«Солоновка орта мектебі»кмм-нің бастауыш сынып мұғалімі. Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамасы мен әдістері


Өзін-өзі бақылауа арналған сұрақтар



бет24/24
Дата15.12.2022
өлшемі436 Kb.
#467323
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамасы мен әдістері

Өзін-өзі бақылауа арналған сұрақтар:

  1. Педагогикалық зерттеудің әдістері дегеніміз не?.

  2. Педагогикалық консилиум әдісі дегеніміз не?

  3. Педагогикалық эксперимент әдісін қалай түсінесің?

  4. Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістеріне не жатады?

  5. Контент анализге сипаттама беріңіз?



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабанский Ю.К. Проблемы повышени эфективности педагогических исследовании. М.,1982

  2. Скаткин М.Н Методология и методика педагогических исследований. М., 1986

  3. Журавлев Я.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики.М.,1988

  4. Введение в научное исследование по педагогике./ под. Ред. В.И.Журавлева.М.,1988

  5. Методы системного педагогического исследования. Учебное пособие.- Под редакцией Н.В.Кузьминой. Л., 1980, стр-173.

  6. Методы педагогического исследования. – М., 1979

13 дәріс Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену және тарату
Тарих- дегенде өткен дәуір, небір заман ойға оралып, қиялымыз шарықтап оқыған, естіген, білген тіпті көргеніміз көзалдына келеді. Тарихи кезеңдерді зерттеп ондағы кейбір оқиға, құбылыстар қоғамдық өзгерістер мен сол замандағы адамның санасы мен бүкіл бір халықтың немесе ұлттың ахуалын нақтылау, деректер, дәлелдер, айғақтар іздеп тауып, оның анық-қанығына көз жеткізу т.б.- ғылыми-зерттеудің құзырында. Өйткені, «қоғам тарихы - халықтың зердесі» дейді тарихшы ғалымдар.
Кезкелген зат не құбылыстың келіп шығу тегі, дамуы, өзгерістерге ұшырауы, білгілі бір уақыт аралығындағы ахуалы оның тарихын құрайды. Қазақ ұлттық энциклопедиясында тарих «1) табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы; 2) адамзат қоғамының өткенін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы» -делінген. Қоғамның тарихи даму барысындағы мынадай үш нәрсенің адам үшін аса маңызды екенін даналар атап өткен: адамзат қауымын азықтандыру; адамзат қауымын емдеу; адамзат қауымын үйрету; Осы үшеуінің қай-қасысы да келіп ғылымға тіреледі. Солардың ішінде адамзат қауымын үйрету- қоғамның дамуына, адамзат санасының дамуына байланысты оқытуға, сол арқылы үйретуге дейін даму тапқан. Үйрету де, оқыту да ежелгі дауірден бастап осы күнге дейін тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Бұл өз кезегінде мынадай үштік - оқыту, үйрету, тәрбиелеу- бір үрдістің үш тарабы ретінде, жалпы тарихтың ішіндегі құрамды бөлігі, біртұтас құбылыс ауқымында қарастырылады. Осыған орай ілім «Педагогика» деп аталып оның даму тенденцияларын, тарихи дәуірдің әр кезеңіндегі жай-күйін зерттейтін ғылым саласын «Педагогиканың тарихы» - деп атау қабылданған.
Қоғамдағы барлық ғылым саласы секілді педагогиканың тарихы ең алдымен диалектиканың себеп пен салдар және олардың өзара әрекеттестігі; қайшылықтардың тұтастығы мен оның шешілуі; мәңгілік қозғалыс немесе даму үрдісі, оның прогрессе(үдеріс), регресстік(шегініс) сипаты; даму кезіндегі мазмұн мен пішімнің өзгеруі; санның сапаға өтуі; терістеуді терістеудің даму кезіндегі алатын орны; маңыз(суть, сущность) бен құбылыс арасындағы көпқырлы байланыс; мазмұн мен форманың сәйкестігі және оның мәні(значение); кездейсоқтық пен қажеттіліктің қоғам дамуындағы, адамның іс-әрекетіндегі т.б. маңызы; шындық пен мүмкіндіктердің қоғам және адам дамуындағы мәні олардың арасындағы байланыстар сияқты т.б. көптеген заңдылықтарына тәуелді. Сондықтан ғылыми зерттеулерде жұмыс барысындағы әдіснама мен әдістеріне мән беріледі. Өйткені бұл заңдылықтар табиғат, қоғам, адам санасының барлық тұстарында орын алады.
Педагогика тарихы- ежелгі дәуірден бастап осы күнге дейінгі әр түрлі тарихи дәуірде тәрбие, мектеп және педагогикның теориясының дамуын танып - біледі. Педагогикалық энциклопедия да «педагогиканың тарихы - әр түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбиелің, оқыту мен білім берудің теориясы мен практикасының дамуын танып-білетін ғылым. Педагогиканың тарихы сонымен бірге педагогика және тарихи ғылым» делінген. Тарихи-педагогикалық таным мен ізденістер философияның «абсолютті шындыққа дереу қол жеткізу мүмкін емес, ол алдымен шындыққа жақын нәрселерден жинақталады» -деген тұжырымынан да тысқары емес.
Педагогиканың тарихы оқу пәні ретінде болашақ педагог мамандарды, кәсіби педагогтарды даярлау жүйесінде маңызды орын алады. Өйткені оқыту мен тәрбиелеудің териясы мен практикасының әр түрлі қоғамдық саяси- экономиклық шарттардағы тарихи даму жолын танып-білу, біріншіден, педагогикалық мұраларға дұрыс көзқарас қалыптастыруға септігін тигізсе, екіншіден, педагогиканың теориялық негіздерінің дамуын пайымдауға және меңгеруге; үшіншіден, күнделікті педагогикалық практикалық іс-әрекетінде тарихи тәжірибеден өткен тәлім-тәрбие жолдарын ескеруге; төртіншіден тарихи-педагогикалық зерттеулер жүргізуде көптеген проблемалар мен құбылыстардың келіп шығу тегін пайымдап қазіргі күн талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік береді.
Диссертациялық зерттеулерге қойылатын басты талап таңдап алған тақырыптың өзектілігі(көкейкестілігі-актаульность). Бұл алынған тақырыптың ғылымда қаншалықты дәрежеде зерттелгеніне және оның педагогикның теориясы мен практикасына тигізетін пайдасына байланысты. Осыған орай ғалымдар, көкейкесті мәслелерді шешуге арнлаған және бұрын-соңды болмаған жаңалығы бар, оны зерттеуден келіп шыққан нәтиже педагогиканың кейбір мәселелеріне не болмаса осы ғылым саласына толығымен жаңа кзқарас қалыптастырып, қолданбалы мәселені шешуде жаңа бір ғылыми - зерттеу бағытын ашатын тболса онда ғкөкейкестілігі немесе өзекітілігі ең жоғары дәрежедегі тақырып деуге болатынын көрсеткен.
Бұдан басқа белгілі бір ғылым саласында кейбір тұстары шешімін таппай келе жатқан мәселені меңзесе, не болмаса ғылымда табылған шешімі әлсіз, оған арналған басылымдар да жеткілксіз болса ондай тақырыпты да көкейкесті деп санауға болады. Бұндай тақырыптарды зерттеу ғылымның осы саласына қатысты теориялық мәселелерді толықтырып, қолданбалы зерттеулерге жол ашады.
Кейбір тақырыптардың өзектілігі немесе көкейкестілігі төмен, мәселе теориялық жақтан зерттелген, бірақ кейбір тұстары шешемін таппаған, басылымдарда жариялануы жеткілікті көрініс тапқан болуы мүмкін. Бұндай жағдайда тақырыпты зерттеу теорияның кейбір тұстарын нақтылап, жекелеген адамдардың талабын қанағаттандырады.
Кез келген диссертацияның тақырыбында, оның басты шешімін табуға тиісті мәселесінің көрініп тұруы - оның көкейкестілігін байқатады. Тақырыпқа байланысты түпкі мақсат көрсетілген соң соған сәйкес оның нысаны мен пәні айқындалып осыған орай шешімін табуға тиісті мәселелер зерттеу жұмысының міндеттері ретінде анықталады, болжамы, жаңалығы және басқа да ғылыми аппараты белгіленеді.
Диссертациялық зерттеулерге қойылатын басты талаптардың бірі белгілі бір дәрежеде жаңалықтың болуы мен оның сол ғылым саласында алатын орны практикалық және теориялық мәнділігі ретінде көрсетіледі. Жаңалық дегенде белгілі бір нысанаға қатысты қойылған мәселенің, жалпы бұрын соңды ешкім айтпаған, жазбаған, елең еткізерлік шешімін тауып ұсыну деп түсінген жөн. Олар ғылыми жаңалықтардың сипаты нысанаға, қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты әр түрлі дәрежеде болатынын біз келтірдік. Бұл туралы ғылыми-теориялық және практикалық мәндегі шығармашылық үрдістерді зерттеген ғалымдар Я.А.Панамарев, В.И. Андреев, Г.С.Альтшуллер, Д.Б.Богоявленская, А.В.Бушлинский, А.М.Коршунов, А.Б.Мигдал, П.К.Энгельмейер т.б. өз еңбектерінде көрсеткен. Ғалымдар, қай тұрғыдағы зерттеулерді жаңалық деп санауға болатынын көрсетуге ұмтылған. Олар мынадай болуы тиіс:

  1. Бұрын зерттелген нысананың, толық ашылмай қалған тұсын көрсетіп, оны мәселе ретінде қойып, шешудің жаңа әдістері, тәсілдері, жолдары, құралдары т.б. бірқатар нұсқаларын тауып ұсыну және табылған шешімді ғылыми тұрғыда дәлелдеп көрсету;

  2. Қойылған мақсатқа сай белгілі бір дәрежеде тиімді нәтже алу үшін нысананың кейбір тұстарын ғана өзгерту. Бұндай жағдайда оның(өзгертудің) көптеген нұсқаларын (варианттарын) қарастыра келіп ең тиімді деген бір немесе бірнеше жолдарын анықтап ұсынуға болады. Осы нысананы өзгертудің өзін жаңалық деп көрсетуге де оны ғылыми-теораляқ дәлледеу аса маңызды. Алйда оны шешу барысында қолданған әдістер, тәсілдер, құралдар т.б. бұрыннан белгілі болуы да мүмкін;

  3. Қойылған мәселенің шешімін, көптеген жаңсақ шешімдердің арасынан іздеп тауып, айқындау арқылы нысананы айта қаларлықтай жіті (серьезно) өзгертуді ұсыну. Бұндай жағдайда оны шешу әдістері мен тәсілдерін т.б. басқа ғылым салаларынан іздестіріп тауып, осы нысанаға сәйкестендіруге болады. Бұнда алынған нысананың жаңа сипатын және оны жаңғыртуға қолданған құралдар, әдістер, тәсілдер, технологиясын т.б. жаңалық ретінде ұсынуға болады;

  4. Қойылған мәселені шешу барысында нысана толық өзгертіліп жаңа түрде, нұсқада, сипатта ұсынылады. Мұнда оны жаңартудың немесе жаңа нұсқасын ұсынудың шешімдері техника, жеңіл өнеркәсіп, химия, математика, физика, басқа да ізгілікті(гуманитарлы) ғылымдар т.б. іздестіріледі.

  5. Нысананы құрайтын бүкіл жүйені түгелдей, толығымен өзгертуге байланысты мәселе қойылған жағдайда, оның шешімдерін іздестіру барысында көптеген қателіктер, кемшіліктер, жаңсақтықтардың болуы заңды құбылыс деп қабылдаған жөн. Бұндай күрделі мәселені шешудің құралдары мен тәсілдері, әдістері дәл сол сәтте, уақытта, дәуірде табыла қолюы да екіталай болған жағдайда, оның жекелеген тұстарына қатысты нағыз жаңалық ашу қажеттігі туындайды. Сондықтан күрделі мәселелерді бөлшектеп жеңілдету, кейбір тараптарын ғана қарастыру секілді т.б. жүзеге асырылады.

Ғылыми зерттеулерге классикалық тұрғыда жуықтайтын(подход) болсақ кейбір жаңалықтар дәл сол уақытта ғалымдар тарапынан, кейде тіпті көпшілік тарапынан дереу танылмай, қателік ретінде қарастырылыуы да қоғамда орын алады. Бұл да сол диалектиканың заңдылықтарының бірі екенін ескерсек, зерттеулерде, егер белігілі бір дәрежеде ашылған жаңалық ғылыми тұрғыда дәлелденсе оны дұрыс таный білген жөн. Қалай болған күнде де тақырыпты анықтаған кезде онда зерттелетін басты мәселе(проблема) көрініп тұруы керек. Бұл зерттеу жұмысының нысаны мен пәнін т.б. дұрыс анықтауға шарт түзеді.
Тарихи-педагогиклық зерттеулерге тоқталамыз. Барлық басқа салалардағы зерттеулер сияқты бұл да көрсетілген диалдектиканың заңдылықтарына тәуелді. Бұл ретте тарихи-педагогиклық зерттеулердің жаңалықтары қандай болуы мүмкін- деген сауал туындайды. Осыған орай қарастыратын болсақ жаңалық зерттеу нысанына байланысты, ал ол тарихи-педагогикалық зерттеулерде саналуан. Солардың кейбірлеріне тоқталайық.
Диссертацияның тақырыбы Қазақстанда білім берудің даму тарихына байланысты болса мұны жалпы тарихты зерттеушілер, философ, әлеуметтанушы, саясаттанушылар да зерттеген. Сонымен бірге тарихи-педагогиклық тұрғыда Қ.Бержанов, Ә.Сембаев, И.Б.Мадин, К.Қ.Құнантаева, Г.А.Уманов т.б. зертеген. Педагогиканың басқа салаларына байланысты, мысалы, мектепке дейінгі мекемелер мен педагогиканың дамуы: бастауыш білім және педагогикасының дамуы; Қазақстанда жалпы орта білім беретін мектептердің дамуы; Қазақстанда орта кәсіптік мектептердің дамуы; Қазақстанда коллдждер мен лицейлердің дамуы деп қарастырған еңбектер де баршылық.
Қазақстанда жоғары мектептің дамуы; оның өзі педагог кадрлар даярлаудың даму тарихы, инженер, экономика, техникалық және басқа да кадрлар даярлаудың дамуы секілді т.б. бөлінеді. Бұдан басқа педагогика ғылымының дамуы; педагогика теориясының дамуы, оқушыларға адамгершілік тәрбие беру теориясының дамуы - деген секілді тәрбие мен оқытудың жекелеген құрамдас бөліктерінің дамуы мен қалыптасуына қатысты еңбектерді кездестіреміз.
Белгілі уақыт аралығындағы қоғамның даму кезеңіне байланысты не бүкіл бір дәуірге қатысты тарихи - педагогикалық ғылыми зерттеулер бар. Мысалы, Х-ХІҮғғ. Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің дамуы, ХІХ ғ. екінші жартысында ағартушылардың мұрасындағы рухани-адамгершілік идеялардың дамуы, Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың дамуы, ақын-жыраулар мұрасындағы жас ерекшеліктеріне қатысты педагогикалық ойлар; қазақ ойшылдарының мұрасындағы ұстаз тәрбиесіне қатысты ойлар, Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұралары, инновациялық бастауыш мектептің дамуы, Шығыс Қазақстан аймағындағы білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы т.б. бағыттағы еңбектерді айтуға болады.
Бұлардан басқа жекелеген белгілі тұлғалардың өмірі, педагогикалық қызметімен тәлім-тәрбиелік көзқарастарына қатысты еңбектерді де тарихи - педагогикалық зерттеулер аясынан көреміз.
Атап айтсақ, Ыбрай Алтынсаринның өмірі, қызметі және педагогиклық көзқарасы; М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі мен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері; Абай Құнанбаев мұраларын оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің тарихы; М.Әуезов еңбектеріндегі педагогикалық ойлар т.б. арналған диссертациялық жұмыстар бар. Бұндай диссертациялық жұмыстар да тарихи-педагогиклық зерттеулерге жатады. Бірақ олардың өзіне тән ерекшелігі алынған тақырыптың алдына қойыған мәслесі, көкейкестілігіне сай өзгешеленеді. Біз бұл жерде жалпы мәселені ғана қозғап отырмыз.
Осы тағы басқа да тарихи – педагогикалық мәндегі зерттеулердің басты мақсаты өткен дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді зерттеп, соның ішіндегі қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қажетті тұстарын іріктеп алып іс жүзінде қолдану, сол арқылы педагогика ғылымының теориясы мен практикасын байыту, толықтыру, керек десеңіз жаңғырту деуге де болады. Жалпы алғанда зерттеу үшін таңдап алған нысананың өткені, бүгіні мен болашағын тарихи - педагогикалық тұрғыда көрсету осындай зарттудің міндеті саналады.
Қалай болған күнде де аталмыш сипаттағы ғылыми- зерттеулер тарихи –педагогикалық тақырыпта болуы себепті өткен дәуірдің белгілі бір кезеңіне соқпай өтпейтіні анық. Өйткені қоғамның дамуы біртұтас сипатта болғаны себепті ондағы болып жатқан өзгерістер, саси-әлеуметтік, экономикалық т.б. ахуалдар жеке адамға да, ондағы сол қоғамға қызмет етіп жатқан мекмелереге де ықпалын тигізбей қоймайды. Осы және басқа да жоғарыда келтірген пікірлерді ескере келе жалпы педагогиканың тарихына қатысы бар еңбектерге қойылатын талаптарды былайшы көрсетуге болады:

  1. Қарастырып отырған нысананың (объектінің) - ол белгілі бір тарихи кезең бе, жоқ әлде жекелеген оқу-тәрбие институтына байланысты ма, жекелеген тұлғаның өмірі мен қызметі педагогикалық көзқарасына қатысты ма, қазіргі кездегі жай-күйі мен оның өткен тарихи кезеңмен байланысы және болашағын, мысалы оқыту мен тәрбиелеуге тигізетін пайдасын, пайымдап көрсету зерттеу жұмысының мәнділігін дәріптейді;

  2. Объектінің даму тенденцияларын айқындау; бұл алдыңғы көрсетілген пунктпен байланысты. Өйткені соған сүйене отырып болашақта қай сипатта дамуы мүмкін және оқу-тәрбие үрдісіне қай тұрғыда ықпал етіп, оның дамуы мен қлапытсуына қалайша септігін тигізбек; кейде тіпті жекелеген адамға әсері қандай болмақ деген секілді мәселелерді де қамту жұмыстың құндылығын ашып көрсетуге әсер етеді;

  3. Кезкелген тарихи-педагогикалық зерттеу жұмысы белгілі бір кезеңді қамтиды. Сондықтан объектінің даму тенденцияларын көрсетуде хронологиялық реттілікті сақтау маңызды. Ол жай ғана жылдарды ретімен көрсетіп қою емес, соның ішінде объектінің жал-ма жыл қай тұрғыда өзгеріп дамығанын не кері кеткенін, оның себептір және салдарымен қоса педагогикалық сипаттап көрсету зерттеу жұмысының жаңалықтарының дәлелділігін арттырады.

  4. Тарихи – педагогикалық зерттеуде объектінің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын талдап көрсетуде оны дәуірдің сол кезеңіндегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ахуалмен тығыз байныста қарастыра келіп олардың өзара ықпалдастығын ашып көрсету оның ғылыми негізін нығайта түседі. Мұнда әрине басқа ғылым салаларына қайрылуға тура келеді. Мысалы, тарих, философия, экономика, әлеуметтану, саясаттану, мәдениет, әдебиет, өнер, психология т.б.

  5. Зерттеуге алынып отырған нысана (объект) ең әуелі, бастапқы кезде қандай күйде еді, қазір қандай күйде оның қалай өзгертуге болады – деген саулға жауаптар іздеп табу, алынған нысананың ахуалын нақты, анық көрсетуге және жалпы ғылыми- зерттеу жұмысының теориялық мәнділігін дәлелдеуде маңызды. Бұл нысананың нағыз даму үрдісін сипаттауға, талдауға байланысты болуы себепті, жұмыстың тараулары мен пәрелері (параграфтары), бөлімдері арасындағы логикалы байланысты көрсетуге септігін тигізеді.

  6. Әр бір ашылған жаңалық, немесе жаңа педагогикалық пікірлер мен ой тұжырымдар айғақтар, дәлелдер, деректер, құжаттар, жазбалар тағы басқа нақты материалдармен дәл, анық көрсетіліп, педагогикалық тұрғыда сипатталып, қажеттілігі дерек көздерімен дәріптелуі тиіс. Бұл жұмыстың тарихилығының көрсеткіші болмақ.

Кезкелген зерттеу жұмысының мәні- сол салада, бұл жерде педагогика саласына қатысты жаңалық ашу арқылы оны байыту, ондағы туындап отырған мәселелерді шешуге ықпал ету, осы ғылымның өз ішіндегі белгілі бір саласына қатысты теориялық және практикалық мәслелерді шешу жолдарын көрсету.
Отанадық педагогика ғылымының мазмұнын байыту, оның теориясы мен практикасына үлес қосуды көздейді. Бұл ретте бірқатар жұмыстар жүеге асып та жатқаны белгілі. Алайда педагогика секілді аса күрделі де, терең, әрі жан-жақты ғылым саласы әлі де болса көптеген іргелі зерттеулерді қажетсінеді. Алдымызда 12 жылдық мектеп мәселесі бой көтеруде. Осының өзі-ақ педагогика тарихына қайрылып, ондағы озық тәжірибелерді қайта жаңғыртып қазіргі заман талаптарына сай азаматтарды оқытып тәрбиелеуде ұтымды қолдану міндетін қойып отыр.


Әдебиеттер:

  1. Таубаева Ш.Т. Введение в методологию и методику педагогического исследования. – “Тұран”, Түркістан: 2007. – 190с.

  2. Глазунов А.Т. Педагогические исследования: содержание, организация, обработка результатов: М., 2003. – 41с.

  3. Журавлева В.И. Введение в научное исследование по педагогике: М.: Просвещение, 1988. – 239с.

  4. Коджаспирова Г.М. Словарь по педагогике.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет