Сол сияқты мейрамның екінші күні экономикалық, ветеринарлық және энергетикалық факультеттерінің ұжымдары құрған «Абай», «Бірлік» және «Алтыбақан» ауылдары келін түсіру, бесікке салу, құда түсу салттарын көрсетті



Дата16.06.2016
өлшемі16.25 Kb.
http://www.inform.kz/kaz/article/2361821
18.03.2011 / 17:55
Астанадағы Аграрлық университет Наурыз мейрамын атап өтті

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Наурыз мейрамын атап өтті.

Университет қабырғасында Наурыз думаны үш күн тойланды.

Оқу орнының ректоры Айтбай Бұлашевтың айтуынша, үш мың жылдан астам тариыхы бар Әз-Наурызды атап өту жоралғыларын молынан қамту, салт-дәстүрлерімізді барынша көбірек көрсету және студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды кеңінен жұмылдыру үшін, биыл мереке алғаш рет, оқу орнының барлық 9 факультетінде жеке-жеке құрылған ауылдарда атап өтілді.

 Мысалға, алғашқы күні техникалық факультеттің ұжымымен жасалған «Ақсақалдар» ауылы бата беру рәсімін, компьютерлік жүйелер факультетінің «Әйгерім» ауылы қыз ұзату дәстүрін көрсетті, ал сәулет өнері факультетіне қоныс тепкен «Шеберлер» ауылы ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды.

 Сол сияқты мейрамның екінші күні экономикалық, ветеринарлық және энергетикалық факультеттерінің ұжымдары құрған «Абай», «Бірлік» және «Алтыбақан» ауылдары келін түсіру, бесікке салу, құда түсу салттарын көрсетті.

 Ал соңғы күні, агрономия, жерге орналастыру және гуманитарлық факультеттерінде құрылған «Бәйтерек», «Ақындар» және «Толағай» ауылдарында тұсау кесу, көрісу рәсімдерін және ақындар айтысын көруге болды.

 Ең үздік ауылды анықтау мақсатында бірнеше адамнан құралған қазылар алқасы әр күні ауыл-ауылды аралап, ұжымдардың мерекелік бағдарламаларын тамашалады. Қазылар ауылдардың дайындық шеберлігін «мерекелік безендіру», «ұлттық киімдер кию», «ұлттық тағамдар жасау», «ұлттық спорт ойындарын көрсету», «салт-дәстүрлерден көрініс көрсету» санаттары бойынша бағалады.



 Үш күн қатарынан молынан жайылған дастархан, сахналық қойылымдар мен концерттік бағдарламалар тек студенттер мен оқытушылар үшін ғана емес, мерекеге келген олардың отбасыларына да үлкен думанға айналды.

 Қазылар алқасы, Ұлыстың Ұлы күні достық пен бейбітшіліктің нышаны болғандықтан жүлделі орындарды бірнеше факультеттерге бөліп беруді ұйғарды. Мәселен, бірінші орынды - агрономиялық факультет, екінші орынды - техникалық және ветеринарлық факультеттер, ал үшінші орынды - сәулет өнері және гуманитарлық факультеттер алды.
Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет