыстарын жеткіліксіз айту); таңдайлық дыбыстарды дыбыстаудағы дефекттер ( к–к‘, г–г‘, х–х‘,й дыбыстарын жеткілікті түрде айтпау); ұяңды дефект (ұяң дыбыстарының орнына жұмсақ жұптарын айтады); жұмсару дефектісі (қатты шығатын дыбыстардың орнына жұмсақ жұптарын айтады). Дислалаиясы бар балаларда сөйлеу дамуының бұзылыстары байқалмайды, яғни сөйлеудің лексико-грамматикалық жағы қалыппен байланысты калыптасады.
Ринолалия дегеніміз – сөйлеу тілі аппаратының анатомо–физиологиялық ақаулығының салдарынан дауыстың әлсіздігімен дыбыстың дұрыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дұрыс әуезінің бұзылуының қатарласып келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді.
Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.
Дизартрия дегеніміз- сөйлеу мүшелерінің интервациясының жеткіліксіздігінен байланысты сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері . дизартрия гректің артрон – мүшелену және дис –бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айтқанда сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары , дауыстың пайда болуындағы кемістіктер,сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан бала тілі шықпаған мақау болады. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемінсіз өздігінен қалыптаспайды. Алалия дегеніміз – гректің «А» -жоқ деген мағынада қолданылатынын латынның IOQOS сөйлеу деген ұғымдарын білдіріп, ал бас ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезіндегі болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе барлық жүйесінің толық дамуынан болатын кемістік.
Алалик балалар педагогика тұрғысынан әр текті болып көрінеді де, ақаулықтары айқындық дәрежесі мен түзету жұмысының өнімділігі бойынша ажыратылады.
Алалия кемістігі бар баланың есту қабілеті мен сөйлеу тілі мүшелерінің шеткі құрылыстарының сақталғандығы және сөйлеу тілінің жеткілікті түрде дамуы үшін ой өрісінің толық мүмкіншілігі бар екендігі байқалады.
Афазияның пайда болу себебі мидың қан айналымының бұзылуынан /ишемия, геморрогия/ закымданудан, ісіктің, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының /аневризм/ кеңейіп жарылуының» тамарлардағы канның уйюынан /тромбоэмболий/ бітеліп калуының, жүректің бұлшк еттерінін /ревматизм/ шаншып құрысып кеселденуінің /порок/ және бас сұйегі мен мидың закымдануынын нәтижесіиде афазия жасөспірімдер мен жастарда да жиі байкалады.
Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі буаналған жағдайда пайда болада және көбінесе козғаушы /жоғары/ фазисы жиі байкалады.. Бадалардың фазисы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануынын, ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі патологияның салдарынан ғана болады.
Афазия дегеніміз мидың өте тез зақамдануынының зардабыған сөйлеу тілі кұрамының барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған жағдайы.
Тұтығу – сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.
Тұтығуда сөздің еріксіз тоқталуы, сонымен қатар жеке дыбыстар мен буындарды қайталауға әкеп соғатын жағдайлар пайда болады.
Бұлар сөйлеу кезінде сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, таңдай, жұтқыншақ, көкірек, диафрагма, т.б.) бұлшық еттерінің дірілдеп тырысуы салдарынан болады.
Қазіргі кездегі логопедияда тұтығу сөйлеу аппараты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшандығының бұзылуымен анықталады.
Балалардағы тұтығудың таралуы. 19 ғасыр аяғында психиатор И.А.Сикорикий алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетіндігін анықтап, осыған байланысты оны «бала ауруы» деп атады.
Ресей және шетел ғылымдарының мәліметтері бойынша жалпы балалардың 2 проценті тұтығады.
Тұтығудың пайда болу себептері. Этиологиялық белгілері бойынша тұтығу екіге бөлінеді:

  1. Функционалды тұтығу жиі кездеседі. Ол 2-ден 5 жасқа дейін балаларда сөз тіркесінің байланыстырылып сөйлеуі қалыптасуы кезінде пайда болады. Көбінесе ашуланшақ, күйгелек балаларда кездеседі. Тұтығудың бұл түрі орталық және перифириялық (шеткі) нерв системасындағы сөйлеу механизмінің органикалық зақымдануы болмаса да пайда болады.

  2. Ал органикалық тұтығу орталық нерв системасының органикалық зақымдануынан (жарақаттану, нейроинфекция, т.б.) болады. Бұл барлық жастағы адамдарда кездесуі мүмкін.

Баланы тұтығудан алдан ала сақтандыру
Баланы тұтығудан сақтау үшін отбасындағы, балабақшадағы ортасы мен үлкендер тарапынан үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізілуі қажет. Баланың ерте жасынан-ақ үлкендер сөйлеуіне еліктеушілік байқала бастайды. Сондықтан баланың айналасындағылар асықпай, анық және дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет, өйткені бала жас кезінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның ақыры тұтығуға әкеп соғуы мүмкін.
Сөйлеудің дұрыс қалыпты дамуы үшін нерв жүйесі жағдайының маңызы зор. Сондықтан бала алғашқы күннен бастап, ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Баланы психикалық, физикалық жарақаттанудан, соғылудан сақтау керек.
Жанұядағы жағымсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне әсерін тигізбей қоймайды. Баланы мөлшерден тыс көп сөйлетуге де болмайды. Өйткені мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу мүмкіндігі шектеулі. Оның сөздік қоры аз, сөйлеу дәрежесі жеткілікті дамымаған, тілдің грамматикалық формаларын жеткілікті меңгермеген. Ал ересектер балалардан күрделі сөз тіркесін түсініксіз, таныс емес сөздерді талап етеді, мазмұны мен формасы жағынан қиын, көп тақпақтарды жаттауды тапсырады.
Баланың 4 ж. кейін артикуляциялық аппараты бекіп, сөйлеудегі дыбыстарды толық айта алатынын естен шығармаған жөн. Жанұяда балаға кітап оқып бермеу, оқығанын айтып бермеу, дұрыс сөйлемеген жерінде түзетпеу де үлкен зиян келтіреді. Мектепке дейінгі баланы кинотеатрға апаруға болмайды,мысалы, 1,5 сеанс бала үшін өте ұзақ.
Кейде балаларда тұтығу қорыққаннан пайда болады. Баланы қорқытатынын біле тұрып бөлмеде, қараңғыда, т.б. жерлерде жалғыз қалдыруға болмайды. Балаға қорқыныш себептерін түсіндіріп отыру керек. Бөлмеде, үйде қалдыру үшін жиһаздардың асты-үстін, бөлменің бұрыш-бұрышын көрсетіп, қорқатын жағдайдың болмауына көзін жеткізу керек. Егер бала иттен, мысықтан қорқатын болса, оларға жақындадатып, қолынан тамақ бергізіп үйрету керек.
Сол қолымен жұмыс істейтін балалар ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені олардан оң қолымен істеуді талап ететін болса, кей жағдайда балада тұтығу п.б.
Егер баланың сөйлеуі дұрыс болып, нерв жүйесінің әлсіздігі байқалмаса, қайта үйретуді ертерек бастаған жөн. Мұны абайлап жұмсақтап, бірте-бірте қорықпай, жазаламай жүргізу керек. Бірақ баланың сөйлеуіне зер салып отыру қажет, тұтығудың азғантай белгісі байқалса-ақ қайтадан сол қолымен орындауына жол берілуі керек. Дегенмен баланың өз еркімен қайта үйрену үлкен жетістікке жеткізеді.
Балалардағы тұтығуды жоюда үй-іші мен балабақшаның ролі
Балалардағы тұтығуды жоюда көбінесе ата-аналар мен тәрбиешілер көмегі арқасында көп жетістікке жетуге болады. Өйткені, олар логопедтің жетекшілігімен баланың жалпы сөйлеу тәртібін ұйымдастырады, жаттығулар, шынықтыру әрекеттерін жасатады, сонымен бірге логопедтің кеңесі мен тапсырмасын орындайды.
Тұтығатын балалар өте тынымсыз, ашуланшақ келеді. Оларды түнде 10-11 сағат, күндіз кемінде 2 сағат ұйықтау керек.
Баланың көзінше, оның кемшілігін басқаларға айтуға болмайды. Ата-аналар мен тәрбиешілер баланы асықпай, ақырын анық сөйлеуге үйрету керек. Үйде бала үшін тыныш жағдай жасау қажет. Күнге қыздырынуға болмайды. Осы жағдайларда дұрыс сақтағанда ғана дұрыс сөйлеу дағдарысын қалыптастыруға болады

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет