Дислалия - дыбысты дауыстап айтудың бұзылуы. Дислалиялық дыбыстық бұзылулар артикулярлық аппарат құрылымының ақауларымен, сондай - ақ сөздік тәрбиенің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Ринолалия - артикулялық аппарат құрылысының туа біткен анатомиялық дефектілерімен байланысты пайда болатын дыбыс шығарудың және дауыс тембрінің кемістіктері.
Дауыстың бұзылуы - Бұл деффект дауыс аппаратындағы патологиялық өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Дауыс бұзылуының екі түрі бар:
- Дисфония яғни дауыстың ішінара бұзылуы (дауыстың жоғарылық деңгейі, күші, тембрі бұзылады);
- Афония – дауыстың мүлдем жойылып кетуі.
Дизартрия- сөйлеу аппаратының иннервациялық жетіспеушіліктерінен болатын дыбыс шығарудың және сөйлеудің мелодиялық және интонациялық тұрғыдан бұзылуы.
Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен дер кезінде мамандар түзету жұмыстарын жүргізуі қажет.
Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігін арттырамыз. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.
Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Біз өз тәжірибемізде алақанға Су-Джок массажері мен саусақ буындарына сақиналары пайдаланамыз. Жалпы массаж жасауға қажетті ұсыныстар.
1) Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше жақсы музыкалық сүйемелдеумен өткізілгені дұрыс.
2) Баланың терісі-құрғақ, таза болуы керек. Массаж жасаушының қолы таза, жылы, жарақатсыз болу тиіс.
3) Массаж ұзақтығы 10-12 процедур бір цикл, күн сайын немесе күн аралық. Алғашқы уақыты 2-3 минуттан басталады.
Қол моторикасын дамытуға арналған графикалық диктант баланың тіл мүкістігін, жазу бұзылуын түзетуде айтарлықтай ықпал етеді. Жаттығудың бір түрі мынадай: Алдымен қолды суық және ыстық суға салып алмастыру керек. Осыдан кейін ермек саз, сурет салу немесе графикалық жаттығуларды жасаймыз. Қамырмен жұмыс жасау да пайдалы. Қамырды домалату, сығу, содан кейін үш саусақпен кішкентай бөлшектерге бөлу арқылы саусақтарды жазуға дайындауға болады. Немесе моншақты, түймелерді жіпке тізу. Мұндай жаттығулардың баланың дамуына септігі көп.
Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданылады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады.
Ол екіге бөлінеді:
- Отырып ойнайтын саусақ ойындары;
- Қолдың нәзік бұлшеқ еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып, секіру бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге орындалады.
Логопедтің алдына қойған мақсатына байланысты логопедиялық сабақта да олардың аралығында да әр түрлі ойындар қолданылады. Бірінші жағдайда ойын дұрыс сөйлеу туралы білім алуға, оларға қажетті дағдылар мен білімдерді тәрбиелеуде ұжымға деген дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруда көмектессе. Екінші жағдайда баланы іс-әрекеттің бірінші түрінен екінші түріне ауыстыруға, сондай-ақ демалуына, сабақ барысында алған білімін еш мәжбүрсіз бекітуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы логопедия бойынша әдістемелерді мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстарда ойынды қолдану ұсынылған. Авторлар ойынды сөйлеу тілін дамыту және түзету мақсатында қолдануды ұсынған.
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдебиеттерде ойынның түрлерін бөлген:
- Дидактикалық;
- Қимылды;
- Шығармашылық құрастыру;
- Драматизм-ойындары;
- Рөлдік-мағыналық.
Достарыңызбен бөлісу: |