«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппараты» мм



Дата03.07.2016
өлшемі71.45 Kb.
#174662
05.04.2016 жылы интернет-ресурсында орналастырылды

ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппараты» ММ

Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.



1. «СҚО Ақжар ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты ЕR-1. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 142 412 теңгеден 192 382 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Мына іс-шаралар жоспарларын орындау бойынша бақылау жасау:

Бөлім қызметіне басшылық жасайды. Аудан мекемелерінің және кәсіпорындардың күзгі-қысқы мерзімге дайындалуына әсер ету. Отын дайындау жоспарларын құрастыру және оны тұтынушыларға жеткізуді ұйымдастыру. Елді мекендерді абаттандырушылық, санитарлық тазарту және жасылдандыру сұрақтары. Бөлім бойынша айлық, кварталдық, жылдық жоспарларды құрастыру. Көшелерді жарықтандыру және электро жабдықтандыру сұрақтары. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» заңына сәйкес бөлiмнiң аппаратына қызметкерлерді алады және заң бойынша белгіленген тәртіппен қызметтен босатады, тоқтатылған заң бойынша көтермелеу шараларын және тәртіптік жазаларды қолданады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң,Үкiметтiң, нормативтiк-құқықтық актiлерiнің, облыс, аудан әкiмiнiң және өздерiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiнiң орындалуына бақылау жасайды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының сақталуын жүзеге асырады. Әкімшілік шығындар және бағдарламалар бойынша бюджеттік қаржыландыру сұрақтарын шешу, бөлімнің қызметін тікелей басқаруды жүзеге асыру. Ауданының тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің дамуын жүзеге асыруға қатысты облыстық өңірде де мемлекеттiк саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету. Ауданының тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекiтедi. Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, белгіленген заңнамаларға сәйкес көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазаларды қолданады. Ұйым және шаруашылық, кәсіпкерлік жүйесіне кіретін және бөлім қызметіне сиятын нақты іске, бөлімнің басқа да өкілетті тұлғаларымен бірге бөлім атынан қызмет атқарады. Заңды тұлғалардың және азаматтардың шағымы мен хаттары бойынша тексерісті жүзеге асыру. Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық заңнамаларын сақтауы бойынша жеке жауап береді. Азаматтарды жеке сұрақтар, өтініштер, хаттар және жеке мәселелер бойынша қабылдайды. Ауданының тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі туралы Ережені бекітеді, өз қызметі құзырында бұйрық шығарады, қабылдайды және жұмыстан босатады, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» заңына сәйкес бөлiмнiң аппаратына қызметкерлерді алады және заң бойынша белгіленген тәртіппен қызметтен босатады, тоқтатылған заң бойынша көтермелеу шараларын және тәртіптік жазаларды қолданады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң,Үкiметтiң, нормативтiк-құқықтық актiлерiнің, облыс, аудан әкiмiнiң және өздерiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiнiң орындалуына бақылау жасайды. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес ауданының тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарын тағайындау және таңдау жұмыстарын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының сақталуын жүзеге асырады;

- Кіріс құжаттарды қарастырып, орындау үшін бас маманға, жетекші маманға жібереді. БАҚ-пен бірлесіп қызмет атқарады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе экономика, немесе менеджмент, немесе қаржы, немесе есеп және аудит), немесе «құқық», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» бейіндері бойынша.

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3,
E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.



2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кенащы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман бухглатері

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-G-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі аппараты қызметінің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп берулерін, есеп берудің тоқсандық және жылдық нысандарын толтыру, әкімгерлік бағдарлама шығын сметасын жоспарлау мен қаржыландыруды жүзеге асыру, Қазынашылық бөлімімен жұмыс жасауды жүргізеді. Аппараттың балансындағы мүліктер, жабдықтар мен техникалық құралдарды бөлу мен пайдалануды қамтамасыз етеді. Әкім аппараты қызметін материалды-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық бұйымдармен қамтамасыз етеді, балансындағы тауарлы-материалдық құндылықтарға санақ жүргізеді. Қаржы-шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырады, оның нәтижесіне тікелей, ал өндірістік, қаржылай, келісімді түрдегі және еңбек тәртібінің жағдайына өз құзыреті шегінде жауапты болады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит) бейіні бойынша.

1. Мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2. Мемлекеттік қызмет өтілі орталық облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтінішке сәйкес;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30 – тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ақжар ауданы әкімі аппаратының және ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi министірлігінің интернет-ресурсында қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс:

150200, Ақжар ауданы Талшық селосы, Целинная көшесі 15, «Ақжар ауданы әкімі аппараты» ММ немесе GDoszhanova@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(71546) 21632, факс 8(71546) 21102 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет